Мекишева Сауле Кумашевнаның 3-сыныптағы Менің Отаным - Қазақстан тақырыбы бойынша сыни ойлау мен коммуникативтік дағдыларды дамыту сабақтарының талдауы

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Мекишева Сауле Кумашевнаның

сабақтардың талдауы

Бұл сабақтар «Мемлекеттік стандартқа» негізделген оқу бағдарламасында көрсетілген, күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Аталған сабақтардағы қолданылған әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар, жаттығулар оқушылардың танымы мен жас ерекшеліктеріне лайықталып әзірленген.

Сыныбы: 3 «В»

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.

Сабақтың мақсаты: «Миға шабуыл» ұйымдастыру арқылы, интеллектуалдық сұрақтар арқылы оқушыларды коммуникативтік қарым-қатынасқа түсіру.

1. Мақсат қалай қойылған? Неге негізделген?

Сабақ жеті модуль идеяларын негізге ала отырып құрылды. Сабақ жоспары «білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» модуліне және «сыни тұрғыдан ойлауға» үйретуге қарастырылған. Сабақ мақсаттары сыни тұрғыдан ойлау деңгейлері бойынша қойылып, өткізілді. Яғни, бұл тәсіл баланың өзіндік жұмыстануына жол ашады. Оқушыларды мұғалімнің айтқанымен ғана оқитын, өз пікірінің құнды емес деген көзқарастарынан арылту. Өзіне сенімділік орнату. Миға шабуылға арналған тапсырмаларды орындау балалардың ойлау қиялын дамытады. Өзгені тыңдай отырып ой қорыта білуге машықтанады.

2. Ұйымдастыру формалары.

Мен ұйымдастыру кезеңінде мынандай тренинг қолдандым. Бұл тренинг «Амандасу» деп аталады. Балалар шеңберге тұрып, бастарын бір-біріне түйістіріп:

- Қалың қалай?- дейді.

- Келесі бала « жақсы» деп жауап беріп, келесі балаға басын түйістіріп:

- Сенің қалың қалай? - деп әрі қарай жалғаса береді.

Бұл тренингті сабақты ұйымдастыру барысында, балалардың қызығушылығын ояту кезінде қолдандым.

3. Оқушының белсенділік деңгейі.

Сабақ жоспарында көрсетілген сыни тұрғыдан ойлау деңгейлері бойынша берілген тапсырмаларды орындауда топтардағы оқушылар белсендік танытты. Оқушыларға «Миға шабуылға» арналған тапсырма берілді. Мына қиықшалардан не құрастыруға болады? Балаларға қиықшалар таратылып берілді. Бұл тапсырманы орындау барысында балалардың ойлау қиялы дамып, өзгені, бір-бірін тыңдай отырып ой қорыта білуге үйренді. Әр топта қиықшалар құрастырылып, сөздер жазылды, талданды. Сабақтың тақырыбын ашты.

D:\фото практика 3 сынып\102PHOTO\SAM_2961.JPG D:\фото практика 3 сынып\102PHOTO\SAM_2918.JPG D:\фото практика 3 сынып\102PHOTO\SAM_2908.JPG

Бұл тапсырманы орындау барысында балалардың ойлау қиялы дамып, өзгені, бір-бірін тыңдай отырып ой қорыта білуге үйренді. Тапсырмаларды орындағанда оқушылар белсенділік танытты. Әр бір оқушы бақылаушы, яғни (мұғалім) назарында болғандықтан, өз ой - пікірлерін ашық айтып, белсенділік танытып, өздеріне жүктелген міндеттерді атқарып, бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынаста болды. Бұрын сабақ барысында назарларын басқа жаққа аударып, сабаққа немқұрайлы қарайтын Денис, Валя, Никита деген оқушыларым ашылып, топқа қосылып өз ойларын айта бастады. Сабақ барысында белсенді қатысатын оқушылар топта көшбасшылықты қолға алып, мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз достарына көмектесіп, топты алға жетелеп, кішкентай болса да өзгеріс байқалды. Тақырыпқа сай тапсырмалар орындалып, «Жақын арадағы даму аймағында» балалар өзара пікірлесіп, әр топтан бір оқушы шығып, сынып алдында өздерінің жұмыстарын қорғады.

«Тосын қонақ» әдісі арқылы оқушыларды өзара сөйлестіру

Сабақ барысында қарым-қатынасқа түсу.

Сабақ барысында «Зымыран сұрақтар» әдісін қолданып қойып диалогтік қатынасқа түсірдім.

  • Балалар, мынау не ?
  • Қазақстан қандай мемлекет?
  • Елбасы кім ?
  • Мемлекеттік рәміздеріміз қандай?
  • Сенің Отаның қай ел ? . . . деген сынды сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөзге тарттым.

Топтағы тапсырмаларды топпен талдау барысында, оқушылар бір-бірімен диалог арқылы қарым-қатынаста болды. Тапсырмалардың жауаптарын «белсенді тақтадан» көрсеткенннен кейін балалар өз жұмыстарын өздері бағалады. Бір-бірлерінің пікірлерін тыңдап, салыстыра отырып, пікір таласып, жақсы қарым-қатынаста болды. Мұғалім мен оқушылар арасында ынтымақтастық, өзара байланыс қалыптасты.

Пайдаланылған әдістер.

3- сынып оқушыларын қызықтыратындай қандай әдіс қолдануым керек деген сұрақ мені көп мазалады. Менің тобымда таза орыс тілді оқушылар болғандықтан, біртіндеп «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының қарапайым стратегияларын пайдалана отырып, сабағымды жандандыра бастадым. Мысалға білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулінде «Зымыран сұрақтар», «Тосын қонақ» әдістерін қолдандым. «С ыни тұрғыдан ойлауға үйрету» мақсатында «қызығушылықты ояту», «мағынаны тани білу», «ой толғаныс», «миға шабуыл», «болжам» әдістерін қолдандым. Жұптық, топтық жұмыстар жасалды.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып қазақ тілі: Менің Отаным - Қазақстан сабақ жоспары (коммуникативтік және топтық әдістер, АКТ)
6-сыныпқа арналған Менің Отаным - Қазақстан тақырыбы бойынша ұзақ мерзімді сабақ жоспары
Тәрбие сағаты: Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан: 3-сынып В сыныбына арналған қазақ тілі сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Отаным - бақыт ордасы (Менің Отаным - Қазақстан бөлімі)
Менің Отаным - Қазақстан және мемлекеттік рәміздер: 1-3 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру арқылы оқушылардың білімге ынтасын және сыни ойлау қабілетін дамыту
Сабақ жоспары: Қазақстан қалалары (Менің Отаным модулі)
Менің Отаным - Қазақстан: патриоттық тәрбие сағатының жоспары
1-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Менің Отаным - Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz