Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қолмен допты домалату

Қимыл - қозғалыс ойындары.

Сабақтың мақсаты:
1) Балалардың қимыл - іс әрекеттері мен дағдыларын жетілдіру;
2) Өз беттерімен спорттық жаттығуларды көбірек орындауға жетелеу;
3) Жеке және коллектив болып жасалған жаттығулардың әсем орындалуына көңіл аударту, таза ауада жүргізілетін жаттығулар мен ойындар арқылы бала организмін щынықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: Әсем безендірілген спортзал, сәндіспорттық киімдер, эмблемалар, доп.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
2. Жаңа сабақ:
Бірде ол ішім дейді
Бірде ол тісім дейді.
Шынығу керетігін
Сонда да түсінбейді.
Жоғарыдағы өлеңді оқып, оқушыларға сұрақ қою:
Өлеңде кім жайлы айтылған, оның іші, тісі неліктен ауырады екен?
Оқушылардың жауабы.
- Балалар қимыл - қозғалыс ойындары денсаулығымызды нығайта ма? (иә)
- Ендеше бүгінгі сабағымызда біз сендермен ойын ойнаймыз.
Қане, балалар, қандай ойындарды білеміз?
Ал таза ауада қандай ойындар ойнауға болады?
Кім тақпақтап айтып береді?
Класты 2 топқа бөліп, эстафеталық ойындар өткізу. (сурет салынған және топтың аты жазылған эмблемаларын таққызу.)
1 - топ <<Құлагер>> тобы.
2 - топ <<Тұлпар>> тобы.
1. Қапты аяққа киіп секіру жарысы.Топты 2 командаға бөлеміз. Ойыншылар бірінің артынан бірі тұрады. Қатар тұрған екі тізбектің арасы бір-бірінен 3-5 қадамдай қашық болады. Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады, ал олардың қашықтығы 10-15 м болатын қарсы жаққа бір-бір зат қойылады. Белгі берілісімен алдында тұрған екі оқушы қаппен затты айналып өтіп қайта оралады. Бірінші болып жеткен команда жеңіске жетеді.
2. <<Кім бірінші>> (доппен). Оқушыларды екі топқа бөліп бірінің артынан бірі тұрады.
Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады, олардан 2-3 м қашықтықта сызық сызылады. Бұл сызықта әр топтан капитан командасы қарама-қарсы тұрады. Бергі берісімен капитан командасы допты өз командасындағы 1-ойыншыға лақтырады, ол допты қайтадан капитанға лақтырып отырады, ойын осылай жалғаса береді. Кім бірінші болып ойынды бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.
3. Обручтың арасынан өту. Екі оқушы әр топтан обручты ұстап тұрады. Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады. Белгі берісімен алдында тұрған оқушылар тез жүгіріп, обручтың арасынан өтіп, өз командасына алақанмен ұрып, эстафетаны береді, эстафета жалғаса береді. Бірінші болып жеткен команда жеңіске жетеді.

4. <<Кім тез қимылдайды>>.
Топты екі командаға бөлеміз. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы сапқа тұрады. Аралары 5-6 м. Әр команданың оң жағында бірінші тұрған оқушы обручты тез алып бас жағынан киіп тез аяғы жағынан шығаруы керек.
Керісінше аяқ жағынан кіргізіп бас жағынан шығарып отырады. Қай команда тезірек бітсе сол команда жеңіске жетеді.
5. Қолмен допты домалату.
Топты екі командаға бөлеміз. Бірінің артына бірі тұрады. Әр команданың алдында бір-бір доптан тұрады. Мұғалімнің белгісімен алдында тұрған оқушы допты домалатып, 5-6 м жердегі затты айналып өтіп өз командасына береді. Қай команда бірінші бітсе сол команда жеңеді. .
6. Ракетамен шарикті ұрып жарысу. Топты екі командаға бөлеміз. Оқушылар бірінің артына бірі тұрады. Әр команданың алдынан сөре сызығы сызылады, ал олардың қашықтығы 10-15 м болатын қарсы жаққа бір-бір зат қойылады. Белгі берісімен алдында тұрған оқушы ракетамен шарикты алып жүреді, затты айналып өтіп, қайта оралады. Қай команда бірінші болып бітірсе сол жеңіске жетеді.
7. Арқан тартыс. Топты екі командаға бөлеміз. Оқушылар бірінің артына бірі тұрады. Қатар тұрған екі тізбектің арасы бір-бірінен 3-4 қадамдай қашық болады. Тізбектердің алдына сызық сызылады. Мұғалімнің белігісімен оқушылар тартысады, кім сызықтан асыра сүйреп кетсе сол жеңіске жетеді. Тек қана мұғалімнің белгісімен басталады.
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақта ерекше көзге түскен оқушыларды атап өту. Жеңіске жеткен команданы мадақтау.Ұйымшылдықпен спорт алаңынан қайту.

Ертеңгілік жаттығулар
<< Қаздар>>
I-бөлім (Балалардың бастарында қаздың маскасы тағылған)
Тәрб: Біз бүгін не боламыз? -Қаздар. Онда біз қаздар болып жаттығу жасайық.
-Қаздар, қаздар.
-Қаңқ- қаңқ-қаңқ!
Қаздар, қаздар қайтыңдар. (Ұшып тәрбиешінің қасына келеді)
Жүру түрлері. Қаздар шалғында жайылып жүр. Қаздар қанатын жоғары көтереді(аяқ ұшымен)
Қолды артына қойып, өкшемен жүру . Қаздар шалғында демалып жүр, бір аяғын көтеріп, екінші аяқпен алмастыру.
Жүгіру түрлері: Баяу жүгіру. Қаздар күнге қарап қуанады.
Қаздарша суға қарай секіріп жүгіреді.Қанатын жайып жүгіреді.
II-бөлім
1. <<Қаздар қаңқылдайды>>
А)Б.қ.:тұру, аяқтар иық деңгейінде қолдары жанында.
Қолдарды жанынан жоғары көтеріп, <<қаңқ-қаңқ-қаңқ>> - деу. - 3-4 рет
Ә)Б.қ. келу 5 рет қайталау, баяу үрдісте. Балаларға бұйрық :<<Арқаларыңды тік ұстаңдар>>
2. <<Қаздар ысылдайды>>
А)б.қ. аяқ иық деңгейінде, қолдары артта. Алдына еңкейіп 3 рет ыс-ыс-ыс деу.Ә)Б.қ. 6 рет қайталау балаларға бұйрық: <<Бастарыңды түсірмеңдер>>, <<қолдарыңды барынша артқа сермеңдер>>
3. <<Қаздар күнге ұмтылады>>
А) Б.қ. Өкшені басып отыру, қолдары жанында. Тізерлеп тұру, қолдарын жоғары көтеру және саусақтарды айқастыра << құлып>> жасап қысу.
Ә) Б.қ.5 рет қайталау,бір қалыпты үрдісте.
Балаларға бұйрық <<арқаларыңды тіктеңдер>>
4. <<Қаздар жасырынып қалды>>
А)Б.қ. Тұру, аяқтар иық деңгейінде, қолдары артта. Аласа отыру, басты бұрып тізеге қою, қолдарды түсіру.
Ә) Б.қ. 5 рет қайталау. Бір қалыпты үрдіс.Тәрбиешінің көрсетуі және түсіндіруі.
5. <<Қаздар ұшады>>
А) Б.қ. тұру, аяқтар иық деңгейінде ,қолдары жанында.Оң не сол аяқты алдыға созу, еңкею, екі қолды барынша артқа қарай созып ұшу.
Ә) Б.қ.5 рет қайталау.Бұйрық <<Еңкейіп қолды барынша артқа созу>>
6. <<Қаздар қанат қағады>>
А) Б.қ.Тұру, аяқтар иық деңгейінде.
Қолдарды жанына созып, қанат қағу.
Ә) Б.қ. келу 5 рет қайталау.
Балаларға бұйрық <<Арқаны тік ұстаңдар>>
7. <<Қаздар қуанады>>
А). Б.қ. тұру аяқ сәл ашық, қолдары артында.
Қолдарын алдына сермеп, 8 рет секіру, жүрумен алмастыру.3 рет қайталау, жылдам үрдісте.
Ә) Б.қ.
ІІІ кезең:
Тыныс алу жаттығуы.
<<Қаздар шаршады>>
Қанаттарын жоғары көтеру, біртіндеп <<қаңқ, қаңқ, қаңқ>> - деп - қолды төмен түсіру - 3-4 рет

Ертеңгілік жаттығу
1.Жүру,жұптасып жүргізу,бір қатарға тұрып жүру,аяқтың ұшымен жүріп келе жатып қолды жоғары күнге қарай созу.
2.>>Жүзіп жүрген бақалар>>Б.Қ.екі аяқты иық денгейімен қою.Тізені сәл бүгіп, қолды кеудеге қою.1.Қолды алдыға созып,шеңбер жасап аяқтың ұшымен тұрып түзелу.Ішті тартып,мойынды түзу ұстау.2.Б.Қ-қа келу.
3.Б.Қ:Екі аяқты иық денгейіне қою.1.Оң қолды көтеріп түсіру.2.сол қолды көтеріп түсіру.3.Б.Қ-қа келу.

4.Б.Қ. еденге отыру.Аяқтар иық кеңдігінде.Екі қолды артқа қойып тербелеміз.1.Оң аяқты көтеріп,аяқтың ұшымен түзейміз.2.Сол аяқты көтеріп,аяқтың ұшын түзейміз.

5.>>Алдыға еңкею>>Б.Қ саусақтарды айқастыра ұстап,жерде отыру.1.алдыға иіліп,аяқтың ұшына жету.2.Б.Қ қа келу.

6.>>Секіру>>Б.Қ оң және сол аяқпен кезек-кезек секіру.Екі аяқпен алдыға қарай жылжып секіру.

Тыныс алу жаттығуы

<<гүлдерді үрлейміз>>

Саусақ жаттығуы

Кел,кел қыздар келіңіздер,

Жүннен киіз басайық.

Алты қырдан асайық,

Ақ текемет басайық.

Ертеңгілік жаттығу 3-4 апта (доппен)

1″Түсіріп алма>>Б.Қ қазақша молдас құрып отыру,доп қолда.1.Допты жоғары көтеру,қолды бүгіп,бастан асыру.3.Допты жоғары көтеру.4.Б:Қ-қа келу. 4-5 рет қайталау.

2″Допты бастан асырып ұстау>>Б:Қ тізерлеп отыру,доп төменде,көтермелеп қолды алдыға созу.2.Б-Қ-қа келу.3-4 рет қайталау.

3 <<Құлау>>Б-Қ аяқ иық кеңдігінде,қол доппен төменде.1 допты алға созып,оң аяқпен құлау.2.Б-Қ -қа келу.

4 <<Еңкею>>Б-Қ отыру аяқ алшақ,доп ұстағанқолды бүгіп,кеуде тұсында ұстау.Алға оң(сол) аяққа шалу,қолды түзу ұстау.2.Б-Қ қа келу.6 рет қайталау.

5 Допты айнала жүгіру>>Б-Қ н-т доп еденде.Белгі бойынша допты айналып,жүгіріп,тізерлеп отырып,алақанмен допты бір ұру.5 рет әр жаққа қайталау.

Тыныс алу жаттығулары

<<Гүл>>

Саусақ жаттығуы
<<Көбелек>>
Көбелек-ау,көбелек,
Әдемісің керемет.
Алақанға қона ғой,
Өзіңде гүл бола ғой.

Ұқсас жұмыстар
Шымырбекпен бірге фитбол доптар әлемінде
Мұғалімнің әрекеті
Серігінің көмегімен қолмен жүру және қозғалмалы ойындар
Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Күзгі киімдерді ата
Баскетбол. 6 сынып
Спорттық үйірмелер жоспары
Допты ұстау
Допты жіберу және ұстау
Қолды артқа ұстау
Пәндер