Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Біздің тұңғыш Президент
Тақырыбы: <<Біздің тұңғыш Президент>>
Мақсаты:
1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беріледі.
2.Ойларын еркін айту, өзгенің пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік жасау.
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған постер, слайд шоу, суреттер.
Өту барысы:
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші:
-Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған <<Елбасы сенімі - ел сенімі>> атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
-Армысыздар, бармысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Тәрбиеші:
-Сен қалай ойлайсың, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
Жүргізуші:
-Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
Тәрбиеші:
-Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе?
Жүргізуші:
- 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Тәрбиеші:
- Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы - Президент. Латын тілінен аударғанда <<президент>> сөзі <<алдында отырған>> деген мағынаны білдіреді.
/2, 3, 4 сынып оқушылары шығады./
1-оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
2-оқушы:
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын.
3-оқушы:
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар
4-оқушы:
Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
5-оқушы:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
6-оқушы:
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.
7-оқушы:
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға - біздің ұлы адам.
8-оқушы:
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
9-оқушы:
Қиялы ұшқыр , ойлы адам.
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші ,Атамыз.
Ән: <<Бір жұлдызың боламын менде>> .
Би: <<Қаражорға>> 2, 3 4 сынып оқушылары
Оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаяны.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург - жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Тәрбиеші:
- Елбасымыз туралы слайдқа назар аударыңыздар.
Жүргізуші: Оқушы монологы <<Менің Президентім>>
Оқушы:
- Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен - ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: <<Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын>>, - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.
Қазақ биі 2, 3 4 сынып қыздары
Тәрбиеші:
-Балалар, Елбасымыздың үлгі алар жақсы қасиеттерін атап өтейік.
-Ұлтжанды
-Елін, жерін сүйетін патриот
-Жан-жақты
-Спортшы
-Мықты саясаткер
-Парасатты
-Сыпайы
-Қабілетті
-Мәдениетті
-Болашаққа жол бастаушы
Хор:
Отан деген ата- мекен,
Отан деген туған туған жер.
Отан-ана, Отан-пана,
Қазақстан туған ел.
Тәрбиеші:
Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық. Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар бүгінгі тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты мерекеміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz