Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал

Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал
№1 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Негізгі түсініктер: деректер және ақпарат. Ақпаратты өңдеу әдістері мен түрлері.
Жұмыстың мақсаты:
1. Ақпарат ұғымының жан-жақтылығын талдау;
2. Ақпараттың қасиеттерін зерттеу;
3. Ақпаратты өлшеу әдістерімен танысу.
Жұмыстың мазмұны:
ЭЕМ-де ақпараттың негізгі түрлері: символдық текстік және графиктік ақпараттар.
Символдық ақпарат символдардың, белгілердің көмегімен беріледі. Мысалы: сандық, әріптік немесе жай таңбалар, түстер. Мұндай өрнектеу ақпарат туралы толық мәлімет бермейді, олар тек қарапайым сигналдар арқылы басқарылады. Мысалы, оған бағдаршам түстері арқылы жол ережесін реттеуді, тек бір ғана таңбаның, не әріптің көмегімен “рұқсат етілген” немесе “рұқсат етілмеген” деген түсінік беретін әртүрлі шартты белгілерді жатқызуға болады.
Текстік ақпарат деп ақпаратты әріптер, сандар, математикалық таңдалар тізбегі арқылы бейнелеуді айтады. Олар тізбек түрлеріне қарай әртүрлі мәліметтер береді. Бұған кітаптар, оқулықтар, формулалар мысал бола алады.
Графиктік ақпарат - мәліметтерді көлемді де, күрделі өрнектеудің түрі. Оған мысал ретінде сурет, сызба графиктік, диаграмма тәрізді бейнелеу жолдары арқылы берілетін мәліметтерді жатқызуға болады.
Ақпараттың массасы, геометриялық өлшемі болмайды. Дегенмен ақпаратты беретін, қабылдайтын, сақтайтын объектілер болады. Жалпы жинауға, сақтауға, тасымалдауға болатын мәліметтер тобы ақпарат болып табылады.
Ақпараттың санын, сапасын өлшеуге болады. Бұл алынған мәліметтерді салыстыру және бағалау үшін өте қажет.
Ақпаратты өңдеу үшін оны салыстыруға болатындай етіп, белгілі бір жүйеге айналдыра білу керек. Символдық, текстік, графиктік жолмен өрнектелген ақпаратты бір-ақ өлшеммен салыстыруға болады. Бұл - ақпаратты өрнектеудің екілік санау жүйесі. Ол үшін екілік санау жүйесіндегі сандар, яғни екілік сандар түсінігін білуіміз қажет. Кез-келегн санды шектелген таңбалар санымен өрнектеуге болады.
Ақпарат көздері 2-ге бөлінеді: үздіксіз және дискретті (үзілісті) .
Үздікті ақпарат көзі ақырлы уақыт аралығында ақырлы мөлшерлі ақпартты қамтитын ақырлы мөлшерлі дискретті хабарлар жасайды.
Дискретті хабарлар жекелеген элементтердің (белгілердің) жинақты жинағынан тұрады. Элементтер жинағы ақпарат көзінің алфавиті деп аталады. Бұған алфавит көмегімен немесе сандар тізбектерімен жазылған мәтіндер мысал бола алады.
Үздіксіз хабар үздіксіз ақпарат көзінен тұрады және физикалық шамалармен (кернеу, тоқ т. с. с) көрсетіледі.
Дискретті хабар ақпараттың ақырғы санын қамтитындықтан оны өлшеуге болады.
Ақпарат шамасының 3 түрі бар:
- құрылымдық өлшем;
- статистикалық өлшем;
- семантикалық өлшем.
Ақпарат теориясында бит - екі әртүрлі мағынадағы деректерді айыру үшін ақпарат саны. Ал есептеу техникасында бит деп машина ішінде берілетін деректер мен командаларда қолданылатын “0” немесе “1” белгілерін сақтау үшін керек, жадының ең кіші бөлігін айтамыз.
Өзіндік жұмыс
Бит - өлшеудің ең кіші бірлігі. Практика жүзінде одан үлкен бірліктер қолданылады ол - байт. Бір байтта 8 бит бар. Кеңінен қолданылатын байттан де үлкен ақпарат бірлігінің түрлері:
- 1 Килобайт (Кбайт) = байт.
- 1 Мегабайт (Мбайт) = Кбайт.
- 1 Гигабайт (Гбайт) = Мбайт.
- 1 Терабайт (Тбайт) = Гбайт.
- 1 Петабайт (Пбайт) = Тбайт.
1-тапсырма. Ақпарат түрлеріне мысал келтіріңіздер.
2-тапсырма. Мына схеманы толықтырыңыздар.
3-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Адам қандай сезім мүшелерімен ақпарат алады?
2. Адам көру мүшесі арқылы зат туралы қандай ақпарат алады?
3. Тактильді ақпарат деген не?
4. Ақпарат қандай түрде беріледі?
4-тапсырма. Мына сөз жұмбақты шешіңіз.
Сұрақтары (жоғарыдан төмен қарай) :
1. Белгілі бір тілдің кез келген сөздерін құрай алатын символдарының жиыны.
2. Ақпартты есту мүшесі?
3. Бұл әмбебаб автоматтандырылған электронды құрылғы (көпфункционалы), ақпаратты беру мен өңдеу және жинақтау үшін керек.
4. I = log2N бұл ақпаратты өлшеу формуласын кім ұсынған?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz