Кенбай орта мектебінің Білімді мыңды жығар сайыс сабағы - электростатика

Кенбай орта мектебі

Білімді мыңды жығар

(сайыс сабақ)

Өткізген: пән оқытушысы Жұмабаева Ф. О.

2008 жыл

Сабақтың тақырыбы: Білімді мыңды жығар (электростатика бөлімі)

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың бесенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, өткен тарауда алған білімдерін жетілдіру, тиянақтау, еске түсіре отырып, білімдерін қорытындылау.

дамытушылық: Танымдық ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын туғызу.

тәрбиелік: Тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, топ намысын қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі : көрнекi материал, таратпа материал, оқу құралдары, компьютер, презентация материалдары, сөзжұмбақ, жұлдызша

Көкейтестiлiгi:

ә) оқушының қызығушылығын қалыптастыру тәсiлдерi : сөзжұмбақ,

б) бақылау формалары: деңгейлік тапсырмалар

Сабақта қолданылатын стратегиялар: ой-толғаныс, венн диаграммасы, топтастыру, Insert жүйесі.

Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)

Топ оқушыларын а) Кулон тобы, ә) Фарадей тобы, б) Вольт тобы деп үшке бөлу.

Сайыс сабақтың жоспары:

  1. Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады) (3 мин)
  2. Мәнжазба қорғау (6 мин)

3. Ой қорыту: үш топқа тапсырма беру.

  1. Венн диаграммасы
  2. Топтастыру
  3. Insert жүйесі (5 мин)

4. Деңгейлік тапсырмалар (2- сұрақ, 1-есеп) (10 мин)

5. Кім шапшаң? (сөзжұмбақ) (10 мин)

6. Қарлы кесек (бір-біріне сұрақ қою) (5- мин)

Қорытындылау.

  1. Топтар өздерінің аттарын ашып айта отырып, таныстыру.
  2. Мәнжазба: үйге берген тақырыптары бойынша мәнжазба қорғау.
  3. Ой қорыту:Кулон тобына: (венн диаграммасы: гравитациялық күшпен кулон күшін салыстыру)

Гр. күш Кулон күші

Фарадей тобына: ( өзара әсерлесу күштерін топтастыру)

Вольт тобына: (Insert жүйесі толтыру )

Білемін: Білемін
Білгім келеді: Білгім келеді
Таңқалдырғаны: Таңқалдырғаны
Білемін:
Білгім келеді:
Таңқалдырғаны:
  1. Деңгейлік тапсырмалар:

1-топ: 1) Потенциал дегеніміз не?

2) Диэлектрик дегеніміз не? Неше түрі бар?

3) Есеп № 1.

Бір күш сызығының бойында бірінен-бірі 4 см қашықтықта орналасқан нүктелердің арасындағы потенциалдар айырмассы 120 В-қа тең. Егер өрістің біртекті екені белгілі болса, электросатикалық өріс кернеулігін табыңдар.

2- топ: 1) Екі өткізгіштің электр сыйымдылығы дегеніміз не?

2) Зарядталған конденсатор энергиясы неге тең?

3) Есеп №2

Сыйымдылығы 10 мкФ конденсаторға 4 мкКл заряд берген зарядталған конденсатор энергиясы қандай?

3- топ: 1) Потенциалдар айырмасы өлшем бірлігі қандай, анықтама беріңдер.

2) Күш сызықтары дегеніміз не, мысал келтір?

  1. Есеп №3

Ара қашықтығы 6 см, бірдей нүктелік электр зарядтары бос кеңістікте 0, 1 Н күшпен әсерлеседі. Осы зарядтардың шамасын табу керек.

  1. Кім шапшаң? “Электростатика”
  2. “Қарлы кесек”топтар бір-біріне дайындап келген сұрақтарын қояды.

Қорытындылау: (әр дұрыс жауапқа жұлдызша таратылады, сол бойынша орын беріледі. )

Бағалау: Белсене араласып отырған оқушыларға баға қойылады.


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа арналған Білімді мыңды жығар математикалық сайыс сабағы
Білімді мыңды жығар - физика пәні бойынша танымдық сайыс
8-сыныпқа арналған сабақтан тыс биологиялық сайыс Білімді мыңды жығар
Білімді мыңды жығар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сайыс сабақ жоспары
1-4 сыныптарға арналған дүниетану пәні бойынша Білімді мыңды жығар сайыс сабағының жоспары
№37 жалпы орта білім беретін мектептің Білімді мыңды жығар тақырыбындағы қазақ тілі пәні сыныптан тыс сайыс-ойын жоспары
9-сынып оқушыларына арналған Білімді мыңды жығар химия кеші: білім және сайыс бағдарламасы
5-эксперименттік сынып: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар математика сайысының жоспары мен кезеңдері (19.01.2013)
Білімді мыңды жығар: бастауыш сыныптарға арналған интеллектуалдық ойын-сабақ
Кенбай орта мектебінің 2011-2012 оқу жылындағы Жұлдызды сағат математикалық сайыс жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz