Біздің Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан

Біздің Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан
Қазақстан Республикасы - біздің Отанымыз. Қазақстан - үлкен мемлекет.
Менің Қазақстаным! Менің елім!
Сүйікті жазық кеңістіктерім!
Бізде дала да, теңіз де,
Орман да, егістік те, таулар да бар.
Мұның барлығы біздің басты байлығымыз!
Біздің мемлекетіміздің өз шекарасы бар және оны тәуелсіз деп атайды.
Оны көп ғасырлар бұрын, ер-тоқым үстінде өмірлерінің көп бөлігін өткізген көшпелі қазақтар құрған.
Біздің елімізде әр түрлі ұлт өкілдері: қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және т. б. өмір сүреді. Олар өздерінің туған тілдерінде сөйлейді. Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Оны Қазақстанның әрбір тұрғыны білуі тиіс. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі - орыс тілі. Қазақстанда адамдар тату-тәтті өмір сүреді, Рождество, Құрбан айт, Жаңа жыл, Наурыз мейрамдарын бірге тойлайды.
Ғарышқа ракеталар старт алатын, атақты Байқоңыр «ғарыш қаласы» Қазақстанда орналасқан. Әлемнің басқа жерінде Қазақстан тәрізді ғажайып мемлекет жоқ!
Біздің еліміздің астанасы - Астана қаласы. Қазақстанның ең үлкен қаласы - Алматы.
Біздің елімізді мақтаныш етуге болады, себебі біздің жерімізде қар барсы, сайғақ тәрізді сирек кездесетің аңдар мекендейді, керемет әдемі құстар - қызғылт қоқиқаздар ұшып келеді. Бізде табиғат бұрышы - Қазақстанның інжу-маржаны Бурабай бар. Сондай-ақ Каспий теңізі, Алтай таулары және тағы басқа көптеген әдемі жерлер бар.
Тапсырма. Ұжымдық фотоколлаж жасау.
Бейбітшілік және келісім
Жыл сайын көктемде, 1-мамырда Қазақстанның барлық халықтары мейрамды тойлайды. Бұл мереке Қазақстан халықтарының Бірлік күні деп аталады.
Бұл күні барлық ересектер және балалар бір-біріне бейбітшілік, денсаулық және бақыт тілейді. Бұл күні күннің көзі де өзінің шуағын ерекше шашып, күлімдейді. Біздің жерімізде адамдардың татулықта, соғыссыз өмір сүріп жатқандықтарына қуанады. Аспан да көппеңбек.
Күннің көзі мен балаларға - бейбітшілік,
Табиғатқа - тыныштық, көктемге - тыныштық!
Аңызға - бейбітшілік, ғаламшарға - тыныштық!
Жер шарындағы барлық адамға - бейбітшілік!
Бұл бейбітшілік, достық және еңбек мерекесі. Адамдар бірлесіп еңбектенуі керек. Жалғыздың ісіне қарағанда, бірігіп істеген еңбектің жемісі көп болады. Бір адам бір ағаш ексе, көп адам бірлесіп бақша отырғызады. Бір адам бір кірпіш қаласа, бірлесіп үй салуға болады. Достық пен еңбек адамдарды біріктіреді.
Достықта өмір сүргенде,
Одан жақсы не болуы мүмкін!
Жанжалдасу да қажет емес,
Барлық адамды жақсы көру қажет.
Бейбітшілік пен келісім мейірімнен, күлімсіреуден, қадірлеуден, шыншылдықтан басталады.
Егер адамдардың бойында осы аталған қасиеттер болса, онда Жер бетінде соғыс, жанжал жоғалар еді. Адамдар қайғы-қасіреттен және бір-бірін жек көруден арылар еді. Тек ол үшін барлық адамдар әлемді, осы қалпында сүюді үйренулері қажет.
Тапсырма. Көгершіндер - бейбітшілік пен келісімнің нышаны. Көгершіндердің суреттерін салып, оларды біздің тақтамызға орналастырыңыздар.
Шеге туралы өсиет әңгіме
Бір әкенің өте ызақор, ашушаң ұлы болыпты. Әкесі ұлына бір қалта шеге береді және «ашуыңа ырық бергенде, қақпадағы тақтайшаға мына шегелерден бір-бірден қағып отыр» деп тапсырады.
Алғашқы күні тақтайға бірнеше ондаған шегелер қағылады. Ашуының санын өз көзімен көріп, жігіт ызаға бой алдырмауға тырысатын болады. Тақтайға қағылатын шегелердің саны күн санап азая бастайды. Жігіт шегелерді тақтайға қаққаннан көрі, өзінің ашуын тежеп қалудың оңай екенін түсінеді.
Өз-өзін қалыпты жағдайда ұстай алатын күн де келіп жетті. Ол бұл туралы әкесіне айтты. Әкесі сәл ойланып, «өзіңді қалыпты жағдайда ұстаған әр күн сайын қақпадағы шегелерді бір-бірден суырып алып отыр» деп ұсыныс жасайды.
Баласы әкесіне қақпада бір де бір шегенің қалмағанын хабарлаған күн де келіп жетті. Сонда әкесі ұлын қақпаның жанына алып келіп, былай деді:
- Сен тапсырманы жақсы орындап шықтың. Бірақ мына қақпада қанша тесік қалдырғаныңды қарашы. Бұл қақпа енді ешқашанда бұрынғыдай болмайды. Дәл осы шегелердің қалдырған ойығындай ойық сен ренжіткен адамдардың көңілдерінде де қалады. Ренжіткен соң қанша рет кешірім сұрағаныңмен, көңілдегі сызат ешқашан өшпейді».
Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Әкесі баласын неге үйретті?
2. Неліктен басқа адамға зұлымдық жасамау маңызды?
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан - біртұтас ұлт».
2, 3, 4-ші сыныптарда Бірінші құндылық «Мәңгілік Ел - бұл Тәуелсіздік және Астана» екені түсіндіріледі.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер) :
1. Тәуелсіздік рәміздері.
2. Астана - елімнің басты қаласы.
3. Рефлексия.
4. Сабақтың қорытындысы.
Технологиялар: ынтымақтастықта оқыту (топтық жұмыстар), ойын.
Сабақ материалы.
Тәуелсіздік рәміздері
1991 жылы 16 желтоқсанда Конституциялық Заң Қазақстанды тәуелсіз, құқықты, демократиялық мемлекет ретінде жариялады. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы - Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, мемлекеттің айрықша белгілері. Оларға: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны жатады.
Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заң мәтінінің түпнұсқасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталоны Қазақстан Республикасы Президенті «Ақорда» Резиденциясында орналасатын жер болып саналады. 4 маусым күні Қазақстанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні аталып өтеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2. Тудың авторы белгілі дизайнер және суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардың, қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген - алтын түстес жазу бар. Егеменді Қазақстанның бүгінгі елтаңбасы белгілі екі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков және Шот-Аман Уәлихановтардың шығармашылық ізденісінің және ерен еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. 1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа әнұранының әні мен мәтініне байқау жарияланды. Іріктеп алу коммисиясына 750 жоба жіберілді. Талқылау барысында жұртшылық алдыңғы әнұранның әнін сақтап қалу қажеттігі туралы пікір білдірді. Байқаудың нәтижесі бойынша төрт адам жеңімпаз атанды. Олардың үшеуі орта буын ұрпағына танымал Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, оларға ақын Жадыра Дәрібаева қосылды. Бұрынғы музыка сақталды.
2006 жылдың 10 қаңтарынан бастап 1956 жылы жазылған танымал «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны болып қабылданды, мемлекеттік әнұран мәртебесіне сәйкес болу үшін оның мәтініне өзгерістер енгізілді. Әнұран мәтініне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзгерістер енгізгендіктен, мәтіннің авторлары болып көрсетіледі. Сонымен қатар әнұранды тыңдау ережесі де өзгертілді. Ресми салтанаттарда әнұранның орындалуы барысында қатысушылар орындарынан тұрулары, оң қолдың алақанын сол жақ кеудеге қоюлары керек.
Әні сазгер Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі Жұмекен Нәжімединовтікі (1956), Нұрсұлтан Назарбаевтікі (2005) .
Казақстан Республикасының Туы туралы
Көк аспанға қараймын,
Қыран құс биік самғайды,
Алтын күннің шапағы
Жан-жағына тарайды.
Тау шыңындай көрінер
Көрініс бұл ұнайды.
Ұлттық ою-өрнекті
Шетіне қосу қалғаны.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы туралы
Халыққа мемлекеттен берілген
Абыройлы Елтаңба мен Туымыз.
Еркіндігін мәңгі сақтасын
Тәуелсіз Қазақстан еліміз!
Біздің Туымыз көгілдір түсті. Көгілдір түс түркі халықтарында дәстүрлі түсі болып саналады. Ол Туда бүкіл жер мен адамдардың төбесіндегі көк аспанның шексіздігін білдіреді , сонымен қатар жалпы әл-ауқаттың, тыныштықтың, бейбітшілік пен бірліктің нышаны болып табылады.
Күн - өмір мен қуаттың кайнар көзі. Сондықтан күн бейнесі өмірдің символы болып саналады. Көшпенділер уақытты күннің қозғалысымен анықтаған. Геральдика заңдылығы бойынша күн бейнесі байлық пен берекенің нышаны болып табылады. Сол себепті Тудағы күннің барлық 32 шуағы береке мен әл-ауқаттың негізі - дән пішіндес болуы кездейсоқ емес.
Көшпенділердің көзқарасында қыран немесе бүркіт маңызды орын алады. Қазақстанды мекендеген халықтар мен этникалық топтардың елтаңбалары мен туларында оның көрініс табуы ежелден келе жатыр. Символика тілінде қыран құстың бейнесі мемлекет билігін, дала халқының жүрегінің кеңдігін білдіреді. Далалықтар үшін бұл - еркіндіктің, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке талпынудың, болашаққа самғаудың нышаны. Сонымен бірге, алапат күшке ие қыран құс жарқын болашағына кедергі келтіргендерге лайықты жауап бере алады. Қыран бейнесі жас егеменді Қазақстанның әлем өркениетінің биіктеріне ұмтылуы идеясынан пайда болды.
Тудың сол жағында, сабын өрлей, Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрлерін айқындайтын ұлттық өрнек салынған. Қазақтың ұлттық өрнегі қошқар мүйіз түрінде жасалған. Бұл - оны басқа тулардан ерекшелендіретін мемлекеттің ұлттық белгісі.
Елтаңба шеңбер пішіндес. Шеңбер геральдика элементі ретінде көп жерлерде қолданыс тапқан, бірақ ол шығыс көшпенділерінде ерекше құрметке ие. Бұл - мәңгіліктің, өмірдің нышаны.
Елтаңбаның ортасында киіз үйдің жоғарғы бөлігі - шаңырақ бейнеленген. Әлем тәжірибесінде әлі шаңырақ бейнесі бар елтаңба кездеспеген. Шаңырақ халық арасында ерекше құрметтеледі. Бұл - отбасылық әл-ауқаттың, берекенің, бейбітшілік пен тыныштықтың нышаны. Бұл - біздің ортақ үйіміздің, Қазақстанда тұратын барлық адамдардың ортақ Отанының белгісі. Шаңырақтың беріктігі оның әрбір уығының мықтылығына байланысты болғаны сияқты ондағы бақыт әр адамның әл-ауқатына байланысты.
Елтаңбаның ортасынан көгілдір кеңістігіне бірдей таралған уықтар өмір мен жылу көзі - күннің шуақтары іспеттес. Шаңырақтан бастау алған кереге - киіз үйдің жылжымалы, жиналмалы тор көзді негізі. Ол оның беріктігін қамтамасыз ететін үш жүздің бірлігін білдіреді. Геральдика тілімен авторлар қазақ халқының бейбітшілік сүйгіш болмысын көрсеткілері келген.
Жылқы - қазақ стихиясы. Ежелден «Қазақ жылқы мінезді» деп айтылады, яғни мінезі жағынан қазақтар жылқыға ұқсас келеді. Елтаңбада қарапайым жылқы емес алтын қанатты пырақ бейнеленген. Бұл көп ұлтты Қазақстан халқының қуатты, өркендеуші, дамушы мемлекет орнатудағы арманын білдіреді.
Мемлекеттік рәміздерде жылқылардың бейнеленуі ежелден келе жатыр. Осыған қарамастан, авторлар ұсынған нұсқа қабылданбас бұрын қызу талқы мен таласқа түсті. Жылқылар бейнесі арыстанның айбарлығын, қыран құстың қырағылығын және адамның ерік күші сияқты ұғымдарды білдіреді. Аңыздарда кездесетін жарты ай пішіндес мүйіздері мен алтын қанаттары бар екі пырақ шаңырақты екі жағынан қорғап тұрғандай. Олар ортақ үйіміз - Отанымызға қызмет ету идеясын айқын білдіреді.
Мемлекеттік Елтаңба бейнесінде тағы да бес бұрышты жұлдыз бен біздің мемлекетіміздің қазақ тілінде атауы «Қазақстан» бар.
Адамзат жұлдызды ежелден өмірде жетектейтін, мақсатқа жетелейтін, асқақтық пен мәңгілікке ұмтылудың, биліктің нышаны ретінде колданады. Мемлекеттік Елтаңбада жұлдыз, сонымен бірге, замануи жоғары өркениетті қоғамдарға қосылу, барлық мемлекеттер мен бес контитенттің халықтарына ашық болу сияқты біздің асқақ армандарымызды да білдіреді.
Мемлекеттік Елтаңбада қолданылатын негізгі түс - байлықты, шынайылық пен мейірбандылықты білдіретін алтын түс. Алтын түс Қазақстанның бейбітшілікке, келісімге, достыққа және ғаламшарымыздың барлық халықтарымен бірлікте болуға ұмтылуының нышаны ретіндегі аспан-көгілдір түспен жақсы үйлеседі.
Тапсырма. Жаңа материалды меңгеруін тексеретін «Аукцион» ойынына қатысу.
Астана - еліміздің бас қаласы
Қазіргі кезде Қазақстанның саяси және мәдени орталығы жас елорда - Астана қаласы болып табылады. Дегенмен, көрнекті археолог К. Акишев бастауымен ғалымдар зерттеген қаланың ежелгі тарихы бар. Орта ғасырларда қала аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жазықтығында Бозоқ қалашығы болған. Бозоқ қалашығы керуен жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан. Бозоқ маңызды саяси және қолөнер орталығы болған. Қала, сонымен қатар, керуендер мен жолаушылардың демалатын және түнейтін орны қызметін атқарған.
Астана бірден «Астана» болып аталмады. 1998 жылға дейін әр түрлі атаулары болды. Осылайша, 1830 жылдан 1961 жылға дейін астана Акмолинск, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталып келді.
Қазақстанның жаңа, замануи астанасын құру идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тән. Еуразия құрлығындағы оңтайлы орналасуы Астананы Еуропа мен Азия арасындағы экономикалық тиімді көпір етіп тұр.
Жаңа астананың басты символы - «Бәйтерек» кешені. Қайталанбас архитектуралық ғимараттардың ішінен пирамида пішіндес «Бейбітшілік және келісім сарайын», әлемдегі ең биік шатыр пішінді ғимарат «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден өте алшақта орналасқан «Думан» мұхит аралын, «Қазақстан» орталық концерт залын, жасыл гулзарлары, түрлі-түсті жолдары, әуенді субұрқақтары бар «Ән салатын субұрқақтар аллеясын» атап көрсетуге болады.
Астананың спорт нысандары - 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионы, 2011 жылы әлемдегі ең керемет деп саналған 10 мың орындық «Сарыарқа» велотрегі, «Алау» мұз айдыны.
1999 жылдың шілде айында ЮНЕСКО Астананы «Бейбітшілік қаласы» деп атады. 2000 жылдан бастап Қазақстанның бас қаласы Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының мүшесі болды және әлемнің ең жақсы 30 қалалары тізіміне кірді.
Астананың басты мақсаты - еуразия кеңістігінде мәдени және зияткерлік орталық болу және Қазақстанның басты даму генераторы болу. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның Бірінші Президентінің қалауымен пайда болған жаңа астана тәуелсіздік символы және жас мемлекеттің жаһандық жетістігінің символы болды.
Бүгінгі таңда Астанада, бүкіл Қазақстандағы сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтамақтастық - Астана мен жаңа Қазақстанның құрылу негізі.
Сұрақтар:
1) Астананың бірінші атауын атаңыз.
2) Қазақ тілінен Астана қалай аударылады?
3) Қазақ тілінен Ақмола қалай аударылады?
4) Қазақстанның жаңа астанасын құру идеясы кімге тиесілі?
5) Бәйтерек қазақ тілінен аударғанда қандай мағына береді?
6) Бейбітшілік және келісім сарайы ғимараты қандай пішінде?
7) Сарыарқа стадионы қандай?
8) Ақорда деген не?
Тақырыптық парақ.
I кезең: Астана туралы мәтінді пайдаланып, тапсырмаларды орындаңдар.
1. Атауларды қолданып, дұрыс реттілігін табыңыз (Астана, Целиноград, Акмолинск, Акмола) Бозоқ қалашығы, Акмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана.
2. Артығын сызып тастаңыз
Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Түрікменстанмен, Украинамен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен шекаралас.
3. Суреттер мен атауларды бағдар көмегімен қосыңыз
Президент Сарайы «Ақ Орда»;
«Сарыарқа» велотрегі;
«Бәйтерек»;
«Бейбітшілік және келісім сарайы»;
«Хан Шатыр» кешені.
4. Қазақ тілінен «Астана» сөзі қалай аударылады?
«Бәйтерек»
Монумент 1997 жылы астананың Алматы қаласынан Ақмолаға ауыстырылуының нышаны ретінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен бой көтерген. «Бәйтерек» әлемдер тоғысқан жерінде Әлем өзені ағып жатыр деген ежелгі көшпенділердің танымын көрсетеді. Оның жағасында аспанмен тірескен, тамыры тереңге жайылған Өмір ағашы - Бәйтерек (қазақша Бәйтерек «терек», «тірек, қорғаушы» деген мағынада) өсіп тұрады. Бұл ағаштың тамырлары, сәйкесінше, жер асты әлемінде, ағаштың өзі, оның діңі - жерде, ал жапырақтары - аспан әлемінде болған.
Әр жылы қасиетті Самұрық құс ағаштың ұшар басына жұмыртқа салады екен. Жұмыртқа - Күнді өмір ағашының түбінде өмір сүретін айдаһар Айдархан жұтып қояды. Бұл жаз бен қыстың, күн мен түннің ауысуын, Жақсылық пен Жамандықтың күресін білдіреді.
«Бәйтерек» жас, мықты, өсіп келе жатқан ағаш деген сөз. Ол тарихи түп-тамырларын сақтай отырып, мықты тірегі бар және болашақ өркендеуге ұмтылатын мемлекетті білдіреді.
«Бейбітшілік және келісім сарайы»
«Әлем уақыттан қорқады, ал уақыт пирамидалардан қорқады» деген ескі мақал бар. Шынында да, олардың қарапайым пішіні мен көлемі біздің ойымызда бұл ғимараттардың мықты, бұзылмас келбетін елестетеді. Дегенмен, жуық арада, 2006 жылы кейбіреулер Әлемнің сегізінші кереметі деп атап кеткен тағы да бір пирамида қосылды. Әңгіме Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы жайында.
Бұл ғимарат әлемге әйгілі архитектор Норман Фостермен «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Конгресін» өткізу үшін арнайы салынды. Оның ерекшелігі оны салудың мақсатымен ғана шектеліп қоймайды.
Мұнда 1500 орындық концерттік-опералық зал орналасқан. Сондай-ақ пирамида ішінде конференц-залдар, көрме орындары, т. с. с орын алған. Аумағы 2000 шаршы метрден аса орынды алып жатқан ең ірі «Хеопс Атриум» залы өзінің көлемімен таң қалдыратын «Астананың 2030 жылға дейінгі бас жоспарын» сыйғыза алған.
Бейбітшілік және келісім сарайының ең жоғарғы қабатында бүкіл әлемге әйгілі әлем діндері көшбасшыларының конференциясы өткен «Бесік» залы орналасқан. Залды айнала таң қалдырарлық «Қысқы бақта» дүние жүзінің әр түрлі өсімдіктері өсірілген. Пирамиданың төбесі 130 көгершін бейнесі бар үлкен шыны күмбезбен көмкерілген. Бұл көгершіндер - Қазақстан халықтарының нышаны.
«Ақ Орда» Президент Сарайы
Дүние жүзіндегі барлық астанада Президенттің (ел басшысының) Резиденциялары болады. Қазақстан Республикасының жаңа астанасын жариялағаннан кейін 5 жылдан соң «Ақ Орда» Президент Сарайының ресми таныстырылымы болды. Бірақ бұл ғимарат енді жабық мемлекеттік нысан емес. Президенттің қалауымен бұл жерде үнемі экскурсиялар өтіп тұрады.
Мемлекеттің бірінші тұлғасының Резиденциясы жаңа технологияларды қолдана отырып, 3 жыл бойы салынды. Ғимараттың биіктігі 80 метрді, соның ішінде бірінші қабаттың биіктігі 10 метрді құрайды.
Бірінші қабат бойынша экскурсия кезінде 1800 шаршы метрді құрайтын Орталық Салтанатты Холлды, пресс-конференциялар залын, салтанат залын, қысқы бақты көруге болады. Екінші қабатта кеңсе орындары ораналасқан.
Үшінші қабат толығымен әр түрлі халықаралық сипаттағы іс-шараларға арналған: Мәрмәр Залында шет мемлекет басшыларымен құжаттарға қол қойылады, Алтын Залында тар аядағы тұлғалармен кездесулер өткізіледі,
Доғал Залда жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен бірге, үшінші қабатта киіз үй түріндегі Шығыс залы, Қонақ бөлмесі, Кеңейтілген келіссөздер залы, Қауіпсіздік Кеңес Залы бар.
Төртінші қабатта ел басшыларының жоғары деңгейдегі жиналыстары өтетін Күмбезді зал, Республика Үкіметімен жиналыстарын өткізуге арналған Отырыс залы, кітапхана және т. б. орналасқан. Әр зал, әр бөлме ерекше әдемі әрленген, көрнекті жиһаздар қойылған.
Ақ Орда ішіне кіру үшін бір маңызды шарт бар: Президент Резиденциясында болған жағдайда, егер Сіз басқа мемлекеттің Басшысы болмасаңыз, онда кіре алмайсыз.
Дұрыс жауаптарын қойыңыз:
Бәйтерек мынаны білдіреді . . .
Бәйтерек қазақ тілінен аударғанда мынаны білдіреді . . .
Бейбітшілік және келісім сарайы мына түрде салынған . . .
Бейбітшілік және келісім сарайы . . . жылы салынған
Ақ Орда - . . . (кімнің) резиденциясы
Ақ Орда . . . жылда салынды
Тапсырма: хат жазыңыз.
Хат үлгісі
Құрметті менің досым (құрбым) (аты) . Саған Қазақстаннан Сенің досың (құрбың) жазып отыр. Мен хатымда өзім туралы, елім туралы және біздің астанамыз туралы әңгіме қозғағым келеді.
Менің жасым ___. Мен №___ мектепте сыныпта оқимын. Маған менің мектебім өте ұнайды, себебі .
Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. Қазақстан өте жақсы ел. Біздің Президентіміз .
Біздің Республикамыздың әдемі атауы бар:.
Досыңның аты, мен астанамыз туралы толығырақ айтып берейін деп едім. Менің әңгімем Саған ұнайды деген және Сен бізге қонаққа келіп, екеуіміз Астана қаласы бойынша серуенге шығамын деген сенімдемін.
1. «Астана» сөзі нені білдіретінін жаз.
2. Астананың көрнекті орындарын жаз, оларды атап шық.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz