Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жетістігім - ерен еңбегімнің нәтижесі
Жетістігім - ерен еңбегімнің нәтижесі
(Эссе)
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...
Қасым Аманжолов
Арман - адамды алға сүйрейтін ерекше күш. Менің бүгінгі жетістікке жетуім де сол арманның арқасы. Тәңір берген талантты қадірлеп, бағалай білсең - орта жолда қалмасың бесенеден белгілі. Менің бұл байқауға қатысудағы мақсатым: өлшеулі өмір де өлшеусіз бақытқа кенелтетін, студенттік шақтағы жетістіктерім елеп - ескерілсе деймін. Бала шақтан болашаққа әкелген жол - өнер һәм өлең. Екеуі екі түрлі нәрсе. Өнер - жалпы таланттардың анасы болса, өлең - оның күнәдан таза баласы. Қазақта <<екі қайықтың құйрығын ұстаған - суға кетеді>> деген аталы сөз бар. Ал, екі қайықты бірдей <<ұстай білу>>, екінің біріне бұйыра бермейтін бақ.
Менің екі қайығым: көркемсөз оқу мен өлең жазу. Өнерім үшін біраз тер төккенімді де жоққа шығармаймын. Нәтижесі де жан сүйсінерлік. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұйымдастыруымен өткен Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған Республикалық мәнерлеп оқу мен өлең шығаруда <<Алғыс хатқа>> ие болсам, Талдықорғанда өткен Тұманбай Молдағалиевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған <<Жүрегі жырдан жаралған>> атты республикалық жазба ақындар байқауында <<Ынталандыру сыйлығын>> қанжығама байладым.
Ақын, жыршы, әнші, атбегі, репрессия құрбаны Зәкария Сағындықұлын еске алуға арналған аймақтық мүшәйрада ІІ-ші, Ақжайық өңірінің аяулы перзенті Сағынғали Сейітовтің 100 жылдығына арналған <<Сұлу сөздің сардары>> Батыс Қазақстан аймақтық байқауында <<Өлең боп ақын өрілсе...>> аталымы бойынша ІІІ-ші дәрежелі дипломдармен марапатталдым.
Ал, Облыстық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауында І-ші орынды, Қазақстан халықтары тілдері күніне орай жергілікті жазушылардың прозалық шығармаларын насихаттауға арналған қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің сайысында ІІ-ші орынды, Фариза Оңғарсынованың мерейлі 75 жасына арналып өткізілген <<Өлең, мен сені аялап өтем!>> атты қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің сайысында ІІ-ші орынды, журналист Жұмабай Төлегеновты еске алуға арналған жыр мүшәйрасында <<Алғыс хат>> - ты иелендім.
Сонымен қатар, университетімізде өткен бірнеше сайыстарға қатынасып, дипломдармен марапатталдым. Атап айтар болсам, Әбіш Кекілбаев шығармаларын оқып - үйрену мақсатында Көптілді білім беру факультеті студенттерінің арасында өткізілген <<ІІ Әбіш оқулары>> (арнау) атты сайыста жүлделі І-ші орынға, Қазақ тілі мен әдебиеті және Филология мамандықтары студенттері арасында <<Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды>> Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған дәстүрлі пәндік олимпиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізгенім үшін ІІ-ші орынға, М. Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай өткен <<Мұқағали - мәңгілік ғұмыр>> атты шараға белсене қатысқаным үшін <<Алғыс хат>>-қа , Бүкіләлемдік философия күніне арналған <<Әлемде даналық бар, адамда балалық бар>> атты студенттер арасында ұйымдастырылған интеллектуалдық сайыста <<Ең белсенді көрермен>> номинациясын, Ұлы жеңіс және Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл толуына орай өткізілген <<Ұлы Отан соғысының Жеңісіне - 70 жыл>> атты студенттердің ғылыми-теориялық конференциясында үздік баяндамам үшін <<Алғыс хатқа>>, 22-ші қыркүйек Қазақстан халқының Тіл мерекесінде оқырмандарға жол тартып, <<Кәусар>> жыр жинағына төл туындыларым енгені үшін Ж.Нәжімеденов атындағы әдеби-шығармашылық бірлестік мүшесі атанғаным үшін <<Алғыс хатқа>> қол жеткіздім.
Бір топ өлеңдерім Алматы қаласынан шыққан <<Жастық - жалын жыр>> атты жинаққа енсе, университет жанындағы Ж.Нәжімеденов атындағы әдеби-шығармашылық бірлестік құрастырған <<Кәусар>> жинағына да өлеңдерім басылды. <<Тұмар>> Республикалық әдеби-көркем журналдың 50-інші, <<Таңшолпан>> журналының 4-інші санында да өлеңдерім жарияланды.
Өлең - сұлу сөз бен жүрек сазының үйлесімділігі. Менің жырларыммен қатар, сөзіме жазылған әндер де көпшіліктің көңілінен шығуда. Оған дәлел: Нұрхат Көбеевтің орындауындағы <<Жыламасыншы, жетімдер>>, <<Әпке>>, <<Оқушы қыз махаббатым>>, <<Біздің өмір ерекше>>, <<Мен халқымның баласымын>>, Олжас Алиасқардың <<Бейтаныс қыз>>, Бауыржан Нұрымбетовтың <<Жас жұбайлар>>, Гүлмира Берікбосынованың <<Қарттарым - қазыналарым>> әндері.
Құрманғазыша қазақ даласын күйге бөлегенім жоқ. Немесе, Исатай мен Махамбетше қолыма қару-жарағымды алып, жауға қарсы тұрмадым (ондай күн әлі бола қойған жоқ, болмасын деп те тілеймін). Болмаса, Жұмекенше Атырауды бүкіл Қазақстанға паш етпедім. Алайда, 4 жылғы еңбегім лайықты бағасын алса - оның өзі мен үшін ертеңге деген сенімімді еселері хақ. Көлдің өзі тамшыдан құралады емес пе? Болашақта үлкен ақын болуыма да бұл атақ өз септігін тигізетін шығар. Кім білсін?!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz