Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең сынампаз бөлігі болып табылады

«Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады». Н. Ә. Назарбаев

Кіріспе сабақ Мектеп мұғалімі.

Бұл тақырыпты оқып-үйрену үстінде сіздер таңдап

алған мамандықтарың - мұғалім қызметі туралы,

Оның қоғамдағы ролі, педагогикалық еңбегінің

ерекшелігі, құрылымы, ұстаздық шеберлік, әдеп-мораль

түсініктерін аласыздар.

Ұстаздық қызметте қажетті дағдылар негізі мен

іскерліктер, ұстаздық шеберлік компоненттерімен

таныс боласыздар; Ұстазға тән негізгі қасиеттерді өз

бойларыңызда тәрбиелеу қажеттілігін анықтайсыздар.

Болашақ маман, ертеңгі ұстаз қандай болу керек ? -

профессиограммасын жасап,

«Болашақ мектеп моделі» атты шығармашылық жұмыс

орындайсыз.

Ы «Ұстаз - мектептің жүрегі»

Ыбырай Алтынсарин.

(1841-1889)

ахмет

«Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім.

А. Байтұрсынов.

(1873-1937)

Мектепте оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман - Мұғалім.

Ұстаз деп те, оқытушы, тәлімгер, мастер, педагог деп те атауға болатын адам - арнайы кәсіби дайындықтан өткен, педагогикалық іс-әрекетпен айналысатын тұлға.

Мұғалім әр оқушы, өсіп келе жатқан ұрпақ алдында, қоғам мен мемлекет алдында үлкен жауапкершілік жүктелген әрекет иесі. Болашақтың қандай болатындығы - бүгінгі педагогтардың әрекетінің нәтижесі. Ешқандай да басқа мамандық иесінен тап осындай Отан, мемлекет, халық тағдырының жауапкершілігін арқалаған мамандық иесін таппайсың.

Мұғалім оқушының, тәрбиеленушінің дүниеге ғылыми дүниетанымын, диалектикалық материалистік көзқарасын, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, менталдық сапаларын, жоғары адамгершілігін, белсенділігін, адамдарға, мамандыққа сүйіспеншілігін, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын үйрететін, оқыту-тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін игеріп енгізуші, белсенді әрекет иесі.

Мұғалімге қойылатын талаптар өте көп. Г. Г. Воробьев «Школа будущего начинается сегодня» деген мұғалімге арналған кітабында оқушылардың мұғалімге қоятын 20-дан астам талабын көрсеткен. (ал сіз ше? Қандай талаптар қояр едіңіз?) ……

Негізінен, ол талаптарды С. Б. Елканов үш топқа бөліп көрсетеді:

Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық пен жауапкершілік сезімі (педагогикалық мораль) .

Кәсіптік мамандық даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылымдылық білімі. Өз пәнін, ғылымын игеруі, оны оқыту методикасын, психологияны, педагогиканы меңгеруі.

Педагогикалық технологияны игеру.

Мұғалім педагогикалық процестің субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа, іскерлік қарым-қатынас және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық қатынас қалыптастыруға бағыттауы керек.

Мұғалімнің кәсіптік іс-әрекеті төмендегі бағыттарды қамтиды: тәрбие жұмыстарын, оқыту процесін ұйымдастыру. Тәрбие негізгі мақсат болғандықтан мұғалімнің жеке тұлғасы оқушыға барлық жағынан үлгі болуы керек. Осыдан мұғалімнің әлеуметтік позициясы (өз мамандығына бағыттылығы, педагогикалық борышты сезінуі, жауапкершілігі, педагогикалық моральды, тактіні сақтауы, педагогикалық әділдігі, беделі, т. б) және кәсіптік позициясы (азаматтық белсенділігі, балаға деген сүйіспеншілік, рухани дүниесінің байлығы, ғылыми-педагогикалық ойлауының қалыптасуы, шығармашылық-жаңашылдық көзқарас, көпшілдігі, физиологиялық-психикалық тұрғыдан денінің саулығы, кәсіптік жұмысқа қабілеттілігі т. б. ) айқындалады.

Мұғалімнің кәсіптік құзырлылығы теориялық дайындықтан (талдау іскерлігі, болжам жасау іскерлігі, құрастыру (проектілік) іскерлік, рефлексивтік іскерлігі т. б. ) және практикалық дайындықтан (ұйымдастырушылық, өз ықпалына ерту, ақпаратты жеткізу, дамыту, бағыттау, перцевтивтік қарым-қатынас орнату, қолданбалы іскерліктері)

☺Сөздік жұмыс:

Педагогикалық мораль - мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бір талап-тілектердің, қағида-ережелердің, қалыптың (норманың) мазмұндық тұжырымның жүйесі, жиынтығы.

Маман, кәсіби шеберлік иесі

Нағыз мұғалім : Адам, ізгілікті тұлға

Зерттеуші, ізденуші

Ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер

Мұғалім - күн сәулесі іспетті!

Ұстаздық шеберлік компоненттері

Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі.

Мұғалім мамандығына бейімділігі, қабілеттілігі.

Кәсіптік көрегендігі.

Балаларға деген сүйіспеншілігі, сенімділігі.

Ұйымдастырушылық шеберлігі.

Оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білуі, шешімді дұрыс, уақтылы қабылдай алуы.

Ұстаздық сезімталдығы, мейірімділігі.

Педагогикалық техника.

Альтруизм.

Толеранттық.

☺ Сөздік жұмыс: Альтруизм - франц., басқа кісінің бағыт-бағдарына бағытталу, аңсары кетуі.

Толеранттық - өзгемен серіктестік рухта болу, өзгемен санасу, сыйласу, ізгілік, төзімділік, т. б. жақсы қасиеттер.

Артық етпес білгенің . . .

12 жылдық білім беруде педагогикалық процесті ұйымдастыратын мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар немесе

Болашақ мұғалім моделі:

1. Өзінің пәнін терең білу

2. Дидактиканы білу

3. Пән әдістемесін білу

4. Баланың жас ерекшелік психологиясын білу

5. Мектептегі оқыту мақсатын анықтай алуы

6. Білім мазмұнының теориялық негіздерін терең білуі

7. Ғылым жетістіктерін қолдана білу

8. Озат тәжірибені талдап, жетістіктерін үйрену

9. Күтілетін нәтижені болжай алуы

10. Жоғары адамгершілік мораль

11. Ұйымдастырушылық қабілет

12. Жағымды мінез - құлық

13. Қарым - қатынас шеберлігі

14. Әділеттілік

15. Құрастыра білу

16. Реттеушілік

17. Альтруизм

18. Толеранттық

19. Сезімталдық

20. Балаға деген сүйіспеншілік . . .

Білім жүйесі, ұрпақ тәрбиесі-баршаның ісі, әркімнің төл міндеті.

Бұл талап-міндет кеше де қымбат болған, бүгін де аса маңызды. Өйткені: болашақ бағбаны-жас ұрпақ тәрбиесіне ата-ана мектеп, қоғам мемлекет, Мұғалім жауапты. Тарих тағылымы, ұлт өнегесі осы. Осы тұста еске алар жайт: ұлттық рухтың мықты ақыл-парасаттың биік, тәлім-тәрбиенің терең, сана-сезімнің мөлдір болғаны абзал-ақ. «Ұлтының қамын ойламаған адамның қамын-ұлты да ойламас болар» (Р. Ғамзатов) деген даналық сөзде үлкен шындық, тағылым бар. Біздіңше, мұның білім беру жүйесіне, тәлім-тәрбие ісіне де қатысы бар. Ақиқатқа тура қарасақ, білім беру ісі прогрестің қозғаушы күші және рухани әлеуметі ретінде уақыт талабына сай жауап беруі, жас мамандардың өзгермелі жағдайларға бейімделе білу қабілетін қалыптастыруы секілді мәселелерді шешіп алмайынша, қоғам дамуының тұрақты болуы екіталай. Еліміздің ғылыми-техникалық қуаты едәуір қарқын алып, білім берудің ұлттық моделі құрылды, мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы күшіне енді. Білім мен ғылымды дамытуға, орта және жоғары білім сапасымен қатар жастарды өз Отанына деген сүйіспеншілік сезіміне баулу, салт-дәстүрді санаға сіңіріп өсіру секілді маңызды мәселелерді қамтуға көңіл бөлу нәтижесінде кез келген ұлт пен ұлыстың әлемдік білім кеңістігінде өзіне тиесілі орнын иеленуіне мүмкіндік береді.

Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау- мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта не жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім кәсіби дамиды: ол жаңашыл, оқушыларға тәрбие мен білім берудің теориясы мен практикасындамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.

Қазіргі заман мұғалімнің жаңа проблемаларды жүйелі түрде оқуын және зерттеуін талап етеді. Сондықтан, әрбір педагогтың оқу, білім беру, тәрбие және ұжымды басқару теорияларымен, шетел психологтары және педагогтарының тізденістерімен үнемі танысып, керектерімен қаруланып отыруы қажет.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруде екі жағдайды ескерген жөн. Олардың бірі-мұғалімнің жеке жоспарына сәйкес өз бетімен білім алу жолы, екіншісі- әр түрлі ұжымдық жолмен мамандықты көтеру. Ұжымдық формалары: әдістемелік және теориялық семинарлар; мұғалімнің білімін жетілдіру институты жанындағы қысқа мерзімді курстар. Мұғалімнің қандай да болса педагогикалық еңбекке жарамдылығын, деңгейін үнемі жаңартып, жетілдіріп отыруды қажет етеді.

Тест арқылы өзіңді тексер:

Сіз қандай ұстазсыз?

1. Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?

а) жүрек қалауымен

ә) кездейсоқ

б) лажым жоқтықтан

2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:

а) керемет жұмыс

ә) күнкөріс үшін

б) бас қатыру

Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы

а) өте сауатты деп есептейді

ә) қанағаттанарлық

б) жұмысы жоқ

Оқушылар арасында жарыс болатын болса:

а) міндетті түрде менен көмек сұрайды

ә) кейде

б) маңыма мүлде жоламайды

5. Сіздің сабақ өткізу тәсіліңіз қандай?

а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын

ә) сирек қолданамын

б) оқулықпен шектелемін

6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:

а) қатені мойындап, кешірім өтінемін

ә) үндемей құтыламын

б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін

7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда

а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын

ә) басшылар ескерткенде ғана

б) бас ауыртқым келмейді

8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?

А) мүлде қол жұмсамаймын

ә) анда-санда

б) «Аюға намаз үйреткен - таяқ» деп есептеймін

9. Мұғалім болғаныңызға

а) ризасыз

ә) сізге бәрібір

б) өкінесіз

10. Ұжым арасында беделіңіз:

а) өте жоғары

ә) жақсы

б) орташа

Әрбір

«а» жауабына - 5 ұпай

«ә» жауабына - 3 ұпай

«б» жауабына - 1 ұпай есептеңіз

ұпай жинасаңыз:

Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.

жинасаңыз :

Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.

жинасаңыз:

Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.

«Егер адам артына өз ұрпағына пайда келтірердей іс қалдырса, оның жаны өлмейді». (Ж. Баласағұн. ) .

Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ?

(Назым Хикмет) .

Адамның жақсысы, адамға адамшылық жасағандар

(Абай)

.

Ұстаздың абыройы болмаса -шәкірттері оның сақалымен ойнайды.

Сайф Сараи

Басқаларды үйрету үшін өзің көп білетін болуың керек.

А. П. Чехов

1-тақырып Педагогикалық шеберлік туралы түсінік.

Педагогикалық шеберлік не деген сауалға көптеген авторлар жауапты жемісті нәтижеге жеткен педагогтердің еңбектерінен іздейді.

Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиелеу теориясы мынадай жалпы ғылыми және жалпы әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді: ғылымилық, адамгершілік, диалектикалық теория мен жүйелілік, саналылық, қол жетерлік тәжірибелердің байланысы. Осы тәжірибелердің тексерілген ұстанымдық талдауына сүйенсек, оқыту мен тәрбиелеу, қарым-қатынас пен жекелену педагогикалық шеберліктің білім және басқа да заңдылықтар мен сабақтастығында ерекше қасиет. Бірақ, бұл заңдылықтар өздігінен шеберлікке ие болу жолдарын көрсетпейді және оның негізгі мінездемесі болып табылмайды. Толық жауап алу үшін психологиялық-педагогикалық теориялар мен тәжірибелер жетістіктеріне терең талдау қажет.

Б. Скиннердің айтуынша, “Үйрету технологиясы - психология жетістіктерін педагогикада қолдану”. Оқытудағы жаңа технологияның нығаюы тұлғалық қызметтің педагогикаға ықпал етуімен тығыз байланысты. Мұндай ықпал ету белгілі мағынада әрекетшіл және өзіндік парадигмаларды педагогикалық психологияда теңестіреді.

Өмір педагогиканың алдына ұстанымдық жаңа мәселелерді ұсынады.

Фрейдтың шәкірттері Вильгельм Рейх, кейінірек Фредерик Перлз адам ішкі жан дүниесіндегі қайшылықтарды жеңіп шығуы қиындықтан құтылудағы, өзгеруге тырысуындағы үрдіс болып табылады деп тұжырымдаған. Адам қиындыққа ұшыраса не қауіп төнсе уайымға беріледі. Яғни, төнген қатерді аса әсірелеп, күшейтіп жеткізу адамның қорғану әрекеттеріне шек қояды.

Мұғалімнің өзін-өзі актуаландыруындағы әрекеті өз талабы мен әлеуеттік мүмкіншілігіне негізделген. Өйткені, ол өзін дамыту, тәжірибелерін кенейту арқылы өз білімін көтеріп, білгенін өзгеге сіңіреді. Осы тұрғыдан алғанда, тұлғалық өсу заңдылығы өзін-өзі актуаландыру және қорғау, манипуляциялау қасиеттерін дамытудың балама жолдарын ұсынады:

  • адекватты қабылдауға тырысу, құштар болу;
  • өз бойыңа табиғилық, өзгергіштік қасиеттер дамыту;
  • өзіңді де, өзгені де сынаусыз қабылдай алу, философиялық көзқарас пен қалжыңды таразылай білу;
  • мүмкіншілігінше еркін жүруге, өз ойыңа және сезіміңе сенімді болуға, өзіңнің алдыңда адал болып, әр нәрсеге жауапкершілікпен қарай білуге тырысу керек;
  • өз шығармашылық қасиеттеріңді дамытып, мұқтаждығың мен қалауыңа мұқият болу қажет;
  • күресе білу, жинақылық, амал таба білу сияқты қорғану қасиеттерін танып білу, сезіну;
  • өзгемен бірлесе алу, оның өзіндік құқығын сыйлау, яғни өзіңді тең санау қасиеттерін дамыту.

Педагогикалық білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге ұшырайды. Педагогикалық мәдениеттің прагматикалық және руханилылық бөліктерінің арасында органикалық байланыс бар. Педагогикалық еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей байланысты болады.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі - мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Педагогикалық шеберлік - ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К. Д. Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр - сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», - айтады.

Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері (мақсатқа лайықтылық, шығармашылық, үйлесімділік)

Педагогикалық шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы, жан - жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс - тұрысы, қозғалысы, отырып - тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

Педагогикалық мәдениет . Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан) . Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. . Педагогикалық мәдениет жөнінде сөз қозғағанда қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған, оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет кайраткерінің жеке шығармашылығы оған дейін халық жөне адамзат жеңіп алған жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз халқының мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын өзінің көп ғасырлық тарихында халық туғызганды меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар мен адамзат жасаған игіліктерді игеруі қажет. Тек халық пен адамзат рухани қазынасы жиынтығы ғана мәдениет қайраткерінің шығармашылығына нақты тұғырнамалық негіз бола алады. Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен өлшенеді.

2-тақырып Педагогикалық шеберлік компоненттері және оларға сипаттама

Педагогикалық техника негіздерін білу- қарым-қатынас жасау тнхнологиясын игерудің қажетті шарты.

А. С. Макаренко: «Мен тек «бері кел» деген сөздерді 15-20 түрлі реңмен айта білгенде, бет әлпетімнің, тұрған тұрысымның, дауысымның 20 түрлі қылып өзгертуді үйренген кезде ғана өзімді нағыз шебер деп есептей бастадым. Бірақ, маған біреу осыдан кейін келмесе де және не керек екенін сезбесе де мен қорыққан жоқпын», - деп жазған болатын. А. С. Макаренконың айтқан бұл ойынан педагогикалық техниканың білі, дағдыларының қатарында ең маңызды тәрбиелеу құралдарының бірі мұғалімнің сөз сөйлеу шеберлігінің дамуы екенін байқаймыз. Егер педагогикалық техниканың көптеген білік, дағдыларын бір топқа біріктіретін болсақ, онда мұғалім шеберлігінің бұл маңызды компонентінің құрылымы төмендегі жалпы біліктерімен сипатталады: сөз саптау білігі, бет әлпетінің өзгеруі және пантомималық өзгеруінің айқындылығы, өзінің психикалық жағдайын басқара білуі және эмоцианалдық-шығармашылық жағдайын қолдай білуі, актерлік-режиссерлік біліктер, осының барлығы тәрбиеленушілердің ойына, сезіміне әсер етуіне, дүниеге деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас тәжірибесін бере білуге мүмкіндік береді.

Мұғалімнің сыртқы мәдениеті дегенде педагогикалық әдепті айтсақ болады. Педагогикалық әдептің негізі - оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген қөзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады. Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім-бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар. Мұғалім оқушыларға жаңа материалдарды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.

Ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер


Ұқсас жұмыстар
Оқыту сапасын арттыру мәселелері
Ата-аналарға арналған баяндамалар
Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде алашордашылар еңбегінің ролі
Жасөспірімдердің мінез-құлқында болатын өзгерістерге отбасының ықпалы
Жаңашыл әдіс-тәсілдер
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Мұғалімдердің кәсіби деңгейінің негізгі көрсеткіші оның санаты
Қанның құрамы
БАЛАҒА БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ КЕЙБІР КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Ұлттық тәрбиені білім беру үрдісіне ендірудің маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz