Еңбекке баулу: мектепке дейінгі топқа арналған тәрбие сағаты

Тақырыбы: Еңбекке үйренем десең, ерінбе.

Мақсаты: Оқушыларды еңбек етуге баулу отырып еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Өз бетіменен еңбек етіп, оны қорғай білуге, жаңа ой тауып, іскерлік, қабілетін арттыруарқылы шығармашылық жұмысқа бейімдеу, еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту.

Көрнекілігі : суреттер, тапсырмалар, қолөнер-бұйымдары т. б.
Әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Ұйымдастыру

Адам еңбекпенен өседі. Еңбек адамды жақсылыққа жеткізеді. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады. Адал еңбектің жемісі нәтижелі болады.

Хор: «Еңбек»

Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты-Еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп
Мұның аты-Еңбек.
Қырға шықсаң, өрлеп
Мұның аты-Еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірлесең -Еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек!
Балалар: «Еңбек ет те мақтап,
Ойнап күл де шаттан» демекші, сендерге қызық тапсырма.

Тәрбиеші : Барлығымыз еңбек тақырыбында мақал-мәтел айтып және тақтаға келіп сурет салуымыз қажет. Суреттің бір элементтін салады. Суретті жалғастырып кетеді. Суретті аяғына дейін жалғастырып шығады. (таұтада үйдің суреті салынып шығады. )

Мақал-мәтелдер
1. Адал еңбектің абыройы жоғары
2. Еңбек сүйген еш уақытта кеш болмас
3. Еңбек еткен мұратқа жеткізеді.
4. Еңбекке бейім болсаң қатарыңнан кем болмайсың.
5. Еңбегі өнімді болса, көңілі сенімді болады.
6. Еңбекпен тапқан
Шекер балдан татқаның
7. Еңбек етсең емерсің
8. Еріншекке есік те асу болар.
9. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарының тіленбей.

Мінекей, балалар, бәріміз бірлесіп, еңбектеніп осындай үлкен үйдің суретін салып шықтық. Бұл да еңбектің арқасы . «Бірлік бар жерде, тірлік бар» -деген осы.

Ертегі: «Екі соқа» (ертегіні мазмұндап түсіндіру, балаларға сұрақтар қою арқылы пысықтау. )

Балалар еңбектің түрі шексіз. Көптеген мамандықтың түріде көп, тек адам өз еңбегін жүрегімен сүйіп бар ықыласымен орындаса ғана нәтижелі болады.

Қай еңбекті алсақта ол тек маңдай термен ғана келеді.

Ертегі: «Қайдан келдің Бауырсақ?» (Нұрай мен Ләйлә)

Балалар дастарқанымыз наннан үзілмесін нан дастарқанға келемін дегенше қаншама адамның еңбегіменен келеді.

Балалар өскенде өздерің кім боласыңдар? балалар өздерінің болашақта таңдаған мамандықтары жайлы тақпақтарын айтады.

Мысалы: Дәрігер

Ақхалатты киемін

Аппақ болып жүремін

Аппақ болып жүргенді

Өзім жақсы көремін. т. б. тақпақтарын айтады.

Көрініс: «Еңбекпен тапқан тиын»

Қорытынды: Адал еңбек адамды қуанышқа сезінуге, өзіне деген сенімділікке, бақытқа, байлыққа жетелейді. Еңбексүйгіштік адам айналасына сыйлы, беделді, болады. Әрқашан ісіңе адал бол еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбектң бағамен қадірлейік. Балалар өз өнерлерін ортаға салады.


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі топқа арналған Өзіңді таны: адам денесі мен денсаулық негіздерін оқыту
1 сыныпқа арналған Еңбекке баулу пәнінің қайталау-жарыс сабағы: практикалық дағдылар, қауіпсіздік және тәрбие
Мектепке дейінгі топқа арналған Ү дыбысы мен ү әрпін оқыту сабақ жоспары
Мүсіндеу: мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды дайындық педагогтеріне арналған оқу-әдістемелік кешен
Бастауыш сыныптарда технология пәнін оқыту әдістері мен еңбекке баулу
Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектептің ашық тәрбие сағаты: Жігіт сұлтаны сайысы
2-сынып Еңбекке баулу сабағы: Қобдиша қақпағын әшекейлеу
Достық және мен: ересек топқа арналған тәрбие сағаты
Мектепке дейінгі мекемедегі ұлттық тәрбие: отбасы мен тәрбиешілердің ынтымақтастығы
4-сынып - Еңбекке баулу пәні: Сәукеле тігу сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz