Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сапалы білім жүйесі - жарқын болашақ кепілі

Уақыт - алақандағы құм секілді: қолыңмен уыстап алғаныңмен, тез арада сусып, жерге төгіледі. Заман да сондай. Күн сайын дамып, тіпті әлемде сағат сайын жаңалықтар ашылуда. Ал, осы жаңалықтарға бағыт беретін, еркіндігіміз бен елдігіміз сыналар шақта барымызды жүгендеуге, жоғымызды түгендеуге түнгі аспандағы жетіқарақшыдай халыққа жол сілтейтін ол әрине - Ұлт көшбасшысы, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы.
Елбасы Жолдауы - ел экономикасын жаңа нарықтық сапаға көтеріп, әлеуметтің әлеуетін әлді етеді. Нақты іске асуы тиіс іргелі бастамалар да бар. Алда айқын бағыт, ауқымды міндеттің тұрғаны бесенеден белгілі. Басымдық беретін салалар да жіктеліп, белгіленген болатын. Белді отандық ғалымдардың сөзінше, маңызды құжат - жаһандық бәсекеге қабілеттілікті төмендетпей, 30 дамыған елдің сапына тұрып, санатына қосылудың алғышарты болып табылады.
Елбасымыздың кезекті <<Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері>> атты Жолдауы 2018 жылы, қаңтар айының 10-ыншы жұлдызында жолданған болатын. Бұл жолдау мазмұндылығымен, нақты міндеттерімен ерекшеленді.
Жолдау 10 нақты міндетті жүктейді. Төртінші басымдық ретінде аталған <<Адам капитал сапасын жақсарту>> бөлімінде <<Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларн дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, ІТбілімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет>>, - деген Мемлекет басшысы үштілді білім беру туралы айтып, оның ішінде ана тіліміздің рөліне тоқталады. Қазақ тілінің басымдығы сақталып, оны дамытуға зор көңіл бөлінетіндігі көңілдегі күдікті сейілтері анық.
Үш тілді меңгеру - жастарымыздың әлемдік білім көгінде қанатын еркін жаюға мүмкіндіктер береді. Заман ағымына сай өз ана тілімізбен қоса, орыс пен ағылшын тілдерін 1-ші сыныптан бастап оқыту да назардан тыс қалған емес. Мектеп бағдарламасындағы пәндерді үш тілде оқыту - оқушы сауаттылығын арттырып, қызығушылығын оятып, интелллектуалдық деңгейін жоғарылатады.
Ал, латын әліпбиіне көшкенімізде ұтатын тұстарымыз:
- Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз;
- Қазақ тілін оқытқан уақыытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қыссқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үдерісін жеңілдетеді;
- Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады;
- Түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздер олармен рухани, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.
Жаңаша ойлау туралы білімді ұсыну мен өңдеу - инновациялық қоғам үшін аса маңызды екені анық. Сондықтан, Елбасының биылғы Жолдауы бұған дейін жасалған 5 жалпыхалықтық реформасы мен дамыған елдердің қатарына жету бағытындағы <<100 нақты қадам>> Ұлт жоспарын жүзеге асырудың айқын тетіктері екенін астарсыз-ақ түсінуге болады.
Жұмысымды Ақтөбелік жас ақын Балтабек Нұрғалиевтің жыр шумақтарымен қорытындыласам:
Жұмыстарға ат салысып қоғамдық,
Тек алдыға жасайық біз қадам нық.
Ұлы таңға жетелейтін ұрпақты,
Ұлы Далам, саған деген адалдық.
Ата берсін, ата берсін сауап таң,
Жылуын кең, жарығын кең таратқан
Ұлт Көсемі аман болсын әрдайым,
Ұлы Далам аман болсын, Жаратқан!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz