Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Робот техникасы элективті курсы

Сабақ жоспары

Сынып: 5
Пәні: <<Робот техникасы>> элективті курсы
Бағдарлама: <<Робот техникасы>> элективті курсы бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. <<Назарбаев Зияткерлік мектептері>> ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
Оқулық:
Өткізу күні: 22.11.2016
Cабақтың тақырыбы: Қозғалыс дегеніміз не? EV3-ге алғашқы бағдарламаны жасау.
Үлкен моторлардың қозғалысы:Рульдік Басқару блогы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: EV3 - ке алашқы бағдарлама жасауды үйрену.
Дамытушылық: роботтың программасының алгоритмін құрастыруда ұқыптылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қамқорлық жасай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс,компьютермен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттері, дисктер
Сабақтың түрі: логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сынып бөлмесін әзірлеу.
2. Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ. (Слайд)
EV3-ге арналған алғашқы бағдарлама
Старт блогы - бағдарламаның басы болып табылады.
1. <<Іс-әрекет (Action)>> бөлімінен <<Рульдік Басқару (Move Steering)>> блогын таңдаңыз.
Бұл блок бір уақытта екі үлкен мотордың қозғалуы үшін қолданылады.
Бұл блокты ортаға қарай тасымалдап, Старт блогына жалғап қосу керек.
2. Бұл үшін (Move Steering) блоктың үстінен бір рет басу керек.
3. Тінтуірдің меңзерін ақ алаңға тасымалдаңыз. Сол кезде алаңда сұр көлеңке пайда болады. Сіз блогынызды осы көлеңкеге қоюыңыз керек
4. Сұр көлеңкені басыңыз. Сол кезде сіздің блогыныз Старт блогына автоматты түрде қосылады.
1. Суретте көрсетілген <<Қасиеттері>> батырмасын басыңыз.
2. Моторды қосу және өшіру мәзірі пайда болады.
Көрсетілген мәзір моторды келесідей параметрлер бойынша орналастыруға мүмкіндік береді:
А. Мотор өшірулі.
Б. Мотор қосулы.
В. Мотор берілген Секунд уақытына байланысты қосылып тұрады.
Г. Мотор берілген Градустың мөлшеріне байланысты қосылып тұрады.
Д. Мотор берілген Айналымның санына байланысты қосылып тұрады.
Д пунктін таңдаңыз.

1. Суретте көрсетілген <<Бағыттау>> батырмасын басыңыз. <<0>> саны мотордың Түзу - <<Алға>> бағытталғанын білдіреді.
2. Берілген мағынаны слайдерді оңға және солға ауыстыру жолымен өзгертуге тырысыңыз немесе санды қолмен теріңіз. Берілген мағынаға байланысты мотор қозғалысындағы сызық суреті және бағыты өзгереді.
Бірінші суретте көрсетілгендей, моторға Түзу - <<Алға>> бұйрығын беріңіз.
1. Суретте көрсетілген <<Қуат>> батырмасын басыңыз. <<75>> саны мотордың 75 санына сәйкес қуатпен қозғалатынын білдіреді.
2. Берілген мағынаны слайдерді оңға және солға ауыстыру жолымен немесе санды қолмен теру арқылы (пернетақта көмегімен) өзгертуге тырысыңыз. Берілген мағынаға байланысты мотор қозғалысындағы сурет және қозғалыс қуаты өзгереді.
Көрсетілген блок екі мотор үшін бірдей қуат беретінін есіңізде сақтаңыз.
Мотор <<40>>-қа тең қуатпен қозғалсын деген бұйрықты беріңіз.

1. Суретте көрсетілген <<Айналым>> батырмасын басыңыз. <<1>> саны мотордың бір айналым жасайтынын білдіреді.
2. Берілген мағынаны слайдерді оңға және солға ауыстыру жолымен немесе санды қолмен теру арқылы (пернетақта көмегімен) өзгертуге тырысыңыз. Берілген мағынаға байланысты мотордың жасайтын айналым саны өзгереді.
Көрсетілген блок үшін 1 айналым жолдың шамамен 22 сантиметріне тең болады.
Моторға 4 айналым жасау бұйрығын беріңіз.

oo Бұйрықты дұрыс түрде бергеніңізге көзіңізді жеткізіңіз.
oo Ол үшін өз кодыңызды төмендегі суретпен салыстырыңыз.
oo Сіздің бағдарламаңыз тура суреттегідей болып шығуы керек.

Енді сіздің роботқа қатысты алғашқы бағдарламаңызды жүктейік.
Бірақ, алдымен сіз:
1. EV3-дің компьютерге қосылғанына көз жеткізіңіз.
2. Сіздің роботыңыздағы екі мотор қай порттарға қосылғанын тексеріңіз. Ол үшін <<Порттың Көрінісі>> (Port View) бөлімін ашыңыз.
Суретке қарасаңыз, бір үлкен моторд <<В>> портына, ал екінші үлкен моторд <<С>> портына қосылған.

Сіз портты дұрыс таңдағаныңыз ма? Тексерейік.
1. <<В+С>> әріптеріне қараңыз. Олар В және С шығу порттарын білдіреді. Осындай жолмен сіз бағдарламаға дәл осы порттарға қосылған екі үлкен мотордың барын жеткізесіз. Енді бұл шынымен солай ма екен, соны тексерейік.
2. <<В>> әрпін бассаңыз қол жетімді шығу порттарының тізімі шығады (D, С, В, А). <<В>> портын таңдаймыз.
3. <<С>> әрпін бассаңыз қол жетімді шығу порттарының аналогиялық тізімі шығады (D, С, В, А). <<С>> портын таңдаймыз.
Сіз портты дұрыс таңдағаныңыз ма? Тексерейік.
1. <<В+С>> әріптеріне қараңыз. Олар В және С шығу порттарын білдіреді. Осындай жолмен сіз бағдарламаға дәл осы порттарға қосылған екі үлкен мотордың барын жеткізесіз. Енді бұл шынымен солай ма екен, соны тексерейік.
2. <<В>> әрпін бассаңыз қол жетімді шығу порттарының тізімі шығады (D, С, В, А). <<В>> портын таңдаймыз.
3. <<С>> әрпін бассаңыз қол жетімді шығу порттарының аналогиялық тізімі шығады (D, С, В, А). <<С>> портын таңдаймыз.
Сіздің бағдарламаңыз дайын!
Енді жобаны сақтауыңыз керек.
Ол үшін бағдарламаның сол жақ жоғары бұрышындағы <<Файл>> (File) батырмасын басыңыз.
<<Проектті сақтау>> (Save Project) таңдаңыз.
Ашылған терезеде файлды сақтайтын жерді көрсетіңіз.
1. Жобаңыздың атауын <<Файлдың атауы>> жолына енгізіңіз.
2. <<Сохранить (Cақтау)>> батырмасын басыңыз.
Сіз сақтаған файлдың форматы <<.EV3>>.
Егер сіз барлығын дұрыс орындасаңыз, онда сіздің жобаңыздың атауы суретте көрсетілгендей болуы керек.
Бір жобада бірнеше бағдарлама болуы мүмкін.
Енді бағдарламаның атауын өзгертейік.
1. Ол үшін <> мәніне екі рет шертіңіз.
2. <> деп жаңа атауын (пернетақтаны қолданып) енгізіңіз. Теруді аяқтағаннан кейін Enter батырмасын басыңыз.
3. Бұл белгі жобаны сақтау керектігін сізге хабарлап тұрады.
4. Өзгерісті сақтау үшін <> батырмаларын бірге басыңыз.
Сіздің бағдарламңыз дайын!
Сіздің жобаңыз сақталды!
Сіздің бағдарламаңызды роботқа жүктеудің уақыты келді!
Ол үшін <<Еңгізу>> (Download) батырмасын басыңыз.
Бағдарлама компьютерге жүктелгеннен кейін, EV3-ден арнайы дыбысты естисіз.
1. Дыбысты естігеннен кейін EV3-ден USB кабелін ажыратыңыз.
<<Файл менеджері (File Navigation)>> бетіне өту үшін, EV3-дегі <<Оңға>> батырмасын басыңыз.
2. <> атты жобаңызды таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз.
3. Өз бағдарламаңызды таңдау үшін Төмен батырмасын бір рет басыңыз.
4. Бағдарламаңызды іске қосу үшін ОК басыңыз.
Құттықтаймыз, сіз бағдарламаны іске қостыңыз!
Енді, моторға 2 айналым жасауға команда беріңіз.
Бұл мотордың кері бағытта 2 айналым жасау керектігін білдіреді, яғни робот КЕРІ жүреді.
Нәтижені тексеру үшін роботтағы бағдарламаны сақтап, жүктеп және іске қосыңыз.
1. Егер сіз келесідей терезелерді көрсеңіз, бұл сіздің роботыңыздың компьютерге қосылмағандығын білдіреді.
2. Ал, бұл EV3 порттарына ешнәрсе қосылмағандығын білдіреді.
ТЕКСЕРІҢІЗ:
А. EV3 қосылып тұр ма?
Б. Сымдар қосылған және байланыс дұрыс орнатылған ба?
Оқушылармен пікірталас ұйымдастыру
Сұрақтар-2
1. <<Рульдік Басқару>> блогына қосылатын мотордың аты қалай?
2. <<Рульдік Басқару>> блогына қанша мотор қосу кажет?
3. Проекттіңізді EV3-де қалай жіберу керек?

Тапсырма
Жағдаятты талдау
Өтілгенді пысықтыу үшін тест сұрақтары

Тест.
1. LEGO mindstorms EV3 жинағында датчиктің қанша түрі бар?
А) 3
B) 4*
C) 5
D) 6
E) 10-нан аса
2. Старт блогы - ...
А) бағдарламаның басы болып табылады *
B) моторларды таңдайды
C) датчиктерді таңдайды
D) іс-әрекеттерді анықтайды
E) дұрыс жауап жоқ
3. <<Рульдік Басқару>> блогына қосылатын мотордың атауы қалай?
А) үлкен мотор *
B)2 орташа мотор
C) датчиктерді басқару порттары
D) тәуелсіз басқару
E) дұрыс жауап жоқ
4. Дөңгелектің айналым санының бұрыштық көрсеткіші дұрыс көрсетілген нұсқасын көрсет:
А) 0,25 дөңгелек айналымы 75 градусқа тең
B) 0,5 дөңгелек айналымы 150 градусқа тең
C) 1 дөңгелек айналымы 360 градусқа тең *
D) 4,1 дөңгелек айналымы 1467 градусқа тең
E) барлығы да дұрыс

Ұқсас жұмыстар
Робот техникасы Қазақстан мектептерінде
Photoshop бағдарламасын оқыту курсының бағдарламасы
Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері
РОБОТО ТЕХНИКА
Тұрмыстағы химиялық заттарды дұрыс қолдану ережелерін білу
Робот техникасының тарихы және болашағы
ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ
РобоҚол роботын құрастыру
Қолжетімді материалдан жасалған роботтар
Робот дизайн үлгісінің нобайын постерде орындау
Пәндер