Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

География пәнінің мұғалімі Үмбетов Рүстем ағайымыздың сұрағы

<<Не? Қайда? Қашан?>> интеллектуалды сайысы

Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,география пәні деген қызығушылығын арттыра отырып,бүгінгі заман талабына сай өзіндік ой- тұжырымы бар,білімді де білекті ұрпақ тәрбиелеу.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі біздің <<Не? Қайда? Қашан?>> интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысқа қатысушылар:
1. Айсауыт Рамазан
2. Әмірханов Ақниет
3. Бақытғаниева Алтынай
4. Қанибаев Асылхан
5. Бақытбек Мағжан
6. Ізімғали Мағжан
7. Айдарбай Аслан
8. Ізтілеуов Жандос

Сайысымызды бастамас бұрын осы география ғылымы туралы айтып өтейік.
География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сиппаттауға арналған еңбегін <<география>> деп атаған және ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. XIX ғ. басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен. Осыған орай географияның міндеттері де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелерменқұбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды. Сондықтан қазіргі жарысқа түскен оқушылар әлем ғажайыптарын ашып, өз білімдерін ортаға салады.

<<Не? Қайда? Қашан?>>

1. Тарих пәнінің мұғалімі Текеева Мафруза апайымыздың сұрағы:
Сұрақ. XVI ғасырдың бас кезінде Педро де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді.Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды.
Бірінші көмек: Перуліктер оны папа деп атайды екен.Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды.
Екінші көмек: Ал француздар оны жер алмасы деп, итальяндықтар әуелі Тартуфоль деп атапты.
Үшінші көмек: Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады.Оның мұнда тарауында І Петрдің еңбегі зор.
Жауап: (Картоп)

2. Математика пәнінің мұғалімі Берінбаев Ғани ағайымыздың сұрағы: Видео сұрақ
Сұрақ. Бір әріпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады?
Жауап: (Куба)

3. Информатика пәнінің мұғалімі Әбезов Талғат ағайымыздың сұрағы:
Видео сұрақ
Сұрақ. Қандай өзеннің атынан музыкалық нотаны табуға болады?
Жауап: (Миссисипи)

4. Информатика пәнінің мұғалімі Меңдібай Мейірман ағайымыздың сұрағы:
Видео сұрақ
Сұрақ. Бұл арал орта мұхиттық жотаның көтерілуінен пайда болды. Бұл сөнген және әрекет етуші жанартаулар патшалығы. Өзінің шығу тегіне байланысты аралда гейзерлер өте көп. Сан мыңдаған гейзерлердің ыстық сулары үйлерді, жылы жайларды жылытуға пайдаланылады.
Жауап: (Исландия)

5. Құқық пәнінің мұғалімі Ізжанов Жанболат ағайымыздың сұрағы:
Видео сұрақ
Сұрақ. Кішкентай адамдар әмірлігі - тек ергежейлілерге ғана арналған ауыл. Үкімет басшылары бойы аласа жандар халық арасында дұрыс бағалана алмағандықтан осындай қадамға барған. Себебі, олар көлікке отыру кезінде, жұмысқа орналасу кезінде қиындықтарға жиі тап болып жатады.Осы кішкентай адамдар әмірлігі қай мемлекетте орналасқан? (Қытайда)

6. География пәнінің мұғалімі Қалдыбай Зейнегүл апайымыздың сұрағы:
Сұрақ. Бұл өзенде ұзындығы 4м, салмағы 200 кг болатын алып арапайма балығы, электрлі су жыланы, ірі ақ гүлі бар, жапырағының диаметрі 2м-ге жететін виктория регия кездеседі.
Жауап: (Амазонка)

7. География пәнінің мұғалімі Үмбетов Рүстем ағайымыздың сұрағы:
Сұрақ. Шығыстан Батысқа қарай электр пойызы 60 км/сағат жылдамдықпен жүріп келеді. Оған қарсы бағытта сағатына 50 км жел соғып тұр. Пойыздың түтіні осындай жағдайда қай бағытқа бұрылады?
Жауап: (Электр пойызынан түтін шықпайды, ол тоқпен жүреді)

8. Тарих пәнінің мұғалімі Шоқан Ботакөз апайымыздың сұрағы:
Сұрақ. Теңізде қандай тас болмайды?
Жауап: (Құрғақ тас)

9. География пәнінің мұғалімі Мәліков Қуаныш ағайымыздың сұрағы:
Сұрақ. Сіз екінші позицияда келе жатқан шаңғышыны басып өздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз?
Жауап: (екінші орында)

10. География пәнінің мұғалімі Асанхан Дәулет ағайымыздың сұрағы:
Сұрақ: Бес жер қазушы бес сағатта 5 м арық қазды. 100 м терең арықты 100 сағатта қазу үшін қанша жер қазушы керек?
Жауап: (5 жер қазушы)
11. Тарих пәнінің мұғалімі Жантөре Ғалымжан ағайымыздың сұрағы:
Сұрақ: Түн ортасында қалада қатты дауыл болды. 96 сағаттан кейін күн ашылады деп үміттенуге болама?
Жауап: (Жоқ, себебі 4 күннен кйін дәл осы уақытта қайтадан түн ортасы болады)

12. Тарих пәнінің мұғалімі Мергентаева Ғазиза апайымыздың сұрағы:
Сұрақ. Бір мектепті тексеруге келген инспектор сыныптағы оқушыларға қандай сұрақ қойылса да барлық оқушылар қол көтергендігін байқайды. Әр сұрақ қойылған кезде мұғалім жауапты қай оқушыдан сұраса да, жауаптар дұрыс болады. Бұл қалай болды?
Жауап: (Мұғалім оқушылармен қай сұрақ қойылсада қол көтерулері керектігін айтып, алдын - ала келісіп алады. Жауапты нақты білетін оқушылар оң қолдарын, ал жауапты білмейтін оқушылар сол қолдарын көтеруі тиіс болады. Мұғалім үнемі сұрақ қойылған кезде оң қолын көтерген әртүрлі оқушыдан сұраған)

Қорытынды бөлім
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
География сырына,- дей отырып бүгінгі интеллектуалды сайысымызды қорытындылайық!

Сайыстың қорытындысын шығару;

Сайысқа қатысушыларды марапаттау.

Ұқсас жұмыстар
Күзгі байлық (сыныптан тыс)
Қазақстан болашағы білімді ұрпағында
География патшалығындағы бір күн. географиялық кеш
Еуразиның ішкі сулары
Тілшілер тобы
Мені тап
Өнердің тағы бір құдіреті Ботасыз қалған нарды жұбатқан күй
Бірлестік жоспары
Кеңістіктегі фигураларды жазықтыққа бейнелеу
Ислам тағылымы
Пәндер