Шумер және Аккад

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 1. Шумер және Аккад
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Азияның оңтүстік-батысында қатарласа ағатын екі өзен Евфрат пен Тигр бойындағы қолайлы ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің молдығы мұнда адамдардың өте ерте кездерден-ақ өмір сүріп, тіршілік етуіне әсер еткенін оқушыларға жеткізу.
- Дамытушылық: Оңтүстік Қосөзен бойын мекендеген елдің шумер мен аккад халықтары деп аталатынын, шумерліктер Қосөзенге оның шығыс жағынан келіп қоныстанғанын, ал аккадтықтар болса, оңтүстік-батыс өлкелерден келіп орналасып, екі халықтық топ ең ежелгі мәдени орталықтардың бірін негіздегенін жеткізу.
- Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі : ОСКТТ
Сабақтың көрнекілігі: «Египет және ежелгі Алдыңғы Азия» картасы,
6-сыныпқа арналған, интерактивті тақта, тірек сызбалар, слаид
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Қосөзеннің төменгі ағысы бойының табиғат жағдайлары және алғашқы тұрғындары.
- Қосөзендегі алғашқы мемлекеттер.
- Қосөзен қалаларының бірігуі.
Шумер және Аккад
1. Шумер
1. 1. : Ежелгі Қосөзен жеріндегі алғашқы мемлекеттер.
Қосөзен - Тигр және Евфрат
1. 2. тер-сы 🠚 Қосөзеннің оңтүстік аймағын мекендеген.
1. 3. Мемлекеттік құрылысы 🠚 басқару жүйесі :
нубанда (басшысы)
машки ( салық жинаушы)
дуггур (қоймашылар)
галуку (әскербасылар)
дамкар (сауда-саттық басшысы)
1. 4. Қалалары 🠚Ур, Урук, Лагаш, Ниппур
1. 5. Шаруашылығы 🠚
Мал шаруашылығы - қой, жылқы.
Егін шаруашылығы - тары.
2. Лагаш
2. 1. Астанасы 🠚Урук пен Ур
2. 2. Патшасы 🠚Эанату
2. 3. Соғыстары 🠚 Ур, Урук, Умма, Киш қалаларын, Элам, Ниппурды бағындырды.
3. Аккад
3. 1. Анықтама : Ежелгі Қосөзен жеріндегі алғашқы мемлекеттер.
Қосөзен - Тигр және Евфрат
3. 2. тер-сы 🠚 Қосөзеннің оңтүстік аймағын мекендеген.
3. 3. Хр-сы 🠚 б. з. б. ХХІҮ ғ. Құрылды.
3. 4. Орталығы 🠚 Аккад қаласы
3. 5. патшалары 🠚
Шаруккин🠚Шумер-Аккад патшалығын құрды.
Нарамсин 🠚 Сирияны, Урарту, Тигрдің бойын, Элам жерлерін жаулап алды.
4. Урдың ІІІ әулеті
4. 1. б. з. б. 2200 ж гутейліктер Аккадты басып алды.
4. 2. Шульги патша🠚жерін кеңейтті.
4. 3. Шаруашылығы 🠚 мал шаруашылығы, бау-бақша
4. 4. еңбек құралдары мен қару жасады
4. 5. шеберханаларда🠚ағаштан, мыс, қоладан, жүннен, теріден заттар жасады.
4. 6. Қосөзенді қайта біріктірді.
4. 7. б. з. б. ХХІ ғ. Урдың ІІІ әулеті тақтан құлады.
ІІІ. Сабақты бекіту:
Қосөзеннің оңтүстік бөлігі ойпатты келеді. Көне заманда бұл аймақ батпақты, сазды, бір сөзбен айтқанда, тіршілікке қолайсыз болған екен. Соған қарамастан адамдар батпақты да жұмсақ, әрі құнарлы топырақты жерлерді де біртіндеп игере бастайды. Еккен өнім мол өнім берді, бір пальманың өзінен 50 кг құрма алды, Қосөзеннің оңтүстігінен жібек жүн, бидай, құрма т. б. шет жаққа шығарыла бастады.
- Айтыңдаршы, Қосөзеннің ежелгі тұрғындары еңбек ету нәтижесінде артық өнім өндіре алды ма?
- Қосөзенде мемлекет пен тапқа бөлінушілік неге ертерек пайда болды?
Кестені толтырыңдар:
IV. Бағалау:
Ү. Үй тапсырмасы : §1
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 2. Ежелгі Вавилон
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Қалалардың ішінде Вавилон қаласының ерекшелене бастауы, аккад тіліндегі «бабилу» сөзі-«құдайға барар қақпа» деген ұғымды білдіретіні, оған басқа қалаларға қарағанда артықшылықтар беріліп, әсіресе Хаммурапи атты билеуші тұсінда дәуірлей түскені туралы баяндау.
- Дамытушылық: Қосөзеннің ортаңғы және төменгі ағысы бойы толықтай Вавилонға бас игені, Хаммурапидің ол елдердің құдіретті билеушісіне айналғаны жайлы айту.
- Тәрбиелік: Заңдардың негізгі ережелерін оқып үйрену, білу, игеру әрбір адам үшін маңызды қажеттілік болып есептелгенін оқушыларға жеткізу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: ОСКТТ
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, тірек сызбалар, слаид, картамен жұмыс.
Сабақтың жоспары:
- Вавилонның өрлеуі
- Хаммурапи заңдары
- Б. з. б. VII-VІ ғасырдағы Вавилон.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау:
Диалог
Сұрақ:1. Ур қаласының маңынан табылған табыттарды зерттеу барысында өлген адаммен ондаған құлдары, ат бағушылар, музыканттары бірге жерленіп, оған қоса алтын бұйымдар, неше түрлі әшекейлер қоса қойылғаны анықталды. Бұл туралы қандай қорытынды жасауға болады? Өз ойыңды айт.
- Қала-мемлекеттер деген не? Олар қалай қалыптасты?
Жаңа сабақ:
Вавилон қаласына сырттай саяхатқа шығу. Мүмкіндігінше оқушылармен бірге «Ежелгі дүние тарихы» энциклопедиясын ақтаруға болады.
Ежелгі Вавилон
1. Анықтама: Ежелгі Қосөзен жеріндегі алғашқы мемлекеттер. «Бабилу» - аккад тілінде құдайға барар қақпа деген мағынаны білдіреді.
2. Билеушісі 🠚 Патша
3. Патшалары 🠚
3. 1. Хаммурапи 🠚 б. з. б. 1792-1750 ж биліка етті 🠚 негізін қалады 🠚заңдар жинағын шығарды. 🠚шексіз билеуші болды.
3. 2. Навуходоносор🠚б. з. б. 604-562 ж билік етті 🠚 Вавилон көркею шегіне жетті🠚 «Аспалы бақты» салдырды.
4. Халқы 🠚200 мыңдай тұрғыны болған
5. Шаруашылығы 🠚
5. 1. егін шаруашылығы
5. 2. Мал шаруашылығы
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау
- Пысықтау барысында оқушының ойлану әрекетін дамыту бағытында жұмыс істеймін.
Оңтүстік Қосөзеннің бойынан табылған әлемдегі ең ежелгі заң үзінділерінде былай делінген:
- 186. Егер адам кішкентай баланы асырап алса, бірақ кейін ол бала өз әкесі мен шешесін тауып алса, онда бұл тәрбиеленуші өзінің әкесі мен шешесінің үйіне қайтып бара алады.
- 188. Егер қолөнерші жас баланы тәрбиелеу үшін алып, өз кәсібіне үйретсе, онда ол асырап алып өтем төлету арызы бойынша жауапқа тартылады.
Хаммурапи заң шығарғанда қандай мақсаттар көздеді? Өз ойларыңды білдіріңдер.
IV. Үйге тапсырма беру:§2
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §3. Ежелгі Қосөзен мәдениеті.
- Білімділік: адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі болып есептелетін Қосөзен туралы, көптеген халықтардағы сияқты діни түсініктерге байланысты дүниеге келген Қосөзендегі алғашқы әдеби шығармалар жайлы баяндау.
- Дамытушылық:Қосөзенде қалыптасқан дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі, оны дүниеге келтірген шумерліктер туралы айту.
- Тәрбиелік:Әлем әдебиетінің тамаша туындыларының бірі туралы баяндау. Әдебиетімізді қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ОСКТТ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Алғашқы жазу суреттер жобасы тақтаға сызылады,
интерактивті тақта, тірек сызбалар, Мүсіндердің макеттері қойылады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тапсырманы сұрау.
1. Вавилонның өрлеуіне әсер еткен қандай жағдайлар?
2. Хаммурапи заң шығарғанда қандай мақсатты көздеді?
3. Хаммурапи заңдарында шаруашылық туралы не делінген?
4. Вавилон қаласы алыстан қараған адамға қалай әсер етеді?
5. Қандай патшаларын білесіңдер?
6. Вавилон сөзінің мағынасы қандай?
Хаммурапи заңдарының ішінен біреуін қысқаша өрнектеп бер.
Вавилон қаласы туралы суреттеп бер.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- «Гильгамеш туралы аңыз».
- Сына жазу.
- Өнері.
- Діни түсніктер
Ежелгі Қосөзен мәдениеті
1. Гильгамеш туралы аңыз
1. 1. Қосөзендегі діни түсініктегі алғашқы әдеби шығарма
1. 2. Дастан қосөзеннің оңтүстігі туралы баяндалады.
1. 3. Шығарманың мазмұны🠚өмір мен өлім арасындағы күрес туралы тамаша шығарма. Патша🠚Гильгамеш, Алып адам 🠚Энкиду
2. Сына жазуы
2. 1. Б. з. б ІҮ мыңжылдықта пайда болған.
2. 2. Қалыптастырған🠚шумерліктер
2. 3. Сирия, Урарту, Финикиялықтар қолданды
3. Өнері🠚 3. 1. сурет
3. 2. сәулет
3. 3. мүсіндеу🠚екі қолы кеудесіне қойған адамдар
4. Аспалы бақ
4. 1. Жеті кереметтің бірі
4. 2. Навуходоносор салдырған, әйеліне арнап
4. 3. Вавилонда салынған
5. Діни түсініктері🠚көп құдайға сенді
Таммуз - су құдайы
Шамаш - күн құдайы
Син - ай құдайы
Мардук - Вавилон қаласының қамқоршысы
Тиамат - мұхит құдайы
Абыздар 🠚дін иелері
ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.
Пысықтау барысында оқушы білімінің айқын да тиянақты болуына қол жеткізу, оқушыны ойлану әрекетін дамытуға ынталандыру.
- «Сына жазу» деген не? Ол жазудың маңызы қандай?
- Аспалы бақ туралы ықшамдап өрнекте.
- Қосөзенде қандай құдайлар болған?
- Абыздар дегеніміз кімдер?
IV. Үйге тапсырма: §3
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §4. Египетте мемлекеттің пайда болуы.
- Білімділік: Ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылардың пайда болуына байланысты құлиеленушілік құрылыс қалыптасып, шағын мемлекеттер пайда болғанын баяндап жеткізу.
- Дамытушылық: мемлекеттің пайда болуы жайлы түсініктерін одан әрі дамыту.
- Тәрбиелік: Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы нәтижесінде ғылыми білімдер, сәулет және құрылыс өнері дамығандығы жайлы әңгімелеп, балаларды әсемдік әлемін, адамзат баласмының қолымен жасалған ғажайып өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ОСКТТ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырамын сұрау.
- «Гильгамеш туралы аңызда» не туралы баяндалады?
- Дастан не туралы?
- Аспалы бақ туралы не ойлайсыңдар?
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
- Ніл алқыбының табиғат жағдайлары.
- Нілдің тасуы
- Алғашқы мемлекеттер
- Бір орталыққа біріккен мемлекеттің құрылуы.
Сабақ барысында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:
- Алғашқы қауымдық қрылыс пен құлиеленушілік құрылыстың арасындағы айырмашылық неде деп ойлайсыңдар?
- Алғашқы қауымдық құрылыста тапқа бөлініп, біреуді біреу қанау деген болып па еді?
Оқушылар салыстыру арқылы жауап беруге тырысады. Тақтаға тірек сөздер жазылады: 1) адамды адамның қанауы; 2) теңдік; 3) тап.
Египет
1. Африка құрлығының солтүстік - батысында орналасқан. Ежелде Египетті «Қара жер» деп атаған
2 . Өзені 🠚Ніл өзені - 5589 км
3 . Табиғат байлықтары🠚малахит, гранит
4 . Өсімдіктері 🠚Құрма ағашы, папирус
5 . Алғашқы мемлекеттер 🠚б. з. б. ІҮ м. ж. пайда болған - 40 қа жуық - оңтүстік және солт.
5. 1. оңтүстік - ақ тәж
5. 2. солт - қызыл тәж
6 . Бір орталыққа біріккен мемлекет 🠚 б. з. б. 3000 ж. нәтижесінде жазу қалыптасып, сәулет және құрылыс өнері дамыды.
7. Билеушісі 🠚перғауын (фараондар) египеттіктерше «перо» (үлкен үй) патша сарайы деген мағынаны береді
8 . Ең алғашқы біріктіруші патша - Менес
9. Астанасы 🠚Мемфис ( «Ақ дуал» бекінісінде)
10 . Соғыстары 🠚 10. 1. шығыста - Синай түбегін
10. 2. Оңтүстікте - Нубия
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
түсінікті болуын пысықтау барысында оның мәнінің тереңірек ашылуына, оқушылардың оның қыры мен сырана қаныға алуына байланысты болмақ.
- Б. з. б. ІІ мыңжылдықта Египетте құлиеленушілік құрылыстың түбегейлі орнап, бекігені туралы айт. Еңбек өнімділігінің артуына және ауыл шаруашылығының дамуына бұл жағдайдың әсері болды ма?
- Египеттің б. з. б. 1500 ж. Басқыншылық жорықтарын контур картаға түсіріңдер, шекарасын көрсетіңдер. Соғыста қолға түскен тұтқындар неге «бағалы» табыс болып есептеледі?
V. Үйге тапсырма: §4
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 5. Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы
- Білімділік: Билік шекарасы, мемлекет туралы ұғымдарды дамыту.
- Дамытушылық: ежелгі Египет еңбекшілерінің жағдайын, мүліктік және әлеуметтік жіктелуін ашып көрсету.
- Тәрбиелік: Қолөнершілердіғ еңбегі, олардың ептілігі және төзімділігі жайлы баяндай отырыпы, оқушыларды еңбекке, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: ОСКТТ
Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек сызбалар, .
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
- Ежелгі Египеттің табиғат жағдайларан сипаттаңдар.
- «Ніл-құтты мекен» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың үйге берілген кестені қалай толтырғанын аралап көріп, екі-үш оқушыны орнынын тұрғызып, оқытамын.
ІІІ. Жаңа сабақ
Египеттегі еңбекшілердің жағдайы
1. Құлдар 🠚
1. 1. «тірі өліктер» деп аталды
1. 2. жаулап алған жерлерден айдап әкелген.
1. 3. ең ауыр жұмыстарды атқарды - егіс даласында, құрылыста, шеберханаларда жұмыс істеді.
2. Шаруалар 🠚
2. 1. егіншілікпен айналысқан - арпа, бидай еккен
2. 2 . шаруаның азырақ жері, малы, жеміс ағаштары болған.
3. Қолөнершілер 🠚
3. 1. мыс қорыту, тоқымашылар, балташылар, тері илеушілер, кеме жасаушылар, құмырашылар, зергерлер
3. 2. перғауындар мен бекзадалардың шеберханаларында жұмыс жасаған. Көбінесе әскери қару-жарақ жасап отырған. Киімдері шоқпыт-шоқпыт болған.
4. Тас-кен жұмысшылары 🠚
4. 1. Египеттің негізгі табиғат байлығы тас болған. (әктас, гранит, диорит, порфир, малахитты өңдейді. )
4. 2 . тастардан бағалы ыдыстар, зергерлік бұйымдар жасаған.
4. 3. тас құрылыстары кең дамыды. Пирамидалар, храмдар, сәулетті үйлер, сфинкстер салған.
- Ежелгі Египеттегі құлдардың негізгі көзі не деп ойлайсыңдар?
- Құлдар санының өсуі неге әкеліп соғуы мүмкін?
Ықшамдап өрнектеу:
Ежелгі Египеттегі шаруалар екі түрлі міндеттер өтеген:заттай алым-салық төлеген және еңбек ету міндеткерлігін атқарған. Шаруалар өз жерінде өндірілген астық және басқа да өнімдерімен салық төлеп отырған. Әкімдер әрбір шаруаның қанша жері мен малы, жеміс ағашы бар екенін есепке алып отырған. Күзге қарай шаруаның жеріне салық жинаушы келіп, түсімін есептеген.
Қолында таяғы мен пальма шыбығы бар күзетшілер астық беруін талап еткен. Салық жинаушының ойынша, ол атқарып жүрген қызмет ауыр, әрі ешкімге жақпайтын жұмыс.
«Шаруаларға келсең осы, -дейді салық жинаушы, »- «Өнім жоқ»- деп ренжиді де отырады, ештеңе бергілері келмейді, осыдан кейін күзетшісіз келіп көр.
Тақтадағы кесте толтырылғаннан кейін, әрине, оқушылардың көмегіне сүйене отырып, төмендегі мәселелерге оқушылар назарын аударамын.
- «Шаруа дегеніміз кім?
- Шаруа шаруашылығына сипаттама беріңдер.
- Оны кім және қалай қанады?
- Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
- Қайсысының құқығы мүлде жоқ болды?»
Қолөнершілердің еңбегі туралы бір оқушыға дауыстап оқытамын
Сабақты пысықтаймын.
ІІІ. Үй тапсырмасы: §5.
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 6. Египеттегі үстем тап өкілдері және
перғауындардың басқыншылық саясаты.
- Білімділік: ІІІ Тутмос тұсында Египет әскерлері зор жеңіске жетіп, бұл басқыншылық жорықтар Египеттің Азияға ықпалын, беделін күшейткенін баяндау.
- Дамытушылық: Перғауындардың жаулап алған жерлерін аяусыз талан-таражға салғанын, фараон мен шонжарлар өмірін суреттеу.
- Тәрбиелік: Египет әскербасыларының бөтен елге, жерге жасаған басқыншылық соғыстарын, олардың ұстанған саясатын бейнелеу, әшкерелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: ОСКТТ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, слаид, Оқу картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырамын тексеру.
- Еңбекшілер еңбегін сипаттаңдар
- Шаруалар патша қазынасына қандай салықтар төлеп отырғаны туралы айтыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- Перғауындар.
- Ежелгі Египеттіктердің перғауынды құдай деп санауы.
- Күшті әскери тәртіптің орнауы
Шаруалардың жағдайын түсіндіруге көшкенде оқулықтың 31-бетіндегі кесте тақтаға сызылып, оқушылардың көмегімен толтырылады.
Үстем тап өкілдері
1. Перғауындар 🠚
1. 1. Ежелгі Египеттегі билеушілерді осылай атаған.
1. 2 . Елді басқарған, билігі шексіз болған.
1. 3. перғауын тақта отырған, қолында асатаяғы, й қамшысы болған.
1. 4. Тутмос, Аменхотен, Рамзес есімді перғауындар болған
1. 5. Жорықтары 🠚ІІІ Тутмос б. з. б. 1525-1491жж - Сирияға 17 рет, Алдыңғы Азияға, Нубияға. Алтын, мата, ыдыстар, әшекей бұйымдары, сиыр, жылқы, қой-ешкі айдап әкелген.
2. Шонжарлар 🠚 патшаның туыстары, достары.
(сарай қызметшілері, қазылар, әкімдер, жазғыштар, сақшы мен шабармандар. )
2. 1. Әкімдер - перғауыннан кейінгі адам, елді басқарудағы маңызды істерді атқарды.
2. 2. Жазғыштар - перғауынның бұйрығын жазып, қазынада қанша астық барын, қанша салық төлеу керектігін санап отырды.
2. 3. сақшылар мен шабармандар - шонжарлардың малдарын, егінін және үйлерін күзететін
IV. Жаңа сабақты пысықтау
Перғауындар жалдамалы әскерін қалай тиімді пайдалана білді? /ой қозғау/
Шаруалардан құрылған жауынгерлерден жалдамалы әскерлердің айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
Қандай жағдайларда сенімді болды? Қандай жағдайларда әлсіздік танытты?»
Египетті жау шапса, қайсысы елін ерлікпен қорғай алады? Неге?
Соғыста қолға түскен тұтқындар неге бағалы болды?
Шайқастан оралған шаруаның үйі, шаруашылығы қандай жағдайда еді?
Үнемі жүргізілген соғыстар Египет патшалығын неге әлсіретті? Өз ойларыңды білдіріңдер.
V. Үй тапсырмасы: §6
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 7. Египеттегі ғылыми білім негіздері
- Білімділік: Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылыми білімдердің негізгі заңдылықтарын ашып көрсту.
- Дамытушылық:Ежелгі Египетте математикалық, геометриялық және аспан денелерінің қозғалысын бақылап отыратын астрономиялық ғылыми білімдердің болғанын баяндау.
- Тәрбиелік: білім мен ғылымның ежелгі Египеттен бастау алғаны туралы айтып, оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
- «Перғауын» ұғымын түсіндіріңдер.
- Перғауындардың шексіз билік жүргізгендігіне мысалдар келтіріңдер.
- Египетте шонжарлар тобына кімдер жатты? Олардың қызметіне сипаттама беріңдер.
Жаңа сабақ жоспары:
- Египетте жазудың шығуы мен дамуы.
- Математикалық білімдер.
- Аспан әлемі
- Египеттегі медицина.
- Ежелгі Египеттегі мектеп
Египеттегі ғылыми білім негіздері
1. Жазу 🠚 б. з. б. ІҮ м. ж. білімнің әртүрлі салалары болған.
Соған байланысты жазу пайда болған.
1. 1. иероглифтер 🠚 таңба суреттер - 750дей болған, оңнан солға қарай жазылған.
1. 2. Алфавит 🠚дыбысты таңбалар - 24 дыбыстан тұрды.
2. Папирус 🠚жазу үшін пайдаланған
2. 1. көпжылдық өсімдік 🠚жуан, қолда өсірген.
2. 2. биіктігі🠚 5 м жеткен
3. Математикалық білім 🠚
3. 1. математикалық папирустар дәлелдейді. Арифметика, геометрия жақсы дамыған.
3. 2. олар сол кезде-ақ 1, 10, 100, 1000, 1 санын таңбалай білген
4. Аспан әлемі ( астрономия) 🠚
4. 1. планеталар мен жұлдыздарды ажырата алған, жұлдыздырға қарап уақытты анықтаған.
4. 2. календарь жасап шығарған🠚1ж-12 айға-365 күн
5. Медицина 🠚
5. 1. асқазан, тыныс жолдарын, көз, тері ауруларын емдеді
5. 2. хирургия тәсілін пайдаланған, қоладан жасалған медициналық құралдар жасаған.
5. 3. көптеген өсімдіктер мен шөптердің емдік қасиетін білген.
6. Мектеп 🠚
6. 1. мектептер сарай және храмдардың қасында болған.
6. 2. абыздар оқытты
6. 3. хатшылар мен абыздарды даярлады
6. 4. ауқатты адамдардың ер балалары оқыған
ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.
Пысықтау барысында білімнің айқын да тиянақты болуына қол жеткізуге тырысамын.
IV. Үйге тапсырма: §7.
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §8. Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
- Білімділік: Ежелгі Египет өнері-архитектурасы, мүсіндері және көркем әдебиеті өзінің көркемдік дәрежесінің жоғарылығымен бағалы екенін, адамзат тарихындағы тұңғыш мүсіндер Египетте жасалғанын баяндау.
- Дамытушылық:Оқушылардың өнерге деген ықыластыран арттыру
- Тәрбиелік: Адамзат баласының қолымен жасалған көркемөнердің озық туындыларын сезіне білуге, бағалай білуге, көркемөнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Суреттің түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ОСКТТ
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, тірек сызбалар, слаид, картамен жұмыс. «Үлкен Сфинкс», «Пирамида» т. б. суреттер, иллюстрауиялар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
- Египетте жазудың қалай пада болып, дамығанын сипаттап беріңдер.
- Египетте ғылыми білімдердің қандай түрлері дамыған?
- Математика ғалымының шығуына қандай жағдайлардың әсері болды?
Жаңа сабақ жоспары:
- Әдебиеті.
- Ежелгі Египет діні
- Египеттегі храмдар
- Пирамидалар салу.
- Үлкен Сфинкс.
Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
1. Әдебиеті 🠚шығармаларда халықтың ерлігі мен батырлығы, өмірі мен тұрмыс-тіршілігі баяндалған :
- Осирис пен Исида туралы миф,
- Синухет әңгімесі,
- Құдайлар мен перғауындарды мадақтайтын өлеңдер мен гимндер
- Астық тасушының әні
2. Діні 🠚 көп құдайға сенушілік
2. 1. Амон-Ра - күн құдайы
2. 2. Бен-бен - тас құдайы
2. 3. Тот - ақыл құдайы
2. 4. Хапи -Ніл өзенін бейнелейтін құдай
3. Храмдар 🠚
- Фивы 🠚 200-дей мүсін 🠚 80 мың құл еңбек еткен
- Мемфис
- Гелиополь
4. Пирамида 🠚 Перғауындардың мазарлары
4. 1. Жосер перғауынның пирамидасы 🠚 ең бірінші салынған пирамида
4. 2 . Хеопс пирамидасы 🠚ең биік пирамида - б. з. б. 2600 ж салынған 🠚биіктігі 150 м
4. 3. Деректер 🠚 Геродоттың айтуынша 🠚 20 жыл салған 🠚2 млн 300 мың үлкен тас жұмсалып 🠚салмақтары 2, 5 тонна
5. Сфинкс 🠚басы адам, тұлғасы арыстан бейнесінде🠚
5. 1. «үрей атасы» деп жұрт атаған
5. 2. биіктігі 20 м асатын 🠚ені 52 метр
Ойланып көріңдер, египеттіктердің күн құдайы неге негізгі құдай болып есептелінеді?
- Ежелгі Египетте перғауынның билігі қандай болған?
- Мемлекеттік билік пен діннің арасында қандай байланыс жатыр?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz