Ертегілер әлемінде туралы

Технологиялық картасы

Күні:

Топ: Сәбилер

Білім бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Ертегілер әлемінде

Мақсаты: Ертегілер әлеміне саяхат жасау.

Білімділік: Жабайы аңдар туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ертегілерге деген қызығушылықтарын оятып, білім деңгейін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды әр істі істемес бұрын, ой-өрісінен өткізуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу , түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: айлакер, жыртқыш

Көрнекіліктер: Жабайы аңдар мен орманның суреттері.

Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Бала әрекеті
Іс-әрекет кезеңі:

I. Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II. Ізденіс-ұйымдастыру

III. Рефлексия

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

1. Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздер білдіреді. Мысалы:

Сен-қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып білеміз.

Балалар, біреу есік тарсылдатып тұр. Кәне, ашып қарайық.

-Балалар, бізге хат келді. Ішінде не жазылған екенін көрейік. Бірақ, алдымен бізге жұмбақ шешеу керек.

Мысалы: Қырда жүрер ол жыртып,

Іні де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын? Түлкі.

-балалар жұмбақты шешеді.

- Балалар, ал енді хатты ашып оқыйық.

Бұл хатта ертегі жазылған.

2. Сөздік жұмыс жүргізу:

Әлім жоқ-ауырып қалып, күшім аз деген мағынада;

3. Балаларға “Арыстан мен түлкі” ертегі оқып беру.

Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:

- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.

Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды.

Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:

- Халіңіз қалай, тақсыр? - деп көңілін сұрады.

- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік? - деді арыстан.

Түлкі:

- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - деп жүріп кетіпті.

Суреттер бойынша ертегінің мазмұнын ашып түсіндіру.

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай шайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз,

Бойымызды еркін ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

Сұрақтар қою:

-Ертегі қалай аталады?

- Бір күні қай аң ауырып қалды?

-Оның халін білуге нелер келді?

- Қандай аң кеш келді?

- Арыстан түлкіге не деп айтты?

-Түлкі арыстанға не деп жауап берді?

4. Дидактикалық ойын: “Жабайы аңдарды тап”

Мақсаты: Жабайы аңдарды ажырата алуды үйрету.

5. Сабақты қорытындылау.

-Балалар бүгін сабақта қандай ертегімен таныстық?

-Түлкі мен бөдененің арасында қандай жағдай болды?

Бағалау: - досын бағалау.

Бала әрекеті:

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Жұмбақ шешеді.

Жаңа сөзбен танысады.

Ертегіні тыңдайды.

Сергіту сәтін жасайды.

Сабақты қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала ертегінің мазмұнын білуі тиіс;

Игеру : Диалогті сөйлеу дағдыларын игерілуі тиіс;

Меңгеру: Ертегінің мазмұнын әңгімелеп меңгерілуі тиіс;


Ұқсас жұмыстар
Ертегілер әлемінде жайлы
Ертегіні көрсету
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. 3-сынып
Еңбекқорлық пен еріншектік. 4 сынып
Логикалық есептерді теңдеудің көмегімен шешу Математикалық ойын сабағы
Ертегілер әлемінде. (ата-аналарды қатыстыра отырып, ұлттық ойындарды қолдану)
Ертегілер әлемінде
Тіл мен әліппе
Тақырып Етістікті пысықтау
Ертегілер әлеміне саяхат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz