Компьютер: ақпаратты өңдеу құралы және есептеуіш техникасының даму тарихы

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Компьютер ақпаратты өңдеу құралы.

Есептеуіш техникасының даму тарихы

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды есептеуіш техникасының даму тарихымен танстыру.
  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, үйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе- түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Сарамандық жұмыс

V. Үйге тапсырма

VІ. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Пысықтау сұрақтары.

  1. Табиғаттағы ақпарат түрлерін атаңдар?
  2. Ақпаратты кодтау дегенді қалай түсінесіздер?
  3. ASCII коды қай елдікі?
  4. ASCII кодының кестесі неше бағаннан, неше жолдан тұрады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Компьютер ақпаратты өңдеу құралы.

Есептеуіш техникасының даму тарихы

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылымды информатика деп атаймыз.

Ақпаратты өңдейтін құралды компьютер деп атаймыз.

Компьютер аппараттық құралдары:

- кодтауға және бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуді ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан ;

- компьютер жадынан;

- Процесорден;

- Шығару құрылғыларынан;

- Ақпарттық кеңарнадан тұрады.

Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп аталады.

Олар:

- жүйелік;

- қолданбалы

- бағдарламалау жүйелері;

Есептеуіш техникасының даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді.

1-ші буын машиналары 1940-1955 жылдар аралығында шыға бастаған. Оларда электрондық шамдар пайдаланылған. Бұл машиналарды компьютерлердің атасы деп атаймыз. Жылдамдығы төмен, абажадай, нгізу үшін перфокарталар қолданылған бағдарламалар машина командаларының тілінде құрылған, санау жылдамдығы секундына 2 операция.

2-ші буын машиналары 1955 жылдан бастап шыға бастаған. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер-транзисторлар пайдаланылады. Өлшемі кішірек, электроэнергиясын азырақ жұмсайды, жылдамдығы-секундына бірнеше мыңдаған операциялар орындайды.

3-ші буын машиналары Интегралдық схема негізінде құрастырылған. Үлкен жад, жылдамдығы секундына бірнеше миллиондаған операцияға дейін, магнитті дискілер пайда болды.

4-ші буын машиналары қазіргі кездегі ЭЕМ-дер. Олар 70-жылдардан бастап өндіріске енді. Үлкен жад, жоғарғы жылдамдық, өлшемі шағын, жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері.

5-ші буын машиналары қазіргі кезде көптеген елдерде қолға алынып жатыр. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни « жасанды интеллек» болуы мүмкін

ІV. Сарамандық жұмыс

Кестені толтыр.

ЭЕМ буындары
Элементтік базасы
ЭЕМ-нің негізгі сипаттамалары
ЭЕМ буындары:

1-ші буыны

1940-1955

Элементтік базасы: Электорнды шамдар
ЭЕМ-нің негізгі сипаттамалары: Жылдамдығы төмен, абажадай
ЭЕМ буындары:
Элементтік базасы:
ЭЕМ-нің негізгі сипаттамалары:
ЭЕМ буындары:
Элементтік базасы:
ЭЕМ-нің негізгі сипаттамалары:
ЭЕМ буындары:
Элементтік базасы:
ЭЕМ-нің негізгі сипаттамалары:
ЭЕМ буындары:
Элементтік базасы:
ЭЕМ-нің негізгі сипаттамалары:

V . Үйге тапсырма:

Компьютер ақпаратты өңдеу құралы. Есептеуіш техникасының даму тарихы тақырыптарын оқып келу.

VІ. Қорытындылау:

  1. Сонымен оқушылар есептеуіш техникасы даму тарихына байланысты неше буынға бөлінеді?

VІІ. Оқушыларды бағалау


Ұқсас жұмыстар
Есептеуіш техникасының даму тарихы: сабақ жоспары
Есептеу техникасының даму тарихы және компьютер буындары
Электронды есептеуіш техникасының даму тарихы мен негізгі кезеңдері
7-сынып информатика сабағы: есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеу техникасының даму тарихы және электрондық есептеуіш машиналардың кезеңдері
Есептеуіш техникасының даму тарихы, ЭЕМ-нің қоғамдағы рөлі және қолдану аймақтары
7-сынып информатика пәні: Есептеуіш техникасының даму тарихы - қысқа мерзімді жоспар
Есептеуіш техникасының даму тарихы: 7-сынып информатика пәнінің қысқа мерзімді жоспары
Есептеуіш техникасының даму тарихы: ерте есеп құралдарынан қазіргі компьютерлерге дейін
Есептеу техникасының даму тарихы және компьютердің ақпараттық рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz