Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Христиан өркениеті
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысының білім басқармасы
<<Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі>> МКҚК
КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
колледж әдіскері директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
______А.Қожабекова ______Р.О. Нәлжігітова
<< _____ >>______ 2018ж.
САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ
Әлеуметтік экономикалық пәндік циклдік комиссия
1226000-Тамақтандыру өндірісі тағамдар технологиясы және оны ұйымдастыру мамандығына
Тақырыбы:Христиан өркениеті
Мәдениеттану пәнінің оқытушысы: _____________
Т. Рысқұлов 2018 ж.
Сабақ жоспары № 19
Пәні: Мәдениеттану
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың түрі: интербелсенді
Өткізілетін күні:16.11.2018ж.
Топ:ТӨ-721
Мамандығы: 1226000-Тамақтандыру өндірісі тағамдар технологиясы және оны ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы: Христиан өркениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
oo әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі - христиан діні туралы түсінік қалыптастыру
oo христиандықтың таралуы мен негізгі бағыттарын және қазіргі жағдайын анықтай білу
oo түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдау
oo әлемдік мәдениет құндылықтарын тани білу
oo қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру
oo отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу
oo жалпы адамзаттық құндылықтар мен нормаларды сараптап талдау
Дамытушылық:
oo түрлі танымдық тапсырмалар бере отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейту
Тәрбиелік:
oo отан сүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке, өз ұлтының салт-дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу
Сабақтың технологиясы мен әдіс-тәсілдері: Салыстыру әдісі, баяндау, топтастыру стратегиясы, дамыта оқыту технологиялары, сұрақ-жауап, түсіндіру, IT-технологияларын қолдану
Күтілетін нәтиже:
1.Студенттерді білім, білік, дағдыларын дамыта арқылы, рухани кемелденуді үйренеді
2. Топта ынтымақтаса отырып, бірлесіп жұмыс жасауды меңгереді
3.Теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту
Пәнаралық байланыс: Философия, Дүние жүзі тарихы, Әлеуметтану, Дінтану, Қоғамтану
Сабақты жабдықтау: а) сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай слайдтар ,оқулықтар
ә) үлестірмелі материалдар: кестелер , тестер, дидактикалық кеспе-қағаздар
б) оқытудың техникалық жабдықтары: Интербелсенді тақта
в) оқыту орны:№
Негізгі әдебиеттер:
1. Ш. А Нағымұлы Мәдениеттану - Астана -2010.
2. Т.Х. Ғабитов Мәдениеттану. А., 2001
3. Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ғ. Есім. Дінтану негіздері. - Алматы: Білім, 2010. - 312 б.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. 3-бөлім, 6 тарау. А.2002.
3. Дінтану негіздері:Оқулық/ Құраст. Н.Ж.Бәйтенова.- Алматы. Қазақ университеті, 2006. - 356 б.
4.Айтбаев О. Дінтану: оқулық. Қарағанды: Гласир, 2010. - 446 б.
5. Жабықбай, Ә. Қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция пәнінен дәрістер жинағы [Мәтін] / Ә Жабықбай; Шет тілдер және іскерлік карьера университеті.- Алматы: Полиграфия-сервис и К, 2011. - 146 б.
6.Қазақстан Республикасының << Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы>> Заңы . Шымкент 2011.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:5 минут
а) Сәлемдесу, түгелдеу, аудитория тазалығын тексеру, студенттердің сабаққа дайындығын бақылай отырып, топқа бөлу, студенттер арасынан топ белсенділері шығып, өз командасын жинап, үш топқа бөлініп отырады I-топ, ІІ-топ, ІІІ-топ.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 20 минут (Слайд)
Өткен тақырыптарға шолу: сұрақтар , тестер, дидактикалық кеспе-қағаздар арқылы:
І-<<Парасат>> тобы
1. Будда дінінің тарихы
Жауабы.
Буддизм - әлемдік үш діннің ішіндегі ең ежелгісі.Ол б.з.б.VI-V ғ.үнді мәдениетінің көпғасырлық діни-философиялық дәстүрінің негізінде құрылды. Буддизмнің негізін қалаушы Солтүстік Үндістанда Гималай тауының етегінде дүниеге келген Сиддхартха Гаутама болды. 29 жасында Сиддхартха бар байлықтан, патшалықтан, жанұясынан бас тартып, адамзатты азап жолынан құтқарудың жолын іздеп шығады. 6 жыл әр-түрлі даналармен, діндарлармен әңгімелесіп, тақуалық өмір кешкенде өзін ойландырған сұрақтарға жауап таппайды. Бірде киелі саналатын Бодхи ағашының түбінде ойға шомып отырған Сиддхартхаға кенеттен шындық ашылады
Қасиетті кітабы - Трипитака. (Үш себет даналық). Будда діні уағыздарының өзіндік ерекшілігі белгілі бір бейнедегі құдай жоқ. Будда барлық құдайлардан жоғары тұрады. Ол құтқару мүмкіндігі бар жеке тылсым күш емес, тек қана діндарлардың көзін ашып,оларға ақиқатты танудың,сондай-ақ дұрыс жүрудің жолын көрсетеді. Будда діні Веда уағыздайтын құдайларды, періштелерді, перілерді мойындап, басты құдай Брахманы да қолдайды.
ІІ- <<Атамекен>> тобы>>
1. Будда ілімінің негізіне айналған <<төрт ақиқат>> және игілікті сегіз жолы
Жауап:
Будданың ашқан өмір ақиқаты немесе ілімінің негізі - <<азап шегушілік>>, ол төрт игілікті ақиқаттан тұрады:
Бірінші ақиқат, өмір сүру азап шегу болып табылады.
Екінші акиқат, азап шегудің себептері адамның тілегі мен құмарлығына байланысты болды.
Үшінші ақиқат, азаптан құтылудың жолдары - құмарлықтан құтылу.
Төртінші акиқат, тілектер мен құмарлықты шешу үшін адамдар Будда көрсеткен жолдармен жүрулері керек
Будда ілімінің игілікті сегіз жолы
1.түзу көзқарас, 2.түзу батылдық, 3.түзу сөз, 4.түзу жүріс-тұрыс, 5.түзу тұрмыс қалпы, 6.түзу күш салу (өзін-өзі ұстай білу), 7.түзу ықылас, 8.түзу жұмылдыру.
ІІІ- <<Тұлпар>> тобы
Будда ілімінің і негізгі ұғымдары
1.брахман - әмбебап, жекесіз дүниелік жан, рухани бастау, одан бүкіл дүние өзінің барлық элементтерімен пайда болады
2.сансара - өмірдің дөңгеленіп айналуы. Адамның өмірін жандардың шексіз қайта туудың белгілі бір нысаны ретінде түсінеді
3. карма - жазмыш заңы. Адамның болашақта дүниеге келуі карма заңымен айқындалады. Адамның болашағы - адам бұрынғы өмірінде жасаған істері мен әрекеттерінің нәтижесі. Жақсы өмір салтын ұстанған адам болашақ өмірде ең жоғарғы Варнаның(сословиелер немесе тап ) өкілі ретінде дүниеге келеді. Мысалы брахман (діни қызметкер), кшатриялар (жауынгер немесе билік өкілі) немесе вайшья (жер иеленуші, қолөнерші немесе саудагер). Кім дұрыс өмір салтын ұстанбаса, болашақта кедей Варнаның тағдырын еншілейді - щудралар (қарапайым халық) немесе одан да төмен жануардың денесіне тап болуы мүмкін
4.дхарма - адамның мінез-құлқын айқындайтын өнегелілік заңы;
5. нирвана - адамды "объектілер мен құмарлық дүниесінен" босату, жетілудің жай-күйі, қайта туудың тоқтатылуы, азаптанушылықтың тоқтатылуы
6. атман - жеке жан
2. Буддизмнің үш үлкен тармақтары (кестені толтыру ) (Слайд)
І-<<Парасат>> тобы ІІ- <<Атамекен>> тобы>> ІІІ- <<Тұлпар>> тобы
1. Хинаяна ағымы
Махаяна ағымы
Ваджраяна немесе Ламаизм ағымы
1. Хинаяна ағымы - (кіші күйме ескі жол) будданың салт жолы. Ұстаздың бейнесін жай құрмет етудің орнына тәңірге айналдырылған Буддаға табыну Үндіде етек алды. Мифтік аңыз есебінде Гаутаманың жүрген жерлері, айтқан сөздері барлығы киелі ретінде көрсетіліп, сол жолмен жүру керек дейді. Қатардағы буддистерді сергектену жолындағы жұмыс, жақсы жиған еңбегі бойынша бағалайды. Сол себептен Оңтүстік және Шығыс-Оңтүстік Азиядағы монастырдің рольдері биік болды. Осыған байланысты хинАяна (кіші күйме) үнді мемлекетінен басқа елдерге жақсы таралған жоқ.
2. Махаяна ағымы (үлкен күйме, ұлы жол) - сергектенуге және нирванаға баратын жол, барлық адамға ашық, тек монах тәртібін сақтау мен будда жолы және бодхисаттардың жәрдемі керек дейді. Сол себептен, бұл ағым бодхисаттарды пір тұтып, данышпандық рөлдерін өсіреді. Олар нирванаға қатардағы адамдарды жеткізуге жәрдем береді. Махаянада көптеген діни қауымдар пайда болды. Жапония
Ламаизм Буддизм дінінің кең таралған формасы есебінде қарастырылады. Ол көбінесе, Тибетке, Монғолияға, Непалдың кейбір аймақтарына және Индияға таралды. Олардың монахтарын ламдар (жоғарғы, негізгі) деп атайды. Ламаизм алғаш VIII ғасырда Тибеттен шығып, XV ғасырда мемлекеттік шіркеу болып қалыптасты. Оның шіркеу басшысын, <<далай-лама>>, (теңіз ламы) немесе <<хушухты>> деп атайды. Далай-ламалар Будданың жер бетіндегі образы, олар өлгеннен кейін де балалары арқылы өмірге келеді дейді. Ламаизм Тибетте тараған кезінен бастап, жергілікті шаман дінінің міндеттерін өзіне алды. Ламаизмге шаман дінінің мистикалык <<тантр>> ілімі және <<сикырлық>> салттары енді.
3. Брейн - ринг әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі (Слайд)
11-сұрақ Буддизм дінінің негізін салушы кім? (Сиддхартха Гаутама)
2 -сұрақ Үнді мемлекетінің негізін қалаған Маурия әулетінен шыққан патша кім? (Ашок)
3- сұрақ Буддизм ілімі неше <<ақиқаттан>> тұрады? (Төрт)
4 -сұрақ Нирванаға жету жолы нешеу?( Сегіз)
5 -сұрақ Негізгі тармақтарын атаңдар. (Хинаяна , Махаяна, Ваджраяна)
6- сұрақ Қазақстанға буддизм қашан келді? (ІІ-ІІІ ғасырларда.)
7 -сұрақ. Ресейге буддизм нешінші ғасырда келді? (ХҮІІ - ХҮІІІ ғ.ғ.)
8- сұрақ.Чан- буддизм деген не? ( Қытайда махаяна мен жергілігті діндердің синтезі)
9 -сұрақ <<Өмір қайғы-қасіретке толы>>, - деп есептейтін діни ілім. (Буддизм)
10 -сұрақ Упанишадтар - бұл: ( Ведалық философиялық мәтіндер)
11 -сұрақ Санскрит тілінен аударғанда мәңгі заң, міңдет: (Дхарма)
12-сұрақ Ежелгі Үнді мәдениетінің алғашқы қайнар-көзі:( Ведалар)
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:35 минут (Слайд)
Жоспар
1) Христиан дінінің шығу тарихы
2) Православие, Католицизм, Протестанттық ағымдар
3) Қазақстандағы христиан дінінің таралу тарихы
Ой қозғау. Қызығушылықты ояту кезеңі
Интерактивті тақтадан:
<<Маған рухани күш, яғни адамның ішкі жан-дүниесінің тазалығы мен діни-сенімі бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады. Адам алдымен рухани жағынан жетілуге қадам жасайды да, содан кейін құдайды мойындайды, оған жақындай түседі.
Мұсылман діні мен христиан діні - Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты. Қай діннің болса да өмір сүруге құқығы бар. Ал адамдарда оларды таңдау құқығы, ождан бостандығы болуы тиіс... Құдайға құлшылық ету жас кезде де, егде тартқанда да жарасады.>> Н.Ә.Назарбаев
ІІІ.Ассоциация әдісі:
Христиан діні
Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') -- Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін. Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді. Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.
Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:
1.Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн);
2.апостолдардың арнаулы хаттары;
3.Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;
4.Ақыр заман туралы өсиет.
Христиан дінінің өзінен бұрынғы ілімдерге қарағанда халықты тарта білуінің негізін ғалымдар бірнеше ерекшеліктердің тұңғыш рет осы дінде пайда болуымен түсіндіреді. Оның алғашқысы - монотизм, яғни бір құдайлық. Иудаизмнен басқа діндер христиан діні туғанда көп құдайға табынатын. Ал бір империяға біріккен тұста монотизм табиғи әрі қажеттілік болатын. Екіншісі - діннің адамгершілік, гуманистік идеяларды басты мұрат етуі. Үшіншісі - өзге діндерге қарағанда христиандар да о дүние қалың бұқара халық үшін, әсіресе мына дүниеде қиналғандар үшін екінші, нағыз өмірде жақсылықтар беретінін уағыздады. Жұмақ пен Тозақ туралы айтылды. Төртіншісі - христиан діні нәсілдік, ұлттық бөліністерден аулақ, керісінше, осы дінді ұстанған барлық адамдарды бір - біріне бауыр санады. Бесіншісі - өзгелердей емес христиандар дадіни рәсімдерді атқару арзанға әрі оңайға түсті. Алтыншысы - христиандар құлдықты сынады, пенде атаулы құдай алдында бірдей деді. Ал бұл империялық үстемдік кезінде халықтың көкейінде ізгі мұраттарға жауап беретін.
2. Православие, Католицизм, Протестанттық ағымдар
Православие - құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух), Иисус Христостың құдай кейпіне өтуі, күнәсін жууы, қайта тірілуі және көкке көтеріліп кетуі болып табылады. Православиеге егжей-тегжейлі белгіленген тәртіп тән, әрекет негізін жеті қасиетті құпия дәстүрді құрайды: шоқындыру, тазару (евхаристия), тәубеге келу (ғибадат), миромен майлап шоқындыру, зәйтүн майымен шоқындыру (шіркеуде), неке, дін ұстану. Православиеде басты құдайға құлшылық ету литургия болса, басты мереке - Пасха. Дін басылары аққа (үйленген приход священниктері) және қараға (монахтар, некесіздік сөзін беретіндер) бөлінеді. Православие тарихи-өңірлік тұрғыда Балқан түбегіндегі грек, болгар, серб, черногорлықтар, македондықтар, румындар мен албандардың бір бөлігінде, ал Шығыс Еуропада шығысславяндық халықтардан өзге грузиндер, гагауздар, абхаздар мен осетиндер, молдовандар арасында, Ресей Федерациясында орыстармен қатар чуваштар, удмурттар, комилықтар мен карельдер, сахалар, ноғайбақтар ішінде тараған. Өткен ғасырдың аяғында православиенің таралуы қара құрлықта Сахара шөлінің оңтүстігінде және Оңтүстік-Шығыс Азияда жайыла бастаған. 1453 жылы Византияның құлауымен осы бағытты ұстанатын елдерде бір-бірінен дербес автокефалды шіркеулер құрылды. Православиеде католик дініндегідей бір дінбасыға бағынған орталық жоқ. Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Серб, Чехословак, Эллада және 4 автономдық: Крит, Синай, Финляндия, Жапондық шіркеулер православиелік діндарларға қызмет етуде.
Католицизм (гректің Кatholikos - жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) - бұл христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Католицизмді шамамен 200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен 560 мың священник жұмыс істейді. Католицизм діни ағымының негізін <<Кредо>> - жалпы христиандық сенім белгісі қалайды, онда 12 догмат пен 7 құпия бар. Католицизм діни ілімінің негізін Қасиетті жазу ғана емес, Қасиетті хикая да құрайды, ол 21 собор қаулысын түзеді, сондай-ақ Рим Папасының ресми құжаттары құрайды. Католик дінінің православиеден ерекшелігінің бірі ондағы жұмақ пен тозақ арасындағы тазартқыштың (чистилище) болуы. Католик дінін ұстанатын дінбасылар барлық деңгейде некеге тұрмауға, отбасын құрмауға ант (целибат) береді. Христиандардың бұл тармағының православиеден тағы бір айырмашылығы - филиокве, яғни мұнда киелі рух тек Құдай-Әкеден ғана емес, Құдай-Ұлдан (Иисустан) да жіберіледі деген догмада. Бұл теңестіру "филиокве" ("және Ұлдан") деген терминдік атауға ие болды. "Филиокве" түсінігі алғаш рет христиан діндарларының Толед (589) жиынында ереже ретінде қабылданып, 11 ғасырда христиан шіркеуінің "Шығыс шіркеуі" және "Батыс шіркеуі" болып бөлінуіне себептің бірі болды. 9 ғасырда Рим Папасының қарсылығына қарамастан, "Қасиетті Рим империясының" императоры Карл (Ұлы Карл) "филиокве" ережесін бүкіл "Батыс шіркеуіне" күштеп ендірді. Содан бері ол "Батыс шіркеуді" бейнелеуші ресми атау ретінде қалыптасты. "Шығыс шіркеуінің" христиандары "филиокве" ережесін дінбұзарлық іс деп қабылдады. Католиктер мен православие сенімі арасындағы бұл көзқарас қайшылығы осы күнге дейін жалғасуда. Католик Шіркеуін Әулие апостол Петр иегері есептелетін, басында Рим Папасы тұрған, халықаралық орталығы Ватиканда орналасқан қатаң сатылы ұйым ерекшелейді. Папаның ресми толық атауы былай аталады: Рим епископы, Иисус Христос орынбасары, Апостолдар Князінің көмекшісі, Бүкіл әлемдік шіркеудің Жоғарғы мәртебелі Понтифигі, Батыс, Италия Патриархы, Рим провинциясының архиепископы және митрополиті, Ватикан мемлекет-қала монархы. Ол тақта өлгенше отырады. Ватикан конституциясына сәйкес, Рим Папасына жоғары заңнамалық, атқару және сот билігі жатады. Ватиканның басқарушы органы Қасиетті Тақ деп аталады да, Рим католик шіркеуінің орталық әкімшілік аппараты Рим куриясы, ол әлем елдерінің көпшілігінде әрекет ететін шіркеулер мен қауымдық ұйымдарды басқарады. Өңірлік деңгейде епископтық конференциялар әрекет етеді. Католицизмде монахтық немесе <<рыцарлық>> ордендер деп аталатындардың әсері өте күшті. Қазіргі уақытта католиктік монахтардың миссионерлік қызметінің жаңа нысандары Африка мен Азия, оның ішінде Қазақстан болып отыр. Қазақстан аумағында католицизмнің бірінші пайда болуы XIII ғасырдан бастау алады. Олар Рим бастапқы священниктерінің тапсырмасы бойынша Ұлы хандарға сапар шегетін католик миссионерлерінің (францискан монахтары Джиованни дель Плано Карпини - 1245 ж., Гильом де Рубрук - 1253 ж. және т.б. миссиялары) келуімен байланысты. Қазақ даласына миссионерлер қанша ағылғанымен, олар өз дегендеріне жете алмады. Ал католик қоғамдарының пайда болуына Сібірге ХІХ ғасырдың ортасында және ХХ ғасырдың басында айдалған, жер аударылған поляктардың Қазақстанға келуі және Ресейдің еуропалық бөлігінен католик-немістер мен латыштардың көшуі елеулі рөл атқарды.
Протестантизм - (лат. Рrotestants - қарсы келуші, келіспейтін деген мағына) христиандықтағы үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен күресте оның маңызды түсініктері мен болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды. Маңызды протестанттық догмат ретінде әрбір пенде арадағы ешбір делдалсыз жеке сенім негізінде құтқаруға ие болумен және мәңгі өмірде тазаруға бағытталған бұл жол дін қызметкерлерін қарапайым қауымнан бөлуді алып тастады. Протестанттық ағымның немесе дін жолындағы төңкерістің көсемі Эрфуттағы Аугустин орденінің священнигі Мартин Лютер болды. 1517 жылдың 18 қазанында папа Лев X <<Әулие Петр храмын салуға және христиан әлемін құтқаруға көмек беруге>> шақырып, сол үшін ол адамды күнәдан арылтып, құдай алдында күнәсіз етемін деп индульгенцияның сатылатынын мәлімдеген булла жариялайды. Лютер бұл булланы қатты сынға алып, 95 тезистен тұратын қарсылықты Бранденбург епископына және Майн архиепископына жолдайды. Бұл жайында лезде тарап кеткен әңгіме Лютерді 1519 жылы сотқа шақырттырады. Папаның шешімімен Лютер шіркеуден (анафема) аласталады. Ол болса көпшілікке жария түрде Виттенберг университетінің ауласында Папаның оны шіркеуден аластаған булласын өртеп, Рим Папасының дінді бұзған әрекеттерімен күрес барша неміс халқының ісі екенін жариялайды. Бірақ Мартин Лютер өз елінің билігінен қолдау таппайды. Папаны қолдаған император Карлдан ыққан Лютер Фридрих Саксонскидің Вартбург қамалына тығылып, сол жерде Інжілді латын тілінен немісшеге аударады. Мұнымен қоса, 42 жастағы Лютер 1525 жылы бұрынғы монахиня Катарина фон Бормен некелеседі. Осының барлығы шын мәнінде католик дініне қатты қарсылық болатын. Аяғы Лютер ұстанған жолды дұрыс деп қабылдағандардың протестантизм аталатын ірі діни ағымын тудырды. Протестанттар өздері бөлінген католиктердің жұмақ пен тозақтан басқа тазартқышын дінінен алып тастайды. Олар үшін құдай алдында дінге өзін бағыштаған дінбасы да, шын құлшылығын жасаған өзге пенде де бірдей. Бастысы - адамдар сенімінің қасиеттілігі және Інжілдің ештеңемен тең келмес құдіреттілігі. Олар өз ішінде лютерандықтар, баптистер, адвентистер, пресвитериандықтар, методистер, англикандар, цвинглианттар, кальвинистер, квакерлер, евангелие христиандары, анабаптистер және басқалар деп бөлінеді. Баптистер
Баптистік қауымдар XVII ғ. басында пайда болды. Алғашқы ағылшын баптисі Джон Смит (1554-1612) болып саналады. Қауымдарда ересектерді суға батыру арқылы шоқындыру енгізілді. Конфессия атауы да осымен байланысты (грек. - baptize суға батыру, шоқындыру). Баптистер діни еркіндікті, төзімділікті, шіркеуді мемлекеттен бөлуді талап етті. Баптизм ілімінде жеке сенімге және дінді қабылдауға көп көңіл бөлінеді. <<Жалпы бап - тистер>> аман қалуға адам ырқының қатысуын мойындаған XVI ғ. голландық реформатор Яков Арминийдің ықпалында болды және Христосқа сенгендердің бәрі аман қалады деген доктринаны үстанды. <<Жеке баптистер>> кальвиндік жазмыш ілімін қатаң сақтайды.
1872 жылы АҚШ-та <<Библияны зерттеушілердің халықаралық қоғамы>> құрылды. Оның жетекшілері бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1914 ж. көзге көрінбейтін <<Христостың екінші рет келуі>> орын алды деп жариялады. 1931 жылы олар <<Иегова куәгерлері қауымының>> құрылғанын жариялады.
3. Қазақстандағы христиан дінінің таралу тарихы
Христиан діннінің Қазақстан территориясында XIV ғасырға дейін болғанына деректі куәліктер көрсетеді, бірақ одан кейінгі ғасырларда бұл аймақта христиан дінінің маңызы төмен түскені көрінеді. Оған қарамастан жеке ру тайпалар өздерінің христиандық өткен шақтарын ұмытпады. Құдай иеміздің игілігімен шындық жарығы қазақ еліне өзінің нұрын қайта шашты, бұл жолы Орыс Православия Шіркеуінің көмегімен орындалды. XVIII ғ/дың соңында, қазақ халқы Екатерина II патшаханымынан, елші жіберіп өздеріне жаңа дінге шомылдырып кіргізетін дін қызметкерлерін жіберуді сұрағаны белгілі, бірақ жауапты істер лезде орындала қоймады. 1820 ж/р аралығында орыс Шіркеуінің (Святейший) Синодында Қырғыз миссиясын (қазақтарды ол кезде қырғыздар деп атады) құру жайында сұрақтар қойылды, ол кез қолайлы уақыт деп саналды. Өйткені көптеген қазақ ауылдары, өздерінің православия дінін қабыл алуына ықыласын білдірді. Атақты Алтай миссионері әулие Макарии (Глухарев) Алтай төңірегідегі тұрғылықты халықтарға православие дінін танып білуіне көптеген еңбегін сіңірді. XIX ғ. Екінші жартысында Қырғыз миссиясы құрылды. Миссионерлердің басты мақсаты ауылдар арасында Қазақ тілінде ізгі хабардларды уағыздап, үздіксіз миссионерлік саяхат жүргізуден, ғибатханалар тұрғызудан және жаңадан шомылдырылған қазақ балаларына миссионерлік мектеп ашып, оларды жаңа ілімге үйретуден тұрды. Бұл мектептерде сабақ қазақ және орыс тілдерінде берілді. Шіркеулерде құдайға қызметшілік қазақ тілінде орындалды, клиростарда қазақ тілінде жаңа шомылдырылғандардың балалары ән айтты. Жаңа өсиеттің киелілердең өмірі жайында және әр түрлі құдайлардың қызметіне арналған әндердең аудармалары болды. Қазақстанда православие сенушілері саны бойынша Ислам кейінгі екінші діни бағыт болып табылады, ол орыс Православие шіркеуінің діни қауымы, сондай-ақ дәстүр қауымдастықтарымен көрініс табады. Еліміздегі православинің пайда болу тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу салдарынан туындаған бастапқы әскери қоныстарымен байланысты. 1871 Түркістан Ипархиясы құрылып, одан Қазіргі Алматы, Шымкент және Ташкент ипархиялары таралды. 1917 жылы революцияға дейін, православие шіркеуі патшалық Ресейдің мемлекеттік діні болып табылды және осының негізінде өзге діндермен салыстырғанда елеулі артықшылықтарды пайдаланды. Қазақстан тәуелсіз ел атанғалы 1992 жылы <<Діни сенім бостандығымен, Діни Бірлестіктер туралы>> заң , 2011 жылы <<Діни қызмет және Діни бірлестіктер туралы>> жаңа заң қабылданды. Алғашқы асығыс қабылданған заң, қазақ жеріне миссионерлерді ағылтқаны аян.
ІV. Студенттердің білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру және бекіту, (пысықтау), сабақты қорытындылау:20 минут (Слайд)
І- тапсырма
<< Христиан өркениеті>> тақырыбының мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар мен материалдың мазмұнын тұтастай айқындайтын топтық жазбалар жасалады. (тезис )
ІІ- тапсырма (проблемалы полемика)
ІІІ- тапсырма
Кесте: Христиан дінің негізгі бағытары мен өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, кестені толтырыңыз
Бағытары
Католицизм
Православие
Протестанттық
Баптизим
Иегова куәгерлері
Пайда болған уақыты мен ошақтары
Негізін салушы
Басты принциптері мен қарастырған мәселелері
ІV- тапсырма
Венн диаграммасы.
Христиан діні Буддизм діні
V- тапсырма Белсенділік танытпаған студенттерге жекелей тест түрінде тапсырма тарату
(мини тест әдісі бойынша):
1.Христиан діні алғаш қай елде пайда болды?
А. Иранда;
Ә. Иракта;
Б. Палестинада. +
2. Христиан дінінің негізін салушы?
А. Гаутама;
Ә. Иисус Христос; +
Б. Мұхамед пайғамбар.
3.Христиан дінінің қасиетті кітабы?
А. Құран;
Ә. Трипитака;
Б. Інжіл. +
4.Христиан діні қашан пайда болды?
А. Б.д. І-ғасырында;+
Ә. Б.З.Б. І-ғасырда;
Б. Б.д ІІ-ғасырында.
5. Діни сенім бостандығы құқығы Заңның қай бабында көрсетілген?
А. 4-бап;
Ә. 3-бап; +
Б. 1-бап.
6.Шіркеу әкелерінің" ілімі
A)Апологетика
B)Евгеника
C)Патристика
D)Аскетизм
E)Схоластика+
7.Теоцентризм" анықтамалық мағынасы:
A)Құдай-абсолют, дүниенің болуының негізгі себебі+
B)Болмыстың шегі бар деген мағынасы
C)Әлем мәңгі қозғалыста деп есептейді
D)Болмыстағы оқиғалардың қайталуы
E)Өмірдің рахаттылығын көрсетеді
8.Христиан дінінде славянофилдер қай бағытты дұрыс деп санады?
A) Православие+
B) Протестантизм.
C) Католицизм.
D) Пантеизм.
E) Деизм.
9. Анимизм
А) дінге сену
В) аңыз - әңгімеге сену
С) салт - санаға сену
D) өсімдіктермен жануарлар дүниесіне табыну
Е) жан, рух дүниесіне табыну, сену+
10.Буддизмнің Шығыс елдерге тарауынан, ХVғ. Тибетте мемлекеттік дін болды, оның аты:
A) Дао.
B) Дзен.
C) Самхид.
D) Ламаизм.+
E) Дурга.
11.Христиан діні Рим империясында қай жылы мемлекеттік дін деп жарияланды?
A) 313ж.
B) 324ж.+
C) 325ж.
D) 380ж.
E) 1054ж.
12.Христиан діні кай жылы екі ағымға бөлініп шыкты?
A) 320ж.
B) 380ж.
C) 670ж.
D) 1054ж.+
E) 1056ж.
13.Христиан діні Русь жерінде ресми түрде қай жылы қабылданды?
A) 380ж.
B) 988ж.+
C) 1054ж.
D) 1056ж.
E) 1242ж.
14.Католик шіркеуінің орталығы:
A) Синагога.
B) Мешіт.
C) Ватикан.+
D) Константинополь.
E) Рим.
12.Католик шіркеуіне қарсы шыкқан бірінші реформатор:
A) Ян Гус.
B) Джон Виклиф.
C) Томас Мюнцер.
D) Мартин Лютер+
E) Жан Кальвин.
V. Жаңа сабақты қорытындылау 5 минут (Слайд)
Рефлексия
Білемін
Білдім
Үйрендім
Студенттерді бағалау 3 минут
oo оқу процесінің әр кезеңінде әр студенттің дайындық деңгейін анықтау арқылы
oo түрлі жұмыстарды орындағаны үшін бағалардың дифференцациялануы арқылы.
VI. Үй тапсырмасы жайында мәліметтер:2 минут (слайд)
1).Н: [1] 201-217 бет
Н: [7]236-249 бет
Қ: [26]250-259 бет
2.Католик діні және Рим папасы тақырыбы бойынша баяндама дайындау
3. Реферат
Оқытушы ______________

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz