ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ

Мерзімі
Пән
Сыныбы
Пән мұғалімі
Тексерген
№: 31
Мерзімі:
Пән: Абайтану
Сыныбы: 10
Пән мұғалімі:
Тексерген:

Сабақтың тақырыбы: «Әзім әңгімесі» дастаны

Сабақтың жалпы мақсаты: «Әзім әңгімесі» поэмасының «Мың бір түн» хикаяларымен үндестігі, Абайдың поэмасына желі, арқау болған уақиғалар, поэманың аяқталмағандығы, шығыстық хикаяларды ақын өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға пайдаланып, көпке үлгі етуді мақсат еткендігі туралы ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж
  2. М. О. Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
  3. Электрондық оқулық
  4. Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

«ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ» - Абайдың аяқталмай қалған дастаны. Бұл поэманың тақырыбы «Мың бір түн» ертегісінен алынған. Қазақ ортасында ауызша көп айтылып жүретін «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» деген ұзақ ертегі болатын. Сол ертегінің ішінен жас бала Әзімнің жетімдік шағы, жігіттік кездегі басынан кешетін бейнет соры, кейін барып өзінің туралығы, жазықсыздығы арқылы арманына жететін оқиғалары Абайдың поэмасына желі, арқау болған тәрізді. Бұл поэманың ішінде Абайды қызықтырған тағы бір адам аяр шал болады. Ол шалдың кәсібі өзгеше. Қара тасты алтын ететін амалы бар. Осындай әрекет соңына түскен адамның жайы шығыста, ертегі ғана емес, химия ғылымы деп аталып жүретін алхимия жайынан туған неше алуан жасырын сырлы әңгімелер бар-ды. Ондай әңгіме-нанымдар шығыста ғана көп жайылған емес. «Философский камень» дейтұғын қара тас пен қара металды алтынға айналдыратын ғажайып сырлы бөлекше бір затты іздену орта ғасырлық Европада талай фантастикалық әңгіме, аңыздар тудырған.

«Мың бір түннің», «Әзім әңгімесі» сол жаңағы жайдың шығыста да езгеше орын алатынын аңғартады. Бірақ халықтың сыншыл ойы кейін ол әрекеттер арасында болып жүретін неше алуан арамшылық, аярлықтарды танытады. Көпті алдап жем ететіндерді өзінің әңгіме, аңыздарымен әшкерелейтін болады. Абай шығыс ертегісінің осындай өзгеше мән, тартыстарына қызыққан болу керек. Поэманың бастауына қарағанда, әкесі өлген жазықсыз, тәжірибесіз жас баланың аярға кездесіп, алданған бейнесі керінеді. Бірақ, бұл поэма Абайда аяқталмай қалады. Өз уақытында аяқталған болса да жалғыз ғана қолжазба болып, мезгілімен көшірілмей, тозып-шашылып кетеді. Сөйтіп соңғы бөлімдері жоғалып қалады. Сондықтан қолда қалған үзіндісі бітпеген поэма болып басылып жүр . . .

«Масғұт», «Ескендір» поэмасынан мына поэманың жазылу үлгісі басқарақ. Бұнда Абай Пушкиннің орыс ертегілерін балаларға арнап, өлең еткені тәрізді жеңіл тілді, қызық оқиғалы әңгіме жасамақ сияқтанады. Халық аузындағы әңгіменің өзін ғана барлық оқиғаны рет-тәртібімен жеңіл өлең етіп берудің талабы танылады. Ал өлеңдік құрылысына, кейбір сөз кестелерінің, ұйқастарының оншалық Абай шығармаларына лайықты шеберлікке сай келмейтініне қарағанда, бұл поэманы оншалық жоғарғы дәрежедегі көркем шығарма деуге келмейді.

Біздің ойымызша, 1927 жылы осы поэманың тексін Абай шығармаларын жинаушыларға табыс еткен Ырсайдың Ысқағы Абай поэмасының ұмытылған немесе ескірген, қолжазбада өшіп қалған кейбір жолдарын өз жанынан да «төлеу» салып, аламыштап жіберген сияқты. Өйткені поэманың кейбір ұйқастары, кей кезде жол ішінде сөз құраулары Абайдың ақындық шеберлігіне, поэтикалық лексикасына жанаспайтыны да бар. Бұлай болмаса, поэма Абайдың тіпті ерте кездерде өзінің ақындық күшін алғашқы тәжірибе ретінде, әр тақырыпты байқастап жүрген кезінде туған, алғашқы нұсқасы есепті бір вариант болуға керек . . .

Дастан 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет ақын шығармаларының 1933 ж. жарық көрген толық жинағында жарияланды. Қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тілдеріне аударылған.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • ««Әзім әңгімесі» поэмасын оқу және талдау.

ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ

Бір сөзім "Мың бір түннен" оқып көрген,

Өлең қып сол сөзімді айтқым келген.

Болыпты ағайынды екі жігіт,

Бағдатта Мұстапа мен Сапа деген.

Екеуі жетім еді әкесі өлген,

Талаптан, жетімбіз деп, бос жүрмеген.

Тігінші, кестеші еді кіші інісі,

Мұстапа суретшілік ғылым білген.

Екеуі екі айрылмақ қамын жеген,

Бір шетке кетпек болып жұрт көрмеген.

Мал тапқаны бір іздеп таппақ болып,

Серт қылып, бір-біріне уәде берген.

Екеуін екі жаққа тағдыр бөлген

Жандар емес қатерден әсте именген.

Шын, Машынға 1 Сапасы күте тұрсын,

Мұстапа Балсураға 2 бұрын келген.

Мұстапа - бойдақ, кедей біраз тұрған,

Кәсібін күннен күнге тәңірі оңғарған.

Аздан соң қатын алып, үй салғызып,

Шаһарда сенімдінің бірі болған.

Пұл құрап, киім түзеп, қарны тойған,

Қағазға өрнек жасап, сурет ойған.

Құдайым кешіктірмей бір ұл беріп,

Молдалар оның атын Әзім қойған.

Бір жасап, екі жасап, Әзім өсті,

Сонан соң медресеге барып түсті.

Аз жылда жақсы ғылым кәсіп етіп,

Жас жігіт жүзі нұрлы, көңілі мас-ты.

Оқудан шыға ұстады ата өнерін,

Асырды атасынан әрбір жерін.

Сол күнде ажал жетіп, Мұстапа өліп,

Жыртық-жетім болмады ол жас өрім.

Атаның харекетін ұстай алды,

Өнері артық шығып, жан таң қалды.

Алушылар көбейіп мұның ісін,

Бұрынғыдан артылып мал құралды.

Бір күні лапкесінде отыр еді,

Торғын тон, алтын кәмәр бір шал келді.

Не қылса бір құрметті адам ғой деп,

Әзім тұрып, иіліп сәлем берді.

Сәлемін алды шал да, амандасты,

Қасына жуық келіп жақындасты.

- Жат жердің адамы едім, ей, шырағым,

Не харекет қыласың?- деп сұрасты.

- Жасымнан жетім едім көңілі сынық,

Өнерім артық емес ондай ұлық.

Еңбекпенен көз сүзбей күн көремін,

Харекетім - суретші, бояушылық.

- Мінезің, түсің жақсы надан дерге,

Артық өнер қиын ба талапты ерге?

Тесілген күні бойы сендей жасты

Аяймын өнімі жоқ бүұл өнерге.

Бұл сөзге Әзім тұрып ашуланды,

- Тұрпайы сөйлейсіз, - деп қарай қалды.

Атамның харекетін қорлама, бай,

Аш емен, болмасам да сендей малды.

- Қорламаймын һәм, балам, зорламаймын,

Тесілген күні бойы сені аяймын.

Химия ғылымын білуші ем, үйретер ем,

Мысты алтын жасаушы ем, алдамаймын.

Шын өнерге қайтер ең көзің жетсе?

Әркімге жарамайды мұны үйретсе.

Өзі үлкен, өзі оңай, артық өнер,

Аз жұмыспен көп алтын хасил 1 етсе.

Мен-дағы жүргенім жоқ малдан күсіп,

Айттым, балам, басыңа мейрім түсіп.

Ертең ерте мысыңмен дайын болып,

Көңіліңнің дәркүмәнін алшы шешіп.

Әуелі хақтығына жетсін көзің,

Серт қылдым ғой үйретпек болып өзім.

Ертең ерте сол жерден табыспаққа

Екеуі уәде байлап, қойды сөзін.

Шал кетті, аң-таң бала үйге қайтты,

Көргенін анасына келіп айтты.

Химия ғылымы бар дейтін, сүйтсе-дағы

Анасы басын шайқап, ішін тартты.

- Апар да мыс бақырды алдына сал,

Алтын болса, болады бір талай мал.

Жалғызым, не қылсаң да сақ болып жүр,

Жәдігөй боп жүрмесін антұрған шал.

Бала айтты:- Тәңірім қақса, пенде не етер,

Жалған болса, білінер, қор боп кетер.

Шын болып, уәдеге бармай қалсақ,

Ғапылдықтан айрылған ызасы өтер.

Не қылса, сол күн бала шала үұйықтады,

Өтірік, расын ойланып таба алмады.

Мыс бақырын қолына алды-дағы

Лапкеге күндегіден ерте барды.

Шал-дағы дереу дайын бола қалды,

Бір дорбадан көмір мен көрік алды.

Екеуі сәлемдесіп болғаннан соң,

- Мысың қайда, балам?- деп дігір салды.

Мыс бақырды сындырды талқан қылып,

Көмірге салды мысты, дүкен құрып.

Мыс былқылдап еріген кезінде шал

Шөншіктен ұсақ қара алды қырып.

Алды да, ол дәрісін мысқа салды,

Былқылдаған бұрқылдап мыс шайқалды.

Бір нәрсемен азырақ бұлғалақтап,

Алтын қып суынған соң қолына алды.

Алтынын алып берді қолындағы:

- Сарапқа сал бар-дағы шаһарыңдағы

Алтын емес деп біреу айтса, балам,

Алдамшы, амалым жоқ, болдым-дағы.

Алтынды ал да, көрсет жұртқа апарып,

Менің сөзім шын болса тәңірі оңғарып,

Сонау бақша ішінен табылармын,

Егер мені іздесең көңіліңе алып.

Әзім ұшты алтынды ала салып,

Не байларға көрсетті мұны апарып.

- Самородный сары алтын екен ғой, - деп,

Кім көрсе, сол айтады аң-таң қалып.

Үш мың үш жүз ділдаға кетті сатып,

Шешесіне ап келді таңырқатып.

Шешесі:- Сол кісіні шақыр!- деді,

Кетсін, - деп үйімізден дәм-тұз татып.

Бағанағы бақшаға Әзім келді,

Жолықты шал да, сонда отыр еді.

- Ей, ата, қылған ісің рас екен,

Қонақ боп, біздің үйден дәм тат, - деді.

Қос уыс ділда берді Әзімге шал:

- Сенің ортақ малың, - деп- мендегі мал,

Шешілісіп, сырласып отыралық,

Әртүрлі қымбат баға ішкілік ал.

Сырлассақ, сұхбаттассақ, аулақ артық,

Нашалы боламыз ғой сөйлеп шалқып.

Анаңды да бір жерге жібер, балам,

Сырымды үйрете алман бойым тартып.

Күн батпай биттей алаң болма бізге,

Қас қарая келермін мен де сізге.

Ішу, жеу арасында сөйлер сөз көп,

Ол үйде жан болмасын сенен өзге!

Әзім кезді базарды аз тентіреп,

Әртүрлі ішкілікті алды күреп.

Алтынды көргеннен соң, анасы да

Кетті көрші үйіне, сеніңкіреп.

Арақ, жеміс - әртүрлі нығмат⁶ дайын,

Қуанды алтын қолға кірген сайын.

Үйіне бөтен жалғыз жанды қоймай,

Оңаша безендіріп тұрды жайын.

Көз байлана сып етіп шал да келді,

Әзім де есік ашты, дайын еді.

Әзімді баласына балағандай,

Жайнаңдап жарқын жүзбен үйге кірді.

Шал кіріп үйді тегіс аралады,

Бір Әзімнен басқа жан таба алмады.

Біратола пейілді беріп алған,

Әзім де бұл қылықты шам алмады.

Хош уақытсып сөйледі шал барқылдап,

Қол қусырып Әзім тұр, сөзін тыңдап.

Асын жеп, қолын жуып болғаннан соң,

Әпкел деп ішкілікті қойды ымдап.

Бар іс қой әуелден-ақ ел салтында,

Орыс, неміс болса да, қай халқың да.

Пайда деп тән саулыққа ішетұғын.

Миуадан тартқан хәмір⁷ ас артында.

Подносқа бөтелкемен арақ толды,

Бір-екі жақсы үремке дайын болды.

Жоқтан барды сөйлесіп, сауқым салып,

Алысты пияланы оңды-солды.

Жайма шуақ сұм шалдың іші мықты,

Алғашқы ішкен Әзімге тез-ақ шықты.

Бір аяқ қолдан қолға дегенсініп,

Жәдігөй стақанға дәру тықты.

Онысы түн ортасы болған заман,

Сұм екен талай жанды әуре қылған.

Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң,

Әзім барып жығылды шалқасынан.

Сонда шал терезеден бір ысқырды,

Төрт жігіт табыт алған үйге кірді.

Әзімді сол табытқа салды-дағы,

Төртеуі көтеріп ап тысқа жүрді.

Әзімді мас қып алып, шал кенелді,

Есікті жабамын деп аз бөгелді.

Артын жым-жырт қылды да, антұрған шал


Ұқсас жұмыстар
Шәкәрімнің поэмасын тап
Абай "ескендір" поэмасы. 9 - сынып
Абай бүлдіршіндер жүрегінде
«ақын қонақтар». абай тұлғасы
Абай Ескендір поэмасы
Абай құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
НЕЛІКТЕН стратегиясы
Абайды оқы, таңырқа!
Абай Құнанбаев Ескендір поэмасы
Географиядан сұрақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz