СӨЗ ІСПЕН КӨРІКТІ сабағынан үзінді көрсетіңіздер

Тапсырма.

  1. 5 сынып оқулығынан берілген «СӨЗ ІСПЕН КӨРІКТІ»сабағынан үзінді көрсетіңіздер.
  2. Сабақтың тақырыбын меңгерту мақсатында түрлі жағдаяттар ойлап табыңыздар.
  • Өз сөзіне берік болу дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Біреуге берген уәдеңді орындай алмаған кезде қандай сезімде боласыңдар?
  • «Сөз бен істің бірлігі» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Аманат

Аңыз әңгіме

Ерте-ерте ертеде мыңғырған малы бар, жері мен қазына-байлығына сан жетпейтін бір хан өмір сүріпті. Байлықтан басы айналған сұлтан «данышпан, әділ әмірші» деген атын шығармақшы болады. Алайда оған қатыгездігі мен атаққұмарлығы мұрша бермейді. Ашуланған кезде қолына түскенді кінәлі-кінәсіз екендігіне қарамай жазалай беріпті

Сол хандықта Құби атты бір тақыр кедей өмір сүріпті. Күндердің күнінде Құби бала-шағасына нан сұрау үшін ханға келеді. Сөйтсе, хан түнеріп отыр екен. Құбиды көре салып, тілге келтірместен, басын алуға бұйырады.

«Жетпегені осы еді, - деп ойлады Құби. - Басқа азабы аз болғандай, енді басымнан айырылатын болдым». Ол басын иіп, ханның өзіне қайырым етуін сұрап, жалынды. Ханның оны тыңдағысы да келмеді.

- Сен сәтсіз күні келдің. Мен «Бүгін кім келсе де, басын аламын» деп өзіме ант етіп қойғанмын.

Құби шошып кетті, алайда ол діндар адам болғандықтан бір Аллаға сыйынып былай дейді:

- Бір адамда екі ажал болмас, ал біреуінен қашып құтылмас. Хан ием, сіздің айтқаныңыз болсын. Бірақ менің датым бар.

- Датың болса, айт.

- Үйіме барып бала-шағаммен қоштасып келуге, аз-мұз азық апарып келуге рұқсат етіңіз, әйтпесе олар аштан өледі ғой. Таң қылаң бергенше қайтып ораламын.

  • Жақсы. Көтере алғаныңша тамақ алып, үйіңе барып кел. Бірақ қоятын бір талабым бар: сен қайтып келмесең, өз басын құрбандыққа шалып, орныңа қалатын аманат тастап кетесің.

Жалшы жан-жағына жалынышпен қарап шығады. Бәрі де мелшиіп тұрып қалған.

  • Шынымен де бір адам менің аманатым болуға келіспей ме? - деп шырылдады кедей байғұс. - Садағаң кетейін, Алла жар болсын, таңда қайтып келуге сөзімді беремін.

Кенет үнсіз топ арасынан:

- Жарайды, мен қалайын, - деген дауыс шықты. Ол ханның сенімді қазынашысының даусы болатын. Қазынашы ханның алдына келіп:

- Хан ием, мына кісінің аманаты болып мен қалайын, - деді.

- Өзің біл. Тек қайдағы бір жалшы үшін басыңнан айырылатының өкінішті-ақ.

Құби көтергенінше тамақ алып үйіне келеді. Бала-шағасы тойып тамақ ішіп, мәз болып қалады. Бірақ ханның жарлығын естігеннен кейін, жылап-еңіреп әкелерін жібергісі келмейді.

Уақыт болса зырлап өтіп жатыр. Көкжиек қызара бастаған кезде хан қазынашысын шақырып:

- Құби қайтып келмейді. Сен өте адал, әділ адамсың, маған шын беріліп, бірнеше жыл қызмет еттің. Бірақ біз бір-бірімізге сөз бердік, айтқан сөз - атылған оқпен тең. Ендеше сенің басың алынады. Дайындала бер, - дейді.

Қазынашы шығып келе жатқан күнге қарап:

- Мен бәріне де дайынмын. Уақыты келсе, қиналмастан жан берермін, - дейді.

Көп ұзамай жаналғыштар қазынашыны алаңға алып шығады. Халық та тез жиналып қалады. Барлығы да жазықсыз қазынашыға жаны ашып, қайғыға батты . . .

  • Әңгімені өз ойларыңмен жалғастырыңдар.
  • Хан неліктен өз сөзінен бас тартты?
  • Өз сөзінде тұратын адамда қандай қасиеттер болуы керек?
  • Ханның уәдесі мен жалшының уәдесі арасында айырмашылық бар ма?

Ұқсас жұмыстар
Бекіту тапсырмалары
Ыбырай әңгімелерін оқу
Қош келдің Алтын күз
Көрікті көркем бейнеуім
Спортты-математикалық эстафета
Достық әлеміне саяхат
Абай Құнанбаев Ескендір поэмасы
Гидросфера (қорытынды сабақ)
Абайдың сөзі
Жеті күнді ата
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz