Алтын күз - ел байлығы ертеңгілігінің мектепке дейінгі ұйымдарға арналған сценарийі


Алтын күз ел байлығы

Мақсаты : табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып түсінік беру ойлау қабілетін дамыту

( Ән-әуез бөлмесі күзгі мерекеге байланысты безендірілген)

Жүргізуші:Қарсы алайық бәріміз

Жасымыз бен кәріміз

Қырдан кепті қыдырып

Алтын күз бізге нұр төгіп

Тілегім аман болсын ел ергесі

Алтын күз қайта келді берекесі

Молшылықтың жаршысы бола білді

Алтын күз - ырыс, береке, бірлік ала келді.

Армысыздар құрметті қонақтар!

" Алтын күз ел байлығы" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі "Алтын күз ел байлығы" атты ертеңгілігімізді ашу үшін сөз кезегі № 19 "Балдәурен" ясли бақшасының меңгерушісі Жайлханова Райхан апайға беріледі.

Ел байлығын арттырған берекеліде мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйласын.

Әуелі жұмбақ жасырам

Қулығымды асырам

Таба алсаңдар, шешімін

Қонағымды шақырам

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Бұл не болар ( КҮЗ)

( Осы кезде ішке сары киім киген, түрлі түсті жапрақтар тағынған алтын күз келеді)

Күз ханшайымы:

Сәлем, өрен достарым

Алақанды тос бәрің

Қызығыма қоныңдар

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Кел күз тойын тойлайық

Би билейік ойнайық!

Балалар: Сәлем, сәлем Алтын күз

Жаны жомарт жарқын күз!

Қош келдің Алтын күз! Өзіңмен бірге береке, байлық, мол ырыс әкелгеніңе бізде қуаныштымыз. Енді балалардың өзіңізге арнаған әндері, билері тақпақтары, ойындары да бар. Балалардың өнерін тамашалаймыз.

Хор: "Күз жомарт"

Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты- деп келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің өлең шумақтарына береміз.

Гүлсезім:Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Мансур: Мен алмұртпын алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың

Гүлайым:Алатаудың етегі

Алма деген жетеді

Алма дейді неге оны?

Алғым келіп кетеді

Нурислам:Қып қызыл боп таңқурай

Бізді қайран қалдырды ай!

Бүйірім шығып бір тойдым

Құмарымды қандырды ай

Жібек: Уылжығын бүлдірген

Әбден пісіп үлгерген

Бірақ, оның көйлекті

Былқайтынын кім білген

Альфия: Дәні қандай қатты еді

Дәмі қандай тәтті еді

Үйіріп ап тілімді

Таңдайымнан кетпеді.

Дильназ: Бақ ішінде көрікті

Көрдім өскен өрікті

Жемістерін аямай

Балаларға беріпті

Нұрила: Албырыған шиені

Қыздар сондай сүйеді

Жасаймыз деп моншақты

Орамалға түйеді.

Сезім: Жинап едім жүзімді

Сабағынан үзілді

Қатар-қатар қойған ем

Маржандай боп түзілді

Нәзік гүлдер әніміз

Жайнап өскен бауымыз

Өсе берсін гүл қыздар

Жарасады жырымыз- деп келесі кезекте " Қолшатыр" биін тамашалаңыздар

Орындайтын: Айзалия, Толғанай, Гүлайым, Сезім, Жібек, Нұрбибі

Әсем әуен салдырған

Сәбилер де алғыр жан

Балдәуреннің қызығын

Есте қалар болдырған- деп кезегімізді өлең шумақтарына береміз

Айзалия: Бақшамызда көкөніс

Тағы берді көп өніс

Жинау керек тез енді

Болмау керек бөгеліс

Аяна: Сабағында ырғалып

Күндей болып тұр жанып

Дәні піскен кезінде

Кетеді екен нұрланып

Нұрмұхаммед: Қабат- қабат тоны бар

Тіл үйірер сөлі бар

Суы өмірі кетпейді

Аздап тұзы жетпейді

Даниял: Тығылам деп тереңге

Бұғып жатқан төменде

Ұзын мұрын тәрізді

Тауып алдым сәбізді

Сұлтанбек:Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбы бәріміз

Нұрхан: Қос батырдай түйілген

Тоғыс қабат киінген

Аршимын деп мен оны

Жылап шықтым үйімнен

Толғанай: Түсі сондай қып-қызыл

Сабағы да тіпті ұзын

Алмаға аздап ұқсайды

Ел абайлап ұстайды

Ислам: Жас өскінін қиярдың

Жаз бойы мен суардым

Түйнектерін көргенде

"Бес" алғандай қуандым

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық

Ән: " Жау-жау жаңбыр"

Орындайтындар: Гүлайым, Даниял, Жібек


Ұқсас жұмыстар
Ортаңғы топқа арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі
Ортаңғы топтарға арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі
1-г сыныбына арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі
Жаңажол НЖББМ-нің Алтын күз мерекелік ертеңгілігінің сценарийі
Ересектер тобына арналған Келді міне Алтын күз ертеңгілігінің оқу-әдістемелік сценарийі
Жапырақтар сарғайғанда - 3-4 сыныптарға арналған Алтын күз ертеңгілігінің тәрбие сағаты сценарийі
Қарасай ауданы Береке ауылы Еркемай балабақшасының естиярлар тобына арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған Үстелдік компьютерлердің негізгі құрылғылары туралы сабақ жоспары
Балабақшаға арналған Алтын күз мерекесінің сценарийі
Ортаңғы топтың Алтын күз мерекесінің сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz