Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Аңдар не жейді

Технологиялық картасы

Күні:
Топ: Дайындық
Білім бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: <<Аңдар не жейді>>
Мақсаты: Жабайы аңдардың, қоректенуі туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: Жабайы аңдардың атын дұрыс айтуға үйрету. Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін жетілдіру. Жабайы аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру, қоректенуі туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Аңдардың түр-түстеріне көңіл аударып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: Аңдардың суреттері
Сөздік жұмысы: Аң, жыртқыш, көп, аз, сана.

Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
І кезең- мотивациялық- қозғаушы
- Сәлеметсіңдер ме балалар.
Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз.
- Балалар, орманға келдік , мына алдымыздан шыққан аңның аты не?
- Қоян.
- Дұрыс, енді балалар сол қоянның бізге тапсырмасы бар екен, оны орындамасаңдар орманға кіргізбеймін дейді, қоян. Орындаймыз ба?
Қоянның тапсырмасы: - Мына суреттегі аңдардың атын атап бер.
- Сұраққа жауап беру.
- Қоян қандай? Қоян қорқақ.
- Түлкі қандай? Түлкі айлакер.
- Қасқыр қандай? Қасқыр жыртқыш.

Амандасады.

Балалар орманның суретіне қарап, орманға барғанын елестетеді.

Балалар берілген сұрақтарды ұқыпты тындап дұрыс жауабын айтады.
ІІ кезең-ұйымдастырушылық-
ізденушілік

1. Мұғалім жабайы аңдар туралы әңгімелейді.
2. Жабайы аңдар орманда, таулы жерде мекендейді. Олар өз азықтарын өздері тауып жейді. Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді. Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон, жаға киімдер, бас киімдер тігеді. Немен қоректенеді? Қасқыр мен жолбарыс өздерінен кіші аңдарға шабады. Түлкі ұсақ аңдар мен, тышқандармен қоректенеді. Қоян шөптермен қоректенеді, ең сүйікті тағамы - сәбіз. Аю - жазда жеміс - жидектерменқоректенеді, ал қыста ұйықтайды.
3. Сергіту сәті
Дыбыстық жаттағулар орындайық: менен кейін қайтала.
- Ыр, ыр, ыр ырылдайды қасқыр,
- Кі, кі, кі бұлаңдайды түлкі,
- Ян, ян, ян жүгіріп жүр қоян,
- Ю, ю, ю қорбаңдайды аю. Жолбарыс, түлкі, қоян сөзімен сөз тіркес құрату.
Аңдардың қиылған суреттерін құрастыруға беріледі.
-Жұмбақ шешейік:
Қалқиған құлағы бар,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
Қыс бойы ұйықтайды,
Көктемде оянады. (аю)
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)
Балалар назар аударып
тыңдайды

Балалар жаңа сөздерді дұрыс айтып береді.
Балалар суретке қарап дұрыс жауап береді.

Балалар сергіту сәтін қимылымен орындайды.

Балалар сөз тіркестерді құрайды.

Балалар аңдардың қиылған суреттерін құрастырады

Балалар сұрақтарға нақты жауап береді.
ІІІ кезең- Қорытынды рефлексивтік- түзету
Мұғалім балалармен оқу іс - әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылайды.
Балалар берілген тапсырманы орындайды.
Балалар назар аударып жаңа сөздерді дұрыс айтып береді.
Балалар суретке қарап дұрыс жауап береді.
Балаларды мадақтау.
Бүгінгі сабағымызға қатысқандарыңызға рахмет.

- Балалар бүгін сендер жабайы аңдардың немен қоректенетіні жайлы білдіңдер.

Кәне қоштасайық. Келесі кездескенше!
-Сау болыңыздар!
-Сау болыңыз, мұғалім.

Балалар берілген сұрақтарды. ұқыпты тындап дұрыс жауабын айтады.

Балалар жабайы аңдар туралы өз пікірлерін айтады.

Есеп
+
-

Есеп
+
-

Күтілетін нәтиже
Балалар жабайы аңдарды қазақ тілінде дұрыс атауды білу керек;
Жабайы аңдардың қоректенуі туралы түсініктіигеру керек;
Жабайы аңдарды қысқаша сипаттауды меңгеру керек.

Ұқсас жұмыстар
Жабайы аңдар
Аңдар. 4 сынып
"Жабайы аңдар." Тіл дамыту
Жабайы аңдар туралы ақпарат
4-сынып. аңдар. етістіктер. тест
Сабақтың білімділік мақсаты
Жабайы жануарлар
Орманда жайлы
Жануарлар жемін қалай аулайды?
Әдепті баланы тап
Пәндер