ЛОГИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР

№5 сабақ 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Логика-формальды және математикалық логика.

Логикалық амалдар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға логика, формальды және математикалық логика, логикалық амалдар, компьютердің логикалық элементтері жайлы мәлімет беру
  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және олгикалық ойлау қаблеттерін дамыту.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, үйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Әдісі: Баяндау, түсіндіру,

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Сарамандық жұмыс

V. Үйге тапсырма

VІ. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысрмасын пысықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Пысықтау сұрақтары.

  1. Екілік сандарды қосқанда қандай ережелерді қолданамыз?
  2. Екілік сандарды азайту ережесін атаңдар?
  3. Екілік сандарды көбейту ережесін атаңдар?
  4. Екілік сандарды бөлу ережесін атаңдар?

Үйге берген есептерді тексеру.

№2 24 бет Қосуды орында

1011101+1110111=

1011, 101+101, 011=

1011, 11+111, 1=

1011+11, 1+111=

№2 25 бет Азайтуды орында

111-10100=

10, 11-100, 1=

111, 1-10010=

10001-1110, 11=

ІІІ. Жаңа сабақ.

Логика-формальды және математикалық логика. Логикалық амалдар.

Лоика-бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

Логика нұсқалары:

  1. Формальды логика
  2. Математикалық логика
  3. Ықтималдылықты логика
  4. Диалектикалық логика

Формальды логика-сөйлеу тілімен берілетін біздің кәімгі мазмұнды пікрімізді талдаумен байланысты.

Математикалық логика-оның дәлме-дәл анықталған объектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.

Пікір дегеніміз-жалған немесн ақиқат болуы мүмкін.

Мысалы: «Қарақ» деген ақиқат, ал «Тау тегіс» деген жалғ пікір.

Пікірлер жалпы және кеке болып бөлінеді. Жек пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, «Бүгін күн шуақты болды».

Пікір қандай да бір жағдайда жалған немесе ақиқат болуы мүмкін. Мысалы: «Иттер мысықтарды жақсы көрмейді» пікірі иттердің көпшілігі үшін рас, бірақ барлығы үшін емес.

Логикалық жалғаулардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірді құрамды деп атайды. Логикалық жалғаулар: ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС.

Мысалы: «Бұл оқушы ақылды және зерек» пікірі қарапайым «Бұл оқушы зерек» және «Бұл оқушы ақылды» деген құрамды пікір.

Құрамды пікірдегі НЕМЕСЕ жалғауы екі жақты рөл атқарады. Мысалы: «Біз бүгңн саябаққа демалуға барамыз немесе бақшада жұмыс істейміз». НЕМЕСЕ жалғаулығын «НЕ» бөлушісімен ауыстыруға болады. «Біз бүгін не саябаққа демалуға барамыз, не бақшада жұмыс істейміз» Немесе «Жаңбы күндіз немесе кешке жауады» деген сөйлемді үш түріл жағдай болады.

«Жаңбыр кешке жауады», «Жаңбыр күндіз жауады», «Жаңбыр кешке де күндіз де жауады». Сонда емес жалғаулығы бөлуші және біріктіруші рөл атқарады.

ЕМЕС жалғаулығы теріске шығару үшін қолданылады. Мысалы «Бұл адам сұлу» пікірін «Бұл адам сүлу емес» деп теріске шығарады.

ЛОГИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР.

Логикалық көбейту.

ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А және В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция деп аталады.

ЖӘНЕ операциясы « . » нүктемен белгіленеді. ЖӘНе логикалық операциясының ақиқаттық кестесі:

А
В
А және В
А: Иә
В: Иә
А және В: Иә
А: Иә
В: жоқ
А және В: Жоқ
А: жоқ
В: Иә
А және В: Жоқ
А: жоқ
В: жоқ
А және В: жоқ

Пікірлердің екеуі бірдей ақиқат болса онда пікір ақиқат, егер пікірлердің бірі немесе екеуі жалған болса онда пікір жалған.

Логикалық қосу.

Біріктіруші мағынада қолданылдатын НЕМЕСЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым А және В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция деп аталады.

НЕМЕСЕ логикалық операциясының ақиқаттық кестесі:

А
В
А және В
А: Иә
В: Иә
А және В: Иә
А: Иә
В: жоқ
А және В: Иә
А: жоқ
В: Иә
А және В: ий
А: жоқ
В: жоқ
А және В: жоқ

Егер пікірлердің біреуі немесе екеуі ақиқат болса онда пікір ақиқат. Егер пікірлердің екеуі бірдей жалған болса онда пікір жалған.

Логикалық терістеу.

Қарапайым А айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу деп аталады.

ЕМЕС логикалық операциясының ақиқат кестесі:

А
А емес
А: Иә
А емес: жоқ
А: жоқ
А емес: Иә
  • бастапқы пікір жалған болса, терістеу ақиқат.
  • Бастапқы пікір ақиқат болса, терістеу жалған

ІV. Сарамандық жұмыс:

Тапсырма:

  1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан -Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
  2. Ол қандай баға алды?

Ұқсас жұмыстар
Ақиқат кестелері. Компьютердің логикалық негіздері
Триггердің схемасы
Компьютердің құрлымы және жұмыс істеу принципі. 8 сынып
Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелері
Практикалық жұмыс. Күрделі шарттар
Бейсик тілінде литерлік шамалармен жұмыс
8-сыныпта «сызықтық функция» тақырыбына бизнес – сабақ
Математикалық сауаттылық
Информатикадан 3 нұсқалы тест (жауаптарымен)
Деректерді жадтан шығару құрылғысына шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz