Адам тұлғасын әртүрлі бұрылыстарда нобайлау: сабақ жоспары

Сабақ жоспары

Тобы: ПМ 09/17 каз

Пәні: Арнайы сурет және көркемдік графика

Сабақ тақырыбы: Адам тұлғасын әр түрлі бұрылыстарда нобайлау

Сабақ мақсаты:

а) Білімділік: Адам анатомиясы туралы түсінік беру, адам тұлғасының құрылымын көрсетіп, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.

ә) Дамытушылық: Сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы, адам пропорциясын, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Оқушыларды көзбен елестете біліп, дұрыс бейнелей білуге баулу. Көлеңке мен жарықты сауатты бейнелеуге үйрету. Өнер түсінігін қалыптастыру. Атақты суретшілердің туындыларымен таныстық.

б) тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей келе, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, суретпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қызығушылықтарын ояту, үйрету, орындату.

Сабақтың көрнекілігі: адам анотомиясының суреттері, суретшілердің туындылары.

Құрал-жабдықтар: А3 формат, түрлі конструктор қарындаштар, өшіргіш, сызғыш, т. б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттермен амандасып, түгендеп, сабаққа көнілдерін аудару. Адам анатомиясының құрылымын үйрету арқылы суатты сурет салуға баулу . Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан бірнеше теориялық сұрақтар қояйын.

ІІ. Білімдерін тексеру:

Адам денесінің құрлысы туралы не білеміз?

-бейнені қағаз бетіне қалай орналастырамыз? (композициясы)

-композициядағы тепе-теңдікті қалай бейнелейді? (орналастыру заңдылығы арқылы)

-бейнені безендіріп әрлеу үшін не керек? (штрихтау, бояу)

-компоновка дегеніміз не? (қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру ) .

-пропорция дегеніміз не? (бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу) .

III. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген жұмысқа көрме ұйымдастыру, студенттермен бірге бағалау.

IV. Жаңа сабақ түсіндіру

-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: « Адам тұлғасын әр түрлі бұрылыстарда нобайлау ». Бүгінгі сабақта Адам анатомиясымен танысып, Адам тұлғасын белгілейтін өлшем бірліктерін қолдана отырып адам тұлғасын бейнелеуді үйренеміз. Сондықтан да жаңа сабақты мұқият тыңдап қатысып отырайық.

Портрет -өздерің білетіндей бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Портрет-(французша бейнелеу) Белгілі бір адамның көркем бейнесі деген ұғымды білдіреді. Портрет салтанатты, камералық және тек адамның басын қана бейнелейтін және автопортреттер болып бөлінеді. Көбіне суретшілер адамды алдынан бейнелейді, мұндай бейнелеу анфас деп аталады

Портетте ұқсастығын қана беріп қоймай, суретші бейнеленген адамның сырын, оның ішкі дүниесін ашу керек.

VI. Студенттердің жұмыстарын бағалау.
Көрме ұйымдастыру.

VII. Сабақты қорытындылау.
Портрет дегеніміз қандай мағына береді?
Графиканың түрлері?
VIII. Үйге тапсырма
Жұмыстарды аяқтау, адам тұлғасын әр түрлі бұрылыстарда нобайлау суреттер салып келу.

C:\Users\Alser\Downloads\madina\53aa4e4ed72e67d795e7d9b2420ce438_human-drawing-anatomy-25-beautiful-anatomy-drawing-ideas-on-human-drawing-ideas_736-968.jpeg


Ұқсас жұмыстар
5 сынып: Адам тұлғасын бейнелеу - анатомия, пропорция, жарық пен көлеңке
6-сынып бейнелеу өнері сабағы: Адам тұлғасын дөңгелек мүсіндеу және оның сәйкестіктері
Таңбалары әртүрлі сандарды қосуға есептер шығару: сабақ жоспары
Шаңғымен сырғанаудың әртүрлі әдістері бойынша сабақ жоспары
Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды бекіту: сабақ жоспары
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілдермен есептеу: сабақ жоспары мен деңгейлік тапсырмалар
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (7А): Әртүрлі форматтағы файлдарды архивтеу және архивтен шығару
Квадрат теңдеулерді шешудің әртүрлі тәсілдері - ашық сабақ (8 сынып)
5-сыныпқа арналған бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді қосу және азайту сабақ жоспары
Ұстаздың рөлі мен оқушы тұлғасын тәрбиелеу принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz