Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жадырасын жазымыз (ертеңгілігі)

Мақсаты: Балаларды жазды күні табиғатты қорғап жүруге, айналаны тазалап,
жинап жүруге жазды күні барлық құстар келеді, құстарды аялап қорғауға
үйрету.

Көрнекілігі: Әр түрлі жазға арналған плакаттар, сонымен қатар Абайдың
және басқа да ақын – жазушылардың өлең-жырлары және кітаптары.

Барысы: Жаз туралы, жаздың маңызы туралы балаларға қысқаша түсіндіру.
Жаз туралы өлеңдер оқып, олардың мағынасын ашып түсіндіру.

Ұйымдастыру бөлімі:
- Қайырлы күн, балалар! Бүгін біздер «Жадырасын жазымыз» атты тақырыпқа
байланысты жаз туралы өлеңдер айтып, жаздың қандай маңызы бар екенін,
осы табиғаттың төрт мезгілінің ішіндегі жазды шын жақсы көретіні
туралы кім қандай өлеңдер айтады?
1-бала: Жазғытұры қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі
2-бала: Ауыл көшті қыстаудан,
Әпке, апамдар қой сауған,
Құс ұясын түзеді,
Тайымды аға күзеді,
Ел ешкісін қырықты,
Егіндерін жырыпты.
Ал, балалар енді кім жазды жақсы көреді? Не үшін?
3-бала: Мен жазды өте жақсы көремін. Жазда мен ағаларыммен суға шомылуға
барамын, аулаға жеміс-жидектер егеміз сонымен қатар жазда барлық малдар
далаға шығады, жайылады. Сондықтан да жаз маған ұнайды.

Жаңа материалды түсіндіру: Балалар, жайлы табиғаттың төрт мезгілі де
адам баласына қажет. Мысалы тек қана күз немесе жаз бола беретін болса,
онда адам баласына жақсы болмас еді. Сондықтан табиғаттың төрт мезгілі
өзінше өз сәнімен ерекшеленеді. Мысалға алатын болсақ «қыс» мезгілі өзінің
ең бірінші жауған ұлпа қарымен, қақаған аязымен ерекшеленеді, көктем болса
құлпырған қызғалдағымен ерекше. Күзде жеміс-жидек пісіп, шөп жиналып өтеді.
Ал, «жаз» мезгілі де жарқыраған өзен суымен, шулаған құстардың үнімен,
даламыз жасыл түске боянып барлық төл өріске шығып, яғни терек көркі
жапырақ, адам көркі – шүберек деген, адамдар жеңіл киімін киіп, жүздері
жайнап, нұрлана, жадыраған жаздай көңілдене түседі.
Өздік жұмыс: Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жадырасын жазымыз» жаз
туралы кешімізге байланысты жаз туралы жұмбақтар жасырамын.

1. Жылдың қай мезгілінде сиырдың сүтін, қаймағын, майын, айранын ішіп жей
бастаймыз?
2. Қай уақытта балалар суға шомылады?
3. Жаз мезгіліне қай айлар жатады?
4. Жаз мезгілінің қай айында жеміс – жидектер толығымен пісіп жетіледі?
Қорытынды.

Жадырасын жазымыз
(ертеңгілігі)

Ұқсас жұмыстар
Бейбіт күн тілегі
Наурыз бата
Қош келдің, Жаңа жыл
Біз бақытты баламыз
Аяулы да жан Ана
Ана өмірдің бастауы - әліппе білімнің бастауы
Қайдағы әріптер
Аналарды құрметтеп
Құтты қадам
Бақытты балалық шақ туралы ақпарат
Пәндер