Windows операциялық жүйесі

№3 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Windows операциялық жүйесі
Жұмыстың мақсаты:
1. WINDOWS операциялық жүйесінің негізгі нысаналарымен танысу;
2. WINDOWS операциялық жүйесін баптауды меңгеру;
3. WINDOWS операциялық жүйесінің стандартты қосымшаларымен жұмыс істеуді меңгеру.
Жұмыстың мазмұны:
Операциялық жүйе (ОЖ) - бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. ОЖ бағдарламалар жүйесін компьютердің мәліметтерді өндеу жөніндегі бүкіл жұмысын ұйымдастырады. Ол пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т. б. Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі - пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу деп те аталады. Дербес компьютерде тілдесудің әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.
Операциялық жүйе кез келген компьютердің ең қажетті құрамдас бөлігі және ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жиыны болып табылады. Операциялық жүйе адам мен компьютер арасындағы өзара байланысты қамтамассыз етеді.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер былай бөлінеді:
- бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
- бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын.
Бір міндетті операциялық жүйе қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Көп міндетті операциялық жүйе бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам пайдаланатын операциялық жүйе компьютерде тек бір ғана адамның мұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын операциялық жүйеде бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жеке өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
ОЖ-лер компьютермен бірге дамып, жылдан-жылға қолдануға қолайлы болып жетіліп келеді.
WINDOWS операциялық жүйесіндегі жаңа нұсқасының атауындағы ХР әріптері eX Perience деген ағылшын сөзінің бөлігі болып табылады, ол “ өмір тәжірибесі ”, “білім” дегенді білдіреді. WINDOWS сөзінің өзі терезе деген мағынаны береді.
1-тапсырма. Дербес компьютердің құрылғылары туралы мәлімет алыңыз және қандай операциялық жүйе орнатылғанын анықтаңыз.
Әдістемелік нұсқау : Жұмыс үстелінде Менің компьютерім (Мой компьютер) таңбашасын шертіп, тінтуірдің оң жақ батымасын басыңыз, пайда болған тізімнен Қасиет (Свойства) бөлімін таңдап алынса келесі терезе ашылады:
3. 1-сурет. Жүйе қасиеті
3. 1-суретте компьютерге орналасқан операциялық жүйе туралы толық ақпарат бар. Енді компьютер құрылғылары туралы мағлұмат алу үшін осы Жүйе қасиеті (Свойства Системы) терезесінің жоғарғы жағынан Құрылғылар (Оборудование) бөлімінен Құрылғыларды ретеуші (Диспетчер устройств) таңдасақ келесі терезеде құрылғылар туралы толық ақпарат шығады:
3. 2-сурет. Құрылғыларды реттеуші
Ашылған терезеде құрылғыдар туралы толық ақпарат бар. Егер құрылғы атының сол жағындағы «+» белгішесін тінтуір көмегімен шертсе, құрылғы қасиеттері туралы ақпаратты толығымен алуға болады.
2-тапсырма. Компьютердегі «Инф» сөзінен басталатын файлдарды табу керек.
Әдістемелік нұсқау: Пуск-Поиск әрекетін орындау қажет. Төмендегідей терезе ашылады:
3. 3-cурет. Іздеу терезесі
Іздеу шарты «Инф»-тан басталатын файлдар, сондықтан терезенің сол жағындағы жолға «Инф*» мәтінін енгізіп, «Найти» батырмасы басылса іздеген файлдардың тізімі шығады:
3. 4-cурет. Іздеу нәтижесі
3. 4-cуретте терезенің сол жағында ізделген файлдар тізімі көрсетілген.
3-тапсырма. Инженерлік калькулятор бағдарламасының көмегімен мына есепті шығарыңыздар:
Калькулятор бағдарламасын қосу үшін Бастау=>Бағдарламалар=>Стандартты=>Калькулятор (Пуск=> Программы=>Стандартные=>Калькулятор) командаларын орындау қажет. Калькулятор түрін өзгерту үшін Түр=>Инженерлік (Вид=>Инженерный) әмірлерін орындау қажет.
1. sin12+cos11+ln5=
2. 10 5 +5 4 +5! =
3. =
4-тапсырма. Ондық сандарды екілік санау жүйесіне калькулятор көмегімен ауыстырыңыз:
Инженерлік компьютерде санау жүйелері келесі батырмалар арқылы қосылады:
Hex - 16 санау жүйесі, Dec - 10 санау жүйесі, Oct - 8 санау жүйесі, Bin - 2 санау жүйесі.
1. 589 10 =
2. 879 10 =
3. 969 10 =
4. 778 10 =
5. 963 10 =
6. 979 10 =
7. 898 10 =
8. 753 10 =
9. 951 10 =
1099 10 =
Екілік санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне калькулятор көмегімен ауыстырыңыз:
1. 11010101 2 = 6. 1101 2 =
2. 010 2 = 7. 100101 2 =
3. 10101011 2 = 8. 10101 2 =
4. 11100101 2 = 9. 110100 2 =
5. 11101001 2 = 10. 110001 2 =
Сегіздік санау жүйесіндегі сандарды екілік санау жүйесіне калькулятор көмегімен алмастырыңыз:
1. 7752 8 = 6. 741 8 =
2. 1212 8 = 7. 5521 8 =
3. 5401 8 = 8. 7101 8 =
4. 1421 8 = 9. 1712 8 =
5. 1501 8 = 10. 1561 8 =
Он алтылық санау жүйесіндегі санды ондық санау жүйесіне калькулятор көмегімен алмастрыңыз:
1. A2B6 16 =
2. F2BC 16 =
3. CD3A 16 =
4. 14AD 16 =
5. 1АЕС 16 =
6. 2FD6 16 =
7. 2E7C 16 =
8. 3DEF 16 =
9. 9ACD 16 =
10. ADCF 16 =
5-тапсырма. WordPad бағдарламасында төменде берілген мәтінді жазыңыз:
Ана туралы
Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.
Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
Анасыз өмір - сөнген көмір.
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
Ақыл туралы
Адамның жүзі ақылдың айнасы.
Айғайлы жерде ақыл аз.
Айла алтау, ақыл жетеу - айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.
Айлалы түлкі алдырмас.
Айласыз батыр алдырар.
Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел.
Ақыл адам көрігі,
ақылдың сабыр серігі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz