9-сынып: Pascal тіліндегі Repeat-Until операторы, CHAR және STRING типтері мен LENGTH функциясы

№17
Сабақтың
9- СЫНЫП.
№17: І
Сабақтың: тақырыбы:
9- СЫНЫП.: Repeat - Until қайталау опрераторына программа жазу, таңба типі, сөз ұзындығы (1 сағ)
№17:
Сабақтың: мақсаттары:
9- СЫНЫП.:

1. Дейін-қайталау командаларын Паскаль опреторында программалауды үйрену, пысықтау. CHAR, STRING, LENGT қызметші сөздерімен және олардың атқаратын қызметтерімен қажеттілік туғыза отырып алдын-ала танысу.

2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Программаның математикалық моделі туралы түсініктерін тереңдеу.

3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескеру.

№17:
Сабақтың: көрнекілігі:
9- СЫНЫП.: Паскаль редакторы - Паскал АВС , дейін-қайталау операторнының блок-схемасы, Паскаль тілі бойынша компютерлік тестілеу программасы. Көкпен жазылғандарды оқушылар дәптерлеріне жазып алады. Ол жазуларды плифшартқа қоюға болады.
№17:
Сабақтың: түрі:
9- СЫНЫП.: Теориялық сабақ, гуманитарлық бағыт.
№17: ІІ
Сабақтың:

барысы:

(3 мин)

(20 мин)

Жаңа сабақпен байланыс-тыру

9- СЫНЫП.:

Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
№17: ІІІ
Сабақтың:

Үй тапсырмасымен жұмыс.

1. Үй жұмысының орындалуын тексеру, есепке алу (Есеп №2ә)

Үй жұмысы орындалған, бірақ дұрыс емес - 1 ұпай,

жартылай дұрыс - 2

толық дұрыс - 3

жоқ - 0

2. Қысқаша сұрақ-жауап. (1-2 ұп)

  • Қайталау операторы не үшін қолданылады?
  • Әзір қайталау операторы қалай орындалады
  • Қайталау параметрі деген не?
  • Шарт деген не? Серия деген не?
  • ҚО Паскаль тілінде қалай жазылады? Әр қызметші сөздің қазақша мағанасы қандай?
  • Шартты тексермей тұрып серияны орындауға болама? Неге?

Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.

№17: IV
Сабақтың:

Жаңа сабақ

Лекция мазмұны.

(20 мин)

9- СЫНЫП.:

1. Бүгінгі сабақта қайталау опреторының денесін (тұлғасын/сериясын) шарттан бұрын орындауға мүмкіндік беретін Паскальдың жаңа опреторымен танысамыз.

Жазылу түрі:

repeat

<серия >;

UNTIL <шарт>;

repeat-until операторының While - do- ға қарағанда үш айырмашылығы бар. 1. шарт циклдан бұрын тексеріледі, сондықтан серия кем дегенде бір рет атқарылады. 2. Repeat операторында шарт ақиқат (иэ) болғанда қайталау (цикл) аяқталады. 3. Repeat операторында қайталау соңы шартпен аяқталады.

ЕСЕП: Берілген сөйлемде орысша «а» әрібі қанша рет кездесетінін табатын программа жазайық.

Бұл мақсатқа жету үшін сөзде қанша әріп бар, «а» әрбін қалай белгілейміз, соны анықтап алайық. Алдымен есепте кездестін шамаларды айқындайық. Есепті шешу үшін не белгілі деп ойлайсыңдар? «а» әрібі , сөйлем , сөйлемнің ұзындығы . Паскалда тамаша мүмкіндіктер бар. Әріпті жеке таңба деп қарасақ оның типін CHAR қызметші сөзімен көрсетуге болады. Мысалы: аа:char; Сөйлемнің өзін де типі STRING болатын айнымалымен белгілейміз. String -типімен көрсетілген сөйлемде (жолда) 1-ден 256-ға дейін таңба бола алады. Сөйлемдегі таңбалар солдан оңға қарай 0-ден 255-ке дейін нөмірленеді. Әр таңбаға бір нөмір сәйкес келеді. Мысалы: аа:=’Информатика’; , болса, aa[3] =ф, aa[7] =а, aa[11] =а болады. Енді сөздің ұзындығын ше? Яғни, тағы бір қызметші сөз қажеттігі көрініп тұр. Сөйлемде, кез-келген таңбалар тізбегінде қанша таңба бар екенін LENGTH(zz) қызметші сөзі көмегімен анықтауға болады. Мұндағы zz - таңбалар тізбегі немесе сөйлем. Сонымен мысалда келтірілген есепті шешу үшін қажет нәрсенің бәрі бізде бар.

Есептің математикалық моделіндегі бірінші сұраққа жауап беріп қойдық.

1. Не белгілі «а» әрібі, сөйлем zz-жолдық, сөйлемнің ұзындығы n - бүтін сан

2. Не табу керек? «а» әріптерінің саны s- бүтін сан.

3. Қалай есептейміз;

Сөйлемді енгіземіз zz;

-мәнін енгіземіз, қайталау параметрі i:=1; а-лар саны s:=0;

n:=сөйлем ұзындығы;

қайталау

егер zz[i] =’a’ онда s:=s+1;

i:=i+1;

жоқ і > n иә

Программа мәтіні:

program sanau_repeat;

var s, i, n :integer;

zz :string;

begin

s:=0; i:=2;

write( 'Сөйлем енгіз ' ) ;

read( zz ) ; n :=length( zz ) ;

s:=0; i:=1;

repeat

if zz[i] ='а' then s:=s+1; write( ' ', zz[i] ) ;

i:=i+1;

until i>n;

writeln( 'а саны =', s ) ;

end.


Ұқсас жұмыстар
9-сынып: Паскаль тіліндегі While, Repeat және For қайталану операторлары және таңба мен жол типтері
Turbo Pascal тіліндегі таңдау операторы: теориясы мен практикалық қолданылуы
Turbo Pascal тіліндегі таңдау операторы: информатика пәнінің сабақ жоспары
REPEAT операторы және циклдық алгоритмдерді программалау
9-сынып информатикасы: Паскаль тіліндегі мәлімет типтері, айнымалылар, өрнектер және программа құрылымы
Pascal тіліндегі айнымалылар мен деректер типтері және алгоритм ұғымы: қасиеттері мен блок-схемалар
Паскаль тіліндегі циклдік операторлар: алғы және ілесу шарттары (REPEAT, WHILE)
9-сынып информатика: Паскаль тіліндегі мәліметтер типтері, өрнектер және айнымалылар
9-сынып: Паскаль тіліндегі мәліметтер типтері, айнымалылар және өрнектер
Өрнектер мен меншіктеу операторы: Паскаль тіліндегі жазылуы және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz