Бастауыш сынып қазақ тілі сабағы: Сөйлем тақырыбына арналған жарыс сабақ жоспары

Орындаған: Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласының № 44 орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Есполаева Әлия .

Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

а/ Оқушыларға сөйлем туралы жалпы түсінік беріп, сөйлем түрлерін тыныс белгілерні меңгерту;

ә/ Өз ойларын ашық білдіруге, өзіндік жұмыс істеуге, сауатты жазуға дағдыландыру;

б/ Көркем жазуға, ұқыптылыққа, жинақылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, көрнекіліктермен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: сызба, бір шоқ гүл, сөзжұмбақ, үлестірме.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Тақтада « Сабақтарыңа сәттілік тілейміз!» сөзі ілініп тұрады.

- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ.

Психологиялық дайындық.

  • Амансың ба, алтын күн!
  • Амансың ба, көк аспан!
  • Амансың ба, достарым!
  • Сендерді көрсем қуанам!

2/ Балалар, қазір жылдың қай мезгілі жақындап келеді? /қыс/

  • Олай болса, сол қыс мезгілі сияқты көңіліміз ақ болсын деп бір-бірімізге бір шоқ гүл ұсына отырып, әдемі тілектерді айтайық.

/ балалар айтып болғаннан кейін, арттағы 1 мұғалім балаларға сәттілік тілейді/

  • Балалр, біз сабақта 3 топқа бөлініп « Айгөлек», « Балдырған», « Балауса» болып жарыс сабағын өткіземіз. 3 топқа бөлінеміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Балалар, үйге қандай тапсырма беріліп еді? / тексеріледі, топ болып талданады/
  • ІІІ. Жаңа сабақ.
  • Балалар, бәріміз экранға қарап, сөзжұмбақты шешейік.
  • Тілден ұшып құлаққа қонады / сөз/
  • Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерің / көз/
  • Мәтіннің түрі / пайымдау/
  • 16 желтоқсан қандай мереке?
  • Мәтіннің түрі / әңгімелеу/
  • Тілі жоқ сөзіңде, сөзі бар ісіңде /қалам/
  • Ендеше балалр, қандай сөз шықты? /сөйлем/
  • Бүгінгі өтетін тақырыбымыз -Сөйлем

/ күннің жадын жазып, тақырыпты жазу/

  • Енді назарымызды мына суретке аударайық / әр топ бойынша суреттерге қарап, сөйлем құрастырады/
  • Әр топтан 1 оқушы шығып жауап береді.
  1. Сөйлем бір-бірінен не арқылы ажыратылады? -тыныс белгі
  2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойдың?
  3. Сөйлем неден құралады?
  4. Сөйлем қандай әріптен бастап жазылады?

ІІ. Диалог құрастыру

  • Ал енді осы сөйлемдерден кім ереже шығарып бере алады? / оқушылар анықтамасын айтып бере алады/

ІІІ. Оқулықпен жұмыс

ІІІ топқа тапсырам беремін.

177- жаттығу. Салыстыр.

І топ. Қара бидай / себілді/

ІІ топ. Қоңыржай аймақ / өседі/

ІІІ топ. Өзеннің суы молаяды / молаяды/

Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып жазады.

Қыс туралы сурет бойынша әңгімелеу.

178- жаттығу. Берілгені бойынша талдаймыз.

І топ. Қыс түсті. Дала ақ мамыққа оранды.

ІІ топ. Күн суытты. Адамдар қалың киім киінді.

ІІІ топ. Жерде қар жатыр. Балалар шанамен сырғанады.

Сергіту сәті.

1/ Дидактикалық ойын «Жаңа сөз-артық дыбыс»

Қыс ыс қ

Күз үз к

Баған баға н

Тіл іл т

Құрт құт р т. б.

2/ Қыран құстай самғаймыз,

Әлемді біз шарлаймыз.

Биік-биік шыңға өрлеп,

Тыныштықты қорғаймыз.

179- жаттығу. Берілгенін оқыту.

  • Кім тағы жұмбақтар біледі?
  • Жұмбақтарды шешіп, жауаптарынан сөйлем құрап айту.
  • / Үлестірмелі орны ауыстырылып берілген сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құрату/
  1. Орналасқан, Сырым ескерткіші, Оралда.
  2. Мұражай, бар, Оралда
  3. Көп, зәулім, Оралда, ғимараттар
  4. Мешіт, көрікті Оралдың
  5. Өзеннің, қала, жайық бойындағы

ІV. Қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақтан не білдік? Сабақ не туралы болды?

Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау


Ұқсас жұмыстар
5-сынып қазақ тілі сабағы: Оқу құралдары тақырыбына арналған сабақ жоспары
8-сынып қазақ тілі: Сөйлем мүшелері (Бастауыш) - сабақ жоспары және талдауы
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Хабарлы сөйлем
11-сынып қазақ тілі сабағы: Сабақтас құрмалас сөйлем - сабақ жоспары
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Лепті сөйлем
3-сынып қазақ тілі сабағы: Сөйлем мүшелері (14-21 жаттығу)
Қазақ тілі: Зат есім тақырыбына арналған сабақ жоспары
8-сынып қазақ тілі пәні: Табиғат байлықтары тақырыбына арналған сабақ жоспары
4-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Сөйлем тақырыбын жалпылау және тиянақтау
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Сұраулы сөйлем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz