Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модульін қолданудың тиімділігі

Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модульін қолданудың тиімділігі

Сыни турғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірбиенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашаққа әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыда ойлауға баулуды білдіреді. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.)
Шыныменде тапсырмалар орындау барысында оқушылар бір сұрақ төңірегінде түрлендірген жауаптар беру арқылы, топ болып жұмыс істегендіктен қарсы пікірлер айту арқылы сыни тұрғыдан ойлаулары дамып отырды.
1. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы қабілеттерінің дамуына мұғалімдердің ашық сқрақтарды дұрыс қоя білуде әсер етеді. Оқушылардың бұл сұрақтарға үзілді-кесілді жауап берудің орнына, әртүрлі дәлелдер іздеп, аздап эмоцияға беріліп, болжамды пікірлер айтуларыда олардың жан-жақты сыни тұрғыда ойлауының белгісі.
2. Осы уақытқа дейін сабақ берген 3в сыныпта тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысында дәл осы жағдайлар орын алып отырды. Сыныпта әр-түрлі ұлт өкілдері болғандықтан әрине, оқушылардың өз ойларын қазақша жеткізулері қиындау болады
.<<Жыл мезгілдері>> модулі бойынша өткен сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау әдісінің басқа әдістермен кіріктірудегі мақсаттарым оқушылардың топпен жұмыс істеу барысында бір-біріне қарсы пікірлер, болжамдар айту диалог әдісі арқылы іске асса, АКТ арқылы оқушылар туындаған қиын сұрақтарға жан-жақты ізденіп, қосымша ақпарат алуына көмектеседі. Интербелсенді тақтадан сыни ойлауларына түрткі болатындай көріністер мен суреттер көрсетілді.
Бірінші <<Көктем>> тақырыбында өткен сабағымда интербелсенді тақтаға күннің суретін салып, жан-жағындағы сәулелеріне оқушылардың көктемге байланысты өз ойларын жызғыздым, неге сен солай деп ойлайсын? - деп өз ойларын дәлелдеп жазғызып отырдым. Мысалы Аружан Көктемде құстар ұшып келеді деп жазды. Неге деп сұрағанда бізде күн жылығанда оларда күн суытатын шығар деп жауап берді. Ал Ташке жоқ, олар біз жаққа балапан басып шығару үшін келеді деп қарсы пікірін білдірді. Оқушылардың бір сұраққа осылай болжамды түрде болсада әр түрлі жауап беріп дәлелдеуі арқылы бұм тапсырмада сыни тұрғыдан ойлау әдісімен диалог әдісі, АКТ, кіріктіріліп отырды. Келесі Венн диаграммасы арқылы қыс пен көктем мезгілдерін салыстыру, ортақ қасиеттерін табу барысында да әр топ өздерінің жұмыстарын қорғап, дәлелдеу барысында да осы жағдай орын алды.
Келесі 2г сыныбында <<Көктем мерекелері>> тақырыбында наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін сипатта деген тапсырмада оқушылар жас ерекшеліктеріне сай мысалдар келтіру арқыды ерекшеліктерін айтты. Мысалы: Наурыз ұлттық мереке, наурызда көже пісіреді. Ұлттық киімдер киеміз деген сияқты.

Келесі <<Жаз>> тақырыбына өткен сабағымда әр-түрлі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларына жер ететін сұрақтар мен тапсырмалар берілді. 5-тапсырма бойынша оқушыларға: Сендер <<Шағала>> лагерінің қайда орналдасқын деп ойлайсыңдар? Көз алдыларына елестетіп көріндерші деп сыни тұрғыда ойландыратын ашық сұрақтар қойдым.
<<Достар>> тобы өз тобында берілген 5 минут ішінде сұрақтарды толықтырып мынандай мынандай ортақ шешімге келіпті. <<Шағала>> лагері көлдің жағасында орналасқан, өйткені шағала көлден балық аулап, көлді мекендейді. Ал осы топтағы Аружан әке шешеммен көлге барғанда шағаланы көрдім деп айтты.
Ал келесі <<Нұр>> тобы лагерлер таудын ішінде орналасады. Шағала деп ойлағаны таудың басындағы аппақ қар шығар деп болжамды жауап берді. Тапсырманың соңынан интербелсенді тақтадан Алакөл көлін мекендейтін шағалалардың шаңқылдап ұшып жүргенін, балық аулағанын тамашаладық. Сонда бұл тапсырмада СТО мен бірнеше жаңа әдіс тәсілдер кіріге байланысқанын көруге болады.
Келесі <<Зат есім. Алматы>> тақырыбында оқушыларды топқа бөліп тапсырма бердім, және әрбір топ мүшесі 1 сөйлеммен айтқанда сөйлемдер бір-бірімен байланысып, шағын мәтін құрылу керек. Топтарды бақылап отырсам бос отырған оқушы болған жоқ. Біреулері сурет салып жатса, біреулері сөйлемдер құрау үшін өз ойларын айтып қызу жұмысқа кіріскен, осы көрініске қарап өзімде керемет қуаныш сезімі пайда болды. Ал тапсырманы орындау барысында Давыдова дана мен Тарасенко Анастасияның сурет салуға талантты екендігін байқалды. Ал Жания мен Сабыржан оларға жақсы идеялар айтып, көмектесіп отырды. Соңында құрған мәтіндерін 2 топтан Меруерт пен Айша шығып қорғады. Бұл тапсырма әдісімен топ мүшелері ортасында ынтымақтастық әрекеті өте жақсы қалыптасты, сонымен бірге қызу бірлескен жұмыста болды.
Бұл сабақтар топтамасында кездескен кедергілер: Әр ұлт өкілдері болғандықтан ойларын қазақша толық жеткізу қиындау болды, және 1-ші, 2-ші сабақтарда топ арасында ынтымақтастық әрекеті әлсіз болды. Бұл сабақтарымда қол жеткізе алмаған оқушылар арасындағы ынтымақтастық әрекетіне,Сабақты топтың ережесін қайталатумен бастап, психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы жетуге тырыстым.
Келесі <<Қыс. Нәтиже сабақ>> тақырыбында өткен ашық сабағында

Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Оқушыны ойлану үшін ойлауға үйрету
УДК ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ҒТАМР ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модульін тізбектелген сабақтар топтамасында кіріктерудің мақсаттары мен әдстері туралы жеке рефлективті есеп
Орта мерзімді сабақтар топтамасын жоспарлау
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер. баяндама
Жеті модуль бойынша оқытудың тиімділігі
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер рефлексивтік есебі
Биология сабақтарында жаңа әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Пәндер