Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жаз сұлтаны

Мақсаты: Халқымыздың өнер саңылықтары – серілеріміздің өмір тарихы мен,
сүрген ортасы мен, әділ сыншыларымыз билердің ел қорғаны батырларымызды
таныстыру арқылы ой - өрісін ұлғайту. Есте сақтау қабілетін дамыту, сондай
ақ ата салтымызды елімізбен жерімізді тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, плакаттар, шарлар.
Жоспар:
1. Өзін – таныстыру
2. Мақал – мәтелдер
3. Үй тапсырмасы
4. Сұрақ – жауап сайысы
5. Көрермендер сайысы
6. Сөз құрастыру
7. Полиглот
Барысы:
1 – жүргізуші: Құрметті қауім. Сіздерді 6 ұлдар арасында өткізгелі отырған
«Жігітке жеті өнер де аз» Өнер білім сайысын тамашалауға шақырамыз.

2 – жүргізуші: Береке де осында, мереке де осында. Болып жатыр той – думан
жігіттердің қасында деп жырлағандай бүгінгі сайысымызды бастамай тұрып,
әділқазылар алқасымен таныстырайын.
1.
2.
3.
1 –жүргізуші: Асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын
Ал кәнікей серілер
Босқа қарап тұрмаңдар
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар,
Енді жігіттеріміз өздерін таныстырып,
сәлемдессін.
І – Бөлім
Ассалаумағалейкум халқым менің
Атқарған кең даланың алтын кенін
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға
Бс ию ежелден бар салтымыда,
Рухына бас иетін бабаларын.
Ақ сүт берген анашым амансың ба?
Боталарың түседі бүгін сынға
Сәлем бердің серілерге, сұлтандарға
Тең келетін мына бізге ұлдар бар ма?
Төрелеп әр сайыстың әділдігін
Алқасы әділқазы аманбысың.

2 – жүргізуші: Әділқазы алқасы шығарғанша кезекті берейік.
Ән: «Қазақстан»

1 – жүргізуші: Мақал айтсаң жол көрсеттің, мәтел айтсаң жанымды
жайландырдың. Ендігі кезекті, мен мақал айтам, сендер жалғастырасыңдар:

1. Түстік өмірің болса,
Кештік мал жина
2. Малдың жайын баққан білер,
Отанның жайын жаққан білер
3. Жаманға жан жауымыс,
Жалқауға мал жауымыс
4. Малды баға біл
Бабын таба біл
5. Мал өсірсең қой өсір,
Өзеніңе қарап тал өсір
ІІ – Бөлім
2 – жүргізуші: Жаңа таныстырғандай ІІ- бөлім бойынша жігіттеріміздің үй
тапсырмасын бағалайық.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, - депАбай атамыз жырлағандай кезекті әнге
береміз.
Ән: «Ана»

ІІІ – Бөлім
1 – жүргізуші: Енді серілерге сұрақ қоямыз.Егер де жауабын білетін болса,
қолдарын көтеріп жауап береді. Әр бір сұрақ 10 ұпай болып есептеледі.
1. Қымыз қай малдың сүтінен дайындалады? (жылқы)
2. Түйенің сүтінен дайындалатын сусынның аты? (шұбат)
3. Сүттен қандай тағамдар жасалынады? (айран, құрт, қымыз, т.б)
4. Жеті атаңды ата? ( ..., ..., ..., ..., ..., ..., ...)
5. Төрт түлік малды ата? ( қой, сиыр, жылқы, түйе)
6. Әкеңнің әкесі саған кім болады? ( ата)
7. Қазақстан республикасының президенті? (Н.Ә. Назарбаев)

ІҮ – Бөлім
Көрермендер сайысы.

Ү – Бөлім
2 – жүргізуші: Ендігі бөлім яғни 1 мин ішінде бір сөзден, көп сөз
құрастыру. Сөз: «Қазақтар»

ІҮ – Бөлім
1 – жүргізуші: Ендігі бөлім полиглот.Мыс: Біз бір сөз айтамыз сол сөздің
орысшасын айтуыңыз керек: Кітап, отырғыш, қалам, дәптер, класс, тақта,
жылқы, қой, қаз т.б.
Әділқазылар қорытынды шығарғанша бір бала көрермендермен ойын өткізеді.
Әділқазылардың қорытынды сөзі.


Ұқсас жұмыстар
Жігіт сұлтаны туралы ақпарат
Жігіт сұлтаны байқауы
Жігіт сұлтаны жайлы ақпарат
Жігіт сұлтаны. 2 сынып
Жігіт сұлтаны (ашық тәрбие сағаты)
Жігіттің сұлтаны сайысы жайлы
Сайысымыздың жоспарымен таныстыру
Сыныптағы жігіттің сұлтаны сайысы
Халық әні <<Дудар - ай>>
Тақырып - Жігіт сұлтаны
Пәндер