Ғарыш туралы

Технологиялық картасы

Күні:

Топ: Естияр

Білім бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Ғарыш

Мақсаты: Балаларға ғарыш кеңістігі туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: Жер туралы ұғымдарын кеңейту, ауа мен су туралы білімдерін кеңейту

Дамытушылық: Адамның өмірі оның жеке басының жағдайы қоршаған әлеммен байланысты екенін түсінетіндей құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік : Табиғат әлеміне адамгершілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбилеу.

Көрнекілік құралдар: «Ғарыш» суреті , магнитофон.

Сөздік жұмысы: Ғарыш, зымыран, ғарышкер, ғарыш әлемі.

Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңі: І кезең- мотвациялық- қозғаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

- Сәлеметсіңдер ме балалар.

-Балалар, аспан әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме?

-Бәріміз көзімізді жұмып, аспан әлеміне саяхатқа шығамыз. Музыка ойнайды.

Ғарыш әуені ойналып, бөлме іші қараңғыланады.

Балалардың іс-әрекеті:

Амандасады.

Балалар көздерін жұмып, әуеннің ырғағымен іс-әрекет жасайды.

Іс-әрекет кезеңі: ІІ кезең-ұйымдастырушылық-ізденушілік
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

-Балалар, сендер ғарыш туралы не білесіңдер?

Мұғалім ғарыш туралы айтып береді.

-Балалар біз үшін әлемдегі ең басты ғаламшар-Жер. Мынау күн. Жердегі тіршіліктің бәрі күннің көзімен өсіп-өнеді. Күн болмаса шөп те өспейді, мұзда ерімейді. Мынау ай. Ай-жердің серігі. Күн-ең үлкен жұлдыз.

-Балалар сендер қандай ғаламшарларды (планеты) білесіңдер?

- Венера, Меркурий, Марс, Юпитер, Уран, Плутон, Сатурн.

-Олар қайда орналасқан?

-Олар ғарышта орналасқан.

Сөздік жұмысын жүргізу:«Ғарыш», «Күн», «Ай» сөздерімен сөз тіркес құруға үйрету, мысал келтіру.
Ғарышкер, Байқоңыр туралы баларға айтып шығу. Қ. Р. ғарышкерлерімен таныстыру.

Мұғалім балаларға ғарыштың суретін көрсетеді.

Сурет үлгіге қарап, суреттерін бояйды.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар сұрақтарға нақты жауап береді.

Балалар тақтадағы үлгіге қарап ғарыштың суретін салады.

Балалар назарларын суреттерге аударып әңгімеге өз ойларын қосады.

Іс-әрекет кезеңі: ІІІ кезең- Қорытынды рефлексивтік- түзету
Тәрбиешінің іс-әрекеті: Бүгін сендер ғарышпен таныстыңдар.

Кәне қоштасайық. Келесі кездескенше!
-Сау болыңыздар!
-Сау болыңыз, мұғалім.
Балалардың іс-әрекеті: Балалар ғарыш туралы өз пікірлерін айтады.
Есеп
Есеп: +
-
Есеп:
Есеп: Есеп
Есеп: +
-
Есеп:

Күтілетін нәтиже

Ғарыш, зымыран, ғарышкер, ғарыш әлемі. білу керек;

Жаңа сөздерді орынды қолдануды игеру керек;

Сөз тіркестерін құрастыра білуді меңгеру керек.


Ұқсас жұмыстар
Ғарыш және оны мекендеушілер
Жер-ғарыштық дене. Ғарыш туралы түсінік
Сабақтың бөлімдері
Топтарға тапсырмалар тарату
Байқоңыр – қазақ даласының ғарыштық айлағы. (ғарышкерлер күніне арналған сайыс)
Ғарыш дегеніміз не?
Ғарыш дегеніміз не ( Ашық сабақ )
Қазақтың ғарышкері
Жер және ғарыш Ғарыш дегеніміз не
Біз боламыз ғарышкер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz