Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әдептілік - әдеміліктің белгісі

Тақырыбы: <<Әдептілік - әдеміліктің белгісі>>

Мақсаты:
Білімділік - адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушылардың әдеп әліппесі бойынша ықпал жасау.
Тәрбиелік - оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу;
Дамытушылық - оқушылардың адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас жасау дағдысын арттыру.

Түрі: Сұрақ-жауап

Барысы:

Тәрбиеші:
Біздің халқымыз әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөлгендігі баршамызға белгілі. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерінен көп кездестіреміз. <<Ұлық болсаң, кішік бол>>, <<Сыйластық екі жаққа бірдей>>, <<Әдепті бала - ауылдың абыройы>> деп ой тарқатып, сөзь маржандары халқымыз ұстанған тәлім-трбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән дархан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәдеде тұра білуге жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесімін тауып отыр.

1.Сұрақ: Әдеп дегенді қалай түсінесіңдер?
Әдеп дегеніміз - адамдармен қатынас барысында, әңгімелесу кезінде шамадан тыс аспау, сөзіміз бен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлау, сыйластық шегінен шықпау.
Әдеп барлық жағдайда қатынас жасап тұрған адамның жеке ерекшелігін ескеруді талап етеді. Әдеп басқа адамның жаңсақтығын байқамады меңзейді. Өйткені қателікті көрсетемін деп сол адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыру оп-оңай.
2.Сұрақ: Әдептілік қайдан басталады?
3.Жалғастырып көр ойыны
Әдептілік туралы мақал-мәтелдер білеміз бе?
Әдепті бала арлы бала, (Әдепсіз бала сорлы бала);
Жақсыдан үйрен, (Жаманнан жирен);
Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп, (Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп);
Ұяда не көрсең, (Ұшқанда соны ілерсің)
4.Проблемалық жағдаяттарды шешу.
1-тапсырма. Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сен не істейсің?
2-тапсырма. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен достарыңмен жүріп, бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?
3-тапсырма. Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, ауылдан келген алыс туысқан апаң. Сенің апаң ешкімге есікті ашпауды ескерткен. Сенің әрекетің?

5.Әңгіме: <<Әдепті сөз>>.
Әдептілік туралы әңгіме оқып беремін. Оның мағынасын талдатып, сұрақтарға жауап беру.

Асан атам <<Әдептілік>> сөзден білінеді. Әділет ағаңа ұқсап, әділетті сөздерді үйреніп ал, балам>> деп, маған өсиет айтады. Ағатайым институт оқып жүр. Ол жақында демалысқа келеді. Мен оның әрбір ізетті, инабатты іс-қимылына назар аударып, әдепті сөздерін ұғып, жадымда сақтап, өзім де әдепті сөздерді қолдана бастадым.
Әділет ағам келем деген уақыттан кешігіп келді. Ол танадай нұр көздерінен нұр шаша күлімдеп, атамды аймалай құшып амандасты:
-Кешіріңіз, ата, кешігіп келдім...
-Айыбы жоқ балам, <<Жолаушының жолы біледі>> деген.
-Ғафу етіңіз, сізге сыйлайтын сый-сыяпатым да көңілдегідей емес.
-Оқасы жоқ, балам! <<Ізетке найза болмайды>> деген. Маған инабатың мен ілтипатың бәрінен де қымбат.
-Қош келдіңіз! Қуаныштымын, -дедім мен. Ағатайым бетімнен сүйіп:
-Атамның тілін алып жүрсің бе?
-Маған сеніңіз, - дедім.
-Атасының жанашыр қамқоршысы, күні ғой бұл жарығым! - деп атам мені мақтай бастағанда асыра мақтауды жөнсіз көріп, іштей қысылдым. Кейбір <<еркелігім>> есіме түсті.
Ағайы шешеммен, әкеммен, аталарыммен кездескенде қандай әдепті сөздер айтар екен деп, оның әрбір қимылына, әсерлі сөзіне ықылас қойып, қасынан қалмай жүрмін.
-Балам, сөредегі кітаптарды сәндеп, реттеп қой, -деді көкем.
-Құп олады, -деді Әділет ағатайым.
-Әділжан, мына жуылған киімдерді үтіктеші, -деді анам.
-Сізге қызмет етуге әзірмін, апа, -деді ол.
-Мына ініңді әдептілік, инбаттылық, имандылық дегендердің не екенін үйрет, балам,- деді атам.
-Сөзіңізге құлдық, ата, <<Кішіден ізет, үлкеннен парасат>> деуші едіңіз ғой.
Мен ағатайымның әдепті сөздерін өзімнің өнегелі сөздерді жазып жүрген дәптеріме жаза бастадым. Әдепті сөздерді мен осылай үйрендім.

Сұрақтар:

1)Әділет ағасынан қандай әдепті сөздер естіді?
2)Әдепті сөздерді Әділет қалай үйренді?

Қорытынды. Тәрбиеші:

Әр адамның әдептілігі оның сөзінен, өзіне байқалады. Халық әдебі <<Сіз>> деген сөзден басталады. Бұл сөз сыйласымды, құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз.
Әдепті сөздер - ақалдан шыққан сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам - мәдениетті де әдепті адам.

Ұқсас жұмыстар
Оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту
Жазбаша көбейту және бөлу
Әдептіліктен озбайық
Әдептілік - әдеміліктің белгісі (баяндама)
Арулар асыл жандар!
Қазақ қыздары
Қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым жайлы ақпарат
"Бұрымды қыз" (қазақ қызы)
Сайыс сабақ " бұрымды қыз"
Сөйлем туралы ақпарат
Пәндер