Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Уақытты анықтау не үшін қажет

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:1А

Күні:

Сынып: 1 сынып
Сабақтың ұзақтылығы 40 минут
Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
<<Уақытты анықтау не үшін қажет?>>
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру;
1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау;
Сабақ мақсаттары
Уақыттың маңыздылығын және уақытты өлшеу құралдарын анықтау;
Барлық оқушылар:
Уақытты өлшеу құралдарын және уақыт өлшем бірліктерін ажыратады.
Көптеген оқушылар:
Уақытты тиімді пайдалану туралы әңгімелейді.
Кейбір оқушылар:
Алған білімдерін өмірде қолдана алады.
Бағалау критерийлері
*Уақытты тиімді пайдалану туралы әңгімелейді.
* Уақытты өлшеу құралдарына қатысты өлшем бірліктерін ажыратады
*Уақытты өлшеу құралдарын көрсетеді.
Тілдік мақсаттар

Уақыттың не үшін қажет екендігін және сағат түрлерін таныстыруда уақыт- время- time, сағат- часы- clock сөздерін қолдану.
Сыныпта диалогты өрбітуге арналған сұрақтар.
-Уақыт не үшін қажет?
-Құмсағат дегенді білесің бе?
-Уақыт өлшем бірлігі қандай?
Құндылықтарды дарыту
<<Мәңгілік ел>> идеясындағы бағыттарға сүйене отырып оқушыларды құрмет пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану, математика
АКТ қолдану дағдылары
Мұғалімнің дағдысы: <> бағдарламасы
Оқушының дағдысы:
Бастапқы білім
Глобус Жердің кішірейтілген моделі екенін біледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс- әрекеттер

Ресурстар
Сабақтың басы
2 минут

3 минут

6 минут

7 минут

Сабақтың ортасы

Сергіту сәті
2 минут

6 минут

7 минут

5 минут
Психологиялық ахуал:
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Табыс тілеп тек қана
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
(Ұ) Белсенді оқытудың <<Нұсқау беру және айту>> әдісі. <<Сұрақ-жауап>> тәсілі
- Негеш пен Эврика қалай демалмақшы?
- Олар сапарға қандай көлік түрімен барады? Ол қанша уақыт алмақшы?
- Сапаржайдағы карта мен жазуға қараңдар. Біздің Негеш пен Эврика қай жерден қайда барады?
Бағалау: Сұраққа нақты жауап берген оқушыға- <<Жарайсың>>, <<Бұл -- жақсы жауап>>, <<Сен жетістіктерге жетудесің!>> -деп мадақ сөздер айту

(Ж,қ) Қалыптастырушы бағалау тәсілі.
"Ойлан-жұптас-бөліс" тәсілі.
Суретке мұқият қараңыз. Оқушы күн тәртібінің кестесін не үшін жасады деп ойлайсыз? Күн тәртібін сақтау не үшін қажет? Сіз бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
Жұпта ой бөлісіңіз.

Бағалау критерийі
Дескриптор:

*Уақыттың маңыздылығының себептерін атайды.

Күн тәртібінің кестесін жасау себебін түсіндіреді.
* Уақытты тиімді пайдалану туралы әңгімелейді.
Күн тәртібін сақтауды
Маңыздылығы туралы ойын айтады.

Өз уақытын тиімді пайдалану туралы әңгімелейді.
Бағалау критерийіне жасалған дескрипторға сүйене отырып бағалау, сонымен қатар күлегештер беру.

(Т) Белсенді оқытудың <<зерттеу және зерделеу>> әдісі. <<Біз бақылаушымыз>>тәсілі.
1)Саралаудың <<қарқын>> тәсілі.
Оқушылар Негеш пен Эврика табиғат аясына саяхатқа шыққанда зерттеу жүргізген, ол қандай зерттеу екенін табу үшін мына алдарыңдағы конвертті ашып қараңыздар?
Оқушылар алып қарайды.

Қиынды суреттерден гүл құрастырып, зерттеу жүргізеді.
Негеш пен Эврика нелерге зерттеу жүргізген?
Гүлдердің өсуіне қанша уақыт қажет екенін анықтаймыз.(болжау арқылы)
Ол үшін біздер бақылаушы ойынын ойнаймыз.
1-топ Ыдыста өсіп тұрған тұқым түрін табады.(қияр, асқабақ, гүлдің тұқымы)
2-топ Гүліміз жақсы болып өсу үшін қажетті заттарды табады. (топырақ, су, жарық, саз, лай,)
3-топ Ыдыстағы гүлдің өсіп шығуына қанша уақыт кететінін анықтайды. (1жыл, 1ай, 1күн, 1минут, 1сағат)
Бағалау: топтар берген жауаптарына байланысты, бір - бірлерін жест (іс-қимыл бас бармақ) тәсілі арқылы бағалайды.

Сағат түңгі бір (ұйықтайды)
Сағат таңертеңгі сегіз (оқушы болып отырады)
Сағат түскі он екі. (тамақ ішіп жатқан сияқты қимыл көрсетеді)
Сағат кешкі алты (сабақ оқып отырады)
Сағат түсқайтадағы үш.(теледидар көреді немесе ойнайды)

(Ж) <<Белсенді оқытудың <<Бекіту және қолданысқа енгізу>> әдісі. <<Анықта>>тәсілі (2)Саралаудың <<дереккөздер>> тәсілі.

Қандай сағаттың көмегімен уақытты дәл анықтауға болады?
1-топ Құмсағатпен өлшейді
2-топ Механикалық сағатпен өлшейді
3-топ Электрондық сағатпен өлшейді
Топтар қандай сағат түрін қолданатынын ауызша айтып өту. Қай топқа қандай сағат түрі айтылса, соны өздері танып тауып алу керек.
Әр топтан үш оқушы таңдалынып алынады. Жүгіріп өткен оқушының уақытын басқа оқушылар белгілеп, жазып тұрады. Эксперимент аяқталғаннан кейін қай сағат түрімен анықтаған дұрыс екеніне қорытынды жасайды. Топта талқылайды.
Ортақ сұрақ: Жүгіріп өткен уақытты құмсағаттың көмегімен анықтауға бола ма? Неге?
Қорытынды: құмсағатта циферблат жоқ болғасын арақашықтықтағы уақытты анықтау қиын болады. Механикалық, сағаттардың көмегімен дәл анықтау қиын. Ең ыңғайлысы электрондық сағат деген қорытынды жасаймыз.

Бағалау: Сағат түрлерін ажырата алған оқушыларды, күліп тұрған күлегештер арқылы бағалау.
Ойын еркін жеткізе білген оқушыларды жұлдызша арқылы бағалау.

Белсенді оқытудың <<Рефлексия және бағамдау>> әдісі. <<Кеш - ерте>> тәсілі. (3)Саралаудың <<қорытынды>> тәсілі.
Ағаш алғашында қандай болды? Ол қалай өсті?
Суреттерді дұрыс ретпен нөмірле.

Бірінші және соңғы суреттер арасында қанша уақыт өтті деп
ойлайсың?
Жаз - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Бағалау: Дұрыс орындаған оқушыларды күлегештер арқылы бағалау.
(Ж) Белсенді оқытудың <<қортынды шығару және есте сақтау>> әдісі. <<Сәйкестендір>> тәсілі.
Уақыттың өлшем бірліктерін ең кішісінен бастап өсу ретімен нөмірлеңіз. Олардың қайсысы сағаттың көмегімен анықталады? Қайсысы күнтізбенің көмегімен анықталады? Сызық арқылы қосыңыз.

Бағалау: оқушылар тапсырманы толық орындап болған соң, дұрыс жауапты мұғалім айтып өтеді. Барлығын дұрыс орындаған оқушының қолына жұлдызша жабыстырып беру.
.

оқулық

конверт
суреттер

Сағат, таспа, механикалық сағат, құм сағат, күн тізбе, сызғыш.

Тапсырма парақтары, қалам.

Тапсырма суреттері
Рефлексия
2минут
Сабақ қызықты, маған түсінікті болды дегендер - екі қолды жоғары көтереміз.
Сабақ барысында сәл қиналдым дегендер - бір қолды көтереміз.
Сабақ ұғынықсыз, мен ештеңе түсінбедім дегендер- екі қолды төмен түсіреміз.
Сабақ сәтімен болып барлығы қол көтеріп жатса, жоғары көтерген екі қолмен шапалақ ұрады.

Саралау
Бағалау
қауіпсіздік техникасы
(1)Саралаудың <<қарқын>> тәсілі.
Сенің ойынша, құмсағаттардың көмегімен уақытты неге өлшей алмайды? Сұрақ - жауап
(2)Саралаудың <<дереккөздер>> тәсілі.
Журналдан механикалық және электрондық сағаттарға қатысты қызықты деректерді іздету(журналдарды әкеп қою)
(3)Саралаудың <<қорытынды>> тәсілі. Құмсағат, механикалық және электрондық сағаттардың айырмашылығын тап.
Сұраққа нақты жауап берген оқушыға- <<Жарайсың>>, <<Бұл -- жақсы жауап>>, <<Сен жетістіктерге жетудесің!>> -деп мадақ сөздер айту.

Топтар берген жауаптарына байланысты, бір - бірлерін жест (іс-қимыл бас бармақ) тәсілі арқылы бағалайды.

Сағат түрлерін ажырата алған оқушыларды, күліп тұрған күлегештер арқылы бағалау.
Ойын еркін жеткізе білген оқушыларды жұлдызша арқылы бағалау.
Қалам - қарындаш ұстағанда жұптық-топтық жұмыстарда абай болуды сабақ барысында айтып өту.

Ұқсас жұмыстар
Сағат тілдерін сал
Бос уақытты ұйымдастыру
Менің күн тәртібім
Оқушылар рефлексиясы
Операциялық жүйе ұғымы туралы
Сауалнама нәтижесі бойынша оқушыларды ортақ мақсаттары бойынша топтау
Сынып деңгейі
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Жаңа технология арқылы білім сапасын арттыру
Пікірталас .11-сынып
Пәндер