7-сынып: Бірқалыпты қозғалыста жүрілген жолды және уақытты есептеу - сабақ жоспары

7-сынып

Cабақтың тақырыбы : Қозғалыстың жолын және уақытын есептеу.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға қозғалыстың жолын және уақытын есептеуді,

Білімділік график бойынша есептер шығаруға үйрету.

ә) Физикалық қозғалыс туралы оқушылардың ойын жетілдіру,

Дамытушылық шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.

б) Есептер шығаруда, график салуда оқушыларды

Тәрбиелік ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың құрал-жабдықтары : Интерактивті тақта, флипчарт, activote, activslate

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері : Тест жұмысы, , түсіндіру, есептер шығару.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі . (Мұғалімнің сәлемдесуі, кезекшінің баяндауы) .

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау . ( тест жұмысы - activote құрылғысымен) .

Қосымша 1 - mehanika-test

  1. Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?
  2. Қандай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады?
  3. Бірқалыпсыз қозғалыстың мысалын көрсет?
  4. Қандай жылдамдық бірліктерін білесіңдер?
  5. Дененің жүрген жолы деп нені айтады?

ІІІ. Сабаққа оқушылардың назарын аудару . Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн мен сынып жұмысын жазайық. Тақтадағы флипчартқа оқушылардың назарын аудару.

Қосымша 2 - mehanika, флипчарт №2.

Дұрыс жауабын тауып сөйлемді жалғастыр? Сөйлемді жалғастыратын оқушы activslate құрылғысын пайдалана отырып, сөйлемді жылжыта отырып толықтырады.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту .

Мұғалім: Механикалық қозғалысты сипаттайтын физикалық шамаларды атаңдар?

Оқушы: жол, жылдамдық, уақыт.

Мұғалім: Жол қандай шамаларға байланысты?

Оқушы: дененің қозғалыс жылдамдығы мен қозғалыс уақытына.

Мұғалім: Бір қалыпты қозғалыстың жылдамдығы туралы не айтуымызға болады?

Оқушы: бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы тұрақты.

Мұғалім : Тұрақты жылдамдықпен келе жатқан дененің жолы қандай шамаға байланысты?

Оқушы: Тұрақты жылдамдықтағы дененің жолы уақытқа байланысты.

Мұғалім : Гүлге көбелектерді қондыра отырып қане кім формула құрастырып береді. Қосымша 2 - mehanika - флипчарт №3

Мына формулаларды дәптерімізге жазып алайық. Формуладан s=vt, уақыт неғұрлым көп болса, соғырлым жүрілген жолда көп болады, және керісінше, неғұрлым уақыт аз болса, соғұрлым жүрілген жол аз болады.

Осыдан кім қорытынды жасайды: бірқалыпты қозғалыс кезінде жүрілген жолды табу үшін дененің жылдамдығын оның қозғалыс уақытына көбейту керек.

Кейбір денелердің орташа жылдамдығын қарастырайық. Қосымша 2 - mehanika-флипчарт №4.

Осылардың қозғалыс теңдеуін жазайық. Қосымша 2 - mehanika -флипчарт№ 5

1. S=10 t, s=5t, s=20t, графигін сызайық.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

Мұғалім: дененің қозғалысын график арқылы да кескіндеуімізге болады екен.

График бойынша есептер шығару.

Қосымша 2 - mehanika флипчарт №6 ., №7, №8, №9, №10. Есептерін шығару талқылау.

ҮІ. Өзіндік жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

І-деңгей. Флипчарт №11, №12

ІІ-деңгей. Есептер жинағы №6, 7, Флипчарт №13

ҮІІ. Сабақты қорытындылап, оқушылар білімін бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

16-тақырыпты оқу, 40-бет, 9-жаттығу есептерін шығару (4, 5-бәріне), (4, 5, 6-Алуа, Азамат, Зарина, Еркебұлан, Бота, Асия) . Қосымша 2 - mehanika флипчарт №14


Ұқсас жұмыстар
7-сынып физикасы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар, жылдамдық және оның бірліктері
7-сынып физика: Бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың графигі - сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған физика сабақ жоспары: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар, жылдамдық және бірліктері
7-сынып: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар, жылдамдық және оның бірліктері
Жол мен орын ауыстыру: бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар мен жылдамдықтың бірліктері
7-сыныпқа арналған бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі бойынша сабақ жоспары және бағалау шкаласы
7-сыныпқа арналған ашық сабақ: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графиктік талдауы
8-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Баскетбол - қозғалыста допты беру дағдыларын дамыту
1-сынып: Күн тәртібі мен уақытты басқаруға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz