Сиқырлы күз

«Сиқырлы күз»
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.
Әсем әуен ойнап тұрады. Балалар орман корінісімен безендірілген залға кіреді.
Жүргізуші: Балалар, біздер күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен?! Солай ма балалар? Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?
Балалар: Сиқырлы күз әдеміледі.
Жүргізуші : Дұрыс балалар.
Тыңдаңдаршы, жел соғып жатыр. Қане, бәріміз желмен бірге үрлейік. (Үф -ф . . . үрлейді)
Ал енді қолымызға бір - бір жапырақ алып «Күз келгенде» әнін айтып берейік.
Хор: «Күз келгенде»
1 - бала: Алтын, сары, қызыл, көк -
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
2 - бала: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
3 - бала: О, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ,
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім, жатып ап?!
Қыздар жапырақтармен би билейді.
Би: «Жапырақтар»
(Билеп болғаннан кейін қыздар жапырақтарды жерге жашып кетеді. Оларды ұлдар жинайды. Көп жинаған бала жеңімпаз болып есептеледі)
Ойын: «Кім жапырақты көп жинайды»
Жүргізуші : Балалар, тыңдап көрейікші, орман бізге не деп жатыр екен? (тыңдайды)
Әдемі әтеш
Таң атпай тұрыпты
Ойқастап жүріпті
Жан - жаққа қарапты
Айдарын тарапты, - бізге келе жатқан кім екен?
Залға әтеш кіреді: Сәлеметсіздер ме балапандар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер?! Мен де бүгін әдемімін, қараңдаршы (әрі - бері жүреді)
Жүргізуші: Балалар, әтеш әдемі ме?
- Иә, әдемі!
Әтеш: Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?
- Иә, білеміз!
Әтеш: Өте жақсы. Жаңбырдың балалар, өте жай, кішкене түрі болады. Оны салу үшін қолымыз ды жай шапалақтаймыз (балалар қолдарын жай соғады, әуен жай ойнайды) . Сонымен қатар үлкен, қатты жаңбырлар да болады ( балалар қолды қаттырақ, тезірек соғады, әуеннің дауысы қатты шығады) .
«Қандай жаңбыр» ойыны ойналады.
(Әтеш басқарады: «Жай жаңбыр» дегенде қолды жай соғады. «Қатты жаңбыр» дегенде қолды қаттырақ соғады. )
Жүргізуші: Сары әтеш, біз жаңбыр туралы ән де білеміз. Тыңдағың келе ме?
Әтеш : Әрине.
Ән: «Жаңбыр»
Әтеш: Ой, балалар, сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рахмет сендерге балалар! Мен енді достарыма кетейін. Сендердің қандай ақылды, көңілді екендеріңді айтайын. Сау болыңдар балалар.
1-бала: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел, жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
2-бала: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көк егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Жүргізуші: Балалар, мен бір сыбдыр естіп тұрған сияқтымын. Кім екенін білгілерің келе ме?
Залға түлкі келеді:
Мен түлкімін күлкілі,
Кім білмейді түлкіні.
Алдамаймын ешкімді,
Алтынданған күз күні.
Жүргізуші : Қу түлкі, сіздің бізге келгеніңіз қандай жақсы болды! Біздің балалар сізге би билеп бергісі келіп тұр.
Түлкі: сендер сондай кішкентайсыңдар, билей аласыңдар ма?
Балалар «Би билегім келеді» әніне билеп береді.
Түлкі: Ой, жарайсыңдар, кішкентайлар!
Жүргізуші : Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырам, тыңдаңдар:
Менің атым ұзынқұлақ
Ылғи түнде жортамын
Қалдырмаймын ізімді
Өте қатты қорқамын.
(қоян)
Залға қоян келеді:
Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерде болып жатқан қандай той? Қандай көңілді сендерге?
Жүргізуші: Сұр қоян, біз бүгін «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз.
Қоян : Мен сендерге ойын ойнауға сәбіз алып келдім. Кім тез жинайды екен?
Ойын: «Кім шапшаң?»
Түлкі: Сұр қоян, осы сені неге желаяқ деп атайды?
Қоян: Соны да білмейсің бе? Мен өте тез жүгіремін ғой. Сондықтан мен желаяқ атандым.
Түлкі : Ой сұр қоян, мақтанба. Сен менен де тез жүгіре алам деп ойлайсың ба?
Қоян: Әрине, сен менімен жарыссаң жете алмай қаласың.
( Түлкі қоянды қуады, жете алмайды) .
Түлкі: Сұр қоян, сен расында жеткізбейді екенсің.
Қоян : Балалар, сендер мен сияқты секіре аласыңдар ма? Олай болса менің қимылымды қайталаңдар.
( Балалар қоянмен бірге билейді)
Түлкі: Бүгін біздер ойнадық та
Ән салдық та, биледік
Қоштасатын кез де келді
Біздер енді кетейік.
Қоян: Сау болыңыздар, балалар!
Жүргізуші: Балалар, бүгін бізге әтеш те, қоян да, түлкі де келді. Ал сиқырлы күз болса әлі жоқ. Біздер «Күз» әнін орындап, сиқырлы күзді ортаға шақырайық.
Ән: «Күз»
Залға күз кіреді:
Сәлем, өрен достарым
Алақанды тос бәрің
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығыма қаныңдар.
Ән салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер,
Кел, күз тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық!
Сәлеметсіздер ме балалар! Дауыстарың қандай әдемі! Сендер мен туралы әндетіп жатырсыңдар ма? Мереке басы ән болар, береке басы дән болар, - дейді халқымыз. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым. Сондықтан халық мені «Жомарт күз», - деп те атайды
Жүргізуші : Күз арқылы білеміз
Жомарттықтың салтын біз
Біз өзіңді сүйеміз,
Балалар: Рахмет саған алтын күз!
Ән: «Күз жомарт»
Күз: Балалар, мен ағаштарды сары түске бояп келе жатқанымда мына сары, әдемі орамалды тауып алдым. Бұл сиқырлы орамал. Осы орамалмен ойын ойнайықшы.
Ойын: «Сиқырлы орамал»
(Ойынның соңында орамал астына алма салынған кәрзеңке қояды)
Күз: Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Себет қой!
Кәрзеңкенің бетін жапырақтар жауып тұрады. Ал жапырақ астынан алма шығады. Күз балаларға алма үлестіреді. Балалар күзге рахметін айтып қоштасады. Ертеңгілік аяқталады.
«Ана тілін ардақтап, ата салтын көрдік біз!»
( Қазақстан Республикасының тілдер күніне арналған ойын - сауық)
Мақсаты: Балаларды мемлекеттік тілде сөйлеуге, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу арқылы, ұлттық ой - өрісін, патриоттық сезімін қалыптастыру.
Зал әдемі безендірілген. Күй ойнап түр. Балалар күй әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші : Құрметті қонақтар, сүйікті балалар! Тәуелсіз елімізде 22 - қыркүйек тілдер күні болып есептеліп, тіл мейрамы өтеді. Мерекеміз құтты болсын!
Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқанымда ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ән: «Тілімізді сақтаймыз»
Жүргізуші: Жас ұрпақтың ой - өрісі, ұлттық психологиясы, патриоттық, интернационалдық сезімі ана тілі арқылы қалыптасады. Балабақшамыздағы қазақ балалармен қатар өзге ұлт балалары да мемлекеттік тілде сөйлеп, қазақ тілінің қыр - сырын білуде.
Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
Ана тілім менің,
Әлдилеген әнім.
Ана тілім - демім,
Ана тілім - жаным.
Ана тілің - біліп қой
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің - біліп қой
Бостандығың теңдігің!
Би: «Айгөлек»
Залға әндетіп алдар көсе кіреді. Балалармен амандасады.
Жүргізуші: Алдар ата, сәлеметсіз бе? Біздің мерекеге қош келдіңіз! Төрлетіңіз. Бүлдіршіндерге әкелген қандай сыйыңыз бар?
Алдар көсе : Менің бала кезімде сүйіп ойнаған ойындарымның бірі - асық. Бұл шапшаңдықты, ептілікті талап ететін ойын. Бала кезімде талай балаларды жеңіп кетуші едім. Бірақ, бұл асықпен ойынды бастамас бұрын менің сұрақтарыма жауап берулерің қажет.
- Біздің Республике қалай аталады?
- Рәміздеріміз қандай?
- Бас қаламыз, елордамыз қалай аталады?
- Біз қай тілде сөйлейміз? (балалардың жауабы)
Дұрыс балалар, сендер сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Ал ендігі кезекті ойынға берейік. Қане, менімен кім ойнайды екен?
Ойын: «Асық ату»
Жанымнан да қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзін тыңдап
Үлгі өнеге алам.
Ана тілім - анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған шамым
Ана тілім елім
Қажыр - қайрат күшім
Ана тілім менің
Баста бақыт құсым!
Ән: «Мен кішкентай баламын»
Жү ргізуші: Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер, - демекші
бәріміз «Шаңырақ» ойынын ойнайық.
Ойын: «Шаңырақ»
Асығып - аптығып Шығайбай мен кемпірі келеді.
Шығайбай: Әй, бәйбіше, бол енді! Тойдан кешігеміз.
Бәйбіше : Қазір, байеке! Мына ыстық күлшені мейрамға пісіріп едім (Алдарды көріп қалып), ойбай, мынау Алдар ғой! Енді қайттім?! Мынаны қайда жасырамын?
Шығайбай : (қойнын көрсетіп) Мұнда жасыр!
(Кемпірі ыстық нанды қойнына сүңгітеді)
Алдар: Ассалаумағалейкум, Шығеке! Мейрамың құтты болсын! Кел, байеке, құшақтасып көрісейік!
Шығайбай : Ойбай, күйдім, күйіп барам! Жібер, жібере гөр Алдаржан. (нанды суырып алып Алдарға береді)
Алдар : Кел Шығеке дос болайық. (қол алысып көріседі)
Жүргізуші : Алдар ата, Шығайбай ақсақал, мереке күні ренжісіп жатқандар достасып жатады емес пе? Сіздер де татуласып, құтты той қонағы болыңыздар. Біздің балалардың өнерін көріңіздер.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Ән: «Балабақшада»
Ойын: «Күш сынасу»
Алдар: Шығеке, бәйбішеңіз нан пісіріп еді ғой, сол қайда?
Шығайбай: Нанымызды балаларға үлестірейік. (балаларға бауырсақ үлестіріледі)
Жүргізуші: Рахмет, сіздерге қонақтар! Осымен тіл мейрамына арналған ойын - сауығымыз аяқталды. Тіліміз көркейіп, еліміз нұрлана берсін!
«Қазақстан - Республикам менің!»
Мақсаты : Егемен еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Отанын сүюге, туған жерінің, туған елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау.
1 - бала: Отан деген - атамекен
Отан деген - туған жер
Отан - ана, Отан - үлкен,
Қазақстан - туған ел!
2 - бала : Ұланымын елімнің,
Болам жігіт зор әлі.
Қазақстан жалауын,
Көтеремін жоғары!
3 - бала Елдің елдігі
Ердің ерлігі - Әнұран!
Әннәң асылы
Ұранның басымы - Әнұран!
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Тәрбиеші: Балалар, сендер осы Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? Отан дегеніміз не?
- Отан - біздің ауылымыз, қаламыз.
Тәрбиеші : Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші : Біздің еліміздің рәміздері қандай?
- Елтаңба, Ту, Әнұран.
Жерінде бабасының,
Елінде атасының,
Көңілінде әжесінің,
Төрінде әкесінің
Дарытқан бар асылын,
Мен - қазақ баласымын!
Қолында анасының,
Жолында ағасының,
Төсінде даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен - қазақ баласымын!
Ән: «Отан»
Залға тыңшы кіреді:
Тс-с-с . . . Тыныш, тыныш, . Бұл не шу? (балаларға қарайды)
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Тыңшы төрлетіңіз, қош келдіңіз!
Тыңшы : Рахмет, рахмет! Бұл не жиын, бұл не той?
Тәрбиеші : Тыңшы, біздер бүгін Отанымыздың туған күнін атап өтуге жиналдық.
Тыңшы : Е - е . . . Ендеше дүркіретіп той жасамайсыңдар ма?
Тәрбиеш і. Жасап жатырмыз. Бізбен бірге тойлаңыз.
Тыңшы: Тойласақ, тойлайық. Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар : Өте жақсы көреміз.
Тыңшы: Ендеше, «Қыз қуу» деп аталатын ұлттық ойынды ойнайық.
Ойын «Қыз қуу»
Би: «Қазақ биі»
Тыңшы: Қандай өнерлі балалар?! Жарайсыңдар!
Елімнің аты, жерімнің аты,
Өзіңмен биік, Республикам!
Жақсының аты, ғалымның хаты,
Өзіңмен биік, Республикам!
Білімді ұрпақ, білікті маман,
Беделің сенің, Республикам!
Болатын балаң, ары сау адам -
Мерейің сенің, Республикам!
Бәсеке деген оңай сын емес,
Ұшпасын бағың, Республикам!
Қазақтың атын, қазақтың затын,
Тұмар ғып тағын, Республикам!
Тыңшы : Т-с-с . . . (Жерге құлағын тосып тыңдайды) Балалар, сендерге қонақ келе жатқан сияқты.
Дүркіретіп әуенмен Таусоғар мен Желаяқ келеді:
- Сәләматсыздар ма балалар!
- Тойларың тойға ұлассын!
Балалар : Сәләматсыз ба!
Тәрбиеші : Балалар, бізге ертегі - аңыздардың кейіпкерлері Таусоғар мен Желаяқ келді. Таусоғар, мынау қолыңдағы не?
- Бұл тау ғой. Доп қылып ойнап жүрмін.
Тәрбиеші : Желаяқ, аяғыңа не байлап алғансың?
- Е-е. Бұл тас қой. Қатты жүгіріп, досым Таусоғардан асып кете берген соң аяғыма байлап алдым.
- Тәрбиеші: А-а . . . Енді түсіндік. Қонақтар, төрге жайғасып қонақ болыңыздар. Қазір біздің балалардың айтысын тамашалайсыздар.
Айтыс: «Қыз бен ұлдың айтысы»
Барлығы : Ей, жарайсыңдар.
Таусоғар : Ей, Желаяқ, екеуміз еріккенде ойнайтын ойынымыз бар еді ғой. Мына балаларға соны үйретейік.
Желаяқ : Үйретсек, үйретейік. Балалар, біздер бала кезімізде «Көтермек» деп аталатын ойынды жиі ойнаушы едік. Қазір сол ойынды есімізге түсіріп көрейік.
Ойын: «Көтермек»
Би: «Татар биі»
Астана мен Алматы,
Алатау асқақ аясы.
Алқабында атақты,
Алқызыр апорт алмасы.
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
Тыңшы: Ал, балалар, мерекені әрі қарай тойлай беріңдер. Ал біз болсақ, ертегі еліне қайтайық. Сіздермен бірге ұақытты көңілді өткіздік. Сау болыңыздар.
Ән: «Мен кішкентай баламын»
Тәрбиеші: Мен қазақпын қаныммен сүйегіммен,
Сән - салтанат, салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам, осынау кең далаға,
Мұрагермін, оған да иемін мен!
Осылай қазағымның бостандығын көрсем екен, еңбегін, өнерін көркейтсем екен, елім деп еңіреген халық ұлдарына үш би өз кеңестерін, ақыл даналықтарын айтып отыр.
(Ортаға үш би шығады)
Төле би :
Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса.
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қалмаса.
Қазыбек би:
Отбасыңда білгір қартың болса,
Ол жазылған хаттан кем емес.
Әйтеке би:
Елім аман, жұртым тыныш,
Батыр ұрпақ аман бол.
Өсіп - өнер өрендерім,
Арқа сүйер панам бол!
Бала: Баба өсиетіңізді естідік,
Қабыл алды жас ұрпақ.
Төле би:
Балалар, сендер аман болыңдар,
Елімізді көркейтіңдер.
Бала : Рахмет, сізге би ата.
Тәрбиеші: Осылай билер елінің ұлы мен қызын болашаққа білімді, ал елін тәуелсіз мемлект болуын армандаған бабаларымыздың армандары орындалып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.
Ән. «Біз - өмірдің гүліміз»
«Менің Отаным»
Мақсаты : Қазақстан Республикасын мақтан тұтуға, рәміздерін қастерлеуге, туған жерінің байлықтарын білуге, тарихын ұмытпауға тәрбиелеу.
Ән әуенімен балалар музыка залына келеді.
Тәрбиеші : Құрметті ата - аналар, сүйікті балалар!
Міне, көптен күткен төл мерекеміз, отанымыздың туған күні - Республика күні де келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Арайлап атқан таң тек шаттық пен мереке әкелсін!
Ата - бабам жанын қиып қорғаған,
Ақ тілегін ұрпағына арнаған.
Қазақстан - алтын ұя Отаным
Жайнай берші, мәңгі гүлдеп әрқашан!
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
1 - бала: Қазақстан Республикасы - бақытты бай мемлекет. Біздің сүйікті Отанымыздың бидайы жайқалып, бау - бақшасы жайнап, хош иісті шөбі көктеп құлпырып тұрады.
2 - бала: Қазақ елі кең байтақ. мұнда алтын, мұнай, көмір, қорғасын қазбалары бар.
3 - бала : Алма бақты елім бар. Барлық елдер арасында алтын күннің шуағындай нұрланып жайнай берші күн дидарлы Қазақстан!
Ән: «Егемен ел - елім менің!»
Тәрбиеші: Елтаңба. Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шашылған. Оны аңыз - әңгімелердегі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр.
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күнім.
Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем, әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Тәрбиеші: Балалар, біздің елдің туы, Қазақстанның жалауы қандай түсті?
Балалар : Көк түсті.
Тәрбиеші : Біздің туымызда қандай белгілер бар?
Балалар : Алтын күн, қыран құс, ою - өрнек белгіленген.
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн, қыран сәні бар.
Көк байрақ - ашық көк кеңісім,
Алтын күн, белгісі жеңістің.
Алтын күн көтерген ел құсы,
Халқымның батырлық белгісі.
Киелі көк байрақ астында,
Иелі іс ұқсас толқынға.
Ән. «Елімізді сүйеміз»
Залға алқынып - жұлқынып сараң Хан келеді:
- Ойбай - оу, сонша халық жиналыпты ғой?! Жақсы болды ғой. Бұлардың бәрін жұмсап қойсам: Ұлдар мал бағады, қыздар кір жуып, тамақ дайындайды.
Тәрбиеші: Сіз олай демеңіз. Біз мерекеге жиналып, той тойлайын деп отырсақ, сіз қайдағы бір жұмысыңызды айтып көңілімізді түсірдіңіз ғой. Өзіңіз қандай сараң Хан едіңіз?!
Хан: Сендер мереке тойлауды білмейсіңдер. Ал айтыңдаршы, бұл мереке жылдың қай мезгілінде болады?
Балалар : Күз мезгілінде болады.
Хан : Ендеше күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
Балалар : Жапырақтар түседі, жел соғады, жаңбыр жауады, бау - бақша жеміс береді, қамба астыққа толады.
Хан: Онда менің жұмбағымды шешіңдер.
Қабат, қабат тоны бар,
Шешіндірсең жылатар.
(пияз)
Жер астында басы,
Жер үстінде шашы.
(сәбіз)
Көк лағым,
Көгенде жатып семірді.
(қарбыз)
Қабат - қабат тоны бар,
Кішкене ғана бойы бар.
(қырыққабат)
Хан : Менің жұмбағымды дұрыс шештіңдер. Бірақ мен сендерді босатпаймын. Барлығың маған жұмыс істейсіңдер.
Тәрбиеші: Балалар, енді қайттік. Бізге көмек керек. Енді кімді шақырамыз.
Қолына домбырасын алып Қарашаш келеді:
- Сәләматсыздар ма?
Тәрбиеші: Сәләматсыз ба, Қарашаш. Бізге көмектесіңізші. Хан бізге мереке тойлатпай жатыр. Барлығымызды жұмысқа салмақшы.
Қарашаш : Балалар, Хан әртүрлі ойын - сауықты жақсы көреді. Оған той ұйымдастырайық. Ол көңілденіп мейірімді болады.
Тәрбиеш і: Ендеше, тойдың сәні айтыс емес пе? Қыз бен ұлдың айтысына кезек берейік.
Айтыс: «Қыз бен ұлдың айтысы»
Би: «Қазақ биі»
Хан : Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерің жақсы екен. Сендер менің сарайымда ән айтып, би билейсіңдер.
Тәрбиеші: Жоқ - жоқ. Біздің балалар сіздің сарайыңызға бармайды. Олар әлі кішкентай. Олар әлі оқып, білім алу керек.
Заман жаңа, ел жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам - өз ордам,
Сүйенерім сен ғана!
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, отан - үлкен,
Қазақстан - туған ел!
Қарашаш : Балалар, Хан ұлттық ойындарды қалай ойнайды екен, соны байқап көрейік.
Ойын: «Киіз үй»
Қарашаш: Балалар, сендер алтын домбыра туралы аңызды білесіңдер ме? Ендеше тыңдаңдар.
Көрініс: «Домбыра туралы аңыз»
Хан отауы. Дастархан басында Жошы - хан, жанында бәйбішесі қымыз сапырып отыр.
Ханның алдына сүйікті ұлы келеді : Әке, мен достарыммен аңға шығып қайтайын.
Жошы - хан: Балам, қазыр құланның балалайтын кезі. Аңшылыққа шықпағаның дұрыс болар еді.
Ұлы : Жоқ, әке. Мен аңға шықпақшымын.
Ханның ұлы достарымен аңға шығып кетеді.
« Аңшылар биі орындалады »
Ханның ұлы құланды атып, жаралайды. Ақсақ құлан ханның ұлын теуіп өлтіреді. Хан ұлын әрі күтеді, бері күтеді. Ұлы қайтып оралмайды.
Төрде Жошы - хан отырады, қасында нөкерлері.
Жошы - хан : Кім - де кім менің ұлымның өлімі туралы хабар әкелсе, мен соның басын аламын!, - деп жарлық етеді.
Ханның алдына ешкім бара алмайды. Бір күні Хан аулына қолына қара домбырасын алған кійші келеді. Күйші тіл қатпастан домбырасын алып күй төге жөнеледі. Қоңыр дауысты, күңіренген зарлы күй Ханның сай - сүйегінен өтеді.
Жошы - хан : Тоқтат!, - деп әмір етеді. Сен менәі ұлымның өлімі жайында хабар еттің. Сенің басыңды аламын!
Сонда күйші : Дат, тақсыр!
Жошы - хан : Датың болса айт!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz