Сегіздік санау жүйесінің сандарын ата

САБАҚ ЖОСПАРЫ №2
Пәннің аталуы: Информатика
Сынып: ___ 8 ___
Өтілетін күн:
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат және оның түрлері
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Ақпарат ұғымын, түсінігін, мағынасы мен түрлерін үйрету
- Дамытушылық:ой-өрісін дамыту.
- Тәрбиелік:тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: экономика
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, оқулық
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру:
- Алғашқы көмек деп нені айтамыз?
- Монитор мен көздің ара қашықтығы қанша сантиметр болуы керек?
- Адамды тоқ ұрғанда не істеу керек?
- Компьютерде жұмыс бастар алдында оқушының міндеттерін атаңыз?
- Көзге қандай жаттығуларды білесіздер?
- Жаңа сабақ
Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі - бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі - қалай да болсын - ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты. Адам не істесе де: кітап оқығанда, теледидар көргенде, сөйлескенде - ол әрқашан үздіксіз ақпарат алады және оны өңдейді.
«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «information» сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.
Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындайдың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінші түсіндіреді.
Бірінші теориия (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан қарастырады да, ақапаратты оқиғаның анықталмағандығының өлшемі ретінде айқындайды. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау немесе ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты.
Екінші теория ақпаратты материяның қасиеті ретінде қарастырады. Оның пайда болуы кибернетиканың пайда болуымен байланысты және адам немесе аспап қабылдайтын кез келген хабарламада ақпарат болады деген пайымдауға негізделген. Яғни ақпарат материя қасиеті ретінде оның табиғаты мен құрылымы, реттелуі, көп түрлілігі және т. б. туралы түсінік береді.
Үшінші теория - мағыналық тұрғыдан негізделген, ол бойынша ақпарат білім ретінде және кез келген білім емес, оның бағдарлау үшін, белсенді әрекет жасау үшін, басқару және өзін-өзі басқару үшін пайдаланылатын бөлігі ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, ақпарат - бұл білімнің әрекеттегі, пайдалы, «жұмыс істеуші» бөлігі.
Ақпаратты алу дегеніміз - бізді қоршаған орта құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Мысалы, сабақ үстінде мұғалім жаңа ақпаратты оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді.
ЕТ-да ақпараттың өлшем бірлігі үшін «бит» және «байт» алынған.
Байт - 8 биттен тұратын тізбек, бір символды белгілейтін код. Іс жүзінде байттан үлкен килобайт, мегабайт, гигобайт өлшемдері пайдаланылады.
1 байт - 8 бит =2 3 бит.
1 Кбайт - 1024 байт =2 10 байт.
1 Мбайт - 1024 Кбайт =2 20 байт.
1 Гбайт - 1024 Мбайт =2 30 байт.
Ақпараттың негізгі объектісі, яғни оның беретін шикізаты мен беретін өнімін ақпарат болып саналады. Сондықтан ақпарат ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
1. Ақпаратты қабылдау тәсілі бойынша:
- көз (түстерді ажырату, мәтіндік, сандық, графиктік ақпараттарды алады) ;
- есту;
- иіс, дәм сезу;
- саусақпен;
- сезім мүшелері.
2. Ақпараттың берілу түрі бойынша біз тек техникалық құрылғылар «түсінетін» ақпаратты қарастырайық:
- мәтіндік ақпарат (кітап, газет, телефон)
- сандық ақпарат (көбейту кестесі, хоккей матчытының есебі)
- графикалық ақпарат (сурет, схема, сызба)
- музыкалық ақпарат.
Информатика - түрлі ақпараттарды өңдеп, сақтап, талдап және жан-жақты тарату жолдарын зерттеп, оқытып, үйрететін ғылым.
- Сабақты қорытындылау.
Ал, оқушылар бүгінгі сабақта ақпарат түсінігін, мағынасын, қызметі мен түрлерімен таныстыңыздар. Сонымен бекіту сұрақтары арқылы сабағымызды қорытындылайық. 1) Ақпарат термині қандай мағына береді?
2) Ақпараттың информатика ғылымында қандай рөл ойнайды?
3) Ақпараттың өлшем бірліктерін айтыңыз?
5. Үйге тапсырма
§ 1 Ақпарат және оның түрлері атты тақырыпты оқып келу.
Тексерілді: Құрастырған: Карашинов К. С.
САБАҚ ЖОСПАРЫ №3
Пәннің аталуы: Информатика
Сынып: ___ 8 ___
Өтілетін күн:
Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері, түрлері
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:санау жүйесінің ұғымын, түрлерін үйрету
- Дамытушылық:ой-өрісін дамыту.
- Тәрбиелік:тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: математика
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, оқулық
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ақпарат сөзіне қандай мағына бересіз?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Ақпарат алынатын ақпарат көздерін атаңыз.
4. Ақпараттың өлшем бірліктері қандай?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
- Жаңа сабақ
Сан ұғымы - математикадағы сияқты информатиканың да іргелі негізі. Егер математикада сандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлінетін болса, информатикада сандардың берілу әдістерінің маңызы ерекше, өйткені солар ғана жадының қажет ресурсын, есептеу жылдамдығы мен қателіктерін айқындайды.
Сандарды арнайы символдар көмегімен бейнелейміз. Сандарды атау және жазу тәсілі санау жүйелері деп аталады.
Санау жүйелері позициялық және позициялық емес деген екі топтан тұрады. Позициялық емес санау жүйесінде сан цифрының тұрған орнының ешқандай мағынасы жоқ. Мысалы, Римдік санау жүйесіне қатысты ХХХ санында Х цифры кез-келген позицияда 10 (он) деген мағынаны береді.
Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындау күрделі болғандықтан барлық есептеулер позициялық санау жүйесінде іске асады.
Позициялық санау жүйесінде цифрдың мағынасына оның тұрған жерінің ролі зор. Позициялық санау жүйесінің негізі болып жүйедегі пайдаланылатын цифр сандары табылады.
Позициялық санау жүйесі төмендегі санау жүйелерінен тұрады:
1) ондық санау жүйесі (0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) ;
2) екілік санау жүйесі (0, 1) ;
3) сегіздік санау жүйесі (0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7) ;
4) оналтылық санау жүйесі (0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, E, F) .
1) Ондық санау жүйесі.
Мектеп қабырғасында 10-дық санау жүйесінде жұмыс істедік. Санау жүйесінің 10-дық деп аталатын себебі, бұл жүйенің негізі 10 саны болып есептеледі. Бұл жүйеде сан енгізу үшін төмендегі цифрлар пайдаланылады: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Санның цифрына бөлінген позиция - дәреже деп аталады.
Мысалы, 425 жазуы - сандардың 4 жүздік, 2 ондық, 5 бірлік дәрежеден тұратынын білдіреді.
Осы цифрларды басқа тәртіпте жазайық, мысалы, 524 - онда бұл сан 5-жүздік, 2-ондық, 4-бірліктен тұрады.
Барлық сандар үшін негіз болатын сан цифр позициясына байланысты дәреже көрсеткішіне келтіріледі және сол санға көбейтіледі. Бірлік дәрежедегі негіздің дәреже көрсеткіші 0-ге , ондық дәрежедегі негіздің дәреже көрсеткіші - 1-ге , жүздік дәрежедегі негіздің дәреже көрсеткіші - 2 және т. с. с.
Егер сан бөлшек түрінде берілген болса, бұл санды да негізгі байланысты қосынды түрінде жазуға болады. Бөлшек бөліміндегі сандардың дәреже көрсеткіші кері таңбамен беріледі және бөлшек бөліміндегі ең үлкен сан дәреже көрсеткіші -1-ге, келесісі -2-ге т. с. с. болады.
Мысалы, 524 10 және 384, 9506 10 сандарын ондық санау жүйесінің қосындысы түрінде жазатын болсақ:
Бұл өрнектегі 10 саны - санау жүйесінің негізі .
384, 9506 10 =3⋅10 2 + 8⋅10 1 + 4⋅10 0 + 9⋅10 -1 + 5⋅10 -2 + 0⋅10 -3 + 6⋅10 -4 ;
2) Екілік санау жүйесі
Компьютерде позициялық негізі 2 болатын екілік санау жүйесі қолданылады. Екілік санау жүйесінде кез-келген сан 0 және 1 цифрларының көмегімен жазылады және екілік санау жүйесі деп аталады. Берілген санның индексінде 2 саны көрсетілсе ол - екілік санау жүйесі.
Екілік санның барлық цифрын (дәрежесін) бит деп атаймыз.
Ондық санау жүйесіндегі сияқты екілік санау жүйесінде де кез-келген санды қосынды түрінде жазуға болады.
Мысалы, 1010101, 101 2 = 1⋅2 6 + 0⋅2 5 + 1⋅2 4 + 0⋅2 3 + 1⋅2 2 + 0⋅2 1 + 1⋅2 0 + 1⋅2 -1 + 0⋅2 -2 + 1⋅2 -3 ;
Анықтама : “Екілік санау жүйесінен санды 10-дық санау жүйесіне ауыстыру үшін, коэффициент-цифрлардың екілік дәреже көрсеткіштерінің қосындысы түріне келтіріп және оның қосындысын табу керек. Қосындыдан кейінгі шыққан сан - 10-дық санау жүйесіне келтірілген сан. ”
- Сабақты қорытындылау.
Сонымен сан ұғымы - математикадағы сияқты информатиканың да іргелі негізі. Информатикада сандардың берілу әдістерінің маңызы ерекше, өйткені солар ғана жадының қажет ресурсын, есептеу жылдамдығы мен қателіктерін айқындайды. Бекіту сұрақтары арқылы сабақты қорытындылайық.
- Санау жүйесі деп нені айтады?
- Позиялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?
- Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып келу. №1, 2, 4 есептерді шығару.
Тексерілді: Құрастырған: Карашинов К. С.
САБАҚ ЖОСПАРЫ №4
Сынып: ___ 8 ___
Өтілетін күн:
Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері, түрлері
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:санау жүйесінің сегіздің, оналтылық санау жүйесінің түсінігін, есеп шығаруды үйрету.
- Дамытушылық:ой-өрісін дамыту.
- Тәрбиелік:тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: математика
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, карточка
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ақпарат сөзіне қандай мағына бересіз?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Ақпарат алынатын ақпарат көздерін атаңыз.
4. Ақпараттың өлшем бірліктері қандай?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
- Жаңа сабақ
Сегіздік санау жүйесі , яғни негізі 8 болатын санау жүйесінде сандар сегіз цифрдың көмегімен өрнектеледі: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. Мысалы, 357 сегіздік санында жеті бірлік, бес сегіз және үш сегіздің квадраты бар, яғни 357 8 =3*8 2 +5*8'+7*8°, мұнда 357 санының индексі "8" санау жүйесін білдіреді. Жазылған қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық әрекеттерді орындай отырып, 3578=239 10 аламыз, яғни 357 сегіздік саны 239 ондық санға сәйкес келеді.
Екілік санау жүйесін компьютерден тыс жерде қолдансақ ол өте үлкен сан болады. Мысалы, 895128 10 = 11011010100010011000 2
Екілік санау жүйесін қысқаша пайдалану үшін он алтылық санау жүйесін қолданамыз, бұл санау жүйесінің негізі - 16 саны болып табылады.
Он алтылық санау жүйесінде 10-дық санау жүйесінің цифрлары, ал жетпеген цифрлардың орнына латын алфавитінің әріптерін қолданамыз, яғни A - 10, B - 11, C - 12, D - 13, E - 14, F - 15 .
Сонымен, ондық жүйенің бірлік барлық цифрлары және бұдан басқа алты латын әрпі оналтылық санау жүйесінің «цифрлары» болып табылады.
Оналтылық санау жүйесінің барлық цифрларын келтірейік:
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 A, B, C, D, E, F
Оналтылық санау жүйесінде F санынан кейін ондық жүйеде 15 + 1 = 16 дегенге сәйкес F+1 саны келеді.
Мысалы, 3E5A1 16 = 3⋅16 4 + E⋅16 3 + 5⋅16 2 + A⋅16 1 + 1⋅16 0 = 3 * 65536 + 3 * 4096 + 5 * 256 + 10*16+1*1= 255398 10
Тапсырма:
1. Сандарды сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз:
а) 555 8 ; в) 235 8 ;
ә) 636 8 ; г) 731 8 ;
б) 237 8 ; д) 354 8 .
Жауаптары:
А) 555 8 =5*8 2 +5*8 1 +5*8 0 =5*64+5*8+5*1=320+40+5=365 10
Ә) 636 8 =6*8 2 +3*8 1 +6*8 0 =6*64+3*8+6*1=384+24+6=414 10
Б) 237 8 =2*8 2 +3*8 1 +7*8 0 =2*64+3*8+7*1=128+24+7=159 10
В) 235 8 =2*8 2 +3*8 1 +5*8 0 =2*64+3*8+5*1=128+24+5=157 10
Г) 731 8 =7*8 2 +3*8 1 +1*8 0 =7*64+3*8+1*1=448+24+1=473 10
Д) 354 8 =3*8 2 +5*8 1 +4*8 0 =3*64+5*8+4*1=192+40+4=236
№2. Сандарды он алтылық санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз:
а) 91 16 ; в) 235 16 ;
ә) 40 16 ; г) 7С31 16 ;
б) 5А 16 ; д) Ғ54 І6 .
Жауаптары:
а) 91 16 =9*16 1 +1*16 0 =144+1= 145 10
ә) 40 16 =4*16 1 +0*16 0 =64+0= 64 10
б) 5А 16 =5*16 1 +10*16 0 =80+10= 90 10
в) 235 16 =2*16 2 +3*16 1 +5*16 0 =2*256+3*16+5*1=512+48+5= 565 10
г) С31 16 =7*16 3 +12*16 2 +3*16 1 +1*16 0 =3*4096+12*256+3*16+1*1=12288+3072+48+1= 15409 10
д) Ғ54 І6 =16*16 2 +5*16 1 +4*16 0 =16*256+5*16+4*1=4096+80+4=4180 10
- Сабақты қорытындылау.
Сіздер бүгінгі сабағымызда санау жүйесінің сегіздік және оналтылық түрлерімен таныстыңдар. Есептерді шығаруға үйрендік. Бекіту сұрақтары арқылы сабақты қорытындылайық.
- Санау жүйесі деп нені айтады?
- Сегіздік санау жүйесінің оналтылықтан айырмашылығы неде?
- Үйге тапсырма.
Тақырыпты оқып келу. 16 беттегі №1 есепті шығару.
Тексерілді: Құрастырған: Карашинов К. С.
Сабақ жорспары №5
Пәннің аты Информатика
Сынып: ___ 8 ___
Өтілетін күн: .
Сабактың тақырыбы: Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне
ауыстыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Санау жүйелерімен және оны басқа жүйеге ауыстыруды үйрету,
информатика пәнінің мақсатын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың санау жүйесі жайындағы ой-өрістерін
дамыту және жылдам есептеуге үйрету
Тәрбиелік: Оқушыларды пәнге қызықтыру, ұқыптылыққа,
әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі ОТК/оқытудың техникалық құралдары/Компьютер Pentium IV, принтер, сканер, модем. Әдебиеттер: мектеп оқулықтары О. Камардинов Информатика, О. Сейтқұлов Информатика, Балапанов, Бөрібаев 30сабақ ИФМ, Алгоритм, Инфориатика негіздері, Репетитор, карточкалар.
Сабақтың барысы
Сабақтың негізгі
Бөліктері
Оқушылардың назарын
сабаққа аударып, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Тақтаның тазалығы мен оқушылардың оқу
құралдарын түгендеу
Өткен сабақты сұрау арқылы қайталап, оқушының
танымдық қабілетін
ояту
Өткен сабақты сұрау
жалпы сұрақтарға
жауап беру, жеке карточка
Өткен сабақтағы санау жүйелері және оның түрлері тақырыбынан сұрақтар:
1) Санау жүйесі дегеніміз не?
2) Санау жүйесі қаншаға бөлінеді?
3 ) Сегіздік санау жүйесінің сандарын ата?
4 ) Оналтылық санау жүйесінде қандай сандар бар?
5) Позиция дегеніміз не?
3. Жаңа сабақты баяндау
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру қажеттілігі жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе он алтылык жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды өткен сабақтарда өткенбіз.
Ондық санды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін сол санды 2-ге бөлеміз.
Мысалы, 891 санын ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстырайық:
891:2:445, қалдық 1-ге тең;
445:2=222, қалдық 1-ге тең;
222:2 =111, қалдық 0;
111:2 = 55, қалдық 1;
55:2 =27, қалдық 1;
27:2 = 13, қалдық 1;
13:2=6, қалдық 1;
6:2=3, қалдық 0;
3:2=1, қалдық 1;
1:2 = 0, қалдық 1 (екілік санның ең үлкен цифры) .
Соңғы беліндіні және сонғысынан бастап барлық қалдыктарды бір жолға жазамыз. Жауабы: 891 10 = 110011 2 .
Ауыстыру ережесі . Бүтін оң ондык санды екілік санау жұйесіне ауыстыру үшін осы санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөліндіні қайтадан екіге бөліп және т. с. с, алынған бөлінді 2-ден кіші I болғанша бөле беру керек. Нәтижесіне соңғы бөлінді мен соңғысынан бастап барлық қалдыктарды бір жолға жазу керек.
Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру оны екіге көбейтіп, бүтін бөліктерді табудан тұрады.
Мысал. 0, 625 ондык бөлшегін екілік санау жүйесіне ауыстырайық.
Екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифрын табу үшін
берілген санды 2-ге көбейтіп, көбейтіндінің бүтін бөлігін ерекшелеу керек.
Шешуі: 0, 625 • 2 = 1, 250, бүтін бөлігі 1-ге тең;
0, 250 • 2 = 0, 500, бүтін бөлігі 0-ге тең;
0, 500 •2 = 1, 000, бүтін белігі 1-ге тең.
Сонғы көбейтіндінің бөлшек бөлігі нөлге тең. Ауыстыру аякталды. Алынған бүтін бөліктің мөнін бірінші цифрдан бастап бір жолға жазамыз. Жауабы:0, 625 10 = 0, 101 2 . 2-ге көбейткенде әркашанда ондық санның тек бөлшек бөлігі ғана катысады.
Ауыстыру ережесі. Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін кайтадан 2-ге көбейту керек. Енді бұл көбейтідінің бүтін бөлігін екілік бөлшектін келесі цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін тағы 2-ге көбейту керек жөне т. сс.
Ақырғы ондык бөлшекті екілік жүйеге ауыстыру кезінде периодты бөлшек алынуы мүмкін. Мысал. 0, 3 ондык бөлшегін екілік санау жүйесіне ауыстырайық.
Шешуі: 0, 3 • 2 = 0, 6, бүтін бөлігі 0-ге тең;
0, 6 • 2 = 1, 2, бүтін бөлігі 1-ге тең;
0, 2 • 2 = 0, 4, бүтін бөлігі 0-ге тең;
0, 4 • 2 = 0, 8, бүтін бөлігі 0-ге тен;
0, 8 • 2 = 1, 6, бүтін бөлігі 1-ге тең;
0, 6 • 2 = 1, 2, бүтін бөлігі 1-ге тең және т. сс.
0, 6-ның бөлшек бөлігі, есептеудің екінші қадамында болған. Сондықтан есептеулер қайталана бастайды. Демек, 0, 3 саны екілік санау жүйесінде периодты бөлшек түрінде көрсетіледі.
Жауабы: 0, 3 10 = 0, 0(1001) 2 .
Іс жүзінде бұл операцияларды үтірден кейін цифрлардың берілген саны алынғанша жалғастырады.
Ондық сандарды сегіздік және он алтылық санау жүйесілеріне ауыстарғанда да дәл осы ережелермен ауыстырылады.
4. Сабақты қорытындылау. Ондық санау жүйесін екілік, сегіздік және оналтылыққа ауыстыруды үйрендік. Бекіту сұрақтарымен сабақты қорытындылайық.
1. Бүтін ондық санның ауыстыру ережесі қандай?
2. Ондық оң бөлшекті екілікке қалай ауыстырамыз?
5. Үйге тапсырма : тақырыпты оқып, түсінік айту 5-есеп, 27-бет
Тексерілді: Пән мұғалімі:Карашинов К. С.
САБАҚ ЖОСПАРЫ №6
Сынып: ___ 8 ___
Өтілетін күн:
Сабақтың тақырыбы: Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне
ауыстыру
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Санау жүйелерімен және оны басқа жүйеге ауыстыруды
үйрету, информатика пәнінің мақсатын ұғындыру
2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: математика
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ақпарат сөзіне қандай мағына бересіз?
2. Ондық оң бөлшекті екілікке қалай ауыстырамыз?
3. Сегіздік санау жүйесінің сандарын ата?
4. Оналтылық санау жүйесінде қандай сандар бар?
5. Ақпараттың өлшем бірліктері қандай?
6. Бүтін ондық санның ауыстыру ережесі қандай?
- Жаңа сабақ
Екілік жүйесінен сегіздік және оналтылық санау жүйесіне ауыстыру жолы өте қарапайым. Мұндағы бар құпия екілік сандары оңнан солға қарай үш екілік сандардан топтап аламыз. Мысалы, 001 екілік саны сегіздік санау жүйесіне 3 санына тең. Екілік санау жүйесіндегі сандардың барлығын да топтастырған күйінде сегіздік санау жүйесіндегі сандарға ауыстырамыз.
1-кесте. Екілік санау жүйесінен сегіздік санау жүйесіне ауыстыру кестесі.
Мысалы, үш екілік цифрдан тұратын топтарға бөлінген 110011 екілік санын 1 101 111 011 сияқты жазып алып және әрбір топты бір сегіздік цифрмен ауыстырып жазғаннан кейін, 1573 сегіздік санын алуға болады.
Екілік санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне ауыстыру кестесі үшін ауыстырылатын сандарды оңнан солға қарай төрт саннан топтастырып аламыз (2-кесте)
Он алтылық санау
жүйесі
2-кесте. Екілік санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне ауыстыру кестесі
Алдыңғы мысалда қолданылған 110011 екілік санды төрт екілік цифрлардан тұратын топтарға бөлгеннен кейін, 11 0111 1011 сияқты жазып және әр топты оналтылық цифрмен ауыстырғаннан кейін, 37В оналтылық санын алуға болады. Бұл тепе-теңдікдерді оңай тексеруге болады. Мысалы, 1011 2 =1*2 3 +0*2 2 +1*2 1 +1*2 0 =11 10 =В 16 .
Сегіздік немесе оналтылық санды екілік санға түрлендіру бастапқы санның әрбір цифрын үш (сегіздік сан үшін - триадаларға) немесе төрт (оналтылық сандар - тетрадаларға) екілік сандардан тұратын топтарға жай ғана ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы: 123 8 = 001 010 011 = 1010011 2
А17 16 = 1010 0001 0111 = 101 10111 2 .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz