Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың ортасы

Сабақ жоспары
Тарихи тұлғалар
Мектеп: Ақтөбе қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Оракова М.С.
Сынып:
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Абылай хан
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
6.2.4.1 Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.
Сабақтың мақсаты
Мәтіндермен жұмыс істей отырып, тақырыбын, тідік ерекшеліктерін, мазмұндарын салыстыруға үйрену.
Бағалау критерийлері
екі түрлі стильдегі мәтіндерді тақырыбы, мазмұны және тілдік ерекшелігі бойынша салыстыра алады.

Тілдік дағдылар
Шежіре, жан сақтау, хан тұқымы, шыққан тегі.
Құндылықтарды дарыту
Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география
Бастапқы білім
Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырады.
Сабақ барысы
Жоспарланған сабақ кезеңдері
Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер
Дереккөздері
Сабақтың басы

5 минут

Сәйкестендіру
Мұғалім оқушыларға тапсырманы қиындылар түрінде ұсынады. Оқушылар өздері оқып, әрбәр стильдің ерекшеліктерін ескере отырып, бір-бірімен сәйкестендіреді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін топта өзара бөлісіп, не себепті олай сәйкестендіргендіктерін дәлелдейді.
1
Публицистикалық стильдегі ақпараттық мәтін

2
Ауызекі стильдегі мазмұндау мәтіні

- автордың жеке көзқарасы мен пікірі болмайды;
- дәлдік пен нақтылық сақталады;
- сөйлемдегісөздердің орын тәртібі қатаң сақталады;
- мәтін баяндау ретінде келеді;
- сөздер тек өзінің тура мағынасында қолданылады;
- экспрессивті сөздер қатыспайды.

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі сақталмайды.
- сұраулы, лепті, толымсыз, риторикалық сұраулы сөйлемдер қолданылып, диалогқа құрылады;
- диалект, кәсіби, ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, эмоционалды-экспресивті сөздер, эвфемизм еркін қолданылады;
- дыбыстар түсіріліп айтылады.

Слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

Мұғалім оқушыларды мәтіндерді зейін қоя отырып оқуға шақырады. Оқушылар мәтінді оқып, жұппен біріге отырып, оларды салыстырады, берілген кестені толтырады.

А мәтіні

Абылай (Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай сұлтан, Абылай баһадүр) хан - қазақтың белгілі ұлы хандарының бірі. Ол 1711 жылы дүниеге келген. Шежіреге қарағанда Әбілмансұрдың әкесі Уәли Түркістанды билеген кезінде шайқастардың бірінде қазаға ұшыраған. Ханның сенімді көмекшілерінің арқасында Әбілмансұр аман қалған екен. Осы қырғыннан оны Ораз аталық дейтін адам алып шығады. Сөйтіп Абылай көшпелі қазақ ішінде жан сақтайды.
Қазақ ішінде кең тараған аңыз-әңгімелерге қарағанда Абылай көпке дейін өзінің шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келген. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Сабалақ деген ат алады. Төле би үсті-басының тоз-тозы шыққан, шашы өскен түйеші балаға осы есімді қойған екен-мыс. Алайда көреген дана би Сабалақтың жай тұқымнан емес екенін түсінген.
1729 жылы жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасында Сабалақтың аты шығып, алғаш көзге түседі. 1733 жылы болған соғыстардың бірінде жеңіске жетеді. Ол XVIII ғасырдағы қазақ халқының ұлы билеушісі ретінде аталады.

Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым), 2008 ж.

Ә мәтіні

Қазақ-қалмақ екеуі беттесіп соғысқа келіпті. Қалмақтан бір батыр шығыпты жекпе-жекке. Қазақтан оған қарсы ешкім шықпапты. Қанжығалы Бөгембай батырдың жасы сексенге келген кезі екен. Жекпе-жекке өзі шықпақ болыпты ғой содан. Сол кезде Сабалақ жетіп келіп:
- Мен барайын, ата, - депті.
Батыр:
- Барсаң бар, балам! - депті.
Сабалақ <<Абылай, Абылай!>> деп ұрандатып жауға қарсы шауыпты. Найзамен екеуі бірін-бірі алалмай, ат үстінен жағаласып қанжарласыпты. Сол жерде Абылай қалмақтың батырын аттың үстінен жұлып әкетіп, басын кесіп алыпты. Қалмақтар мұны көрген соң қаша жөнеліпті. Батырың қашқан қалмақтарды қиратып салыпты.
Қазақтарды бастап келген Әбілмәмбет хан екен. Соғыс біткен соң:
- Жаңағы қалмақтың батырын жыққан бала қайда? - дейді.
Біреу ертіп келіп:
- Міні, ол бала, міні, - депті.
Әбілмәмбет аттан қарғып түсіп:
- Біздің Абылайдан жетім қалған бала бар деп еді. Атаңды айтып ұрандағанда сай-сүйегім сырқырады ғой, сен солмысың? - деп жылап қоя беріпті.
- Мен қайдан білейін, болсам болармын, - депті Сабалақ.
Әбілмансұр жауға <<Абылайлап>> ұран шақырғаннан Абылай атанып кетіпті.
Мұсылманқұл Жиреншиннің Абайдың өз аузынан естіген әңгімесі

белгілері
дәлел

А мәтіні
Ә мәтіні
тақырыбы

мазмұны

тілдік ерекшелігі

қорытынды

Бөлісейік
Оқушылар мәтін бойынша орындаған тапсырманы топта оқып бөліседі. Мұғалім топтарды аралап бақылайды, жетілдіре түсу керек жауаптар мен үздік жауаптарды дәптеріне түртіп алып, оқушыларға кері байланыс беруде ескереді.
Дескрипторлар
екі мәтінді салыстырып тақырыбын екі сөйлеммен жазады;
мәтіндердің мазмұнын 5-6 сөйлеммен жазады;
мәтіндердің стильдік ерекшелігін танытатын 4-5 белгісін табады.

Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым), 2008 ж.

Сабақтың соңы
5 мин

Рефлексия
Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай стратегия арқылы оқушылардың ойын тыңдайды.

<<Дауыстап айтылатын ой>> стратегиясы арқылы оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын ортаға салады.
Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады.
Түрлі түсті қағаздар

Қосымша ақпарат
Дифференциация - Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ұқсас жұмыстар
Видеожазба ортасы
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы. 6-сынып
Сабақтың ортасы мағынаны бағалау
Мәтіндік процессорлар арқылы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. құжаттарды құру және сақтау. мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері
Қасиеттер терезесі
Тіршілік ету ортасы
Форма макеті терезесі
Жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығы
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ . Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Шығармашылық жұмыстың атауы
Пәндер