Ұлтымыздың ұлы өзені, қалдаяқов өзені

Имашева Әлия Қошқарбайқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Түлкібас ауданы И. Рыбалко атындағы

жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

Шығармашыл ұстаз.

Ұстаздық еткен жылдарында жеткен жетістіктері аз емес. Оқушылары да аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары.

1. Имашева Әлия «Білім берудің сапасы - мұғалімнің кәсіби шеберлігін, құзырлылығын, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету кепілі» тақырыбында өткен облыстық педагокикалық оқуда ІІ орынға ие болды.

2. Оқушысы Сәттібаева Ақбота отансүйгіштік, адамгершілік тәрбие аясындағы «Қайырымдылық көмек» атты шығармалардың аймақтық байқауында жүлделі ІІ орынға ие болып Республикалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

3. Оқушысы Данаева Нурила VI облыстық «Ақ қауырсын» шығармалар бәйгесінде бас жүлдеге ие болды.

4. Оқушысы Көлбаева Жайна Х облыстық Абай-Шәкәрім оқуларында ІV орынға ие болды.

5. Облыстық ғылыми жоба жарысында оқушысы Бұхарбек Назеркенің «Мұқағали шығармаларындағы арнау өлеңдер» тақырыбындағы ғылыми жұмысы «Әдебиеттанушы» номинациясына ие болды.

Сабақтың тақырыбы :

Ұлтымыздың ұлы өзені, Қалдаяқов өзені; (шығармашылық сабақ)

Сабақтың мақсаты :

А) білімділігі:

Ән өнеріне жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Ш. Қалдяқовтың өмірі мен шығармашылығына бойлата отырып, кең көлемде таныстыру.

Ә) Дамытушылығы:

Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істей білуге дағдыландыру, ғылыми ізденістерге жетелеу.

Б) Тәрбиелігі:

Халқымыздың ұлы сазгері Шәмші өмірі, өлеңдері, әндері арқылы балаларды өнерді сүюге, ұлылыққа бас июге, сұлулыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:

Шығармашылық сабақ.

Сабақтың типі:

Ізденіс сабағы

Сабақтың көрнекілігі:

Шәмші портреті, нақыл сөздер, буклеттер, баспа материалдары, стенд, т. б

  1. Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады

І топ. Шәмші жайлы естеліктер

«Шәмші қандай бақытты еді қазақта»

ІІ топ. Шәмші - сазгер

«Еліңе мәнгі ұнатқан, нәр бердің ән бұлақтан»

ІІІ топ. Шәмші - ақын

«Дарын едің алдына жан салмаған»

IV топ. Шәмшіге арналған өлеңдер, әндер

«Кеудем кейде мұңлылау ән салады,

Іздеймін кеп сондайда Шәмші ағаны»

Қонақтар отырған әр столға осы бағдарлама қойылған

  1. «Отырардағы той» әні орындалады
  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Жайна:

Жәмшид Шәмші атанып, оның компазиторлық атағы шыққан кезде, оның анасы қайта айықпайтын ауруға ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдағы Шәмшіні шақыртады.

Көрініс («Ана туралы жыр» әнінің шығуы)

Шәмші:

Міне, анам қайтыс болды, мен содан кейін үйлендім. Анам баласының бұл қызығын көре алмай, өмірден өтті. Бұл жағдай менің жаныма қатты батты. Анама арнап, ұзақ толғанып жүріп әннің жиырма бес вариантын жаздым. Ең соңында қазір өзім орнындағалы тұрған нұсқасына тоқтадым. Бұл бәріңізге арналады. (Ана туралы жыр әнін орындалады. Оқушылар аналарымен билейді.

Жайна:

Ана туралы жыр. Бұл ән өмірге осылай келді. Жай келген доқ. Ән әлемін дүркіретіп келді. Басқа елдерге де тез тарады. Дүниеде анаға деген сезімнің тереңдігін, қасиеттілігін, пәктігін, асқақтығын, жұмбақтылығын таныта білген мұндай әндер сирек. Тіпті, Монғолиядағы қазақ мектептері таңертеңгі алғашқы сабақты «Ана туралы жыр» әнімен ашатын көрінеді.

Дәулет:

Бәрекелді, Монғолия қазақтары әр сабағын «Ана туралы жыр» әнімен ашатын болса, біз бүгінгі Шәмші рухына арналған сабағымыздың алғашқы бесігін, Шәмшінің өз әнімен тербеткеніміз көңіл қуантарлық жай болды.

Дәулет:

Армысыздар, Шәмшідей талантты дүниеге әкелген киелі топырақтың ұстаздары, армысыздар Шәмші әнінен нәр алып өскен ағайын.

Жайна:

Ия, Шәмші әндері қазақ даласына қаранғы түн қойнауына сәулесін шашқан жарық жұлдыздай жарқырай келді.

Дәулет:

Шәмші Қалдаяқов. Қазақ өнерінде, оның ән, саз саласында тұтас бір дәуір болып қалған осы бір есім қазіргі қандастарымыздың үлкеніне де, кішісіне де етене жақын, ерекше ыстық. Өйткені, қартымыз да, орта буынымыз да сол Шәмші әндерінен көкірігіне нұр құйып, жүрегіне сыр түйіп өскен. Ал кейінгі жастарымыз . . .

Жайна:

Кейінгі жастарымыз ше? Олар мына біздер ғой. Ата-аналарымыз бүгінгі жастар Шәмші әндерін тыңдағанннан гөрі шетелдік әуендерді тыңдағанға өте үйір деп өкпе-наз айтып жатады. Осындай пікірлерге сен не айтар едің?

Дәулет:

Рас. Ондай өкпе-наздар көп айтылады. Бірақ, Жайна, «Таразының екі басы бар» демекші халық жүрегінің төрінен мәңгі орын алған ұлы композиторды ұлықтауды мектеп табалдырығынан Шәмші әндерінің кештерін ұйымдастырудан бастаса, бүгінгі жастарға айтылар өкпе-наз да азаяр еді, шетел музыкасына табыну да тыйылар ма еді еді деп ойлаймын. Солай емес пе?

Жайна:

Дәл солай. Өйткені Шәмші атаның құрметіне өтіліп отырған бүгінгі сабаққа дайындық басталғалы бері ән айта алмайтын менің өзім де ыңылдап Шәмші әндерін айтып жүруді әдетке айналдырып алдым.

Дәулет:

Ұлылыққа табыну деп осыны айт.

Жайна:

Қазақ елі- ардақты, әруақты ұлға кенде емес. Соның бірі Шәмшің болса, ол да 80-ге таяп қалды. Біздің алдымызда әнін айтады екенсің, өзін де аяла, ардақта. Елеп- ескерсең, еске алсаң түгің кетпейді деген міндет тұр. Өлгеннің шырағын қайта жандырып, құрағын қайта өсіру, пырағын қайта ерттеу- біздің борышымыз.

Дәулет:

Міне, қымбатты достар, «Жақсының қадірін жақсы біледі, дарынның қадірін дарынды біледі» деп Роза апамыз айтқандай, Шәмші туралы ұлыларымыздың бәрі өте керемет пікір айтқан екен.

Жайна:

Қымбатты ұстаздар, сіздер Шәмшімен бірге болған, Шәмшінің көзін көрген даналарымыздың, ұлдарының оған деген ыстық ықыластарын тыңдаңыздар.

Дәулет:

Мүмкін сіздердің орталарыңызда да Шәмші атамызбен кездескен, онымен тілдесу бақытына ие болған кісілер бар шығар. Егер бар болса осындай керемет сәтті пайдалана отырып, сіздерге де сөз кезегін берсек дейміз.

1. Қонақтардың сөзі.

2. Мұғалімнің сөзі (Теріскей әні орындалады)

Дәулет:

Ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын бұл күндері атамекені әлдилеп жүр. Бүгінгідей қыстың көңіл құлазытар қара суығында жүректерді жылытатын Шәмші әндеріне, оның шығу тарихына кезек берейік.

Фариза:

Мен ән айтқанды ұнатамын. Болашақта әнші болсам деген арманым да жоқ емес. Менің ән айтып жүргеніме 2 жыл болды. Ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Бірақ Шәмші атамыздың бір әнін де орындамағаным үшін өзімді кінәлі сезініп тұрмын. Бірақ мен әлі жаспын, болашағым алда. Мүмкін болашақта Шәмші Қалдаяқов атындағы халқаралық ән фестиваліне қатысуға бүгінгі сабақ ұйытқы болатын шығар деп ойлаймын. Сондықтан Шәмші Қалдаяқов атамыздың қазір орындағалы тұрған «Әнім сен едің» әнінің шығу тарихына тоқтап өтейін. Өзбекстанда жастардың әлдебір үлкен жиыны өтеді. Бұған Шымкенттен облыстық комсомол комитетінің сол кездердегі бірінші хатшысы Қалаубек Тұрсынқұловпен бірге Ш. Қалдаяқов та қатысады. Жиын соңынан берілген концертте Юнус Тураев «Дильбор, Дильбор» әнін орындайды. Шәмшіге қатты ұнаған сол әнннен соң шабыты оянып, Шымкентке келе пианиносына отыра қалып, «Әнім сен едіңді» дүниеге әкеледі. Әнді Фариза орындайды.

Мәлік:

Жазушы Оразбек Бодықов «Арыс жағасында» әнінің жазылу тарихын сұрағанда Шәмші сәл жымиып, біраз ойланып былай деді:

«Маған бір күні қара торы жігіт жолықты да былай деді.

  • Екеуміз де бір өзеннің бойында туыппыз, бір өзеннің суын ішіппіз. Мен осында нақ сүйіктімді, ең сұлуымды тауыппын, Шәмші деген атыңыз бар, қалайша сізге бір сұлу кезікпеді.
  • Неге олай дейсің?-деді Шәмші, -менің қиялыма ең сұлу осы жерде туды.
  • Олай болса неге әндеріңіздің ішінде Арыс жоқ, неге ерке өзеннің сұлуларын ән етпедіңіз?-дейді әлгі жігіт.

Сондықтан біз бүгінгі сабағымызды тек Шәмші атамыздың әніне ғана емес, оның өміріне, жалпы Қалдаяқов әлеміне, Қалдаяқов өзеніне арнамақпыз.

Дәулет:

Ендеше сөз кезегі «Шәмші қандай бақытты еді қазақта» деп тебіреніп отырған жас дарындарда.

Нурила:

Қазақ қашаннан да көкірегі күмбірге толы, жан дүниесі әнге, әуенге бай халық. Сондықтан да әнші -өнерпаздарын аспандатып ардақтаған. Халықының мұндай сый- құрметінен Шәмші атамыз да кенде болған жоқ. Оны бүкіл елі еркелетті, ресми орындар, қасаң қоғам қаншалықты елемеуге, ескермеуге тырысса да халық ханнан да биікке көтерді. Екі адамның басы қосылған жерде Шәмшісіз, оның әндерінсіз жиын-той өткен емес. Солай болып келді, солай болып келеді және солай болып қала бермек.

«Ән шығармас Шәмші ме,

Оны айтпаған әнші ме?»- кезінде халқы осылай деп еркелеткен Шәмші есімі сол бір алпысыншы-жетпісінші жылдарда ән деген ұғыммен, сезіммен астасып, бірігіп кеткендей еді. Ән дегенде Шәмші деп ұқты, Шәмші десе- ән деп түсінді. Халықтың арасында осыншалықты сүйіспеншілікке, атақ -абыройға бөленген, аты аңызға айналған Шәмші атамыз өмірде тым қарапайым, кішіпейіл, кеуде қақпаған, сұрамсақтықпен шенеуніктердің есігін қақпаған еді. Бірқатар тұстастары ресми атақтарға, лауазымдарға, сыйлықтарға ие болып жатқанда Шәкең бір ғана Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атағын қанағат тұтып жүре берді. Бірақ, Шәкеңе ең үлкен сыйлықты да, атақты да, лауазымды да елі, халқы беріп қойған еді. Ол-Шәмші есімін оның әндерін әрбір қазақтың көкірегіне құйып, көңіліне түйіп алуы болды. Әрбір қазақтың қанына сіңіп, жанына тұнып тұрған бұл есім, бұл әндер енді ешқашан да өшпек емес. Ал Қазақ бар кезде ән бар, ән бар жерде Шәмші бар. Шіркін-ай, Шәмші қандай бақытты еді, қазақта.

Әсел:

Мен Шәмшінің әндерін сиясы кеппеген кезінде алдымен айтып, Шәмшіні көре алмаған дұшпандарымен тартысып «бұл- ән әлемінде мәңгі қалатын талант» деп тіресіп жүріп, әндерін халыққа таратып едім. Шәмші өзінің «Ақ маңдайлым», «Ақ сұңқарым», «Қайдасың», «Еркежан» әндерін қағазға түсіре салып маған әкеп берген болатын. Екеуміз қазақ тангосын шығарайық деуші едім. Мен Шәмшінің «Кешікпей келем деп ең» әнін сол кезде неге айтпадым, білмеймін. Бірақ соған әлі күнге дейін қатты өкінем - дейді халық қаһарманы Роза Бағланова апамыз.

Равшан:

Ш. Қалдаяқовтың 70 жылдық торқалы тойында халық жазушысы, Шәмші атамыздың жерлесі М. Шаханов былай деп тебіренген еді:

Отырардың оттай ыстық топырағы Әлемге данышпандық даңқымен дараланған дарын Әбу-Насыр Әл-Фараби сынды ұлы тұлғаны жаратты. Дәл осы топырақ ешкімді қайталамайтын талант Қалдаяқовты туғызды. Жер қасиеті - ер қасиеті деген осы.

Мен 25 жасқа толғанымда туған күнімді тойладым. Сонда маған екі адам екі үлкен сыйлық жасады. Оның бірі Т. Айбергенов «Іле Алатауы өсімдіктерінің түсі және тасбақаның түрлері» деген кітап сыйлады.

Мен «Отырар дастанын» жазғанымда Шәкең «Сен бақыттысың, өйткені туған жер алдындағы перзенттік парызыңды өтедің, ал мен қайтемін» деп қабағын төмен салып еді.

Мен сонда «Оу, Шәке, сіз туған жердің де, туған елдің де алдында қарыз емессіз. Сіз бұл парызыңызды еліңіз ескерткіш қып шырқап жүрген әрбір әніңізбен әлдеқашан өтеп қойғансыз» дегенмін. Қалдаяқовтың бұл қобалжуы- өнерге деген тазалығы мен адалдығының айғағы.

Аспанда қалқып жүріп жердегіні теріп жейтіндер қауіпті. Шәмші жерге жақын еді. Оның ұлылығының өзі осында.

Жайна:

Мұхтар ағамыздың жастық шағының едәуір бөлігі Шәмшімен бірге өтті. Бірлесіп жазған өлең-әндерін кезінде бүкіл Қазақстан айтты. Қазір де сіздердің назарларыңызға екі «ұлының» достығының куәсіндей болған «Өмір-өзен» әнін жас әнші Базарбайқызы Ақеркенің орындауында қабыл алыңыздар.

Мықтыбек:


Ұқсас жұмыстар
Ән падишасы – шәмші аға
Гидросфера (қорытынды сабақ)
Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесі
Орал өзені бойы
Солтүстік америка ішкі сулары
Солтүстік Американың байырғы халықтары
География "америка материгіне саяхат", 7 сынып. сыныптан тыс шара
Ертіс өзені
Соғыс қимылдары - Ленинград шайқасы
Лексикадан өткенді қайталау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz