Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Хош иісті заттар, олардың классификациясы
Сабақ жоспары
Тобы: ПМ 09/17 каз
Пәні: Материалтану
Сабақ тақырыбы: Хош иісті заттар, олардың классификациясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге хош иісті затарды олардың табиғаттағы кездесуі, маңызы, құрамы мен құрылысы, қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы білімді қалыптастыру; эфир майларының хош иістік зат ретінде және тағамдық өнім туралы білімді қалыптастыру;
Дамытушылық: Хош иісті заттардың классификациясын зеттей келе күрделі эфирлер және де басқа биологиялық және химиялық қосылыстарды білу, білім және дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелік: сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, кітаптар, <<майлардың химиялық қасиеттері>>, <<синтетикалық жуғыш заттардың химиялық қасиеттері>> тәжірибелік жұмыстар.
Сабақтың түрі: тәжірибе
Сабақ типі: ойын, бір - бірін үйрету, интерактивті құрал қолданылуымен.
Әдісі: топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: биология, химия
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Студенттермен амандасып, түгендеп, сабаққа көнілдерін аудару.
ІІ.Білімдерін тексеру:
1. Парфюмерлік косметикаларға нелер жатады?
2. Эфир майлары туралы анықтама.
3. Химиялық қасиеттері
4. Биологиялық қасиеттері
III. Үй тапсырмасын тексеру. <<Кім жылдам ойыны>>
Сұрақтарға жауап:
* Өрік дәндерінің майы
* Авокадо майы
* Жүзім дәндерінің майы
* Кокос майы
* Апельсин майы
IV. Жаңа тақырыпты меңгеру.
Ерте кезде хош иіс беру үшін табиғи заттар: эфир майы, бальзамдар пайдаланылып келсе, бертін келе органикалық химияның дамуына сәйкес парфюмерлік бұйымдар жасанды хош иісті заттардан өндірілетін болды.
Хош иісті заттар -- парфюмериялық және косметикалық бұйымдарға, тағамға жағымды иіс беретін органикалық қосылыстар. Хош иісті заттар табиғатта кең тараған, олар көбінесе өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде болады, жасанды жолмен алынатын түрлері де бар. 19 ғасырға дейін хош иісті заттар ретінде табиғи қоспалар қолданылған, бірақ олар жеке құраушыларға бөлінбеді. Эфир майлары, т.б. табиғи хош иісті заттар құрылысын зерттеп, олардан жеке қосылыстар бөліп алу нәтижесінде 19 ғасырда бірнеше хош иісті заттардың құрылысы анықталып, жай химиялық шикізаттардан синтезделе бастады. Алғаш ванилин, фенилэтил спирті, индол, т.б. синтезделді. Кейбір хош иісті заттарды табиғи заттардан алу тиімді болса, көптеген хош иісті заттарды синтездеп алу тиімді. Мысалы, 1 килограмм жұпар 30 мыңдай құдырдан алынады, ал өнеркәсіпте жұпарға ұқсас хош иісті заттар синтездеу өте арзан, әрі тиімді. Хош иісті заттарды зерттеу, синтездеу нәтижесінде, олардың иісі мен құрылыстарында кейбір заңдылықтар бар екені аңықталды. Әр түрлі хош иісті заттарға тән иіс сол заттың молекуласындағы функционалдық топтарға (карбинольдік -- , карбонильдік -- , күрделі эфир , т.б.), зат молекуласының көлеміне, тармақталу, тармақталмауына байланысты. Парфюмерия өнеркәсібінде қолданылатын қосылыстар молекуласында циклдік топшалар болады, яғни иісі бүтіндей алынған молекула құрылысына байланысты. Кейде құрылысы ұқсас қосылыстардың иісі әр түрлі де, Химиялық табиғаты бойынша алшақ заттардың иісі ұқсас болады. Табиғатта кездесетін және кездеспейтін көптеген хош иісті заттар синтезделіп алынды. Әтір, иіс су өндіру үшін негізгі процестердің бірі -- "парфюмерлік композиция" деп аталатын аралық өнім жасау. Ол үшін белгілі мөлшерде алынған әр түрлі хош иісті заттар және хош иісті өнімдер араластырылады. Парфюмерлік сұйық алу үшін алынатын әтір немесе иіс су түріне қарай оны спиртте ерітеді. Бір парфюмерлік композиция жасау үшін әр түрлі хош иісті заттар және хош иісті өнімдер керек.
Хош иісті заттар парфюмериялық, косметикалық, сабын өнімдерінде, тамақ өнеркәсібінде және т.б. салаларда осы заттарға белгілі бір иіс беру үшін қолданылады.
Табиғи хош иісті заттар. Хош иісті заттар табиғатта кең таралған. Олар эфир майларында, хош иісті шайырларда және басқа да өсімдік жіне жануар текті өнімдерден алынатын әр түрлі күрделі органикалық қоспаларда болады (цибет, кастореум, мускус).
Синтетикалық хош иісті заттар. Қазіргі кезде көптеген хош иісті заттарды химиялық синтез жолымен алады. Синтетикалық хош иісті заттардың ішінде ең алғаш синтезделгендердің бірі күрделі эфирлер, индол, ванилин, гераниол және т.б. Практикада жиі қолданылатындар: сірке, валериан, салицил, антранил қышқылдарының эфирлері. Кейбір синтетикалық хош иісті заттарға адам денсаулығына кері әсер еткендіктен оларды белсенді пайдалану мезгілінен кейін тыйым салынды немесе оларды пайдалану шектелді. Ондай заттарға мускус-кетон, мускус-амбретт жатады.
Топтық әдіспен жұмыс жасау. Сутеденттерді 3 топқа бөліп тапсырмалар беру:
1. Жаңа сабақ бойынша класстер жасау
2. Жаңа сабақ бойынша посстер жасау
3. Жаңа сабақ бойынша сөзжұмбақ жасау
V. Студенттердің жұмыстарын бағалау.
Сайыс арқылы бағалау
VI. Сабақты қорытындылау.
* Синтетикалық хош иісті заттар.
* Табиғи хош иісті заттар
VII. Үйге тапсырма
Жұмыстарды аяқтау, жаңа тақырып бойынша конспект жазу

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz