Өлеңді ермек үшін жазбауы

Мерзімі
Пән
Сыныбы
Пән мұғалімі
Тексерген
№: 9
Мерзімі:
Пән: Абайтану
Сыныбы: 10
Пән мұғалімі:
Тексерген:

Сабақтың тақырыбы: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

Сабақтың жалпы мақсаты: поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі, ақынның «өлеңі бар, өнерлі інілеріне» жөн-жоба көрсетуі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сауаттылық хаттар, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж
  2. М. О. Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
  3. Электрондық оқулық
  4. Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

«МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН. . . » - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі 30 жол. Абайдың поәзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап тұрсам, әркім барар», «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, каралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, түңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан. Яғни ақын ақыл сөзін ақындарға арнаған-ды. «Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?» деп, парасатты оқырманы жоқтығына налыған болатын. Ал бұл өлеңінде Абай әрі оқырман-тыңдаушыларына, әрі ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан.

М. Әуезовтың айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба көрсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған.

«Сөзайттым «Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегендекөпақындардың, оныңішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссаларжазуғатым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастаныңда қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап өлім тілеп» дегенде Шәкерім Құдайбердиевтің заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «көңіл көзі ашық, көкірегі сезімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиетін күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қорқылмай «Қызшыл», «қызықшыл»әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы«сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін көрсеткен.

Оқырмандарына елең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің құралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастайтыңдапжаттық, әсері қызылсөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді.

Ұйқасы -б, -а, -а, -в, -а, -г, -а болып келеді. Өлең ағылшын, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өлеңін оқу және талдау.

Мен жазбаймын өленді ермек үшін,

Мен жазбаймын өленді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды.

Өскен соң мүұндай сөзді бұрын көрмей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",

Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,

Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

Батырдан барымташы туар даңғой,

Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.

Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,

C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\АЛЬБОМ\26.jpg Елірмелі маскүнем байқалған ғой.

Бес-алты мисыз бәңгі 1 күлсе мәз боп,

Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!

Өлеңі бар өнерлі інім, сізге

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге.

Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,

Қанша қызық болады өзіңізге?

  • Сөздікпен жұмыс:
  • ˡБәңгі (парсыша) - нашақор.
  • Өлеңнен түсінгендерін «БҮҮ» кестесіне толтыру.
Білетінім V: Білетінім V
Үйренгенім +: Үйренгенім +
Үйренгім келеді?: Үйренгім келеді?
Білетінім V:
Үйренгенім +:
Үйренгім келеді?:

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлені

Шумақ реті: Шумақ реті
Шумақтағы берілген ой: Шумақтағы берілген ой
Тілмен көркемделуі: Тілмен көркемделуі
Шумақ реті:
Шумақтағы берілген ой:
Тілмен көркемделуі:
Шумақ реті: 1. 3
Шумақтағы берілген ой: Өлеңді ермек үшін жазбауы
Тілмен көркемделуі: «Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Шумақ реті:
Шумақтағы берілген ой: Өлең жазудағы мақсаты
Тілмен көркемделуі: жаздым үлгі жастарға бермек
Шумақ реті:
Шумақтағы берілген ой: Ақындық бағдарламасы.
Тілмен көркемделуі: үшін».
Шумақ реті:
Шумақтағы берілген ой: Әсіресе, қызыл сөз емес,
Тілмен көркемделуі: «Сөз айттым Әзірет әлі
Шумақ реті:
Шумақтағы берілген ой: түбі терең сөз жазу
Тілмен көркемделуі: айдаһарсыз.
Шумақ реті: 2. 5
Шумақтағы берілген ой: Тыңдаушыға қояр талабы, сөз
Тілмен көркемделуі: Мұнда жоқ алтын иек, сары
Шумақ реті:
Шумақтағы берілген ой: қадірін түсінушілергесын.
Тілмен көркемделуі: қыз»
Шумақ реті:
Шумақтағы берілген ой: Сөздің сыртына емес, ішіне үңіл.
Тілмен көркемделуі: «Түзу кел, қисық-қыңыр,
Шумақ реті: 5
Шумақтағы берілген ой:
Тілмен көркемделуі:

қырын келмей.

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей".

«Өзге түгіл, өзіне пайдасыжоқ».

«Есіл өнер қор болып, кетер түзге»

Өлеңді талдаудың тиімді әдістемесі


Ұқсас жұмыстар
Тілдік мақсаттар
Абай шығармаларынан үзінді
Сабақты етістік Салт етістік
Абай құнанбаев
Әнге қояр талабы
Ана тілі сөзін топтастыру
«біз білімділерді іздейміз» атты сайыс сабақ
Абайды оқы, таңырқа... әдеби-сазды кеш
Туған тілдің тұғыры
Абай Құнанбаевтың Ескендір дастаны туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz