Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Терезені жабу батырмасын шерт

№9 сабақ
8-сынып ______________

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе.
Операциялық жүйенің жұмыс столы.
Мауспен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды операциялық жүйенің жұмыс столымен, ондағы шартбелгілердің
міндетімен таныстыру.
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және менің
компьютерім, менің құжатым шартбелгілерімен жұмыс жасау мүмкіндіктерін
дамыту.
3. Оқушыларды компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: ДК, пернелік тақта, слайттар, тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Сарамандық жұмыс
V. Үйге тапсырма
VІ. Қортындылау
І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысрмасын пысықтау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Пысықтау сұрақтары.
1. Қандай сыртқы жадыларды білесіңдер?
2. Иілгіштік дискінің сыйымдылығы қанша?
3. Компак дискілер басқаша қалай аталады?
4. Винчестр қайда орналасқан?
ІІІ. Жаңа сабақ
Операциялық жүйе.
Операциялық жүйенің жұмыс столы.

Операциялық жүйе компьютерде орнатылған барлық жүйелер мен бағдарламалық
жасақтамаларды басқару үшін қажет.
1. WINDOWS 98 - де жұмыс істеудің бастамасы.

Компьютердің жүйелі блогының алдынғы бетінде орналасқан қосу батырмасын
басып, оны іске қосқанннан кейін экранда «Желілік құпия сөзді енгізу»
терезесі пайда болады. Бұл процесті «жүйеге ену» немесе «тіркеу» деп
атайды. Онда құпия сөзді енгізіп ОК батырмасын шертеміз.
Жұмысты аяқтау үшін Пуск-жұмысты аяқтау /Завершение работы/ командасын
орындаймыз. Экранда жұмысты аяқтау тақтасы шығады. «Выключить» батырмасын
шертеміз.
2. Жұмыс столы
Компьютер іске қосылғаннан кейін, бірден WINDOWS 98 операциялық жүйесі
жүктеледі. Экраннан жүйелік бумалар, құжаттар мен жарлықтардың шарт
белгілері көрінеді. WINDOWS 98 -дің экраны жұмыс столы деп аталады.
Жұмыс столінде Менің компьютерім, Қоржын, Желік орта, менің құжаттарым
т.б. шарт белгілер орналасқан. Менің компьютерім шарт белгісінің
көмегімен компьютер туралы толық дерек алуға болады, қоржында өшірілген
файылдар уақытша сақталады. Желік орта шарт белгісі желімен байланысқан
компьютерлерге қатынас жасау үшін қажет.
3. Тапсырма тақтасы
Жұмыс столының төменгі жағындағы көлденең жолақ-тапсырмалар тақтасы
/Панель задач/ деп аталады. Онда программаларды жылдам іске қосуға
файылдарды іздеуге, анықтама алуға мүмкіндік беретін /сол жағында/ Іске
қосу /Пуск/ батырмасы орналасқан. Іске қосу батырмасында тышқанды
шерткенде Басты меню ашылады. Одан кейін бағынқы менюлер ашылады. Оң
жағында сағат, тіл индикаторы, т.б. орналасқан.
5. Мауспен жұмыс істеу
Объектілермен басқару элементтерін іске келтіру үшін маусты
қолданамыз. Маустың ек батрымасы бар. Сол жақ батырма, оң жақ батрыма.
Маусытң сол жақ батрымасы-негізгі батарма болып есептелінеді, оң жақ
батырма-қосымша батырма. Маусты шерту деп оның көрсеткішін қажетті
объектіге орналастырып, маустың батырмасын бір рет басуды айтады.

ІV. Сарамандық жұмыс.
Тапсырма: 1
1. Компьютерді іске қосу. Ол үшін
1. Жүйелі блок алдындағы қосу/өшіру батырмасын шерт
2. «желілік құпия сөз енгізу» терезесіне құпия сөзді енгізіп ОК
батырмасын шерт
3. Компьютер жүктелгенше күт.

2. Көмпьютерді сөндіру. Ол үшін
1. Ашық тұрған бағдарламалардың терезелерін жап.
2. Пуск-жұмысты аяқтау /Завершение работы/ командасын орында.
3. Пайда болған компьютерді сөндіру терезесінде «сөндіру»
батырмасын шерт.

Тапсырма: 2

1. Шерту-Объектіні белгілеу. Объектіні белгілеу үшін маус көрсеткішін
Мой компьютер шартбелгісіне апарып, сол жақ батырманы бір рет шерт.
Объекті көк түспен белгіленеді. Белгілеуді алып тастау үшін, маус
көрсеткішін экранның бос орнына апарып, сол жақ батырманы бір рет
шерт. Осы әрекеттерді Жұмыс столында орналасқан басқа
шартбелгілерменде бірнеше реторында.
2. Екі рет шерту. Мауыстың көрсеткішін Мой компьютер белгісіне апарып,
сол жақ батырманы тез екі рет шерт. Мой компьютер папкасы ашылады. Бұл
терезеде сендердің компьютеріңде не бар екенін көрсетеді. Бұл терезеде
дискі жетектің/диск А:/, қатқыл дискінің /диск С:/, компак-дискілерді
/диск Д:/ оқу құрылғысының белгішелері бар. Бұдан басқа, бұл терезеде
жүйелік бумалар-басқару тақтасы /Панель управления/ және принтерлер
бар. Терезені жабу батырмасын шерт.
3. Апару.
а/ Маус көрсеткішін Мой компьютер белгішесіне апарып, мауыстың сол жақ
батырмасын екі рет шерт. Мой компьютер папкасының терезесі ашылады.
ә/ Мустың көрсеткішін терезенің жоғарғы Мой компьютер тақырыбына бар
жолағына орналастырып, сол жақ батырманы жасып, жібермей отырып,
терезені оңға апарып, содан кейін батырманы жібер.
б/ Осы әрекеттерді тек маусты кезекпен солға, төмен, жоғары жылжытып
отырып орында.
4. Мауыстың оң жақ бартмасын шерту. Мустың көрсеткішін Мой компьютер
белгісіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын шерт. Динамикалық меню
пайда болады. Маустың көрсеткішін Ашу /Открыть/ командасына койып,
оның сол жақ батырмасын шерт, Мой компьютер папкасының терезесі
ашылады. Терезені жабу батрымасын пайдаланып терезені жап.
V. Үйге тапсырма:
Операциялық жүйе. Операциялық жүйенің жұмыс столы. Мауспен жұмыс
тақырыптарын оқып келу. Омпьютерді қосу/өшіру әрекеттерін жаттау.
V. Қорытындылау:
Тапсырма:

|Компьютерде жұмыс істеуді |Компьютерде жұмыс істеуді |
|бастау әрекеттерінің тізбегін|аяқтау әрекеттерінің тізбегін |
|көрсет |көрсет |
|1. Жүйелі блок алдындағы |1. Ашық тұрған бағдарламаларды|
|қосу/өшіру батырмасын |жабамыз |
|шертеміз | |
|2. «желілік құпия сөз енгізу»|2. Пуск-жұмысты аяқтау |
|терезесіне құпия сөзді |командасын орындаймыз |
|енгіземіз | |
|3. Ок батырмасын шертеміз |3. Пайда болған «Компьютерді |
| |сөндіру» терезесінен сөндіру |
| |батырмасын шертеміз |
|4. компьютер жүктелгенше |4. Осыдан кейін мониторды |
|күтеміз. |өшіреміз. |

VІ. Оқушыларды бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Қолданбалар терезелері
Мауыстың негізгі батырмасын ата
Терезе. терезе элементтері
Объекті белгіле
Интерактивті тақта құрылғылары
Символдар мен абзацтарды форматтау әдістері. тізімдерді құру. иллюстрациямен жұмыс жасау
Тест. 7- сынып
Тест. 10-сынып
Windows терезесінің құрылымы
Microsoft word экранымен танысу, мәтіндерді форматтау, баспаға шығару
Пәндер