Меншіктеу операторы

№ 10 сабақ.
Тақырыбы: Өрнектер. Меншіктеу операторы.
Мақсаты:
Оқушыларға өрнектердің математикада жазылуы мен программала жазылу екершеліктерін үйрету, берілген өрнекті программалық тілде жаза білуді меңгеру, оператор және меншіктеу операторы ұғымдарын енгізу;
Арифметикалық, логикалық, стандартты өрнектер мен функцияларды программа жазу барысында тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
Қоршаған ортаның өзгермелі қасиеттерін және оларды сипаттай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт. мед. жабдықтар, (кестелер), компьютер.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
Сабақтың барысы
І. Кіріспе. (2мин)
- Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
- Журнал толтыру;
- Оқушылардың назарын сабаққа бұру,
ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)
- 8-9сабақтар бойынша тест тапсыру.
ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)
ПС. Математикадағы өрнектерді, мысалы бөлшектерді, дәрежелерді Паскал-программаның ортасында компьютер экранында жазуға бола ма? Есптердік өрнектердің бәрі әріптермен белгіленген. Паскаль әріптердің орнына сандарды қалай қояды?
1 . Арифметикалық өрнектер

sqrt(abs(ln(cos(x) +sin(x) ) ) )
шатасып кетпес үшін ашылған және жабылған жақсалардың сандарының теңдігін тексеру керек



2. Логикалық өрнектер.
Логикалық өрнек нәтижесі «ақиқат» немесе «жалған» болады.
Логикалық өрнек лог-қ тұрақтыдан (сан немесе сөз), лог-қ айнымалылардан (кез-келген атаулар), қатынас бегілер (>, <, >=, <=, =, < >) мен логикалық амалдардан (not, and, or), жақшалардан тұрады. Логикалық амал мына ретпен атқарылады: 1- not, 2- and, 3- or.
Сол сияқты A<10 and B<10 дұрыс емес.
(A<10) and (B<10) дұрыс.
3. Символдық өрнектерге - char, string, text типті шамалар жатады.
Мыс:
‘a’, ‘k’ - символдық тұрақты
a:=’Ә’ - символдық айнымалы, a:char;
’мектеп’ - жолдық тұрақты
a:= ’мектеп’ - жолдық айнымалы, a:string;
4. Оператор дегеніміз - белгілі бір шамаға жүргізілетін амалдардың орындалу жолын көрсететін нұсқау. Паскаль тілінде операторларды begin - end деген операторлық жақшалардың арасына жазады. Паскаль операторлары бірінің астына бірі немесе бірінен кейін бірі арасы нүктелі үтірмен (; ) бөлініп жазылады.
Жалпы түрі:
begin
1-оператор;
2-оператор; 3-оператор;
4-оператор;
. . .
n-оператор;
end.
Оператор түрлері
меншіктеу (:=) ;
шартсыз өту (goto) ;
процедура шақыру (проц. аты) ;
тармақтау немесе шартты өту (қысқаша, толық) ;
таңдау;
қайталау (әзір, дейін, параметрлі) ;
5. Меншіктеу операторы - кез-келген айнымалыға мән беруді жүзеге асыртын, жиі қолданыста болатын оператор. Түрі:
<aйнымалы>:=<өрнек>;
Мысалы:
x:=5;
y:=-1;
r:=x;
x:=y;
y:=r;
операторлар тізбегі атқарылған-да х пен у айнымалы-ларының мәндері ауысады.
Меншіктеу амалы теңдікті білдірмейді. x=x+1 деген өрнек матемаикалық тұрғыда қате болады.
Мысалы; мына өрнек i:=i+1 і-ға 1-ді қосып, нәтижені қайтадан і-ға беру керектігін білдіреді . Сонда, меншіктеу операторы атқырылған соң, і шамасының мәні 1-ге артады. Бұл теңестіру емес әрекет жасауды көрсетеді.
Меншіктеу операторы барлық өрнектер үшін қолданыла береді. Айнымалыға символдарды меншіктегенде символ апострофқа алынып жазылады.
v:=’M’; x:=’15’, x:=’Он бес’ т. с. с.
IV. Сабақты бекіту және бағалау: (10мин)
1. 63бет. 2. 11 кестені талдау.
2. 63 бет.
3. Сандард мысал.
4. Ауызша №1 жатт. .
5. бағалау
V. Үйге (3мин)
§2. 8, 3. 4. 1,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz