Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мен - қазіргі заман педагогімін
Мен - қазіргі заман педагогімін
Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев
Ұстаз - кеудесінде соғып тұрған жүрегі бар, алдына қойған мақсаты мен тілегі бар барша адамның жанашыры һәм жарқын болашаққа бастар темірқазығы. Олай дейтін себебіміз, алдына келген әр шәкіртіне өзінің жылдар бойы жинаған білімін, таным-түсінігін үйретіп, жақсылыққа баулиды. Дана халқымыз <<Ұстаз болу - жүректің батырлығы>> деп бекер айтпаса керек.
Ұстаздық - көп мамандықтан бәсі жоғары жауапты қызмет. Оның алдындағы бүгінгі кішкентай ұл мен қыз ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат пен азаматша. Сондықтан, заманның да, қоғамның да артар жауапкершілігі зор. Ұстаз жас өрендердің бұлтты аспанның кеудесін жарып шыққан күн сәулесіндей нұрын төгетін, жанын жылытатын жан. Ұстаздың ұлылығы - білімділігінде, жауапкершіліктігінде, ізденімпаздылығында және т.б.
Уақыт уыста тұратын дүние емес. Уақыт өткен сайын ұстаз өзін жаңа қырынан танытып, білім беруде тың идеяларға жол салып, баланың білімі мен дарынын ашу мақсатында жаңаша көзқараспен аянбай тер төгуі керек. Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесі уақыт көшіне ілесіп жаңа оқу бағдарламаларымен, жаңа технологиялармен, жаңа әдіс - тәсілдермен толықтырылып отырады. Мен жаңа заман педагогі ретінде мынандай қасиеттерге ие болуым қажет:
1.Білімділік - заман көшінен қалмай, бастапқы білім көкжиегін кеңейтіп отыру;
2.Жауапкершілік - қоғам, ата - ана, оқушы алдындағы жауапкершілікті сезіну;
3.Жаңашылдық - білім берудегі жаңашылдықтарды ескеріп, оқу үдерісінде тиімді пайдалану;
4.Талапшыл - оқушыдан берілген тапсырманы белгіленген уақыт межесінде орындауын қатаң талап ету;
Білім беру жүйесінде оқушыны сабаққа қызықтыруға, сабақтың тақырыбын ашуға, қоғамдағы өзекті мәселелермен байланыстыруға, жеке тұлғалық пікірін қалыптастыруға бағытталған бірнеше әдіс - тәсілдер бар. Мысалы мен өзімнің қазақ тілі пәнінде <<Сөз сапасы туралы түсінік>> тақырыбында өткізген сабағымда бірнеше әдіс - тәсілдерді қолдандым. Ең алдымен қолданғаным топтау әдісі. Топтау әдісі - өте ұтымды әдіс. Бірінщіден уақыт үнемеделеді, екіншіден барлық оқушы сабаққа түгелдей ат салысуға мүмкіндік алады, үшіншіден тапсырмалардың өнімдігі артады. Топтағы білім алушыларды топқа бөлу үшін <> әдісін тиімді деп таптым. Ол үшін білім алушылар түгелдей ортаға шығып ұстаз үстеліндегі сусын құйылған ыдысты таңдайды. Ал сусыны бар ыдыстың сыртында ұлыларымыздың сөз туралы ұлағатты сөздері жазылған. Білім алушылар сол сөздерді құрау арқылы топқа бөлінеді. Топқа бөлінгеннен кейін жаңа сабақты қысқаша түсіндіріп өттім, себебі сабақ барысында білім алушы білім берушіге қарағанда басымдылыққа ие болуы тиіс. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындату барысында студенттердің білімдері, жас ерекшеліктері қаперге алынды. Алғашқы тапсырма <<Кім жылдам?>> деп аталды. Өйткені <<Сөз тапқанға қолқа жоқ>> деген тақырыптағы бірнеше бөлікке бөлінген мәтінді дұрыс әрі жылдам құрастыру керек болды. Ондағы құзіреттілік студенттің байқампаздылығын, мәтін құрастыра білу шеберлігін байқау еді. Студенттер құрастырып болғаннан кейін, мәтінге әдеби теориялық талдау жасайды. Әдеби теориялық талдау жасатудағы мақсат қазақ тілі мен қазақ әдебиеті арасындағы пәнаралық байланысты нығайту. Студенттерді жалықтырып, сабаққа деген белсенділігін жоғалтып алмау үшін сергіту сәтін қолдану да сабақтың бір бөлігіне айналды. Бүгінде көптеген ұстаздар сергіту сәтін өз сабақтарында тиімді пайдаланады. Мен сергіту сәтінде <<Биопоэма әдісі>> арқылы <<Сөз сапасы дегеніміз не?>>, <<Қазіргі жастар тіліндегі сөз сапасына берер бағаңыз қандай?>>, <<Сіз өз сөзіңіздің сапасын, сөздік қорыңызды молайту үшін қандай кітаптар оқисыз?>> деген секілді сұрақтар қою арқылы студенттердің ойын білдім. Үй тапсырмасында <> әдісі арқылы <<Кешью>> тобының <> және <> тобының <> әндері тыңдалды. Бұл тапсырманың нысанасы ән мәтініндегі сын көтермес сөз сапасы қазақ тіліндегі сөздердің орынсыз қолданылуы болатын. Студенттерберілген екі әнді тыңдай отырып <<Көруге көз ұялатын ән мәтіндері>> немесе <<Әннің де естісі бар есері бар>> деген тақырыптарда эссе жазып келеді. Ал Бағалауға келетін болсақ тапсырмаларды орындау деңгейіне, жылдамдығына, ұшқырлығына қарай әр топтың топ басышылары тобындағы студенттерді бағалап шығады.
Жаңашылдық еліміздің қай саласында болмасын артықшылық етпейді.Білімнің жерге, тілге, дінге, ұлтқа бөлінбейтіндігін ескерсек бүгінгі білім беру жүйесіндегі жаңашылдық құптарлық іс болып саналады. Бірақ біз сан ғасырлар бойғы тағылымды тарихымызды тұғырлы тілімізді, ардақты дінімізді, салт - дәстүрымыз бен әдет - ғұрпымызды әр сабақ сайын жаңа тақырыппен байланыстырып, білім алушының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруымыз керек. Ұстаздың нағыз шеберлігі міне осында. Ұрпақтар сабақтастығы тура жолынан таймай өз деңгейінде бағаланатын болса білімде де, тәрбиеде де біздің ұтарымыз көп болмақ. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: мен жаңа заманның педагогі ретінде білім беру жүйесіндегі өзгерістерге оң бағамды бере отырып, келешекте әрбір жаңашылдықты ескеріп, бабадан қалған байлығымызды қадірлеп, қасиетін жете түсіне білетін өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, елі мен жерін сүйетін ұлтжанды ұрпақ етіп тәрбиелеуге тырысамын.
Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев
Ұстаз - кеудесінде соғып тұрған жүрегі бар, алдына қойған мақсаты мен тілегі бар барша адамның жанашыры һәм жарқын болашаққа бастар темірқазығы. Олай дейтін себебіміз, алдына келген әр шәкіртіне өзінің жылдар бойы жинаған білімін, таным-түсінігін үйретіп, жақсылыққа баулиды. Дана халқымыз <<Ұстаз болу - жүректің батырлығы>> деп бекер айтпаса керек.
Ұстаздық - көп мамандықтан бәсі жоғары жауапты қызмет. Оның алдындағы бүгінгі кішкентай ұл мен қыз ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат пен азаматша. Сондықтан, заманның да, қоғамның да артар жауапкершілігі зор. Ұстаз жас өрендердің бұлтты аспанның кеудесін жарып шыққан күн сәулесіндей нұрын төгетін, жанын жылытатын жан. Ұстаздың ұлылығы - білімділігінде, жауапкершіліктігінде, ізденімпаздылығында және т.б.
Уақыт уыста тұратын дүние емес. Уақыт өткен сайын ұстаз өзін жаңа қырынан танытып, білім беруде тың идеяларға жол салып, баланың білімі мен дарынын ашу мақсатында жаңаша көзқараспен аянбай тер төгуі керек. Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесі уақыт көшіне ілесіп жаңа оқу бағдарламаларымен, жаңа технологиялармен, жаңа әдіс - тәсілдермен толықтырылып отырады. Мен жаңа заман педагогі ретінде мынандай қасиеттерге ие болуым қажет:
1.Білімділік - заман көшінен қалмай, бастапқы білім көкжиегін кеңейтіп отыру;
2.Жауапкершілік - қоғам, ата - ана, оқушы алдындағы жауапкершілікті сезіну;
3.Жаңашылдық - білім берудегі жаңашылдықтарды ескеріп, оқу үдерісінде тиімді пайдалану;
4.Талапшыл - оқушыдан берілген тапсырманы белгіленген уақыт межесінде орындауын қатаң талап ету;
Білім беру жүйесінде оқушыны сабаққа қызықтыруға, сабақтың тақырыбын ашуға, қоғамдағы өзекті мәселелермен байланыстыруға, жеке тұлғалық пікірін қалыптастыруға бағытталған бірнеше әдіс - тәсілдер бар. Мысалы мен өзімнің қазақ тілі пәнінде <<Сөз сапасы туралы түсінік>> тақырыбында өткізген сабағымда бірнеше әдіс - тәсілдерді қолдандым. Ең алдымен қолданғаным топтау әдісі. Топтау әдісі - өте ұтымды әдіс. Бірінщіден уақыт үнемеделеді, екіншіден барлық оқушы сабаққа түгелдей ат салысуға мүмкіндік алады, үшіншіден тапсырмалардың өнімдігі артады. Топтағы білім алушыларды топқа бөлу үшін <
Жаңашылдық еліміздің қай саласында болмасын артықшылық етпейді.Білімнің жерге, тілге, дінге, ұлтқа бөлінбейтіндігін ескерсек бүгінгі білім беру жүйесіндегі жаңашылдық құптарлық іс болып саналады. Бірақ біз сан ғасырлар бойғы тағылымды тарихымызды тұғырлы тілімізді, ардақты дінімізді, салт - дәстүрымыз бен әдет - ғұрпымызды әр сабақ сайын жаңа тақырыппен байланыстырып, білім алушының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруымыз керек. Ұстаздың нағыз шеберлігі міне осында. Ұрпақтар сабақтастығы тура жолынан таймай өз деңгейінде бағаланатын болса білімде де, тәрбиеде де біздің ұтарымыз көп болмақ. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: мен жаңа заманның педагогі ретінде білім беру жүйесіндегі өзгерістерге оң бағамды бере отырып, келешекте әрбір жаңашылдықты ескеріп, бабадан қалған байлығымызды қадірлеп, қасиетін жете түсіне білетін өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, елі мен жерін сүйетін ұлтжанды ұрпақ етіп тәрбиелеуге тырысамын.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz