3-сынып қазақ тілі: Менің Отаным - Қазақстан сабақ жоспары (коммуникативтік және топтық әдістер, АКТ)

1. Сөздікті сұрау
2. 21- бет 3-тапсырманы орындағандарын тексеру.
1. Ұйымдастыру
2. Үй жұмысын тексеру
3. Жаңа сөздермен таныстыру
4. Бекіту
5. Қорытындылау
6. Бағалау
- Топқа бөліну
- Қиықшалармен жұмыс
- Зымыран сұрақтар
- «Тосын қонақ» дидактикалық ойыны
- Айтылым, жеке жұмыс
- шағын топ жұмысы
- Өздерін бағалау
- Рефлексия
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім мен оқушы сабақ барысында немен айналысады?)
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа әзірліктерін қадағалап, сыныпта жақсы психологиялық ахуал орнатамыз. Топтарға бөлініп отырамыз. Сабақтың мақсаты айтылады.
Сабақтың барысы:
Топпен жұмыс: «миға шабуыл», (қиықшалар бойынша)
Балалар, сендерге1-ші тапсырма, мына қиықшалардан не құрастыруға болады? Балаларға қиықшалар таратылып беріледі, сол қиықшалардан сөздер құрастырып, сабақтың тақырыбын ашады.
Сонда «Менің Отаным - Қазақстан» деген сөз шығады.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің Отаным - Қазақстан» .
2-тапсырма . АКТ бойынша ұяшықтарды таңдай отырып «зымыран сұрақтарға»
жауап береміз. Сұрақ - жауап
3-тапсырма. «Тосын қонақ» дидактикалық ойыны арқылы балаларды өзара сөйлестіру. Бір топты тақтаға шақырып, үш баланы сыртқа шығарып, қалған бір балаға мәтінді мұқият оқып беремін. Ол келесі балаға мәтінді баяндайды. Ол бала келесі балаға баяндайды. Осылай жалғаса береді.
Топтық жұмыс
1-топ. Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
2-топ. Қазақстан Республикасының рәміздері - ту, елтаңба, әнұран. Қазақстанның астанасы - Астана қаласы.
3-топ. Астана қаласында «Бәйтерек», «Хан шатыр» бар. Астана - үлкен, әдемі қала.
Жеке жұмыс: Парталас көршілес отырған оқушылар жұппен жұмыс істейді. Әр оқушының айтылым әрекетіне мүмкіндік береміз.
Сабақты бекіту: Әр топ басшысы тапсырмаларын орындап, қорғайды.
Білімдерін бағалау. Әр дұрыс жауапқа фишкалар таратып, бағалаймыз.
Рефлексия.
Сабақты қорытындылау(кері байланыс)
Бүгінгі сабақта кері байланыс. Жеке оқушының және сыныптың жұмысының нәтижесін шығару. Балалар смайліктер арқылы өз көңіл-күйлерін білдіріп, әр бала сабақтан алған әсерлерін айтты.
Өте жақсы ☺