Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Электр

Пәні: жаратылыстану Мектеп:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 В Мұғалімнің аты-жөні:
Қуанышбековна
Күні: Сынып: 1 сынып
Сабақтың ұзақтығы : 40 мин
Сабақ тақырыбы: Электр
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу
мақсаттары

1.5.5.1 адамардың күнделікті өмірдегі электр энергиясының маңызын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар электрдің адам өміріне қажетті екеніне көз жеткізу арқылы электр энергиясының маңызын түсіндіру.
Барлық оқушылар: Адамдардың күнделікті өмірдегі электрдің маңызын білетін болады.
Көптеген оқушылар: қоршаған ортаның құбылыстарын, үдерістерін біледі.
Кейбір оқушылар: Электр энергиясын және батареяның басқа да құралдардан алуға болатынын түсінеді.
Оқу дағдылары

Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийлері
1)Оқушылар адамдардың күнделікті өмірдегі электрдің маңызын біледі.
2)Электр қуатының мағызы туралы әңгімелейді.
Тілдік мақсаттар
Электр-электричство-Electricity
Тақырып аясында қарапайым сөз тіркестерін пайдаланып, сипаттай алады . Сабақ барысында тыңдалым,айтылым дағдысы дамиды.
-Ерте заманда адамдар жарық болу үшін нені қолданған?
- ерте замана адамдар үйін қалай жылытады?
- ерте заманда электр техникалары болды ма?
Құндылықтарды дарыту
<<Мәңгілік ел>> идеясының эконимикалық өсу бағытын негізге ала отырып, күнделікті өмірде ұқыптылық пен электр қуатын үнемді пайдалану керектігін оқушы бойына сіңіру.
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану пәні
АКТ қолдану дағдылары
Мұғалім дағдысы:ACTIVBOARD бағдарламасынан видио,слайдтар көрсету
Оқушы дағдысы:
Бастапқы білім
Жылытқыш құралдарын біледі және олар жайлы айта алады.
Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар
Сабақтың басы

2 мин

2 мин

3 мин

5 мин

Сабақтың ортасы

3 мин

5 мин

10 мин

2 мин
І Психологиялық ахуал
<<Шаттық шеңбері>>
Сендерді <<Шаттық шеңберіне>> шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)
Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)
Армысың, менің досым!

Топқа бөлу. (Саралау әдісінің жіктеу тәсілі- аралас гендірлік топ)
Топқа техника суреттері бойынша бөлу
(телефон, теледидар,компьютер, тоңазытқыш)

Сабақты өткен тақырыпты қайталаудан бастау. (Белсенді оқытудың сұрақ қою және талқылау әдісі)
(Ұ) <<Серпілген доп тәсілі.>> Оқушылардан <<Балмұздақ таяқшасын>> таңдау арқылы сұрақтар қою
-Үйді қалай жылытамыз?
- Жылытқыш құралдарының қандай түрлерін білесің бе? т.б
Бағалау: Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларды күлегеш беру арқылы бағалаймын.

Тақырыпты ашу . Белсенді оқыту әдісінің нұсқау беру және айту әдісі.(Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға жұмбақ жасыру)
Жарығы күндей,
Таңқалдырар адамды,
Жалынына күймейсің,
Төбеңде жанып тұрады.
(Электр жарығы)
Бағалау:Жұмбақтың дұрыс жауабын тапқан оқушыға күлегеш беремін.
-Ал электр жарығына не жатады?
-Сонымен бүгінгі тақырыбымыз не деп ойлайсыңдар?(болжап табады)

(МК) Оқушылар ерте кезде адамдар майшамның және ошақтың жарығымен оқып, жазған дегенді түсіне алады. Осының барлығы олардың көз жанарына кері әсерін тигізген. Қазіргі кезде біз үйді жарықтандыру және жылыту үшін түрлі электр құралдарын пайдаланамыз.Ток көздеріне компьютерді, теледидарды т,б қосамыз. Зауыттар мен фабрикалар, көптеген медициналық құралдар электр арқылы жұмыс істей алмайтыны түсінеді.
<<Сен білесің бе?>> электрмен жүретін автомобильдер элетромобильдер деп аталады. Олар тіпті 1841 жылы пайда болған. Алғашқы электромобильдер электр моторы бар арба сияқты болған. Бейнефильм көрсету
http//pikabu.ru/story/esli_byi_ne_byilo_yelektrichestva

<<Ой қозғау>> тәсілі
Белсенді оқыту тәсілінің зерттеу және зерделеу әдісі. (Саралау әдісінің тапсырма тәсілі)
(Ұ) Тапсырма берілген суреттергі заттарға электр не үшін қажет екенін және қауіпсіздік ережесін айтады.
Барлық оқушылар бұл электр құралдары екенін біледі.
Оқушылардың басым көпшілігі: электр құралдарының токпен ғана жұмыс жасай алатынын сипаттап, қауіпсіздік ережесін айтады.
Кейбір оқушылар: Күн көзінен, батареялардан электр қуатын алуға болатынын біледі.
Мыс: шаңсорғышқа тоқ міндетті түрде қажет.Тоққа қосса ғана жұмыс жасай алады.Су қолмен токты ұстауға болмайды. Ал электр шәйнегіне тоқ қажет. Тоққа қосу арқылы суды қайната аламыз. Тоққа қосылған шәйнекке қол салуға болмайды деген өз жауаптарын айтыды.

Бағалау: Дұрыс жауап береген оқушыға күлегеш беру арқылы бағалау

Тапсырма: <<Кел, сипаттайық>>
Белсенді оқыту әдісінің түсіндіру және сипаттау тәсілі . (Саралау әдісінің диалог және қолдау көрсету)
(Т) Алау маңында. Оқушылар ерте кездегі адамдар қандай жағдайда өмір сүргенін, үйлерін қалай жылытқанын айтады. Олар ежелгі адамдар жылыну үшін алау жақты деген қорытынды жасайды.
(Ас әзірледі, киімдерін кептірді, оттың көмегімен жыртқыш аңдардан қорғанды, баспаналарының ішін жарықтандырды, жылынады.)
Электр жарығы.Бұл тапсырманы орындау барысында оқушыларға екі суретті салыстырып,ұқсастығы мен айырмашылығын табады.Оқушылар топта екінші сурет бойынша әңгіме немесе диалог құрады.

Содан кейін оқушылар көз алдарына кешке үйде электр энергиясы сөніп қалды деп елестетеді. Электр энергиясынсыз нені істеуге болады, ал нені істей алмаймызтынымыз жайлы айтып береді.

Бағалау:Топтар бір-бірінің әңгімелеп айтқанын басбармақ арқылы бағалайды
Жетелеуші сұрақтар: Сендер суреттен нені байқап тұрсыңдар?
Екі сұреттегі қандай айырмашылықтары бар?
Киімдері қандай екен?
Үйлерінде айырмашылық бар ма?

Тапсырма:<<Ия және жоқ>> тәсілі арқылы сұрақ
(Саралау әдісінің қарқын тәсілі)
-теледидар электрсіз жұмыс істейді?
-электр шәйнегіне ток керек емес
-газплиттаға ток керек емес
- компьютерге ток керек
-Тоңазытқышқа ток керек емес т.б

Бағалау: дұрыс жауабын белгілеген оқушыға күлегеш беремін.

Сергіту сәті <<Көңілді күн>>

қима суреттер

<<Балмұздақ таяқшасы>>

<<Күлегештер>>

Интербелсенді
тақта
http//pikabu.ru/story/esli_byi_ne_byilo_yelektrichestva

Электр құралдарының суреттерін
слайд арқылы көрсету

Оқулық

басбармақ

Видиороликке қарап билеу
5 мин

Тапсырма (Саралау әдісінің қарқын тәсілі)
(Ө,Қ) Суреттерге мұқият қараңыз. Электр қуатының көмегімен жұмыс істейтін құралдарды белгілеңіз.

Бағалау критерийлері
дескриптор
-Дұрыс нұсқасын көрсетеді.

Білім алушы - электр қуатымен жұмыс істейтін заттарды анықтайды;

Бағалау: Тапсырманы дескриптор арқылы бағалаймын.

Тапсырма: (Саралау әдісінің қарқын тәсілі)
Бағалау: таңдаған электр құралының атынан дұрыс сөйлем құрап айтқан оқушыны мадақтау сөздерімен бағалаймын.

Қима қағаз, қарындаш
Сабақтың соңы
3 мин
Рефлексия
-Электр бізге қажет пе? Олай болса балалар электр бізге күнделікті өмірге қажет. Біз күнде қолданамыз.Бірақ қолданған кезде өте абай болайық. Сабақты түсінген болсаңдар стикерді бағдаршамның жасыл түсіне, егер сәл түсінкіремедім десе-сары түсіне, егер де мүлдем түсінбегендерін болсма қызыл түсіне жапсырыңыздар

Қосымша мәліметтер

Саралау
Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік
1.Топқа бөлу (Саралау әдісінің жіктеу тәсілі-аралас гендірлік топ)
2.<<Ой қозғау>> тәсілі тапсырмасында (саралау әдісінің тапсырма тәілі)
3. Тапсырма: Суреттерди сапаттау кезінде Саралау әдісінің диалог және қолдау көрсету тәсілі.
4.Тапсырма:<<Ия және жоқ>> тәсілі
(Саралау әдісінің қарқын тәсілі)
5. тапсырма
:(Саралау әдісінің қарқын тәсілі
Саралау әдісінің қарқын тәсілі
* Төмендегі берілген сөйлемдерді толықтыра отырып, электр қуатының көмегімен жұмыс істейтін құралдың атынан сөйлеңіз.
Мен - _үтікпін_. Мен адамға киімнің қыртысын жазуға_ көмектесемін. Бірақ мен _электрсіз_ жұмыс істей алмаймын.

<<Шаттық шеңбері>>, <<Кім тапқыр>>, <<Алау маңында және электр жарығы>>, <<Ия немесе жоқ>> кезеңдерінде жинаған күлегештерін жинап ,санау арқылы бағалаймын және сабақ арасында күлегештермен, басбармақмен, мадақтама сөздерімен де жауаптарын бағалап отырамын.

Электр құралдарын қолданған кезде өте абай болу керек. Электр токтарын су қолмен мүлдем ұстауға болмайды

Ұқсас жұмыстар
Электр өрісі
Электр тогының әрекеттері
Электр қозғаушы күш және кернеу
Электр тізбегі және оның негізгі элементтері
Тұрақты электр тогы. тұрақты токтың пайда болу шарттары электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші
Химия пәнінің мұғалімі
Электр тізбегінің бейнеленуі
Электр материалдары
Электр тогының жұмысы мен қуаты
Ток күші мен кернеуді есептеу
Пәндер