Практикалық жұмыс №10. Бұршақ дақылдарының аурулары: белгілері, қоздырғыштары және күресу әдістері

Практикалық жұмыс №10

Тақырыбы: Бұршақ дақылдарының аурулары.

Сабақтың мақсаты: Бұршақ ауруларына анықтама, сипаттама беру. Аурулардың негізгі түрлерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар : Өсімдік аурулары келтірілген суреттер мен жазбалар, әдістемелік нұсқаудың таратпа материалы, сурет салуға қажетті жабдықтар (сурет дәптер, қарындаш, өшіргіш) .

Әдістемелік ұсыныс:

Бұршақ дақылдары аскохитозбен, антракнозбен, тат ауруымен, ақ ұнтақпен, фузариозды солумен, бактериялық және вирустық аурулармен және гүл тоғышарларымен зақымданады. Өскіндердің зақымдануы, өсімдіктердің солуы жиі байқалады, дамымай қалған бұршақтар саны көбейеді, өнім түсімі азайып, сапасы нашарлайды.

Аскохитоз ауруы. Қоздырғыштары -Ascochita (А. pisi Lib., A. pinodes Jones және басқалары) тектес саңырауқұлақтарға, Deuteromycetes класына, Sphaeropsidales ќатарына жатады.

Тат ауруы. Сиыржоңышқа, бұршақ, үрмебұршақта қоздырғышының барлық даму сатыларын зақымдайды. Қоздырғыш бір қожалы, толық жолмен дамиды. Өсімдік қалдықтарында қыстайды. Uromyces рisi Schrot қоздырғышы асбұршақ пен ноғатықты зақымдайды.

Фузариоз ауруы. Қытай бұршағын, асбұршақты, мал азықтық бұршақты, сиыржоңышқа мен бөрібұршақты залалдайды. Өсімдік дамудың барлық кезеңінде зақымданады. Зақымданған өсімдіктердің тамыры мен тамыр мойны қоңырланып, шіриді. Тамыр қиындысында өткізгіш ұлпалардың қарайып кеткендігі байқалады. Өсімдіктің өсуі баяулайды. Жерден жеңіл жұлынады. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталады.

Асбұршақтың кәдімгі мозаикасы. Қоздырғышы - Bean common mosaic вирусы. Ауру асбұршақта, жемдік бұршақта, бедеде және басқаларында байқалады. Белгілері - жапырақтардың мозаикалануы, өзгеріске түсуі, өсімдіктің өсуі мен дамуының нашарлауы. Қоздырғыш көпжылдық бұршақ дақылдарында сақталады. Бітелер арқылы тарайды.

Тапсырмалар:

1. Бұршақ ауруларының біліну белгілерін, биологиялық ерешеліктерін зерделеп, өсімдіктің заладанған мүшелерінің суретін салу керек.

2. Асбұршақ татының урединиспоралары мен телиоспораларының жадығаттарын дайындап, оларды микроскоппен қарау.

3. Асбұршақтың аскохитоз қоздырғышының пикнидтері мен пикноспораларын микроскоппен қарау.

4. Біржылдық бұршақ дақылдарын аурулардан қорғау тəсілдерін қарастыру.

5. 1- кестені толтыру.

1-кесте - Бұршақ дақылдарының аурулары.

Ауру қоздырғышы

Заладанатын

дақылдар, олардың

мүшелері

Зияндылығы
Ауру көздері
Күресу шаралары
Ауру қоздырғышы:
Заладанатындақылдар, олардыңмүшелері:
Зияндылығы:
Ауру көздері:
Күресу шаралары:

6. Көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың зақымдану ерекшеліктерін зерделеу.

7. Көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың ауруларымен күресу тəсілдерімен танысу.

8. Көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдарды аурулардан қорғау шараларының жобасын жасау.

Бақылау сұрақтары.

  1. Асбұршақтың ауруларының біліну белгілері қандай?
  2. Асбұршақтың негізгі аурулары, олардың қоздырғыштарының жүйелілік орны?
  3. Мал азықтың бұршақ дақылдары ауруларының біліну белгілері жəне ауру қалай пайда болады?
  4. Мал азықтық бұршақ дақылдарын аурулардан қорғау үшін қандай шаралар қолданылуы қажет?
  5. Көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдарды аурулардан қорғау шаралары?

Әдебиеттер:

  1. Карбозова, Р. Д. Фитопатология: оқулық / Р. Д. Карбозова, К. Н. Туленгутова. Алматы: Дәуір, 2014. .
  2. Абиев, С. А. Фитопатология: оқу құралы / С. А. Абиев. - Алматы: Эверо, 2015.
  3. Абиев, С. А. Фитопатология. ІІ бөлім: оқулық / С. А. Абиев. - Алматы: Эверо, 2015.
  4. Агибаев, А. Ж. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау:оқу құралы / А. Ж. Агибаев; А. К. Тулеева, З. Ш. Сулейменова; Қазақ ұлттық аграрлық ун-ті; С. Сейфуллин атынд. Қазақ агротехникалық ун-ті. - Алматы: Нур-Принт, 2010.

Ұқсас жұмыстар
Жүзім аурулары: түрлері, белгілері және күресу шаралары
Металдардың жемірілуі және коррозиямен күресу әдістері
Бұршақ тұқымдастарының морфологиялық белгілері мен биологиялық ерекшеліктері
Тыныс алу мүшелерінің аурулары: себептері, жұғу жолдары, белгілері, емдеу, алдын алу және темекі зияны
Өсімдіктерді қорғау әдістері мен машиналары: жіктелуі, құрылысы және жұмыс процесі
Жарма, бұршақ және макарон өнімдерінен тағам дайындау технологиясы
10 сынып физикасы. Практикалық жұмыс №2: Кинематика - сандық және мәтіндік есептерді шығару және талдау
Сын есім: анықтамасы, белгілері және практикалық тапсырмалар
7-сынып биологиясы: Қосжарнақтылар класы - Раушангүлділер және Бұршақ тұқымдастары
Қосжарнақтылар класы: Раушангүлділер мен бұршақ тұқымдастардың ерекшеліктері, түрлері және маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz