Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі арқылы мәтінді есептерді шешудің әдіс - тәсілдерін меңгерту

Алгебра пәнінен қысқа мерзімді жоспар.
1. Білімділік: Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі арқылы мәтінді есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқу материалын ұзақ есте сақтау қабілетін байқау және теңдеуді шешудің тиімді әдісін табуды бағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Түстер бойынша топқа бөлуінеді.
Қайталау сұрақтары:
Квадрат теңдеу дегеніміз не?
Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?
Виет теоремасын тұжырымда?
Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
Рационал теңделер дегеніміз не?
Рационал теңдеулерді қалай шешеміз?
Өздігіне білім алуға бағыт бағдар беру.
Теңдеулер жүйесін құру арқылы шығарылатын есептер
Көптеген мәтінді есептерде белгісіздер саны бірнешеу болып келеді. Осындай есептерді шешу барысында, белгісіз шамаларды айнымалылар арқылы белгілеп, есеп шартын қанағаттыратындай етіп бірнеше айнымалысы бар теңдеулер жүйесін құрады. Құрылған теңдеулер жүйесін шешіп, берілген есептің жауабын алады. Енді осы айтылғандарды мысалдар арқылы қарастырайық
1-мысал.
Оның шешімі: у=6, х=3, яғни Жауабы: 36.
107. Тік төртбұрыштың ені ұзындығынан 3 см қысқа, ал олардың қосындысы 27 см. Оның ауданын табыңдар.
108. Бақта Нұрлан мен Самат алма алып шықты. Олар көшеде Берікке Нұрлан бір алмасын, Самат-2 алмасын берді. Барлығында алма саны бірдей болды. Әрқайсысы қанша алма теріп алды?
109. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 10 см, катеттер қосындысы 14см. Осы үшбұрыштың ауданы?
110. Екі таңбалы санның бірінші цифры оның екінші цифрынан 4-ке артық, осы цифрлардың көбейтіндісі 21-ге тең. Осы екі таңбалы санды тап?
111. Үш қой мен бір сиыр күніне 11 кг жем жейді, 1 қой 3сиыр күніне 17 кг жем жейді. Күніне 12 қой неше кг және 1 сиыр неше кг жем жейді?
112. Оқушы дүкеннен 20 дәптер, 1 күнделік сатып алып, оған 125 тг төледі. Егер 1 дәптер мен 1 күнделікті сатып алу үшін 30 тг төлеу қажет болса, онда күнделік пен дәптердің әрқайсысының бағасы қандай?
113. 24 жұмысшыдан құрылған бригада тапсырманы 6 күнде орындады. Осы тапсырманы 36 жұмысшыдан құрылған бригада неше күнде орындайды?
Топ ішінде топ құрып есептерді шығарады.
Есептің шығару жолын талдайды және шығарады.
Есептердің шартын құруда талдау жұмыстарын жүргізеді. Жауаптарын салыстыра отырып табады.
Топ бойынша есептерді шығарып, бірін-бірі бағалайды.
Оқушылар өз топтарында осы есептерді тиімді тәсілмен шешіп, қосу және алмастыру тәсілімен шешу алгоритмдерін еске түсіреді.
1. Екі санның айырмасы 6-ға, ал көбейтіндісі 216-ға тең. Осы сндарды табыңдар.
Жауабы: (18, 12) .
2. Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз шығып, олар жол ортада кездескен. Бірінші пойыз екіншісіден 1 сағ кеш шығып, екінші пойыздың жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Әр поездың жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 45 км/сағ, 50 км/сағ
3. Велосипедші 49 км жолды 3 сағатта жүріп өтті. Бірақ әрбір келесі сағатта, алдыңғы сағатқа қарағанда 2 есе аз жол жүрді. Велосипедші соңғы сағатта қанша жол жүрді?
Жауабы: 7 км
1) Топ басшылары топ мүшелеріне қойылған бағаларына түсіндірме беріп шығады
2) Сабақтың өтілуіне байланысты өз пікірлерін білдіреді
Тексерілді: Директордың оқу ісі бойынша орынбасары: Н. Әлметова.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz