Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Еңбекке үйренемін десең, ерінбе (мақал-мәтелдер жарысы)
Тақырыбы: Еңбекке үйренемін десең, ерінбе! (мақал-мәтелдер жарысы)
Мақсаты:
Оқушыларды еңбек етуге баулу отырып еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Өз бетіменен еңбек етіп, оны қорғай білуге, жаңа ой тауып, іскерлік, қабілетін арттыруарқылы шығармашылық жұмысқа бейімдеу, еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту.
Оқушыларды мақал - мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.
Көрнекілік:
Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер: <<Жақсы жұмыс - жанға тыныс>>, <<Еңбек түбі - зейнет>>, <<Еңбексіз өмір - сөнген өмір>>, жұмбақтар.
Барысы:
Тәрбиеші:
Адам еңбекпенен өседі. Еңбек адамды жақсылыққа жеткізеді. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады. Адал еңбектің жемісі нәтижелі болады.
<<Жүздің көркі - көз, ауыз көркі - сөз, сөздің көркі - мақал>>, - дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі - мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.
1 - оқушы:
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер
2 - оқушы:
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
3 - оқушы:
Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
4 - оқушы: Алтынбек:
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
5 - оқушы:
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
6 - оқушы:
1. Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.
2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
3. Еңбек етпеген азады..
4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.
3 - оқушы:
1. Орайы келсе, орақ ор,
Кезі келсе, кетпен шап.
2. Еңбек - адамның екінші анасы.
3. Ерінбеген етікші болады.
4. Керек тастың ауырлығы жоқ.
5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.
Өнерге үйренем десең, жерінбе.
Келесі айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса,...(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек түбі - береке,...(көптің түбі - береке).
3. Істегенің еліңе жақсы,...(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды шапқанға жақтыр,...(малды тапқанға бақтыр).
5. Ексең егін,...(ішерсің тегін).
6. Етік тіге алмаған,...(біз таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,...(қолы күйер).
8. Берген - алар,...(еккен - орар).
9. Еңбек етсең ерінбей,...(тояды қарның тіленбей).
Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан шығады.
Екінші айналым: Екі ойыншының біреуі мақал айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын кезектеседі. Мүдірген оқушы жеңіледі.
1 - оқушы:
Еңбек ет те мақтан,
Ойнап күл де шаттан.
2 - оқушы: Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
2 - оқушы:
Ердің атын еңбек шығарар.
1 - оқушы: Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
1 - оқушы: Ерінбесең еңбегің өнеді.
2 - оқушы: Еңбегі көптің өнбегі көп.
2 - оқушы: Жері семіздің - малы семіз.
1 - оқушы:
Мал өсірсең, қой өсір,
Пайдасы оның көл - көсір.
Ойын соңында жеңімпаз анықталып, оған сыйлықтар тапсырылады.
Тәрбиеші: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен тәрбие сағатымыды аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz