Гүлдене бер Қазақстаным

Технологиялық картасы

Күні:

Топ: Ересек

Білім бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Гүлдене бер Қазақстаным!»

Мақсаты: Балаларға Қазақстан туралы түсініктеррін молайту.

Міндеттері:

Білімділік: Балаларға Қазақстан туралы білімдерін арттыру, қазақтың ұлттық мәдениеті туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Балаларға патриоттық тәрбие бере отырып, тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік : Отаның, мәдениетін, салт-дәстүрін сүюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер : әңгімелеу , сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: Астананың көрікті жерлердің, Қазақстанның қалаларының, Президенттің суреттері.

Сөздік жұмысы: Қазақстан, табиғат,

Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңі:

I. Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II. Ізденіс-ұйымдастыру

III. Рефлексия

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

1. Шаттық шеңбер.

Мысалы:Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап,,

Жүрейінші жараса,

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн.

Аман - есен болайық,

Бейбітшілікті қалайық.
2. Балалармен әңгімелесу.

- Балалар біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

- Қазақстан.

- Бас қаламыз Елордамыз қалай аталады?

- Астана.

Мұғалім: Балалар мынау кең байтақ Қазақстан жерінде көп ұлт өкілдері тұрады.

Олар:орыс, чуваштар, армяндар, беларустар, тәджіктер, татарлар, немістер т. б. ұлт өкілдері тұрады.
- Балалар әр елдің өз белгілері болады. Мынау біздің Қазақстан Республикасының белгісі.

Бұны балалар - Рәміздер деп атаймыз. - Әнұран, елтаңба, көк ту.

- Елбасымыз Әбішұлы Назарбаев. Бәйтеректі көрсету. Астана, Бәйтерек туралы әңгімелеу.

-Қазақстан Мемлекетіміз барлық елдермен жақсы қарым-қатынас жасайды.

- Балалар Астанаға барғандарың бар ма?

- Онда не көрдіңдер?

- Мен Астанада океанариумде, «Ханшатырда» болдым.

Астанада бәйтеректі көрдім. Төбесінде дөңгелегі бар. Қасына суретке түстім.

3. Сергіту сәтті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосайық,

Болады он саусақ.

4. Әнұранды орындау. Рәміздер туралы тақпақтарды еске түсірейік.

Балалар тақпақ айтады.

7. Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта не өтік?

Бағалау:-өз-өзін бағалау;

- Мұғалім бағалайды

Баланың іс-әрекеті:

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәтін бірге жасайды.

Әнұранды айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Қазақстан Республикасын танып білуі;

Игеру: Сурет бойынша әңгімелеуді игерілуі;

Меңгеру: Өз елі туралы білімді меңгерілуі.


Ұқсас жұмыстар
Оқушылар шығармашылығы
Менің елім - Қазақстаным
Елбасы сенімі- ел сенімі
Ашық тәрбие сағаты Елін сүйген,елі сүйген Елбасы
Тақырып Менің Отаным - Қазақстан
Менің отаным-туған өлкем! көркем әдебиет. ортаңғы топ
Репродуктивтік деңгей
Тәуелсіздік туыңды
Гүлдене бер, жайнай бер Қазақстан
Тәуелсіздік тұғырым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz