Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақпарат көзі

№2 сабақ 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат. Ақпараттық процесс, қасиеттері, мөлшері.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен, үлгілерімен және өңдеу
тәсілдерімен таныстыру.
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен
жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, үйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай
білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе- түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV.Сарамандық жұмыс
V. Үйге тапсырма
VІ. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Пысықтау сұрақтары.
1. Қандай тәртіп тережелерін білесіздер?
2. Қауіпсіздік ережелерін атап беріңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні зат, энергия мен ақпарат болып
табылады. Зат пен энергия сияқты ақпарттың да мәні өте зор. Оның
өсімдіктердің, жануардлардың, адам мен жалпы адамзат қоғамының өміріндегі
мәні олардан кем есем.
«Ақпарт» сөзі латыннның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды
білдіретін ingormatio сөзінен шыққан.
Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі:
философия, экономика, физика, математика, информатика салаларына кеңінен
енді.
Ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғаттада болады, ол әрқашан сөзбен ғана
жеткізілмейді, яғни алудың сан алуан түрі бар. Ақпарт қарым-қатынас
жасау, өз бетімен ойлау, зеттеу әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады.
Ақпарат-белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде
ұсынылатын мәліметтер тобы.
Адам ақпаратты:
Біріншіден сақтай алады.
Кітап, газет-журналдан оқыған, ақпаратт ыесте сақтап жинаймыз. Адамзат
жинаған білім мен тәжірибенің көлемі өте үлкен, сондықтан адамның миы
оларды түгел сақтай алмайды, сол себептен оларды сақтау үшін, сыртқы
ақпарат тасуыштар: қағаз, папирус, пергамент, түрлі таспалар, дискілер
қолданылады.
Екіншіден жеткізе алады.
Ақпаратты кеткізу: бір-бірімізбен сөйлескенде, сабақта, теледидардан
хабар көргенде, кітап оқығанда. Әңгіме кезінде бір адам айтушы, ал екінші
адам тыңдаушы болады.
Үшіншіден өңдей алады.
Ақпаратты өңдеу деп-ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін
өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат
іздестіріп толықтыруды айтады.
Сонымен ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді.
Ақпаратпен орындаланыт әрекеттер ақпараттық процестер деп аталады.
Адам ақпаратты үздіксіз қабылдап отырады.
Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезінеді, иісті, дәмді сезеді,
яғни ақпарт қабылдайды. Адамның ең басты сезім мүшесі-көру мен есту. Ол
кітаптан, теледидар мен радиодан алатын ақпараттытек осы мүшелерімен
қабылдайды. Сырттан қабылдайтын ақпараттың 90 пайызы сол мүшелер арқылы
қабылданады.
Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы және бейнелі деп екіге бөлінеді.
Бейнелі ақпарат деп-табиғат көріністерін, кесіндерді, дәм, иіс, сезу
мүшелері арқылы алынатын ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпартқа адамның сөйлесу, жазу түрінде алатын ақпараттар жатады.
Ақпарат түрлері:
1. қоғамдық-саясаттық
2. әлеуметтік-экономикалық
3. ғылыми-техникалық
4. химия-биологиялық
5. физиологиялық
Ақпараттың қасиеттері:
1. толықтық
2. сенімділік (анықтық)
3. бағалылық
4. маңыздылық (актуалдық)
5. айқындылық
6. қысқалық, нанымдылық
Ақпарат алу деген бізге жаңа , түсінікті бірдеңені білуді, яғни білім
алуды білдіреді.
Есептеуіш техникада ақпараттың көлемі екілік белгілер санына тең.
Ең кіші ақпаратты өлшеу бірлігі 1 битке тең. Бір байт 8 битке тең.
1 байт -8 бит
1 Кбайт (килобайт)-1024 байт-1000 байт
1 Мбайт (мегабайт)-1024 кбайт-1 (миллион байт)
1 Гбайт (гигабайт)-1024 Мбайт-1 миллиард байт)
Ақпаратт жеткізу жылдамдығы бит/сек, байт/сек, Кбайт/сек, Мбайт/сек,
Гбайт/сек өлшем бірліктерімен өлшенеді.

ІV. Сарамандық жұмыс
1. Кітапта 290 бет бар, бір бетте 39 жол, ал әр жолда 67 символ бар. Бұл
кітапты сыйымдылығы 1,44Мбайт дискіге сыйғызуға бола ма?
2. Кестеге өзің ақпарат алған мысалдары мен олар алынған ақпарат көздерін
жаз.

|Ақпарат |Ақпарат көзі |
|Бүкіл әлеммен байланыс |Информатика сабағы |
|Қосылғыштардың орныны ауыстырғанмен |Математика сабағы |
|олардың суммасы өзгермейді | |
|Амеба бір клеткадан тұрады |Биология сабағы |
|Токқа қосылған үтікке қол тигізу |Апамның ескертуі |
|қауіпті | |
|Тұратын уақыт болды |Қоңырау сағат |

V . Үйге тапсырма:
Табиғаттағы ақпарат түсінігі. Ақпараттың түрлері тақырыптарын оқып келу.

VІ. Қорытындылау:

1. Сонымен оқушылар ақпарат дегенге қандай анықтама бере аласыздар?

VІІ. Оқушыларды бағалау

Ұқсас жұмыстар
Ақпарат алатын көздерді атап айт
Ақпаратты өңдеу тәсілдері
Ақпараттың түрлері
Негізгі ақпарат
Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал
Информатика. Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Информатика пәнінен оқу бағдарламасы
"информатика әлемі" сайысы
Сабақ презентациясы
Тест. 5-сынып
Пәндер