Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мамыр мерекелері

Технологиялық картасы
Күні:
Топ: Ересек
Білім бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: <<Мамыр мерекелері>>
Мақсаты: Балалардың мамыр мерекелері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
БілімділікОқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімін дамыту. Туған ел, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік : Оқушылардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: Плакатқа жазылған тақырып, түрлі ұлт өкілдерінің суреттері, үлестірме қағаздар
Сөздік жұмысы: Ұлттар, достық

Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия

1.Шаттық шеңбер.
Мысалы:Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса ,
Табиғатты аялап,,
Жүрейінші жараса ,
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн.
Аман - есен болайық,
Бейбітшілікті қалайық.
2.Балалармен әңгімелесу.
Мұғалім сөзі:
- Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Біздің еліміз тәуелсіз, егеменді мемлекет. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Қазақстан Республикасының бас қаласы, астанасы - Астана. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Кең байтақ Отанымыздың қалалары, байлықтары өте көп. Қазақстанда алтын, мұнай, көмір, түрлі - түсті металдар өндіріледі. Алматы, Астана, Шымкент, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Семей сынды үлкен қалалары бар. Туған жеріміздің табиғаты өте керемет. Өзен - көлдеріміз де бар. Бірақ Қазақстанның көп бөлігін далалы жер алып жатқандықтан оны далалы өлке деп атайды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 16 млн халық тұрады. Сонымен қатар, өзіміздің президентіміз, әнұранымыз, туымыз, валютамыз, елтаңбамыз бар. Біздің Отанымыздан ұлы адамдар да шыққан. Мысалы: А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Жабаев, т. б. Осы ақындар өз өлеңдерінде Отан туралы көп жырлаған.
- Қане, сендердің араларыңда Отан туралы өлең білетіндерің бар ма?
(оқушылар монтажы)
- Балалар сендер қандай мамыр мерекелерін білесіңдер?
- 1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
Бірлік дегеніміз - ортақ жұмыс жасағанда ұйымшылдық көрсету, жаныңдағы достармен тату өмір сүру, өзгелерді де тыңдау, өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.Бірлік түбі тірлік деп қазақ халқы бекер айтпаған. Адамдардың арасында бірлік болу керек Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату - тәтті өмір сүреді. Біз бәріміз өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсетксек қана бірлікке қол жеткізуге болады. Бүгі біздің елімізде көптеген ұлттар тұрады,олар бір-бірімен тату жақсы араласады. Біз берекелі ел болуымыз үшін ынтымақ, бірлік қажет.
7-мамыр-Отан қорғаушылар күні
9-мамыр-Жеңіс күні
3.Сергіту сәтті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосайық,
Болады он саусақ.
4.Әр ұлттың өзінің президенті мәдениеті, салт-дәстүрлері, әнұраны болады.Әнұранды орындау. Рәміздер туралы тақпақтарды еске түсірейік.
Балалар тақпақ айтады.
7.Сабақты қорытындылау.
-Балалар, бүгін сабақта не өтік?
Бағалау:-өз-өзін бағалау;
- Мұғалім бағалайды

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәтін бірге жасайды.

Әнұранды айтады.

Күтілетін нәтиже:
Білу: Қазақстан Республикасын танып білуі;
Игеру: Сурет бойынша әңгімелеуді игерілуі;
Меңгеру:Өз елі туралы білімді меңгерілуі.

Ұқсас жұмыстар
Бала мәншүк
Жылдық тәрбие жоспары 9 сынып
Астана қай өзеннің бойында
Қазақстан халықтарының мейрамдары
Менің Отаным – Қазақстан. Республикасының Конституциясы туралы
Мектеп тәлімгері
АЙТ КҮНДЕРІ
«дінтану негіздері» пәні бойынша тест сұрақтары
Оқушы сөзіне дара және күрделі етістіктерді қосып айту
Республика күні
Пәндер