Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сөздердің байланысу түрлері. Қабысу. Матасу. Жанасу

Пәні: қазақ тілі
Сыныбы:
Күні: 26.01.2018
Сабақтың тақырыбы:
Сөздердің байланысу түрлері. Қабысу. Матасу. Жанасу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу түрлерін ажыратуға үйрету, сқйлеснен тыс тұрған сөз тіркестерінің байланысу заңдылықтарын меңгерту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізеттілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөз тіркестері туралы білімін дамыту.
Сабақтың түрі:

Сабақтың әдіс- тәсілдері:

Сабақтың көрнекілігі:

аралас сабақ

тренинг, кластер құру, автор орындығы. топпен жұмыс, танымдық ізденуші, талдау, зерттеу әдістері, сұрақ-жауап, түсіндіру.

жазушының портреті, слайд, оқулық, қажетті материалдар (маркер, ватман, ақ қағаздар т.с.с)

Кезеңдері
Мұғалім әрекеті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.
Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау.
Тренинг ұйымдастыру.
<<Ашулы шарлар>> жаттығуы
Мақсаты: бойдағы ашуды, агррессияны сыртқа шығару.
Нұсқау: Бірнеше шарды үрлеп, бір,екеуін жару. Бір, екі шардың желін жайлап шығару.
Кері байланыс: Не сезіндіңіздер?Не байқай алдыңыздар?
Топқа бөліну.
Ән шумақтары бойынша топқа бөліну
Оқушыларға ел арасында көп тараған немесе оқушылардың сүйіп орындап жүретін әндерінің шумақтары мен қайырмасы(немесе бір тобы құралатындай ән қатарлары) жазылған карточкалар таратып беріледі.Оқушылар сол әнді құрастырып,топқа бөлінеді және бірлесіп осы әнді айтуларына болады.

Өткен сабақты қайталау

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.
1. Сөздердің байланысу түрлерін ата.
2. Қиысу дегеніміз не?
3. Меңгеру дегеніміз не?
Мағынаны тану

Талдап білу стратегиясы:

III. Жаңа сабақ.
Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысу түрін матасу деп атайды.
Мысалы: Менің әкем Бауыржанның батырлығын, қамқорлығын айтып отырушы еді.
Осындағы менің әкем , Бауыржанның батырлығы, Бауыржанның қамқорлығы тіркестері матасып тұр.

Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды.
Мысалы:
Отаным десем ойыма
Айдын шалқар көл түсер...
Осындағы айдын, шалқар көл дегендер берік орын тәртібі арқылы байланысқан, олардың орнын ауыстырсақ, байланыс бұзылады.

Басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардың орын таңдамай, жақын да, қашық та тұруы арқылы байланысу түрін жанасу деп атайды.
Мысалы:
Биыл ол мектепті бітіреді.
Бұл сөйлемдегі биыл (бағыныңқы) сөзі бітіреді (басыңқы) сөзімен арасына сөз салып та, ол мектепті биыл бітіреді болып қатар тұрып та байланысады.

І. Мәтінмен жұмыс
Дастарханға нан қалай келді?
Нан тарихының тамыры сонау ежелгі заманға кетіп жатыр. Ғалымдардың пікіріне қарағанда,ол он бес мың жылдан асса керек.Әйтсе де алғашқы нанның өсімдігі бидай да, сұлы мен арпа да емес, кәдімгі емен екен. Ерте заманда адамдар емен жаңғағынан мол өнім алып, үгіп, онан ұн жасаған. Бұдан бес мың жыл бұрын адамдардың емен жаңғақтарынан ұн жасап, пісірген нанның қалдықтарын Кировоград облысының аумағындағы Триполь елді мекенін қазу жұмыстар жүргізген археологтар тапқан.
Дәнді дақылдарды қолдан егуді, оның дәнінен ұн жасауды адамдар бірте-бірте меңгерген. Сұйық ботқа - біздің қазіргі нанымыздың бастапқы түрі болған. Ал Африка мен Азияның бірқатар елдерінде әлі күнге дейін нан орнына осындай быламықтарды қолданады. (102 сөз).
Аңға шыққанда
Алдымызда бір төбе бар еді. Арғы етегі - ағаш. Соның тұсына барғанда, қасқыр көзімнен ғайып болды. Бір кезде аспанда түйіліп айналған бүркітім төмен қарай сорғалай құлады. Қасқырдың аузына түсіп, жазым бола ма деп қорықтым. Атымды тебініп, шаба жөнелдім. Қалың күртіктің ішіне ат бара алмайды. Жалма-жан атты қаңтарып тастадым. Сыртқы күпімді шештім де, жеңіл киіммен күртікті өрлей, ағаштың ішіне жүгірдім. Мөлшерден қаталасқан жоқ екен. Бүркітім шақырған жерге ентігіп жүгіріп бардым. Оның бір аяғы құрықтай қайыңға қадалған да, бір аяғы қасқырдың төбесінде тұр. Қасқыр сіресіп тартып тұр. Аяғын қалай үзіп әкетпегенін білмеймін. Жүгіріп келген қалпыммен қасқырдың тірсегінен алдым да, қындағы пышағымен ішін осып жібердім.
ІІ. Талдау жұмысы:
Айырылмас қоңсыңа ауыр сөз айтпа.
1. Байланысу түрі-қабысу, себебі, құрамындағы бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен іргелес тұрып, ешқандай жалғаусыз байланысқан

2. Байланысу тәсілі-орын тәртібі арқылы

Айырылмас 3. Құрамы-дара.
Қоңсыңа

4. Тұлғасы-бағыныңқы-есімше формалы
басыңқы-з.е.+т.ж+б.с

5. Сұрағы - қандай? Неңе?

1.Байланысу түрі-қабысу, себебі, құрамындағы бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен іргелес тұрып, ешқандай жалғаусыз байланысқан

2.Байланысу тәсілі-орын тәртібі арқылы

Ауыр 3.Құрамы - дара.
сөз
4.Тұлғасы-бағыныңқы ауыр-сын есім
Басыңқы - з.е

5.Сұрағы-қандай? Не?

Көркем әдебиеттің орны ерекше.
1.Байланысу түрі-матасу, себебі, бағыныңқы сыңары ілік септігінде, басыңқы сөзі т.ж ІІІ жағында келіп матаса байланысып тұр.

2. Байланысу тәсілі-қосымша арқылы.
Әдебиеттің
орны 3. Құрамы-дара, себебі, бағыныңқы-басыңқы сыңарлары жеке сөзден құралып тұр.

4.Тұлғасы-бағыныңқы - з.е+і.с жалғауы
Басыңқы - з.е.+т.ж ІІІ

5. Сұрағы - ненің? несі?

Қазақтың сахарадағы тұрмысы қиын болған.
1. Байланысу түрі- матасу, себебі, құрамындағы бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен ілік септігі арқылы байланысқан.
2. Байланысу тәсілі - қосымшалар арқылы.

3. Құрамы - дара .
Қазақтың
тұрмысы 4. Тұлғасы-бағыныңқы-з.е+і.с жалғауы,-тың
басыңқы - з.е.+т.ж. ІІІ жағы

5. Сұрағы - ненің? несі?

Кеше біздің кеме алыстағы жерде болатын.
1. Байланысу түрі-жанасу,себебі, бағыныңқы және басыңқы мүшелері бір-бірімен іргелес те, алшақ та тұрып байланысқан
Кеше 2. Байланысу тәсілі - орын тәртібі.
алыстағы
жерде 3.Құрамы - дара .
болатын
4.Тұлғасы-бағыныңқы-мезгіл үстеуі
Басыңқы-етістік+есімше жұрнақ
5. Сұрағы-қашан? Не істейтін?
Ертеңгі күннің ауа райы радио арқылы малшыларға хабарланады.

1. Байланысу түрі-жанасу,себебі, бағыныңқы мүше басыңқымен қатар тұрып та, алшақ та байланысқан.сөз басыңқы
Радио 2. Байланысу тәсілі - қосымшалар арқылы.
арқылы
хабарланады. 3. Құрамы-күрделі,себебі бағыныңқы сөз екі сөзден құралған.

4. Тұлғасы-бағыныңқы-зат есім-шылау
Басыңқы-з.е+ет-к туд. Жұрнақ+өздік етіс+көсемше+ж.ж ІІІ ж
5. Сұрағы - не арқылы? Не істейді?

ІІІ. Көру диктанты
Алғашқы ойлар.
Қашықтық еңбегі.
Уақыттан озған.
Сендер сөйлеңдер
Былтыр тапсырды.
Әлсін құлақ түреді.
Білгенге маржан.
Екі дос.
Біздің ауыл.
Сен таныссың.
Оқушылар есте қалғандарын сөз тіркесінің түрлеріне қарай бағандарға жазады.

Қиысу
Матасу
Меңгеру
Қабысу
Жанасу

<<Жасырын хат>> ойлан ,тап!
Топтық жұмыс.
Ерте ,ерте - ертеде... әлі адамдар әріп танымаған уақытта да олар бір-біріне хат жазған екен.
Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ойларыңызды жеткізіңіздер.
1. 1. <<Бүгін маған сағат 6-да телефон соқшы>>
2. 2. Бүгін сабақтан кейін кинотеарға барайық
3. 3. Жексенбі күні сағат 15.00 де менің туған күніме кел.
4. 4. Ертең маған келші бірге сабақ дайындайық
5.
ІV. Семантикалық карта
V. Перфокартамен жұмыс

VI. Венн диаграммасы
Қабысу мен жанасудың айырмашылықтары мен ұқсастықтары

Жаңа білімді бекіту
Киіз үй жасау
Бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қою.

Сергіту сәті
.<<Өз жұбыңды тап>> жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы <<Сіз кімсіз?>> деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліп, шаршағандығы тарқайды.
Кері байланыс
Тазалық" ойыны
Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға, керек емес болған ақпаратттарды қоқыс жәшігіне, ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым, толықтыруым керек дегендер болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздыр)

Үйге тапсырма

Бағалау
Сөздердің байланысу түрлері: қабысу, матасу, жанасуды оқу және мысалдар жазу.

Ұқсас жұмыстар
Сөздердің байланысу түрлері. 7 сынып
Сөз тіркесінің түрлерін ата
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне қарай құрылысы
Сөздердің байланысу түрлері
Сөздердің байланысу түрлерін табу
Синтаксистен өткенді қайталау
Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығулар. 7 сынып
Сөз тіркесінің сыңарларын ата
Сөз тіркесі жайлы ақпарат
Сөздердің байланысу түрлері жайлы
Пәндер